Пәнннің оқыту жоспары

СИЛЛАБУС

Курстың аты: Бағалы қағаздар нарығы Курстың коды:

Кредит саны: 3

Уақыты: Семестр: Аудитория:

Пәннің пререквизиттері:

Қаржы, Ақша Несие Банктер.

Пән туралы қысқаша сипаттама

1. Пәннің алатын орыны:

«Бағалы қағаздар нарығы» пәні қаржы және экономика мамандығының студенттерінің оқитын міндетті пәндерінің қатарына жатады және кәсіби маман ретінде экономикалық мамандықтарды дайындауға бағытталған теориялық пән болып табылады.

2. Пәннің мақсаты:—«Бағалы қағаздар нарығы» категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын игеруде студенттердің теориялык, және практикалык, дайындығын камтамасыз ету: пәннің мақсаты сондай-ак, Бағалы қағаздар нарығы пәнін студенттерді биржада пайда болатын тәуекелдерді басқару туралы теориялық негіздер білімімен, орын алған жағдайды бағалау, сондай-ақ тәуекелділікпен курес әдістерін білу биржада бағалы қағаздармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

3. Пәннің арнайы міндеттері:

--бағалы қағаздар нарығы әдістерін енгізудің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін меңгеру;

--бағалы қағаздар түрлерін анықтау;

--бағалы қағаздар нарығына талдауды жүзеге асыру, бағалы қағаздарға сандық және сапалық баға беру;

- әртүрлі биржаны және олардың ұсынатын бағыттарын, баға белгілеу әдістерін, оларды басқару үрдістерін, ішкі және халықаралық Биржаның қызмет ету стратегияларын оқу;

- Әртүрлі биржаның қызметтерін оқу;

- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын қымет ету ерекшеліктерін ашу;

- Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін оқу және талдау;

- Бағалы қағаздар нарығында мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау және олардың зардаптарын төмендету жоларын анықтау.

4. Студент курстың соңында білу керек:

- бағалы қағаздар нарығы туралы түсінігін, даму белестерін және мемлекеттік реттеудің негізгі әдістерін;

- Бағалы қағаздар нарығының объектілері мен субъектілерін;

- Бағалы қағаздар нарығының мәні мен заңдылықтарын білу керек.

Пәнннің оқыту жоспары

р/н № Дәрістің тақырыптарының аты Сағат саны
Лек. Сем. СӨОЖ СӨЖ
Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Акция
Облигация
Мемлекеттік бағалы қағаздар
6. Туынды бағалы қағаздар
7. Қор нарығының инфрақұрылымы
8. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру
9. Қор индекстері мен индекаторлары
  Барлығы

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі

3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативті-заңнамалық актілер жинағы. 2 томдық -1997, 1999 жж.

4. Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: Изд. ЮНИТИ – 1995 ж. 224 бет

5. Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценнами бумагами в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж., 220 бет

6. Ануарбеков, Шарипбаев А.А. Справочник по ценнам бумагам в Республике Казахстан. Алматы – 1995 ж.

7. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы

8. Баян Көшенова «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі» оқу құралы. – Алматы 2007.-374 бет.

Қосымша әдебиеттер:

1. Кулекеев Ж.А., Джексекбаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы привитизации / учебное пособие. Алматы – 1995ж., 30 бет

2. Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка/ уч. пособие. Алмты – 1996 ж.

3. Кулекеев Ж.А., Джексекбаева Л.Н. Государственные ценные бумаги в экономике Казахстана/ учебное пособие. Алматы – 1996ж.

4. Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг: механизм государственного регулирования. Алматы – 1996 ж.

5. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. М.: 1996 ж.

6. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты/ уч. пособие под ред. Торкановского В.С. – 1994 ж.

7. Рынок ценных бумаг/ уч. пособие под ред. Галанова В.А., Басова А.И. М.: 1997 ж.

8. Рубцов Б.Б. Зарубежные фондовые рынки: инструменты, стуктура, механизм функционирования. М.: - 1997 ж.

9. Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Практикум по российскому рынку ценных бумаг/ уч. пособие. М.: - 1997 ж.

10. Семенкова Е.В. Операции с ценнами бумагами. М.: - 1997 ж.

11. Адекенов Т. Банки и фондовый рынок. М.: - 1997 ж.

12. Павлова В.Н. Корпоративные ценные бумаги. М.: - 1998 ж.

13. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. и др. Рынок ценных бумаг Казахстана: проблемы, формирования и развития. Алматы – 1998 ж.

14. Дуглас Л.Г. Анализ рисков операции с облигациями на рынке ценных бумаг. М.: -1998 ж.

15. «Ақша Несие Банктер» Ғ.С. Сейітқасымов оқулық --Алматы: 2005-ж 416 бет.

Жазбаша жұмыстардың бағалау белгілері:

n логикалық ойлау;

n тақырыпқа сай жазылу;

n мәтіннің сауатты жазылуы;

n зерттеу көздеріне сілтемелер;

n тақырыптың мәнін аша білу:

n тисті және негізделген қортындылардың болуы.

Бағалау жүйесі:

- семинар сабақтарын талқылауға қатысу және реферат жазу -14 %

- үй тапсырмасын тексеру -23%

- СОӨЖ тапсырмаларын тексеруге -27%

-Сабақтағы белсенділік және сабақ айту сапасы, сабаққа қатысуы -16%

-Аралық бақылау (бақылау жұмысы) -20%

- Барлығы: 100%

Ағымдық бақылау -20%

Аралық бақылау -30%

Қортынды бақылау(тест сұрақтарымен алынатын емтихан) -50%

Барлығы: -100%

Оқу пәнінің саясаты:

Қойылатын талаптар төмендегідей:

Дәріс сабақтарына күні бұрын дайындалу; аудиториялық сабақтарға белсенділік (белсенділік сабақты айту сапасы, сабаққа міндетті түрде қатысу, тапсырмаларды сапалы орындау көрсеткіштер бойынша бағаланады);

ГЛОССАРИЙ

А

Абандон– шартта көрсетілген орындар мерзімі өтіп кетуіне байланысты опционнан бас тарту.

