Техникалық бақылауды ұйымдастыру жəне өнімнің сапасын жетілдіру

1. Өнімнің сапасы түсінігі жəне оны басқару

2. Сапа деңгейін бағалау

3. Стандарттаудың жəне сертификаттаудың мəні

1. Өнімнің сапасы түсінігі жəне оны басқару.

Қазіргі таңда нарықтың дамуына байланысты жəне бəсекелестің күшеюне байланысты өнім сапасына қойылатын талаптарда күшейіп келеді. Сондықтанда өнімді өткізуде тұтынушының сатып алған тауары нақты мақсатына пайдалана алатын жағдай қалыптасуы қажет, ал ол өнім сапасына байланысты. Сапа деп - тауардың бегіленген мақсаттарда пайдалану үшін қалыптасқан тауардың құрамының, сыртқы формасының түрлерінің, қалыпты жағдайының жиынтығы. Өнім сапасының көрсеткіші деп өнімнің сандық жəне сапалық бағасын айтады. Өнімнің сапасын бағалауда мынадай көсеткіштер қолданады:

Жалпы көсеткіштер – ол экономикалық жəне қосымша шығындар жұмсау арқылы тауардың сапаысн жетілдіру.

Кешенді көрсеткіштер – ол өнім өндіруде қосымша параметірлер еңгізіу а/п өнімнің сапасын жетілдіру .

1. Жеке көрсеткіштер – ол өнімнің тұрақтылығы, техникалық эститикалық, экономикалық көрсеткіші.

Сапа жүйесі – ол өнім өндіру немесе өнімнің құүрылымын жəне құрамын қалыптастырудағы кəсіпорын ұйымдық қызыметінің жиынтығы. Өнімнің сапасының негізгі көрсеткішінің бірі өнімнің конструторлық сапасы жоғарлаған сайын өнімнің бағасыда өседі.

Сапаны басқару деп кəсіпорын өнім сапасына қатысты шешім қабылдауы яғни ол өнімнің сапасын бақылайды, жоспарлайды жəне болжайды.

Өнім сапасын жоспарлау деп- өнім сапасына қатысты нарықты зерттеу, өндіріске күрделі қаржы жұмсау, техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнімнің өзіндік құнын белгілеу жəне күтілетін пайданы анықтауға кəсіпорын басшысының стратегиясымен тактикасы.

Өнім сапасын бақылау деп- нарыққа түссетін тауардың сапасынның барлық парамеметрлері бойынша өнім өндіру деңгейіне сай болуы. Яғни тауардың тұтынушының белгілі бір мұқтаждығын қамтамасыз ете алатындай қалыптасқан көрсеткіші.

Өнім сапасын болжамдау – ол өндірілген өнімнің конструкторлық көрсеткішін жобалау яғни өнім техникалық процесітероді жобалау өнім өндіру əдісін анықтау бақылау жатады. Сондада өнім өндіру к/е кəсіпорын өнімінің ерекшелігін өнім өндіру əдісін технологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Кəсіпорын өнім сапасын басқару қызыметі өндірілетін өнімді жоспарлауды өндіруді, өткізуді, жəне кəсіпорын өнімне сұранысты қалыптасруды ж.а.

2. Сапа деңгейін бағалау.

Өнімнің сапасын басқару үшін жəне оны жетілдіру үшін сапа денгейін бағалау қажет. Сапа деңгейін бағалау сапа жүйесін басқарудағы негізгі қызмет болып табылады. Сондықтанда сапа деңгейін бағалаудың мақсаты өнімнің қандай əдіспен өндіру керектігі

қандай құрал жабдықтын к/н/гі жəне ресурсының сапасын айтады.Сондықтанда өнім сапасынның деңгейін бағалау 2 көрсеиткішке байланысты болып олар сандық жəне сапалық.

Сандық көрсеткіштер - өнім сапасын өндіріс қуатына сəйкестігін жəне пайдалану бағытын анықтайды.

