Есептік-сызба жұмыс. Қазандықтан жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу

Қатты отында жұмыс істейтін қазандықтан (бірінші нұсқа бойынша) елді мекенді жылумен қамдаудың жалпы шығының құрамы келесіні құрайды

Шқаз=(Шқжжжабдсақ)+Шотынтасымеажалпыжөн, мың $.

Кейіптемеде қазандыққа, жылу желілеріне, үй мен пәтердің ішіндегі жабдықтарға, отынға, отынды сақтауға, отынды тасымалдауға, еңбекақы, жалпы өндірістік және жөндеуге байланысты шығындар көрсетілген.

Олардың әрқайсысын және оларды анықтау әдістемесін жеке-жеке қарастырамыз.

Шқ – қатты отында жұмыс істейтін қазандықтың шығындары, оларға қазандық және оның қосалқы бөлшектерінің құндары, құрылыстық-монтаждық және іске қосу-түзету жұмыстары кіреді, яғни ол қазандықтың баланстық құнын білдіреді.

Қазіргі уақытта көптеген ТМД елдерінде әртүрлі қуаттағы қазандық агрегаттарын шығаратын зауыттар бар, бірақ берілген қуаттарда қазандық құндарын өндіріп шығарушы зауыттар бойынша жеткілікті дәрежеде мәліметтердің болмауы қиындық туғызады. Сондықтан қазандықтың қуатына жалпы қазандық құнының эмпирикалық тәуелділігін анықтау тәсілін пайдаланамыз.

Бұл тәуелділік келесідей көрсетіледі

Шқ = ( m + m 1* Nорн ) * n , мың $

m - қазандық қуатына тәуелді емес шама, 25 мың $ тең;

m1 - қазандық қуатқа тәуелді қабылданатын шама, 21 мың $ тең;

Nорн- бір қазандықтың орнатылған қуаты, оны таңдаған кезде қалған қазандықтардың жөндеуде тұрғанын ескере отырып, жазғы кезең уақытында қазандықтың ыстық сумен қамдаудың жылулық жүктемесін жаба алатындай болуы керек. Бір қуаттағы қазандықтарды таңдау керек және олардың саны үштен аз болмауы керек.

n - қазандықтардың саны, дана.

Шжж – жылу желілерінің шығындары. Минералды ватамен жабылып фольгамен қапталған жер астымен жүргізілген екі құбырлы желі деп алынады. Ауылдарды жылумен қамдаудың типтік жобаларын талдау негізінде алынған жылу желілерінің ұзындығын бір тұрғын үшін 1,0-1,5 м деп қабылданады. Жылу желісінің диаметрі максималды сағаттық жүктемеге тәуелді болады және 1 метр жылу желісін салу орташа шамамен құны 20 - 25 $ аралығында қабылдау қажет. Нақтырақ айтқанда, оқшауламаның қалыңдығы оқшауламаға кететін шығындар мен желідегі жылу шығындарының арасындағы оңтайландырмалық шама болып табылады және ол шығындар табиғи-климаттық жағдайларға да байланысты болуы мүмкін.

Шжабд - ыстық судың шүмектері мен жылыту батереяларын қоса есептегендегі және үйдің астыңғы қабатындағы әрбір пәтерлерге бөліп тарату желілеріне кететін көп қабатты үйлер ішіндегі қондырғылар шығындары. Бір пәтер үшін 60 $ шамасында қабылданады.

Шотын - отын шығындары төмендегідей анықталады

Шотын = Вт * Ботын, мың $.

Шартты отынның жылдық шығыны келесі түрде анықталады

Вш = b менш * Q жыл, мың ш.о.т.

Осы тәріздес есептеулерде жылу электр стансасы немесе қазандықтар үшін отынға жылдық қажеттілік қазандық агрегаттарының ПӘЕ-і бойынша емес, отынның пайдалы пайдалану еселеуіші (ППИ) бойынша анықталады

b менш =-------------------------------- ш.о.кг/Гкал,

n қаз * n жж * n тр сақ * n рет

143 – қондырғының ПӘЕ бірге тең болған кездегі 1 Гкал жылу алуға болатын ш.о.кг мөлшері.

Кейіптеменің бөліміндегілер сәйкесінше қазандықтың, жылу желілерінің, отынды тасымалдау мен сақтаудың және қазандық жүктемесін реттеудің ПӘЕ-тері болып табылады, олар, жалпы айтқанда, отынның пайдалы пайдалану еселеуішін көрсетеді.