Аваль – вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарпынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлем мерзімі келгенде банк акцепттенген вексель төленуі үшін тікелей банкке жіберіледі, ал авальданған вексель төленуі үшін алдымен вексель берушіге немесе акцептантқа ұсынылуға тиіс, олар төлем төлемеген жағдайда ғана вексель иесі аваль беруші банкке талап қояды. Аваль акцептке қарағанда едәуір сиректеу қолданылады.

Аванс – материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақша сомасы.

Аванстау – өндіріске жұмсалған ақша қаражатының қосымша өнім құны түрінде өзінің бастапқы нүктесіне өсіммен қайтып оралатын экономикалық процесс.

Авизо – өнімнің жөнелтілгені және ақша аударылғаны туралы немесе шарт бойынша белгілі бір міндеттемелер алған кәсіпорындар арасындағы өзара есеп айырысуда болған өзгерістер туралы алушыны хабардар ететін банк жүйесінде қолданылатын хат.

Авуарлар – кең ұғымда түсінгенде – түрлі активтер (ақша қаражаттары, чектер, вексельдер, аударылған ақша) есебінен осы актив иелерінің түрлі төлемдерін төлеуі мен міндеттемелерін орындауы; ал тар ұғымда – банктің шетел банктеріндегі есепшотындағы шетел валютасымен есептелетін қаражаты.

Агент – басқа біреудің атынан іс–әрекет жасайтын және соған есеп беретін заңды немесе жеке тұлға. Агент болып брокерлер, дилерлер, жеке өкілдер, адвокаттар есептеледі. Агент өз іс–әрекетін мүлік иесінің рұқсатымен агенттік келісім бойынша сыйақы алып жүзеге асырады.

Агенттік сыйақы – тауарды немесе бағалы қағазды өткізуді кеңейту мақсатында оларды жарнамалау мен сату жөніндегі делдалдық қызмет ақысы.

«Агрессивтік портфель» – болжау бойынша құны көтерілетін бағалы қағаздардың белсенді түрде сатып алынған портфелі.

Ажио – бағалы қағаздардың нарықтық бағамның номиналынан өсу жағына ауытқу. Ол номинал бағасына бөлініп, процентпен анықталады. Ажиоға қарсы, бағамның төмендеуін дизажио деп атайды.

Ажиотаж – бағалы қағаздарға, тауарларға бағаны қолдан арттыру үшін биржада, нарықта жүргізілген алыпсатарлық әрекеттер.

Айырбасталымды облигациялар – облигациялар, оларды иесі белгілі бір мөлшердегі жай акцияларға айырбастауға мүмкіндігі бар.

Аккредетив – 1) есеп айырысу тәсілдерінің бірі, ол бойынша несиеберуші өзіне тиесілі төлемді шартта көрсетілген банктен белгіленген шарттармен және мерзімде алады. 2) есеп айырысатын немесе ақшалы құжат. Ол – жөнелтілген тауар үшін тауарлы–көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен төлеу немесе аккредетивті ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын беру жөнінде бір несие мекемесінің басқа бір мекемеге жүктейтін тапсырмасы.

Актив – есепке алу категориясы, оған нарық субьектісі мүлкінің құны, қарыздарды төлеуге арналған қаржы мен басы артық заттар қоры кіреді. Активтер материалдық негізі бар нақты заттар болуы мүмкін. Активтер жыл ішінде ақшаға айналуына немесе айналмауына байланысты ағымдағы және тұрақты активтер болып та бөлінеді.

Активтер (белсенді) нарық – үлкен көлемді мәмілемен жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Ол тек брокерлердің табысын көбейтуге мүмкіндік жасап қана қоймай, сонымен қатар институционалдық инвесторларға бағалы қағаздардың нарықтық бағамын көтермей–ақ олардың көп мөлшерін сатып алуға (немесе сатуға) мүмкіндік туғызады.

Акцептант (трассат) – төлем уақыты келгенде аудармалы вексельге қол қойып және сонымен қатар вексель бойынша төлем міндетін өзіне алатын тұлға.

Акционер (акция ұстаушы) – эмитент компанияның тиісті құқықтары үлестіріліп берілген жай немесе артықшылықты акция иесі.

Акцияның бақылау пакетін иемденуші акционерлер – компанияның жай акциясының 50%-тен астамын иемденуші акционерлер.

Акционерлік қоғам– өзінің міндеттемесі бойынша тек өзіне тиесілі мүлікпен жауап беретін ұйымдық–құқықтық формадағы кәсіпорын.

Акционерлік қоғамның капиталы– акциялар мен облигациялар шығару мен орналастыру арқылы біріктірілген капиталдар жиынтығы.

Акционерлік капитал – компанияның жай және артықшылықты акцияларды құрылған капиталы.

Акция – өз иесіне дивиденд алу құқын, сонымен қатар, акционерлер жиналысында дауыс беру құқын беретін бағалы қағаз.

Акцияны еркін шығару – кей–кезде дивиденд төлеу акция беру түрінде болады.

Ашық типті инвестициялық компания – акцияларды ұдайы шығарып және оларды ашық нарықта белсенді түрде сататын компания.

Алғашқы тарату – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын сату, одан ақша эмитентке түседі.

Алғашқы нарық – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейді, себебі эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған бағалы қағаздардың құқына кіріп, оны эмитент төлейді.

Атаулы акция – оның иесі, біріншіден, акцияда аты жөні жазылған және екіншіден, акционерлер реестрінде тіркелген тұлға.