Сапа көрсеткіші - өнімнің казіргі тандағы тұтынушы талабына сай екендігін анықтайды .

Сондадаөнім сапасының деңгейін анықтауда мынадай көрсеткіштер қолданады.

1. өнімнің пайдалану бағыты көрсеткіші – ол өнімнің құрамының сипаттамасын жəне өнімді пайдалану мақсатын анықтайды.

2. Өнімнің экономикалық көрсеткіштері,с-і өнімінің тиімділігі ескеріледі. Оған жататындар өндірілетін өнімге жұмсалатын шикізат, матиралдар, отын жəне инергия көздерінің көлемі.

3. Өнімнің тұрақтылығы ол өнімнің белгіленген параметірінің тұрақтылығымен түсіндіріледі, яғни өнімді өндіру режимі жөндеу қызыметі сақтау, тасымалдау қызыметінің тұрақтылығымен түсіндіріледі.

Өнімнің эстетикалық көрсеткіші – олөнімнің өндіріс процесін ұйымдастыру немесе толықтай бір жүйелігі.

Өнімнің техникалық көрсеткіші – олөнімнің құрамы жəне оған жұмсалатын еңбек материалдық шығындардың технологиялық процестерді өндіру негізгі көлемі.

Өнімнің стандарттау көрсеткіші- өнімнің алдың –ала белгіленген көрсеткіштерге сай болуы.

Патентік құқтық көрсеткіштері- ол техникалық процестердіт ұйымдастырудағы шешім қабылдаудың белгілі бір дəрежесі, яғни басқа өндірушіден өз өндірісін қорғау .

Экологиялық көрсеткіш- өндірістің өнімнің қоршаған ортамен адам өміріне қатысты зиянды заттарының денгейі.

3. Стандарттаудың жəне сертификаттаудың мəні.

Сертификаттау деп өнімнің сапасына қойылатын талаптарға сай екендігін дəлелдейтін қызымет. Сертификаттау мынадай мақсаттарға жүргізіледі кəсіпкерлердің іс қызыметін ұйымдастыруға жағдай жасайды жəне халыққаралық ғылыми əріптестікпен халыққарлық сауда деңгейін көтерілуне жағдай жасау. Тұтынушылардың өнімді таңдаудағы бірде- бір компаненті анықтайды.

3. Тұтынушыларды сапасыз өнімдерінің сақтандырады.

4. Өнім өнірудегі қоршаған ортаға даам өмірне қауып төндіруді бақылайды.

5. Өнім өндірушінің сапа көрсеткіштерін бекітеді жəне мойындайды.

Сертификаттау қызыметі міндетті жəне ерікті жүргізілуі мүмкін Міндетті сертификаттау қызыметі өнімдерінің сапасының қауыпсіз болуын бақылау, ал ерікті сертификатта өндірілетін өнімнің бəсекелестігін жоғарлату .

Сертификаттау қызыметінің объектілері өндірістік техниаклық қызыметтер жəне халық тұтынушылығы тауарлар табылады.

Сертификат өндірілген өнімнің қойылған талаптарға сай екендігін дəлелдекйтін сертификаттау жүйесінің құжаты.

Мемлекет өз құзыры шегінде бір тектес өнімді сертификаттарға арнайы жүйелер құүрады. Ол сертификаттау жүйесідеп аталады. Ол мынадай қызымет ер атқарады:

Өнімдердің сертификатьтау ережесін бекітеді.

Сертификаттау қызыметінің арнайы бір таңдауды жүзеге асырады. Сертификаттау жүйесінің орт/қ оргамын анықтайды.

Халық қаралық нарықта мындаған сертификаттау қызыметін қолданады.

Кəсіпкерлерге , яғни тұлғаларға өндірілетін өнімдерінің белгілерін бекітуді жəне өз қызыметін ұйымдастыруда арнайы сертификаттар беруді ж.а.

