Тың және тыңайған жерлерді игеру

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 жж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. Экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру. Тыңды қып- қызыл зиянын санап, қазаққа жасаған қиянатын де білетіндер де баршылық. « Тың игеру жылдарында жыртылмай қалған жерлер, ата қонысынан айырмаған ел қалмады. Жерді тоздырды, елді бұзды. Малдың өрісін тарылтты. Орысты қаптатып, қазақ өз жеріне өзі кірме болып қалды. Тыңды игеруде бәрі де – жақсы да, жаман да болды. Пайдасымен бірге зияныда болды. Соның қайсысы басым түскенін уақыт өткен соң таразылап, талдап байқасақ бір ғана мақтауға немесе даттауға келмейді. Тың игеру- шындығында, заманның күрделі құбылысы. Кең аймақта жүргізілген осы бір ұлы қозғалысқа сол кезде бүкіл ел, барлық халық араласты. Бір ғана ұлттың мүддесі, тіршілік қалпы ескеріліп жатпады. Онымен санасқан да жоқ. Осы кезде саясатта, экономика да осы талаптарға бағындырылғаны мәлім. Сөйтіп, қазақ жері «жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Жергілікті тұрғындар мен жаңадан көшіп келгендердің бастапқыда өзара тіресуі- табиғи нәрсе. Тың игерудің 1960 жылдарында республика бойынша 25 млн. 484 мың га тың және тыңайған жерлер игеріліпті. Яғни осыншама жердің « ішек- қарны ақтарылып» жыртылған екен. Тың игерудің салмағы қазақтарға ауыр тиді. Тыңның екпіні қатты еді. Барлық салада орыс тілі үстемдік етіп, қазақ тілінің қолдануы аясы тым тарылып кетті. Осы өлкедегі қазақ мектептері жабылуға айналды. Қазақтар өз балаларын орысша оқытуға мәжбүр болды. Егер біз біраз жылдар бұрын республикада 700- ге жуық қазақ мектептері жабылды десек, соның көбісі тың игеру көзінде осы өлкенің үлесіне тиді. Бұл аздай, сыншылдары республиканың солтүстіктеріндегі, тың игерген бес облысты барлық облыстық және аудандық қазақ газеттері жабылып, бір ғана « Тың өлкесі» газеті ғана шығарылды. Бұл жағдай да елді күйзелтті. Әдебиеттің, өнердің ұлттық таланттары да кеми түсті. Себебі өрістететін тілдік орта болмаған соң талантта тұмшаланып, тоқырайды. Ұлттық салт- дәстүр, тұрмыс өзінің сәнін шектеумен қатар жергілікті тұрғындар ежелгі дағдысынан ауытқып басқа жұрттың тұрмыс ыңғайына қарай бейімделді. Міне, тыңды игеруді айтқанда, көбіне осы жағдайлар еске түседі. Тыңның бізге бергені де көп. Тізіп айтсақ оның бәрі ұзақ әңгіме. Осы жылдар ішінде республиканың экономикалық қуаты артты. Өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының қай саласын алсақ та кері кеткен жоқ. 25-26 ақпан күндері Ақмола қаласында өткізілген тыңның 40 жылдығына арналған саяси- қоғамдық көзінде осының дұрыстығына көз жеткізгендей болдық. Республиканың түпкір- түпкірімен келген адамдар кездескен жерде бір-біріне « той құтты болсын» десті. Біз- той қадірін білетін халықпыз. Тының 40 жылдығын атау бізге, әсіресе өткендегі тарихты таразылап, әділ баға беру, тыңды игеруге қатысты. Белгілі бір көз қарастарды қалыптастыру, соны пікірлерге жол ашу үшін қажет екенін де түсіндік. Тың игерудің 40 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тың игеру тарихына тоқтала кетіп, бірталай шындықтың бетін ашып әділін айтты. Сол кездерде жіберілген кемшіліктердің, оның зардаптарының кінәлісіде комунисті режим оның идиалогиясы, әкімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі делінді. Сол кездің үгіт насихаты да сол жүйенің талабына толығымен қызмет етті. Бүгіндері осының бәрі белгілі жәйт секілді. Ал сол заманда шындықты айтуға батылымыз жетпей, білсек те, сезсек те ұзақ жылдар бойына үндемей немесе қол соғып қолпаштаумен келді. Республика