Атаулы облигация – иесі ерекше кітапта тіркелген облигациялар, әдетте мұндай облигациялар купонсыз болады, олардың ұсынушыға арналған облигациялардан өзгешелігі проценттері купоны ұсынылғанда төленеді.

Артықшылықты акциялар– егер компания жабылса оның капиталын қайтарғанда артықшылықты акциялар бойынша жай акцияларға қарағанда дивиденд алдымен төленеді, яғни дивидендтер артықшылықты акциялар бойынша төленбесе, онда жай акциялар бойынша төленбейді. Артықшылықты акциялардың кемшілігі – егер компанияның жұмысы табысты болса, онда жай акциялар бойынша дивиденд уақыт өткен сайын өсіп отырады, ал артықшылықты акциялар бойынша ондай өсу жоқ.

Артықшылықты өтімді акциялар– иесі белгілі бір санына айырбастауға құқы бар артықшылықты акция.

Аралық дивиденд – компанияның басқармасы жылдың қорытынды қаржысын есептеместен бұрын және компанияның дивиденд төлеу мүмкіншілігі анықталмай тұрып, төлейтін дивиденд сомасын хабарлауы. Әдетте ол ағымдағы қаржы жылының алдыңғы үш тоқсанының бірінде төленеді.

Аллонж – вексельге қосымша индоссамент жазу үшін (біреуден біреуге беру жазуы) жапсырылатын парақ.

Акцияның бағамына үстеме төлем – акцияның номинал құнынан жоғары компанияға төлеген сомасы.

Алтын бейнелі бағалы қағаздар – ағылшын үкіметінің дәстүрлі түрде алтын жиекпен көмкерілетін бағалы қағаздары.

Алтын аукционы – алтынды ашық саудада сату.

Алтын сертификаты – банкте алтынның депозитке салынғаны туралы куәлік.

Алтын Фиксингі– Англия банкіндегі алтынға дилерлердің күніге екі рет тағайындайтын бағасы. Ол алтынға дүниежүзілік баға тағайындаудың негізі болды және алтынға байланысты барлық шарттарда қолданылады.

Алыпсатарлық – бағалы қағаздардың (акциялардың, облигациялардың, валюталардың) бағамының арасындағы айырмасынан пайда табу мақсатында сатып алып, оларды қайта сату.

Айналымнан шығару– эмитенттің бағалы қағаздарды қайта сатып алып, оларды айналымнан алуы.

Атаулы бағалы қағаз – бағалы қағаздарды иемденушінің аты–жөні көрсетіліп берілген сертификат.

Атаулы чек – белгілі бір адамның атына жазылатын чек; оның таратылуы шектеулі.

Атаулы акциялар – қозғалысы акционерлік қоғамның акциялар тіркеу кітабында көрсетілген акциялар. Атаулы акцияны ұстаушының аты немесе атауы сол акцияның бланкісінде көрсетіледі. Акционерлік қоғамның жарғысында осы қоғам шығаратын атаулы акциялардың қозғалысын реттеп отыратын қосымша ережелер болуы мүмкін.

Андеррайтер – жаңа шығарылған бағалы қағаздардың белгілі бір санын орналастыру жөнінде міндеттеме алған кепілші адам. Андеррайтердің жүргізген шаралары жиынтығын андеррайтинг деп атайды.

Аудит – компаниялардың қызметіне, бухгалтерлік есебіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі.

Аудармалы вексель – бағалы қағаз, несие беруші жазып беретін және көрсетілген белгілі бір ақша сомасын үшінші адамға анықталған мерзімде төлеу туралы төлеушіге берген ерекше жазбаша бұйрық.

Аукцион – алдын–ала көруге қойылған тауарларды, бағалы қағаздарды белгілі бір уақытта және белгіленген жерде сату әдісі.

«Аю» – валюталардың, бағалы қағаздардың және тауарлар бағасын төмендету үшін айла жасайтын биржалық алыпсатар.

Аяқталу бағасы – биржаның бүгінгі жұмыс күнінің соңғы мәмілесіндегі бағалы қағаздардың сатып алу және сатылу бағасы.

Әмбебеп биржа – тауарлардың көптеген түрімен ғана емес, сонымен бірге валютамен, бағалы қағаздармен, сондай–ақ кеме жалдау өзара шарттарымен жасалатын операциялар жүзеге асырылатын биржа.

Б

Базалық валюта – белгілі бір мемлекетте немесе қаржы орталығында басқа валюталардың бағасын белгілейтін кезде негіз ретінде қолданылатын валюта.

Базистік баға – бағалы қағаздың әкелген табысы бойынша белгіленген бағасы, ол қағаздың құны бойынша белгіленбейді.

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздарды сатып алу – сату және қаржының инвесторлардан эмитенттерге берілуі жүзеге асырылатын несие капиталы нарығының бөлігі.

Бағалы қағаздар үшін берілетін қарыз – банктердің акциялар мен облигацияларды кепілге алып беретін қарызы; коммерциялық және инвестициялық банктердің қорға қатысты операцияларының түрі.

Бағалы қағаздарға салынатын салық – Акционерлік компанияларға акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарғаны үшін салынатын салық.

Бағалы қағаздарды мұрагерлікпен алу – бағалы қағаздардың иесі қайтыс болғаннан кейін олардың өсиеті немесе заң бойынша оның мұрагеріне көшуі.

Баланстанған инвестициялық қорлар – әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздарға негізделген қорлар. Бұл қорлардың шығарған бағалы қағаздарының курсы аз өзгерістерге душар болады.

Банктің инвестициялық портфелі – банктің белсенді опепациялар жүргізуі барысында сатып алған бағалы қағаздар жиынтығы.

«Белсенді бағалы қағаздар» – сатып алу–сатуға көп мөлшерде түсетін, бағасы жиі баспасөзде жарияланатын бағалы қағаздар.