Тақырып 10. Ішкі фирмалық жоспарлау 1.Жоспарлау түсінігі жəне атқаратын қызметтері 2.Жоспарлаудың түрлері мен əдістері

3.Шұғыл жоспарлау параметрлері

1. Жоспарлау – басқару қызметінің бір формасы. Сондықтан, жоспарлау деп кəсіпорынның алдына қойған мақсатына жету жолындағы атқаратын қызметтерінің жүйесін айтады. Жоспарлау кəсіпорынның кірісі мен шығысын, пайдасы мен түсімін сипаттайды. Сондықтан да, жоспарлау мынадай қызметтер атқарады:

1.экономикалық қызметтер:

-өндіріске қажетті ресурстардың нормативін белгілеу;

-өндірілетін өнім көлемін анықтау;

-өндіріс шығынын есептеу;

-өндіріс пайдасын анықтау;

2.ұйымдық басқару қызметі:

-кəсіпорынның мақсатын анықтау;

-кəсіпорынның стратегиясын қалыптастыру;

-өндірістік жəне еңбек проуесін ұйымдастыру;

-кəсіпорын қызметін бақылау;

-кəсіпорынның нақты ортаға бейімделуін қалыптастыру. Кəсіпорынның жоспар қызметі мынадай міндеттер атқарады: 1.кəсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; 2.кəсіпорынның болашақтағы даму страгеиясын қалыптастыру; 3.ұйымдық процесті жетілдіру;

4.кəсіпорын қызметін бақылау;

5.кəсіпорынның болашақтағы нарықтағы үлесін анықтау; 6.кəсіпорынның қызметінің ғылыми негізделуін сипаттау; 7.кəсіпорынның инновациялық қызметін жүзеге асыру.

Жоспарлау қызметі кəсіпорынның ұйымдық, техникалық, əлеуметтік, экономикалық шараларын жүзеге асырады. Сондықтан да, кəсіпорынның қызметінің нəтижесі жоспар сапасымен байланысты. Жоспар сапасы деп нақты көрсеткіштердің жоспар көрсеткішінен аз көлемде ауытқуы. Жоспар сапалы болуы үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы қажет:

1.жоспарлау қызметі ғылыми принциптерге негізделуі қажет;

2.жоспарлау қызметі толық ақпараттармен қамтылуы қажет;

3.жоспарлау қызметі жаңа техникалық қызметтерді пайдалануы қажет;

4.жоспарлау кəсіпорынның нақты мүмкіндігіне қалыптасуы қажет.

2.Жоспарлаудың түрлері кəсіпорында қалыптасқан өндіріс көлемі мен еңбек жағдайына байланысты болады. Жоспарлаудың мынадай түрлері қалыптасқан:

І.жоспарлаудың мазмұнына байланысты:

1.техникалық-экономикалық жоспарлар-бұл кəсіпорындағы техникалық-экономикалық көрсеткіштерді сипаттайды;

2.өндірістік-ұйымдық, мұнда өндірістік процеске қатысты көрсеткіштер сипатталады;

ІІ.кəсіпорындағы қалыптасқан басқару деңгейіне байланысты:

1.шағын ұйымдық құрылымға жасалған жоспар, бұл негізінен кəсіпорындағы цехтар мен уччасткелерге арналып жасалынады;

2.кəсіпорынның жалпы ұйымдық құралына негізделген жоспар, мұнда кəсіпорынның барлық құрылымдарын сипаттау арқылы кəсіпорын жоспарын жасайды;

ІІІ.жоспарлардың қалыптасу деңгейіне байланысты: 1.бір орталықтан басқарылатын жоспар;

2.нарықтық жоспар – бұл кəсіпорынның өзін-өзі басқаруына негізделген жоспар,мұнда негізінен барлық көрсеткіштер сұраныс пен ұсынысқа негізделген;

3.индекативтік жоспар, мұнда кəсіпорын жоспарлау қызметін мемлекеттің жасаған индекативтік жоспарына негізделіп жасайды себебі, бағаны мемлекет бекітеді;

