Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.

Тұтынушының мінез-құлқы немқұрайдылықтың қисығы мен меншікті пайдалылықтың ұстанымы тұрғысынан қарастырылады.

Бір бірлікке тұтыну көлемінің көбеюі кезінде тауардың жалпы тиімділігінің өсуі пайдалылығының шектелуі екенін көрсетеді . Тұтынатын тауардың көлемінің өсуі бойынша әрбір қосымша бірліктің шектелуі тиімділігі азаяды . Мұнда сұраныс заңының негізінде жатқан азаюдағы шектелуі тиімділік заңының әрекеті көрінеді . Тұтыушы өзінің шектелуі табысына өз қадір тұтатын ең жоғары дәрежедегіқажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар жиынтығын сатып алуға ұмтылады . Бұл пайдалық ережесінің ең жоғары дәрежесін сақтаған кезде , сатып алатын тауарлардың шектелуі тиімділігі жағдайында , бір ақшалай бірлікке ұқсас болады .

Немқұрайдылықтың қисығы ұстанымынан келу тұтынуды саны бойынша емес , тек саралу болып табылады . Немқұрайдылықтың әр қисығы тұтынушы үшін , бір тиімділікке ие өнімдердіңкөптегенжиынтығын графикалық көрсетеді.

Егер немқұрайдылықтың қисығы тұтынушының бюджет мөлшерінің шектелуіне карап , тұтынушының таңдауын сипаттаса , онда бюджеттік желі оның мүмкіндіктеріне анықтайды . Ол сатып алуға кететін біркелкі шығынды талап ететін , екі өнімнің графикалық көп жиынтығын көрсететін , екі ылдидың түзу сызығын білдіреді . Бюджет желісі тұтынушының нақты сатып алу қаблетін көрсетеді және сатып алынатын тауардың бағасының қатысынан көрсетеді (7.5.-сурет) . Сатып алушының қабілетінің өзгеруіне байланысты бюджет желісі соған сәйкес жаққа ауысады және алғашқы параллельдің жағдайында орын алды . Тауар бағасының қатынасының өзгерістері бюджет желісі ылдиы бұрышының өзгерісіне әкеледі.

 
  Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары. - student2.ru

А

Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары. - student2.ru а

с в В

5.5. – сурет . Бюджет желісі және немқұрайдылықтың қисығы

С сызығы ө бұл немқұрайдылықтың қисығы .Сызық АВ – бюджеттік сызық . Тұтынушы өзінің қажетін ең жоғары дәрежеде қанағаттандыруға ұмтылып , тұтынушының тепе – теңдік жағдайына түседі ( бюджет желісі мен немқұрайдылық қисығының жанасу нүктесі ).

Экономикалық әдебиетте шектелуі пайдалылықтың және тұтынушы пайдалылығының жоғарлығын кардиналистік және ординалистік пайымдау кездеседі . Кардиналистер шектелуі пайдалылықты шығару үшін ютиль деген шартты бірлікті енгізеді . Мысалы, тұтынушы тауардың 9 бірлігін сатып алады , одан тауардың жалпы пайдалы сомасы U9 ютилді құрайды , ал , егер, U10 ютилді құрайды . Шектелуі пайдалылылық , яғни , тауардың 10-бірлігіндегі, қосымша тұтынудан қанағаттану келесі жағдайда анықталады:

M U = ( U10 – U9 ) / ( 10 -9 ) = ( U10 – U9 ) / 1.

Ординалистар пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан , оны садық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанағаттануы азая ма , көбейе ме, соны анықтауға көмектесетін «ординалдық , тәртіптік» пайдалылықты енгізеді , бірақ , әр түрлі үй шаруашылығында алынатын пайдалылықты және қанағаттану дәрежесін анықтауға болмайды .

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Адамдардың қандай да бір тауарды сатып алуға ықыласы барлық уақытта сұраныс тудырама ?

2. Сұраныс заңы немен қортындыланады ?

3. Сұранысқа қандай факторлар әсер етеді ?

4. Сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс сипатының өзгеруіне немен ерекшеленеді ?

5. Сұраныс қисығының жағдайының өзгерістеріне қандай факторлар әкелді ?

6. Ұсыныс дегеніміз не ?

7. Ұсынысқа қандай факторлар ықпал етеді ?

8. Қандай ылди оң немесе ұсыныс қисығы заңын теріс бейнелей ме ?

9. Ұсыныс заңының мәні неде ?

10. Нарықтық тепеөтендік қашан басталады ?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

Наши рекомендации