Биржалық индекстер – бағалы қағаздардың, дағдыдағыдай – акциялардың, орташа немесе орта өлшенген бағамының көрсеткіші. Әдетте бағалы қағаздардың қандай да болсын өкілдік жиынтығы бағамының өзгеруін бағалау үшін қолданылады.

Баға индексі – тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа немесе территориялық ауқымға байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіретін көрсеткіш.

Биржалық сессия – заң жүзінде немесе жалпы қабылданған ережелер негізінде қор биржасы залында сауда жүргізу үшін белгіленген уақыт.

Биржаның жабылуы – бүгінгі жұмыс күнінде сауданың аяқталуы.

Биржадан тыс нарық – бағалы қағаздарды қор биржасынан сыртта, яғни банктерде, инвестициялық компаниялар мен делдалдық фирмаларда сату.

Биржалық ойыншы – бағалы қағаздардың бағасының қысқа мерзімді ауытқуынан пайда табу мақсатында оны сатып алушы және сатушы.

Биржада тіркелмеген бағалы қағаз– бағалы қағаздарды саудаға түсіру мәмілесі тек биржадан тыс нарықта жасалады.

Биржада баға белгілеу – бағалы қағаздардың стихиялы түрде қалыптасқан нарқын және биржалық шартта көрсетілген бағасын ескере отырып жекелеген тауарлардың бағасын биржалық органдардың тіркеуі. Ол – биржалық бәсеке көрсеткіштерінің бірі, бағалы қағаздарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара–қатынасын көрсетеді.

Биржалық пайда – қор биржасында бағалы қағаздармен және тауар биржасында көпшілік қолды тауарлармен сауда жасаудан түсетін табыс.

Биржалық сауда–тауарлармен және бағалы қағаздармен сауда жасау биржасы (сауда орны).

Биржалық фирма – биржада орын сатып алған брокерлік кеңсе.

Биржалық баға – биржалық сауда арқылы сатылатын тауарлардың бағасы. Биржалық баға туралы деректер тауар биржасының жүйелі жарияланымдарында, бюллентеньдерінде келтіріледі, мерзімді тіркелімдерінде хабарланады.

Биржалық бюллетень – бағалы қағаздардың бағамы, тауарлардың биржалық бағасы, жасалған келісімдер туралы мәліметтер жарияланатын биржаның мерзімді органы.

Биржаның операциялық залы – бағалы бағаздармен сауда–саттық жүргізілетін қор биржасының бөлмесі. Клиенттердің бұйрығы операция залына берілгеннен кейін биржа мүшелері залда оны орындайды.

Белсенді нарық– өскелең және қалыптасқан үлкен көлемді келісімдермен жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы.

Бондар – облигациялар, белгілі бір ақша сомасын алдағы жылдың нақтылы мерзімінде немесе қарыз мерзімі ішінде процент сомасы белгіленген мөлшер бойынша графикке сәйкес төлеу туралы жазбаша уәде. Бондарды ұзақ мерзімді негізде (10 жылдан астам уақытта) корпорациялар, мемлекеттік және жергілікті орындар, үкіметтер шығарады. Мемлекеттік және жергілікті бондарға салық салынбайды және олар міндеттілігі шектеулі бондар тобына жатады.

Борышқор – міндеттемеде көрсетілген жақ – одан екінші жақ – несие беруші белгілі бір іс–әрекет жасаушы немесе белгілі бір іс–әрекеттен тартынуды талап етуге құқылы.

Брокер – бағалы қағаздарды немесе валютаны сатып алу – сату жөніндегі тіркелген агент. Ол сауда операцияларына қатысатын делдал.

Брокераж – брокерлердің жүргізетін делдалдық операциялары.

Брокеридж – брокер атқарған қызметіне алатын сыйақы. Ол келісім құнының белгілі бір процентті немесе жеткізілген жүк үшін төленетін белгілі бір сома түрінде белгіленуі мүмкін.

Брокерлік линия – банктегі дилер бөлмесі мен брокерлік кеңсе арасындағы тікелей телефон байланысы.

Біржақты нарық – тек сатып алушының бағамы ғана немесе тек сатушының бағамы ғана тіркелген баға болып табылатын нарық.

Бағалы қағаздардың айналымы – биржалық листингтен өткен, сондықтан инвесторлар сатып алуға болатын бір жылда қор биржасында сатылған бағалы қағаздардың барлық бағалы қағаздарға процентке шаққандағы жалпы көлемі.

Бағалы қағаздардың айналысы – екінші нарықта бағалы қағаздармен жасалған мәміленің жиынтығы.

«Бұқа» – бағалы қағаздар бағамының жоғарылауы үшін белгілі бір шара қолданатын бағалы қағаздар нарығына қатысушы. Ол осы мақсат үшін алғашқыда бағалы қағаздарды бірсыпыра төмен бағамен сатып алып, кейіннен оны жоғары бағамен сатады.

В

Валюта – 1) елдің ақша бірлігі; 2) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сондай–ақ халықаралық есеп айырысулар кезінде қолданылатын шетелдік ақша бірлігімен белгіленген несиелік төлем құжаттары.

Валюталық тепе–теңдік – валюталық курстың негізі болып табылатын екі валютаның заңды түрде бекітілген арақатынасы.

Варрант – бағалы қағазбен қосып берілетін куәлік, ол белгілі бір мерзім өткесін өз иесіне қосымша жеңілдіктер алуға құқық береді.

Вексель – анықталған мерзімде көрсетілген ақша сомасын өз иесіне алуға құқық беретін бағалы қағаз. Оны айналымға шығарып және төлемге қабылдағанда проценттік ставкасы мен айналым мерзімі ескеріледі.

Вексель ұстаушы – вексельде көрсетілген ақша сомасын алуға құқы бар вексель иесі.