ІҮ.жоспарлауды жүзеге асыру мерзіміне байланысты: 1.қысқа мерзімдік жоспар, ол 1 жылға жасалынады; 2.орта мерзімдік жоспар 1 жылдан 3 жылға дейін; 3.ұзақ мерзімдік жоспар 3 жылдан жоғары; Ү.жоспарлаудың дайындалу сатысына байланысты:

1.алдын-ала дайындалатын жоспарлар, бұл негізінен белгілі-бір қызмет түріне жасалынады;

2.нақты кəсіпорын жоспары; ҮІ.жоспарлардың мақсатына байланысты:

1.оперативтік жоспар – бұл кəсіпорында қалыптасқан жағдайға байланысты жасалынады;

2.тактикалық жоспар – бұл стратегиялық жоспарлардың бір бөлшегі. Мұнда кəсіпорынның күнделікті қызметі сипатталады;

3.стратегиялық жоспар, ол ұзақ мерзімге жасалынатын жоспар, кəсіпорынның негізгі бағытын сипаттайды;

4.нормативтік жоспар – бұл алдын-ала белгіленген нормативтік көрсеткіштерге негізделген жоспар.

3.Шұғыл жоспарлаудың принциптері:

1. стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлардың сай келуі. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімде жасалынады жəне оны жүзеге асыру ағымдағы жоспар арқылы жүзеге асады. Ағымдағы жоспар кəсіпорынның күнделікті қызметін сипаттайды, яғни стратегиялық жоспардың арнайы бөлшектерін жүзеге асырады.

2. жоспарлаудың əлеуметтік жағдайға негізделуі. Кəсіпорынның қызметін ұйымдастыруда жəне жоспарлауда кəсіпорын қалыптасқан əлеуметтік жағдайға негізделуі қажет себебі, сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың қажеттілігін ескеру қажет.

3. объектіні жоспарлауда оның күрделілігін ескеру. Объект күрделінген сайын оны жоспарлау қызметі де күрделіне түседі. Сондықтан да, жоспарлаудың мазмұны объектінің күрделігіне негізделіп қалыптасуы қажет.

4. жоспарлау көрсеткіштері сыртқы ортаға сəйкестеніп қалыптасуы қажет себебі, кез- келген кəсіпорынның жоспары ішкі көрсеткіштерден тұрады. Ішкі көрсеткіштер: өндіріс құралдары, еңбек ресурстары, өндіріс өнімі. Ал, сыртқы орта көрсеткіштері: нарық коньюнктурасы, сұраныс пен ұсыныс, тұтынушы талабы, т.б.

Жоспар сапалы болады егер де, осы 2 көрстекіш топтамасы сəйкес болған жағдайда.

5. жоспарлаудың көпжақтылығы. Жоспарлау нарық жағдайына бейімделу үшін көпжақты болуы қажет. Бұл жоспарлауды жүзеге асырудағы альтернативті варианттарының бар болуы.

6. жоспардың балансты болуы. Бұл кəсіпорынның кірісі мен шығысының тең болуы себебі, кəсіпорын шығыны тауарды сатудан түскен түсімінен артық болмауы қажет.

7.жоспарлаудың экономикалық негізделуі. Кез-келген жоспар алдын-ала экономикалық талдаудан өтуі қажет. Жоспардың тиімділігі ондағы көрсеткіштердің экономикалық негізінде болуымен түсіндіріледі.

8. жоспарлау жүйесі автоматтандырылған болуы қажет. Бұл принцип жоспарлау қызметін соңғы техникалық жетістіктермен қамтамасыз етуді сипаттайды.

9. жоспарлау жүйесінің кері байланыста болуы. Жоспарлау қызметі нəтижелі болады егер де, ол əр түрлі мамандардың талдауынан өтетін болса. Сондықтан да, жоспар жаңа ақпараттармен толықтырылып өзгеріске түсетін болса, жоспардың кері байланыстылығын сипаттайды.

