Тақырып 3. Тәуекелділік және табыстылық. Корпорациялық тәуекелділікті басқару
Қаржы менеджментінде пайда немесе табыс табу тәуекелділікке тәуелді болады. Тәуекелділік және табыстылық бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен шарттасылған немесе келісілген қаржылық категориялар болып табылады.
Тәуекелділік ― дегеніміз табиғат құбылысы және адамзаттың әр түрлі қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен пайда болатын ысыраптың қауіп-қатерлі мүмкіндігі.
Қаржы менеджері үшін тәуекелділік қолайсыз нәтиже немесе қорытынды ықтималдылығы. Әр түрлі инвестициялық жобалар бойынша тәуекелділік деңгейі әр түрлі болады. Ең жоғары табысты капитал салымы немесе инвестиция жоғары деңгейдегі тәуекелділікте болуы мүмкін Сондықтан да тәуекелділіктің деңгейі әр қашанда анықталып, бағалануы қажет. Тәуекелділік экономикалық категория ретінде тәуекелділік оқиғаны іске асыру мүмкіндігінде пайда болатын немесе анықталатын үш экономикалық нәтижені көрсетеді:
Теріс нәтиже (зиян, залал)
Нөлдік нәтиже
Оң нәтиже (ұтыс, пайда).
Әр түрлі қызмет жүргізу процесінде тәуекелділік деңгейін анықтау, бағалау немесе басқару қаржы менеджментінде өзінің мақсатына жету үшін қарастырылатын негізгі әдіс болып табылады.
Тәуекелділікті басқару ― дегеніміз тәуекелділігі жоғары оқиғаның пайда болуын болжамдау және тәуекелділіктің дәрежесін төмендетуге бағытталған әр түрлі шаралар жиынтығы. Тәуекелділікті басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі тәуекелділіктің классификациясына байланысты. Тәуекелділіктің жіктелуі― дегеніміз қойылған мақсатқа жету үшін тәуекелділікті әр түрлі белгілеріне байланысты топтарға бөлу. Тәуекелділіктің ғылыми дәлелденген жіктелуі әрбір тәуекелдің нысанын жалпы тәуекелділік жүйесіндегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді және тәуекелділікті басқарудың әдістері мен нысандарынан тиімді қолдану мүмкіндігінен анықталады. Тәуекелділіктің әр түріне басқарудың өз әдісі қолданылуы қажет.
Тәуекелділіктің жіктелу жүйесінде негізгі екі белгі қолданылады:
1. Нәтиже алу мүмкіндігіне байланысты тәуекелділік екі топқа бөлінеді:
Таза тәуекелділік
Алып сатарлық (спекулятивные риски) тәуеклділік.
Таза тәуекелділік ― дегеніміз теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігі. Таза тәуекелділіктің түрлері табиғи тәуекелділіктер, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділіктің мүліктік, өндірістік, саудалық түрлері.
Алып сатарлық тәуеғкелділік ― дегеніміз теріс немесе оң нәтиже алу ықтималдылығы. Алып сатарлық тәуекелділікке коммерциялық тәуекелділіктің негізгі бөлігі қаржылық тәуекелділік жатады.
2. Пайда болу себебіне байланысты тәуекелділік бірнеше категориябарңға бөлінеді:
Табиғи тәуекелділік
Экологиялық тәуекелділік
Саяси тәуекелділік
Транспорттық тәуекелділік
Коммерциялық тәуекелділік.
Табиғи тәуекелділікке табиғи апатқа байланысты ықтималдылықтар жатады. Мысалы, эпидемия, өрт, су тасқыны және тағы басқа.
Экологиялық тәуекелділікке қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелділіктер жатады.
Саяси тәуекелділік― мемлекеттіңқызметі нәтижесінде және мемлекет ішінде болып жатқан саяси жағдайларға байланысты тәуекелділіктер. Бұл тәуекел ШЖС-ге байланыссыз өндірістік процестің бұзылуына байланысты болады. Саяси тәуекелділікке революция және әр түрлі мемлекет ішіндегі әскери қақтығыстар, национализация нәтижесінде шаруашылық қызметтің жүргізілмеу мүмкіндігі, төтенше жағдайларға байланысты мемлекет ішінде жүргізілетін төлемдерге моноторий жүргізу, салық заңдылығының өзгерістері жатады.