Вексельдерді дисконттау – вексельдерді есепке алу; банктің вексельдерді өтеу мерзімі біткенге дейін оларды вексель ұстаушылардан сатып алу.

Вексель наразылығы – мемлекеттік орган уәкілінің вексельдік заңдылықтарға байланысты белгілі бір құқықтық зардаптарды ресми түрде қуаттауы. Ол нарызылық актісін жазумен хатталады.

Вексель таңбасы – аудармалы вексель реквезиттерінің бірі: құжат толтырылған тілде жазылған текстке енгізілген «вексель» атауы.

Вексель портфелі– белгілі бір мерзімде банктің немесе фирманың қарамағында болатын вексельдер жиынтығы.

Д

Дауыс беру акциясы – акционерлердің жиналысында директорларды сайлағанда, аудиторларды бекіткенде және басқа сұрақтарды шешкенде ұстаушысына дауыс беру құқын беретін акция.

Дивиденд төлейтін күн – эмитент агентінің акционерлерге дивиденд бойынша төлем жіберетін күн.

Дебет – бухгалтерлік есепке алу шотының сол жақ бөлігі, бұл шаруашылық операциясына екі рет жазу әдісімен жүзеге асырылады, яғни бір шоттың дебетіндегі жазу сол сомада басқа шоттың кредитінде қайталанады. Актив шоттарында ол шаруашылық қаржысының бұл түрінің көбеюін, ал актив–пассив шоттарында көбеюін де, азаюын да білдіреді.

Дебеттік баланс – брокердің сатып алушыға берген несиесі есебіне сатып алған тауардың немесе бағалы қағаздың сатып алушының маржалық шотында жазылған бөлігі осылай деп аталады.

Депозиттік сертификат – эмитенет банктің ақша қаражатын салғандығы туралы куәлігі, мерзімі өткесін депозит сомасын және ол бойынша салушыға проценттік өсім алуға құқық беретін құжат.

Дивиденд – акционерлердің меншігіндегі акция санына пара–пар бөлініп берілетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі. Дивидендтердің жалпы мөлшері түскен пайдадан салық төлегеннен кейін, өндірісті ұлғайту қорына бөлгеннен, сақтандыру қорын толықтырған, облигация бойынша проценттік өсім және тағы сол сияқты төлемдерден соң анықталады. Жай акциялар бойынша дивиденд мөлшері ауыспалы, ал артықшылықты акциялар бойынша – нақты.

Диверсификацияланған инвестициялық қорлар – қоғамдық өндірістің әртүрлі салалары мен секторларындағы кәсіпорындардың жай акцияларын сатып алумен шұғылданатын қорлар.

Дилер – бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алып және сататын заңды немесе жеке тұлға.

Дисконт– қаржы құралына төленген нақты бағамен онда көрсетілген бағаның айырмасы.

Дисконт саясаты – несие капиталына деген сұраным мен ұсынымға, төлем балансының жайына және валюта курсына ықпал ету мақсатында орталық эмиссиялық банктердің жүргізетін бағаны және есепке алу ставкасын көтеру немесе төмендету саясаты.

Домициль – вексельді төлеу орны.

Доу–Джонс индексі – АҚШ–тың ірі компаниялары тобы акцияларының Доу–Джонс фирмасы жариялайтын бағамының орташа көрсеткіші. Биржа жабылған кезде компаниялардың белгілі бір тобы күн сайын белгілейтін бағаның арифметикалық орташа мөлшері болып табылады. Бұл индекстің бірнеше түрі бар, атап айтқанда: барлық салалық құрама индекс болатын Доу–Джонс құрама индексі; Доу–Джонс өнеркәсіп индексі немесе 30 ірі өнеркәсіп компаниялары акцияларының курсының өзгеруінің көрсеткіші; Доу–Джонс транспорт индексі немесе 20 транспорт корпорациялары акцияларының бағамының өзгеруінің көрсеткіші және Доу–Джонс коммуналдық индексі немесе 15 газ және электрмен жабдықтау компаниялары акцияларының курсының өзгеруінің көрсеткіші.

Достық векселі – келісімге негізделмеген және несие берілуіне байланысты емес жалған вексельдердің бір түрі.

Е

Еуорооблигация – халықаралық бағалы қағаздар түрі. Борышқор ұзақ мерзімді қарыз алған кезде бір еуровалюта түрінде шығарылады.

Еуронарық – халықаралық ақша нарығы, онда еурооблигациялармен операция жүргізіп, еуровалютамен несие береді.

Еурочектер – еуропалық «Еурочектер» банк жүйесіне қатысушы елдердің кез–келгені төлеуге қабылдайтын чектер.

Екінші бөлу – айналымдағы бағалы қағаздарды сату, одан ақша эмитентке емес бағалы қағазды ұстаушыға түседі.

Екінші нарық – шығарылған бағалы қағаздарды инвесторлардың делдал арқылы сатып алу (сату) нарығы.

Есепке алу – міндеттемелер мен талаптарды өзара орындау.

Есептеу құжатын индоссациялау– құжатқа меншік құқығын және ол бойынша төленетін тауарлы–затты бағалылықтарды немесе ақша қаражатын басқаға беру әрекеті.

Есептеу операциялары– банктердің вексельдерді және басқа да кейбір борыш міндеттемелері түрлерін есептеу операциялары; ақша қаражатын авансқа беру әдісі.

Есептеу проценті – вексельдерді, бағалы қағаздарды, акция мен облигациялардың купондарын, басқа да борыш міндеттемелерін олардың ақысын төлеу мерзімі басталғанға дейін банктердің сатып алу арқылы ақша аванстанғаны үшін алатын ақысы.

Еншілес компания – басқа холдинг–компания бақылайтын немесе соған бағынатын компания. Акционерлік меншіктің бір бөлігі басқа компанияға қарасты болса, компания аффилиат деп есептеленеді.