Ндірісті басқару

Менеджмент түсінігі

Менеджмент əдістері мен қызметтері Менеджерге қойылатын талаптар

1. Қазақстан экономиканың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты менеджмент, менеджер деген ұғымдар сөздік қорымызға енді. Менеджмент сөзін қазақшаға аударсақ, онда

«басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» дегенді білдіреді.

Менеджмент ағылшын сөзі, алғашқы кезде мал бағу саласында, нақтырақ айтқанда, «ат тізгінін ұстау», «меңгеру» шеберлігін білдіреді. Кейін бұл сөз адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың жəне ұйымдастырудың ғылыми практикалық мағынасын білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: 1. адаммен қарым – қатынас жасау əдісі, үлгісі

2. билік жəне басқару үлгісі

3. шеберліктің ерекше түрі жəне əкімшілік дағды

4. басқару органы, əкімшілік бөлігі

Менеджмент – бұл ұйым мақсатына жету үшін адамның материалдық жəне қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Америка экономисті Леонтьевтің анықтамасы бойнша: «Менеджмент – бұл нақты өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, əлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің тəсілдері мен нышандарының жиынтығы».

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысты фактілерді жан – жақты зерттеумен, кəсіпорынның ойдағыдай іс- əрекетімен, басқаруды түпкі нəтижесіне қарай ұйымдастырумен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдаумен сипатталады. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы – басшылық.

Іскер кəсіпорпындар тек өз органдары, яғни басшылары немесе менеджмент арқылы əрекет ете алады. Жеке кəсіпорынның өзінің құқықтық нышандарына қарамастан басшылығы болуы тиіс. Басқалай басқару түрлеріне іскер кəсіпорынның менеджменттің айырмашылығы кəсіпорпынның мақсаты, яғни оның басқару міндеті – тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе нарық арқылы əлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру. Өндірістік кəсіпорындардағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі – олар өздерінің шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс.

Менеджменттегі басты нəрсе кəсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою.

2. Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

1. кəсіпаорын жұмыстарын жоспарлау жəне болжау – басқару стратегиясын, бағдарлама іс - əрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру жəне белгіленген шешімдер мен бағдарламалардың мерзімін анықтау;

2. жұмыскерлердің дəрежесіне байланыссыз олардың орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет.

3. Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру.

4. Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмыстарын бақылау.

Менеджмент əдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедуралардың жүйесі.

Ғылыми басқарудың дəстүрлі емес жүйесінде төмендегідей əдістер қолданылып, олар ғылыми пайдалану есебінен қолданылады, шешімдердің сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын теориясы тəсілі қолданылады. Бұл тəсіл кейбір істің бəсекелеске əсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, иметациялық модельдендіру тəсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар ппайдаланылады. Олар нақты өмірді иметация жасайды, яғни бəсекелестің кей кездегі экономикалық іс - əрекетін, экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, бұтақты ағаш тəрізді шешімдер тəсілі қолданылады. Бұл тəсілде мəселені схема түрінде жəне баламаларды көзбен шалып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламашы жəне оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тəсілін қолданады.

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кəсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:

1. жоғарғы деңгей

2. ортаңғы деңгей

3. төменгі деңгей

Менеджменттің жоғарғы деңгейі кəсіпорын мақсатын, стратегиясын жəне жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейді əдетте жалпы менедждмент деп атайды. Себебі ол кəсіпорынды жалпы басқаруға жəне максималды пайда табуға бағытталған.

Менеджменттің орташа деңгейі кəсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған. Сондықтан ол функционалды менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық жəне технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат жəне нарықты басқарумен байланысты.

Менеджменттің төменгі деңгейіне алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кəсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды жəне жоспарлардың орындалуын, өніс өндіру кестесі мен оның өткізілуін қамтамсыз етеді.