Транспорттық тәуекелділіктерге тауарларды тасылмалдаумен байланысты туындайтын тәуекелділіктер жатады.
Коммерциялық тәуекелділік ― дегеніміз қаржы шаруашылық қызметін жүргізу процесінде ақша қаражаттарын, қаржы ресурстарын жоғалту немесе төмендету ықтималдылығы. Құрылымдық белгісіне байланысты коммерциялық белгісіне байланысты коммерциялық тәуекелділік мүліктік, өндірістік, саудалық және қаржылық тәуекелдіктерге бөлінеді.
Мүліктік тәуекелділік ― дегеніміз әр түрлі өндірістің ішінде болатын ұрлық, жауапкершілігі төмен жұмысшылардың қызметінің нәтижесінде мүлікті жоғалту және техникалық, технологиялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде пайда болатын жоғалтулар.
Өндірістік тәуекелділік ― дегеніміз негізгі және айналым қорлардың дұрыс жұмыс істемеу немесе бұзылу нәтижесінде өндірістік қызметтің тоқтатылуы және жаңа техника, технологияларды негізуге байланысты кәсіпкерлердің зиян шегуі.
Саудалық тәукелділік― өткізілген өнім бойынша төлемнің уақытылы түспеуі, тауарларды тасымалдау кезіндегі төлемдердің төленбеуі немесе келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмау нәтижесінде пайда болатын айып, өсім сомалары нәтижесінде зиян шегуі.
Қаржылық тәуекелділіктің екі түрі анықталған:
Ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелділіктер
Капитал салыммен байланысты немесе инвестициялық тәуекелдіктер.
Ақшаның сатып алу қабілетілігімен байланысты қаржылық тәуекелдіктер инфляциялық, дефляциялық, валюталық және өтімділік тәуекелділіктерге байланысты.
Инфляциялық тәукел―ақшаның құнсыздануына байланысты бағаның өсуін көрсетеді. Инфляциялық тәуекел инфляцияның өсуіне байланысты алынатын ақша қаражаттарының сатып алу қабілеттігінен тез өсуі және құнсыздануына байланысты тәуекелділік.
Дефляциялық тәуекел керісінше ақшаны сатып алу қабілеттілігінің жоғарлауы, бағаның төмендеуі. Дефляциялық тәуекел дефляцияның өсуіне байланысты баға деңгейінің төмендеуі кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының төмендеуін және табыстылықтың төмендеуіне әкеліп соғады.
Валюоталық тәуекелділік сыртқы экономикалық, несиелік және валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде бір валютадан екінші валютаға ауыстыру кезінде курстық өзгерістер нәтижесінде ақша қаражаттарын жоғалту ықтималдылығы.
Өтімділік тәуекелділік ― тауарларды, қызқметтерді, жұмыстарды және әр түрлі бағалы қағаздарды өткізу процесінде олардың сапасын, тұтыну құнын бағалау кезіндегі өзгерістерге байланысты ақша қаражаттарын жоғалту ықтималдылығы.
Инвестициялық тәуекелділіктің түрлері:
Жіберіп алынған пайда тәуекелі
Табыстылықты төмендету тәуекелі
Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелі
Жіберіп алынған пайда тәуекелі―кәсіпкерлік қызметті жүргізу процесінде қаржылық жоғалту немесе табысты жоғалту жанама түрде әр түрлі шараларды уақытында қолданбауы нәтижесінде болуы.
Табыстылықтың төмендеуіне байланысты тәуекелділіктер портфельдік инвестициялар бойынша әр түрлі салымдар мен несиелер бойынша проценттер, сыйақылар, дивидендтердің мөлшерінің төмендеуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы. Табыстың төмендеуінің екі түрі бар:
Проценттік тәуекел
Несиелік тәуекел.