Ж

Жай вексель – вексель берушінің мерзімі жеткенде вексель иесіне белгілі бір ақша сомасын төлеуін куәландыратын сөзсіз төлем міндеттемесі.

Жаңа шығарылым – компанияның ең бірінші шығарылған бағалы қағазының түрі.

Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндік бар ең көп саны.

Женева конвенциясы – төлем айналымында вексельдер мен чектерді қолданудың тәртібін белгілейтін көпжақты халықаралық шарттар.

Жинақ облигациясы – мемлекеттік нарықтан тыс бағалы қағаз. Сатып алу – сатуға жатпайды; қарызды қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды. Жоғары өтімді, себебі оны ұстаушының талабы бойынша кез–келген уақытта көрсетілген құнымен өтеледі.

Жирант– вексельдердің сыртына өз қолын қойып беретін адам.

Жироесеп – елдердің банктері мен жинақ кассаларының соманы бір шоттан екіншісіне аудару жолымен жүзеге асыратын қолма–қол ақшасын есеп айырысудың бір түрі. Жироесеп термині сондай–ақ қолма–қол ақшасыз есеп айырысудың бүкіл жүйесін білдіру үшін қолданылады.

Жирочектер – чек берушінің өз жироесебінен чек ұстаушының есебіне белгілі бір ақша сомасын аудару туралы банкке берген бұйрығы жазылған чектер.

Жеңілдіктер – бағалы қағаздарды сатып алғанда (сатқанда)біруақытта бағасын кеміту.

Жабық нарық – сатып алушының бағамы сатушының бағамына тең болатын нарық жағдайы.

Жабық типті инвестициялық компания – өзінің құрылуы кезінде шығаратын акция саны қатаң белгіленген компания.

Жабық корпорация – акционерлердің саны шектеулі және акцияларды еркін беруіне немесе сатуына шек қойылған акционерлік қоғам.

И

Инвестициялар– күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельдік, негізгі материал мен ТМҚ–ға, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын үй құрылысы қызметтеріне жұмсалатын болып бөлінеді.

Инвестор– өз ақша қаражатын табыс әкелетін іс–шараларға немесе активтерді сатып алуға жұмсайтын салым иесі. Инвесторлар институционалдық және жеке болып бөлінеді.

Инвестициялық банк– ұзақ мерзімді несие капиталын жұмылдырып, оны қарыз алушыға облигациялар немесе қарыз міндеттемелерінің басқа түрлерін шығару мен орналастыру арқылы беретін арнаулы несие институттарының бір түрі.

Инвестициялық компания – өзінің бағалы қағаздарын шығару жолымен жеке инвесторлардың ақшасын шоғарландырылып, оларды өз еліндегі сияқты шет.

Инвестициялық кеңес беруші – лицензияланған (рұқсат берілген) заңды тұлға. Ол бағалы қағаздарды шығару және оларды айналысқа түсіру жөнінде кеңес беру қызметін жүзеге асырады.

Инвестициялық қор – компанияның басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайтын капиталы. Инвестициялық қорлардың төмендегі категориялары кездеседі:

1. Инвесторлардың үнемі жоғары дивиденд алуын көздеген инвестициялық қорлары.

2. Инвестордың капиталын өсіруіне бағытталған инвестициялық қорлары.

3. Инвестордың қаржысын сенімді орналастыруды көздеген инвестициялық қорлары.

Индекс– белгілі бір экономикалық құбылыстың арақатынасын білдіретін салыстырмалы көрсеткіш. Оның көмегімен тиісті құбылыстардың бір уақыт аралығында, белгілі бір кеңістікте және жоспармен салыстарғанда өзгеруінің нәтижелеріне сандық–сапалық баға беріледі.

Индоссамент – басқа адамға табыстау жөніндегі жазу. Құжаттың сырт жағына жазылып, қол қойылады.

Индоссат– бағалы қағазға аудару белгісін қойған жақ.

Индоссант– бағалы қағазға аудару белгісі өз пайдасына жазылған жақ.

Инсайдер – 1. Өзінің фирмадағы жағдайына байланысты оның қаржы жағдайы, жұмысы және көпшілікке беймәлім жоспарлары туралы құпия хабарларды білетін адам. 2. Осы фирмаға белгілі бір қатынасы бар қатынасы бар лауазымды адамның туысы немесе басқа компанияның лауазымды адамы.

Институционалдық брокер – институционалдық инвесторлармен жасалатын мәмілеге маманданған брокер.

Ипотекалық облигация – қарызды өтей алмаған жағдайда белгілі бір мүлікті ұстап қалуға құқық беретін ұзақ мерзімді қарыз міндеттемесі.

К

Капиталдан төленетін дивиденд – акционерлік капиталдың төленген бөлігінен төленетін дивиденд, ол ағымдағы немесе ұсталып қалған пайдадан төленбейді.

Капиталдандыру (капиталға айналдыру) – корпорация шығарған бағалы қағаздардың әр түрінің жалпы саны.

Кепілдік – қарыздың өтелуін қамтамасыз ететін мүлік немесе басқа құндылықтар.

Кепілші – кепілдік беруші. Әлдебір нәрсеге кепілдік беретін мемлекет, мекеме немесе адам.

Күні бұрын сатылған эмиссия – бағалы қағаздардың жаңадан шығарылғандары, оларды нарықта тарату купондық ставкасының мөлшері хабарлағанша аяқталады.

Кері қайтарудан қорғау– облигацияны шығару жөнінде шартта көрсетілген ескертпе, ол бойынша келісілген мерзім ішінде эмитентке облигацияны ұстаушылардан кері сатып алуға тыйым салынады.

Келісілген комиссиялық ақы – сыйақы, клиент пен брокерлік фирманың келісімімен мөлшері өзгеріп отыруы мүмкін.