Есептеуде ПӘЕ мәндерін келесідей: қатты отында жұмыс істейтін қуаты онша үлкен емес қазандықтар үшін nқаз=0,6 - 0,7, nжж = 0,8, nтасым.сақ= 0,9 - 0,95 аралығында, nрет = 0,95 де қабылдау керек.

Шартты отында табиғи отынға аудару Екібастұз отынының құнарлығына (4050 ккал/кг) байланысты есептеледі ( Ка еселеуіші)

Вт = Вш : Ка, мың т.о.т.

Qжыл - көп қабатты үйлер аумағын жылытуға және ыстық сумен қамдауға қазандықтың жылдық жылу жіберуі, Гкал.

Б – отын бағасы, ол нарықта отынның сапасына және қай жерден (көмір өндіру орындарынан немесе облыстық және аудандық отын базаларынан) сатып алғанына байланысты болады. Оның мәнін отынды тасымалдау құнын есептемегенде орташа әр т.о.т үшін 14 $ шамасында алуға болады.

Шсақ- қатты отынды сақтауға байланысты шығындар (алаңды, жер асты жолдарын және күлділікті кетіру жүйелерін жабдықтау). Бір т.о.т үшін 1 $ деп қабылданады.

Штасым – отынды тасымалдау шығындары. Жұмыста халықтың саны 10000 адамға дейінгі елді мекендер қарастырылады және «қала типті село» тобына жатқызуға болады. Ондай селолар көбінесе отын темір жол көлігімен жеткізілетін облыстық және аудандық орталықтар, отын базасы бар ірі кәсіпорындардың жанында орналасқан. Сондықтан отын тасымалдау автомобильмен жеткізіледі, оның ара қашықтығы 40 км деп қабылданады. Алматы қаласының автокөлік кәсіпорындарының нарығын талдау отынды тасымалдау шығындары бойынша әртүрлі амалдар қолданатынын көрсетті. Кәсіпорындардың бір бөлігі автокөлікке пайдалану уақыты бойынша төлем ақыны алады, ал бір бөлігі әр тоннасы және жеткізу арақашықтығы бойынша төлем алады. Сондықтан есептеу кезінде отынды арақашықтығы бойынша есептеуге тоқталамыз. Бір т.о.т-сын тасымалдау шығыны 4 $-ға тең деп қабылданады.

Шеа – еңбекақы шығындары. Басқару, пайдалану және жөндеу қызметкерлерін ескеретін жұмысшылардың саны (Кш) штаттық еселеуіш негізінде анықталады. Қатты отында жұмыс істейтін онша үлкен емес қазандықтар үшін Кш - 2,5-3,0 адам/Гкал шамасында қабылданады. Бір жұмыскер үшін орташа еңбекақы 120 $ құрайды. Осыған 21,5% (зейнетақы қоры, әлеуметтік салық) қосу керек. Бір жыл үшін еңбекақы төмендегі кейіптеме бойынша есептеледі

Шеа = Nорн * Кш * 120 * 1,215 * 12, мың $.

Шжалпы - жалпы стансалық шығындар төменгілердің қосындысынан 30% шамасында қабылданады

Шжалпы = 0,3 * ( Шеа + Ша + Шжөн ), мың $.

Шжөн - қазандықты жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары төмендегідей қабылданады

Шжөн = 0,2 * Ша, мың $.

Ша- амортизациялық аударылымдар, бұл қазандықтың негізгі активтерінің табиғи және моралды тозуының ақшалай көрінісі, яғни жылу энергиясын өндіру шығындарына олардың құнының бір бөлігін қосу жолы арқылы олардың орнын толтыруға бөлінетін қаржы.

ҚР Президентінің салықтар мен төлемдер туралы Жарлығына сәйкес, жылу техникалық жабдықтар үшін амортизациялық аударылымдардың шамасы олардың баланстық құнынан 8% -дан артық болмауы керек. Мына кейіптемемен анықталады

Ша = 0, 08 * ( Шқ + Шжабд + Шжж + Шсақ).

Елді мекенді жылумен қамдаудың бірінші нұсқасы бойынша жылу энергиясының 1 Гкал өзіндік құны былайша анықталады

Ша + Шотын + Штасым + Шеа + Шжалпы + Шжөн

S1 = -------------------------------------------------------------- ($)теңге/Гкал.

Qж + Qыс.су

Наши рекомендации