Проценттік тәукелділік― әр түрлі инвестициялық институттарда, коммерциялық банктерде және несиелік мекемелерде несиелер бойынша ставкаларды әр түрлі салымдар мен депозиттер бойынша ставкалармен салыстырғанда төмендеп кетуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы.
Несиелік тәуекелділік― несие алушының негізгі қарызы және проценттері бойынша төлем қабілетінің төмендеуі нәтижесінде кредиторлармен есеп айырысу мүмкіншілігін жоғалту ықтималдылығы.
Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелдіктің төрт түрі анықталған:
Биржалық тәуекелділік
Селективті тәуекелділік
Банкроттық тәуекелділік
Несиелік тәуекелділік (кепілсіз).
Тәуекелділікті талдау нәтижесінде олардың деңгейін анықтау мақсатында барлық тәуекелділіктер екі түрге бөлінеді:
Жалпы тәуекелділік― дегеніміз белгілі бір қаржылық активтердің жеке тәуекелдігі.
Нарықтық тәуекелділік―дегеніміз белгілі бір қаржылық активтің немесе инвестициялық портфельдің бір бөлігінің тәуекелділігінің бағалау нәтижесінде барлық қаржылық активтердің немесе толық инвестициялық портфельдің тәуекелділігі анықталады.
Тәуекелділіктің деңгейін анықтау кезінде ықтималдылықтарды бөлу нәтижесінде күтілетін табыстың алыну ықтималдылығын есептеудің негізі болып табылады. Ықтималдылықты бөлу әдістері көп болған сайын әр түрлі әдіс бойынша нәтиженің ықтималдылығын анықтау жоғарлайды. Ықтималдылықтарды бөлу және олардың нәтижесін қарастыру кезінде күтілетін табыстың орташа мөлшерін анықтау мүмкіншілігі туады.
күтілетін табыс мөлшері
ықтималдылық нәтижесінің саны
әрбір әдіс бойынша ықтималдылықтың пайда болуы
пайда болатын нәтижесінің саны
Тәуекелділікті бағалау және деңгейін анықтау әдістері:
Дисперсия
Орташа квадраттық ауытқу
Вариациялық коэффициент.
Дисперсия― дегеніміз күтілетін көрсеткішке қатысты ықтималдылық нәтижесінің жан-жақтылық немесе бытыраңқылық шаралары. Дисперсия жоғары болған сайын тәуекелділіктің жан-жақтылығы да жоғары болады.
Дисперсияның формуласынан көрініп тұрғандай ол орташа күтілетін нәтиженің ауытқуының квадраты ретінде немесе әрбір ықтималдылық бойынша ауытқулардың орташа мөлшерін көрсетеді. Дисперсияны тәуекелділіктің деңгейін көрсететін өлшем бірлікте өлшейді. Тәуекелділіктің деңгейі процентпен анықталуына байланысты дисперсия процентінің квадраты ретінде қарастырылады. Тәуекелділікті бағалау және өлшеу іс-жүзінде қиындатылған көрсеткіш болғандықтан кейін қолданылмайды. Сондықтан тәжірибеде тәуекелдің деңгейін бағалау әрбір жеке нәтижесінің жан-жақтылығын немесе бытыраңқылығын өлшейтін екінші көрсеткіш арқылы жүзеге асырылады. Ол орташа квадраттық ауытқу немесе дисперсияның түбірінен қарастырылатын көрсеткіш.
Күтілетін табыстылық жоғары болған сайын оның орташа квадраттық ауытқу мөлшері де жоғары болады. Егер белгілі бір жоба бойынша табыстылықты бөлу бір қалыпты жүргізілетін болса, осы жобаның күтілетін нәтижесі теріс болу ықтималдылығы, оның орташа квадраттық ауытқуының қң нәтиже беретініне қарамастан ықтималдылығы төмен болады. Сондықтан табыстың бірлігіне тәуекелділшікті есептеу орташа квадраттық ауытқуды стандарттау арқылы немесе вариациялық коэффициент арқылы жүргізіледі. Вариациялық коэффициенттің мөлшері орташа квадраттық ауытқу мен күтілетін табыстылық мөлшеріне қатынасы арқылы анықталады.