Келісілген баға – сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша тауарға, бағалы қағаздарға, көрсетілген қызметке белгіленген баға.

Кепілдеме – клиенттің немесе басқа біреудің ақшалай немесе басқа да міндеттемелерді орындайтынына кепілдік бері; сол міндеттемелер орындалмай қалған жағдайда кепілші жауапты болады.

Кепілдік хат – нақты бағалы қағазды ұстаушы клиент екенін және сол қағазбен қамтамасыз ететінін банк кепілдікке алынатынын растайтын банктің хаты. Оны опцион сатып алғанда инвестор пайдаланады, онда клиенттің брокерлік шотында жоқ акцияға опцион толтырылады.

Кепілдік акция– бір компания шығарған, ал дивиденд төлеуін басқа компания кепілдікке алған артықшылықты акция.

Кепілдік чек – клиентке банк берген чек.

Клиринг палатасы – биржалық мәміле бойынша есеп айырысатын және оның орындалуын бақылайтын ұйым. Есеп айырысқанда өзара талаптарды ескеру принципі қолданылады.

Комиссионер – сауда келісімін сыйақы үшін жасайтын жақ.

Комиссиялық операциялар – бір жақ екінші жаққа өз атынан, бірақ комитеттің есебінен сауда– саттық жасауды тапсыратын комиссиялық операция.

Комиссиялық вексель– вексель ұстаушыдан инкассоға қабылданған вексель.

Комитент – шарттағы басқа жаққа сыйақы үшін–тауарлармен, вексельдермен, шетел валютасымен, акциялармен, облигациялармен бір немесе бірнеше келісім жасауды тапсыратын жақ.

Коммуналдық облигациялар – жер участкелерін иемденуші коммуналдардың, несие бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қарыз міндеттемелері.

Конверсия – бағалы қағаздардың бір типін сол компания шығарған бағалы қағаздардың басқа бір типіне айырбастау.

Конвертацияланатын бағалы қағаз – иесінің тілегі бойынша басқа активтерге айырбасталу мүмкіндігі бар бағалы қағаз, мысалы, белгілі бір нақты мөлшердегі жай акцияларға.

Контракт – ауызша немесе жазбаша келісім, ол бойынша келісуші жақтардың бірі екіншісі үшін белгілі бір шартпен және белгіленген мерзімде әлдебір нәрсе істеуге міндеттенеді.

Контрброкер – мәміленің екінші жағында тұрған брокер. Егер брокер сатып алушының уәкілі ретінде болса, онда сатушы брокер контрброкер болып саналады.

Концессия (шарт) – андеррайтингік синдикат мүшесінің дара саудадағы бағасымен салыстырғанда бағалы қағаздардың бағасын кемітуі. Мысалы, номиналы бойынша 1000000 облигацияға 95000 рубль төлеген синдикат мүшесі концессия ретінде 5000 рубль алады.

Корреспондет – нарыққа басқа фирманың қызметін, тапсырмасын үнемі орындайтын банк, қаржылық брокер немесе басқа компания.

Көрсетілген құн – бағалы қағаздарды шағарғанда оның бет жағында көрсетілген құн.

Кумулятивтік акция – артықшылықты бар акция, оның иесіне корпорация өзінің нашар қаржы жағдайына байланысты дивиденд төлей алмағандықтан бірнеше жылдан кейін жинап төлеуі мүмкін.

Кумулятивті дауыс беру – акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру, ол акционердің бірқатар мәселелер бойынша бір дауыспен емес, басқа мәселелер бойынша дауыс беруден бас тарту есебінен жинақталған бірнеше дауыспен дауыс беруіне мүмкіндік туғызады. Ұсақ акционерлердің құқықтарын қорғау үшін қолданылады.

Купон – бағалы қағаздардың– облигацияның немесе акцияның жыртылып алынатын бөлігі, ол процент немесе дивиденд алатын кезде қиып алынып, қолхат орнына беріледі.

Купюра – белгіленген құн, ол қағаз ақшаларда, банкноталарда, облигацияларда және басқа бағалы қағаздарда көрсетіледі, сондай–ақ сол ақшаның, банкнотаның, бағалы қағаздың немесе облигацияның өзі.

Курс тәуекелі – валюталардың нарықтық құнының ауытқуынан туындайтын қауіп.

Қ

Қазынашылық акция – эмитент компанияның шығарған және одан кейін қайта сатып алған акциялары.

Қазынашылық эмиссия– айналымға қазынашылық билеттер мен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару. Оны бюджет тапшылығын толтыру мақсатында қаржы мекемесі немесе басқа да мемлекеттік қаржы органдары жүзеге асырады.

Қазынашылық бондар – орта және ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттемелер түрі, әдетте талап етушіге 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге шығарылады, нарықтық мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады.

Қарама –қарсы талаптарды есепке алу – екі немесе бірнеше заңды ұйымдар мен жеке адамдардың өзара төлем міндеттемелерін тең сома мөлшерінде өтеуі.

Қарызды бағалы қағаздар – төленуі қажет болатын қарыз ретінде шығарылған бағалы қағаздар. Қарызды бағалы қағаздар түрлері: облигациялар, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар, қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелері.

Қаржы тәуекелі – егер қарызға алған қаражаттың мөлшері ең көп мүмкін деңгейден асып кетсе, онда компания акционерлерінің дивиденд ала алмау қаупі туады.

Қорғаныс ескертпе– келісімге орындау барысында оның бастапқы шарттарын түрлі қауіптерден қорғау үшін өзгерту мүмкіндігін қарастыратын контракт немесе келісім.