3. Қазіргі өнеркəсіп корпарацияларында басқару қызметкерлерін 3 топқа бөледі:

1. Top management – басқарудың жоғарғы буыны. Бұған директорлардың кеңесінің төрағасын, президентті, вице- президентті, сондай – ақ бақылаушылар мен назначейлерді жатқызады. Жоғарғы басқару қызметкерлері компаниялардың жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен жəне ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мен байланыс орнатумен шұғылданады.

2. Middle management - өндіріс бөлімшелері мен функцоналдық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, зауыт директорлары, олардың орынбасарлары, оперативтік жұмысшыларға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге жəне өткізуге, есеп пен бақылауды жолға қоюға, кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді.

3. Lower management – басқарудың төменгі буыны. Олар цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, шеберлер, əртүрлі секторлар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізі міндеттер – жұмысшыларды компанияға адал болуға тəрбиелеу,

əртүрлі əлеуметтік жанжалды басу, компания мақсатына жету үшін тек дене күшін ған емес, ақыл-ой энергиясын да жұмылдыра білуі тиіс.

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Менеджер кең тараған кəсіптің бірі. Бұл басқару мен экономикамен шұғылданатын, заң жəне басқа да мəселелерді жақсы білетін адам.

Менеджердің бірінші міндетіне қолда бар ресурстармен тұтас өндірістік бірлік құру. өндірістік бірлікті құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл əлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз етуіне тура келеді.

Менеджердің екінші міндетіне кез-келген шешімдерді қабылдап, іс- əрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қатар кəсіпорынның болашағы туралы да ойлауы жатады.

Əрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істер атқаруына тура келеді. Бірақ барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызметтік міндеті болады.

Біріншіден, менеджер іскер кəсіпорынның мақсатын орындайды. Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырып, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер – ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құраламды құрады, басшы қызметкерлердің тиісті құрамын іріктейді.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті: сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады.

Төртіншіден, менеджер ұйымдардың іс -əрекеттерін талдайды, нормалауды белгілейді, кəсіпорыенда жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмыстарын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлауын қамтамасыз етеді.

6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Тақырып   Апта Əдебиет
Пəннің маңызы мен оқу заты 1. Өндірісті ұйымдастыру жəне басқару түсінігі 2. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмі 9, 19
Өндірістік процестерді ұйымдастыру негіздері 1.Өндірістік үрдісті ұйымдастыру принципі 2. Өндірісітік үрдісті ұйымдастыру: сипаты, түсініктері 9, 20
Өндірісті ұйымдастыру əдістері 1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері, белгілері мен түсінігі 2. Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық формалары 9, 15
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру 1. Ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру 2. Өндірістің ұйымдық- техникалық деңгейін талдау 9,14
Еңбекті техникалық мөлшерлеу Машина жасау кəсіпорындарындағы еңбек 1, 9

    өнімділігінің өсу факторлары мен резервтері    
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру 1.Еңбек ақы төлеудің тарифтік жүйесі 2.Еңбек ақы төлеудің тарифтік емес жүйесі 9, 19
Өнімнің жаңа түрлерін меңгеру жəне жаңартуды ұйымдастыру 1.Жаңа техниканы өндірудің ұйымдастыру кезеңі 2.Өндірісте жаңа өнім өндіруді жоспарлау, жаңа өнімді өндіруді ұйымдастыру. Коллоквиум 7-8 1, 9
Техникалық бақылауды ұйымдастыру жəне өнімнің сапасын жетілдіру Өнім сапасының маңызы жəне көрсеткіштер жүйесі Өнім сапасын басқару жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері АҚШ-да жəне Жапонияда өнім сапасын басқарудың ерекшеліктері 9-10 1, 9,14
Стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі басымдықтары 1, 9,20
10-11 Ішкі фирмалық жоспарлау Жоспарлау мəні, міндеттері жəне принциптері Жоспарлау нормалары мен нормативтері 12-13 1, 9,18
12-13 Өндірісті басқару Менеджерге қойылатын талаптар 1, 9, 20
14-15   Коллоквиум 9, 14

Наши рекомендации