Қарыз капиталының нарығы – несиеге берілген ақша капиталына мәміле жасалатын нарық. Бұл нарықта капиталға түскен сұраныс пен ұсыныс жинақталады. Несие капиталының нарығы, негізінен, негізгі капитал қозғалысын қамтамасыз ететін ақша нарығын қамтиды. Ақша нарығы ипотека нарығы (қозғалмайтын мүлік нарығы) және қаржы нарығы (бағалы қағаздар нарығы) болып табылады.

Қосымша дивиденд – компанияның жай дивидендке қосымша төлейтін бағалы қағаз немесе қолма–қол ақша түріндегі дивиденді.

Қолма–қол жасалатын мәміле – қор биржасында мәміле, онда бағалы қағаздарды беру мәміле жасалған күн болуы қажет.

Қазынашылық ноталар– 1. Қаржы министрлігі немесе арнаулы мемлекеттік қаржы органдары қазынашылық эмиссия ретінде шығаратын қағаз ақшаның түрі; 2. Орта мерзімді мемлекеттік міндеттемелер түрінің бірі, талап етушіге шығарылады. Нарықтық мемлекеттік бағалы қағаздар түрінің бірі.

Қазынашылық міндеттемелер – өз иесі бюджетке ақша қосқанын куәландыратын және қазынашылық міндеттемені иемденудің бүкіл мерзімі ішінде белгіленген табыс алу құқығын беретін мемлекеттік бағалы қағаз.

Қазынашылық вексель – мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелерінің бір түрі. Әдетте, талап етушіге 3, 6 және 12 ай мерзімге шығарылады; проценттік купондары болмайды.

Қазынашылық– қаржы министрлігі немесе өзіне мемлекеттік бюджет жобасын әзірлеу мен оны атқару, мемлекеттік қарызды басқару, сондай–ақ мемлекеттік бағалы қағаздар шығару міндеті жүктелген арнаулы мемлекеттік орган.

Қосымша баға – 1. Бағалы қағаздардың нарықтық бағамының өсуіне байланысты бағалы қағаздардың құнын дилердің жоғарылатуы. 2. Нарықты құрушы ұсынған бағалы қағаздың бағамымен дара сатып алушыға дилердің сол бағалы қағазға ұсынған бағамының айырмасы.

Л

Лаж– ақша белгілерінің, вексельдердің және басқа да бағалы қағаздардың нарықтық бағамының өздерінің белгіленген құнынан артуы жағына қарай ауытқуы.

Левередж– сырттан қарызға алған қаражаттың, оның ішінде шығарылған облигациялардың, акционерлердің өз капиталына қатынасы.

Лимит – шама, шектеу, әлде–бір нәрсенің шекті мөлшері, шекті нормасы.

Лимиттік баға – лимит туралы бұйрықты инвестормен келісілген баға. Сатып алуға арналған лимиттік бұйрықта лимиттік баға инвестор төлеуге дайын ең жоғары баға, ал сатуға арналған бұйрықта лимиттік баға инвестор бағалы қағаздарды сатуға мүмкіндігі бар ең төменгі баға көрсетіледі.

Листинг – эмитенттердің қаржылық жағдайын тексергеннен кейін олардың бағалы қағаздарын биржадағы саудаға түсіретін рұқсат.

Лицензия – рұқсат, заңды және жеке тұлғаларға бағалы қағаздар нарығында операция жүргізуге беріледі.

Локо – шетел валюталарын немесе бағалы қағаздарды сатып алу–сату жөніндегі келісім, ол бойынша есеп айырысу келісім жасалған биржада қолма–қол ақшамен жүргізіледі.

М

Маклер– қор, тауар және валюта биржаларында келісім жасау кезіндегі делдал.

Маманданған инвестициялық қорлар – бір сала немесе белгілі бір географиялық аймақ копорацияларының жай акцияларын сатып алуға негізделген қорлар.

Маржа – 1. Бағалы қағаздар сатып алғанда қосуға тиесілі қаржы мөлшері. 2. Брокерлік фирмадағы клиенттің шотында тіркелген бағалы қағаздардың нарықтық құнымен оған алған қарыз мөлшерінің арасындағы айырмашылығы.

Мәлімдеме– белгілі бір тауарды алуға, қызмет көрсетуге ниет білдіру. Әдетте жазбаша хатталып, мүдделі жақ сол мәлімдеменің орындалуын қамтамасыз ететін жаққа жіберіледі.

Маман – бағалы қағаздардың белгілі бір түрімен сауда жасайтын сауда–саттыққа қатысушы адам.

Мүліктік дивиденд – эмитент–фирманың акционерлерге материалдық меншіктің бір бөлігі түрінде төлейтін дивиденді. Мысалы, фирма өзі шығаратын өнімді немесе басқа компанияның осы фирма иемденуіндегі акцяиларды дивиденд ретінде төлеуі мүмкін.

Мерзімі бітетін күн – мерзімді шарт бойынша төлемді немесе жеткізілімді орындайтын күн. Облигацияны өтейтін соңғы күн.

Мәміле –бағалы қағаздарды бір адамның екінші адамға сатуы немесе сатып алуы.

Маржамен жасалатын мәміле – брокерлік фирманың есепшотындағы ақшаға бағалы қағаздарды сатып алу және сату.

Мерзімдік мәміле – мәміле, ол бойынша бағалы қағаздарды беру белгілі бір мерзім өткеннен кейін болады.

Муниципалдық (жергілікті) облигация – қалалық үкіметтің шығарған қарыз міндеттемесі. Бұндай облигациялар бойынша төленетін процентке салық салынбайды.

Муниципалды облигация– жергілікті билік органдары шығарған облигация. Мұндай облигациларға төленетін проценттің көзі – жергілікті бюджетке түсетін пайдаға немесе табысқа салынатын салық.

Н

Нарзылық – заңды түрде дәлелдеп вексель акцептін төлеуден бас тарту; наразылық білдірілген вексель есепке алынбайды және қамтамасыз етілмейді.

Наши рекомендации