президенті Н. Назарбаев, өзінің орынбасарларымен және бір қатар министрлермен бірге республика примьер- министрі Сергей Терещенко, республика ұлттық ғылым академиясының президенті Кенжнғали Сағадиев бастаған бір топ көрнекті ғалымдар, респуликада он тоғыз облыстың және барлық аудандардың әкімдері 1500-ге жуық колхоз бастықтары, совхоз директорлары, тың ардагерлері Ақмолаға келіп, екі күн бойына мәжіліс құрды. Осыдан артық бұл шараға қаншалаықты мән бергенін анықтауға болады. Жалпы, осы 40 жыл ішінде Ақмола қаласына кімдер келіп, кімдер кетпеді. Қаланың өзі тарихи атын өзгертіп Целиноград делініп, кейін қайтадан Ақмола деп атанды. Заманның қалып өзгергені өсы екі күнде әр жайттан аңғарылып- ақ тұрды. Екі күн бойына 2500 мың адам қатысқан, үлкен келелі кеңестің орнына айналған тыңгерлер сарайында негізінде кімдер ғана сөз сөйлемеді. Бірінші күнгі салтанатты мәжілісте тыңдағы ерлік еңбек орынды бағаланды. Тың игеру жылдарында елде жерде жаңарды, астық молайып, мал басы көбейді. Қилы- қилы тағдырлар тың тоқайласып, бірлесіп еңбек етіп орнығып, өркен жайды. Сөйлеушілер қазақ халқының меймандастығын достыққа адалдығын айтты. Тың игеру көзінде бастапқы жұмыстар жоспарсыз ғылыми негізсіз жүргізілгені, қаншама алқаптың, жайылымдар мен шабындық бекерге жыртылғаны, соның салдарынан бүгіндері көп жер құнарсызданып тозғаны да, астық өнімінің кеңей түскенінің айтылмай қалмады. Бұл мәселе салтанатты мәжіліс болар алдында тәңертеңгілік өткізілген ғылыми- теориялық конференцияда кеңінен талқыланған да еді. Тыңгерлер сарайында екінші күні өткен сыроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде бүгінгі нарық қыспағының қиындықтары анық сезілді. Республика примьер министрі Сергей Терещенконың баяндамасы да, сөйлеушілердің сөздері де республика ауыл шаруашылығының қазіргі хал жағдайна арналды. Бұл жолғы әңгіменің тақырыбы да орын алған кемшіліктер төркіні де нарықтық экономика талаптарына тірелді. Кеңесте көптеген мәселе қозғалды. Бәрінің айтатыны- экономиканың қазіргі ауыр халы, қымбатшылық, нарық қыспағы. Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген аграрлық саясытының бір көрінісі- тың және тыңайған жерлерді игеру. Сол арқылы экономиканың шешуші салаларының бірі- ауыл шаруашылығын дағдарыстан алып шығу міндеті алға қойылды. КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылы қыркүйек айында өткен пленумда азық-түлікті молайту үшін ауыл-шаруашылығын барынша дамыту мәселесі қаралды. Осы пленумның шешіміне Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлердің көлемін анықтау, құнарлылық жағдайын тексеру мақсатында КСРО ғылым академисының топырақтану институты бас болып, ғылыми қызметкерлердің қатысуымен бригадалар ұйымдастырылды. Ғылыми экспедициялардың зерттеу қортындысы бойынша алтын өндіруден ірі базасын жасау мақсатында игі іске жарамды 20 млн. Гектар жер таңдап алынды. Қазақстандық ғылымдар қазақ жерінің табиғат жағдайын зерттей келе, топырақтың эрозияға бейімділігін дәлелдеп, жаңа жерлердің топырағын зерттеу және қажетті тыңайтқыштар қызметін анықтауды ұсынды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстың дұрыстығы сол кезде ескерілмеді. 1954 жылы партияның Орталық Комитетінің ақпан-наурыз пленумының «Елімізде астық өндіруді одан ары арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысына сәйкес қысқа мерзім ішінде млн-ған га жерді игеріп, оның ішінде астық өндіруді күрт арттыру мақсатында қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының жайылымдық және шабындық жерлерінің табиғи тірлігі бұзылды, қазақ даласының табиғатына шабуыл басталды. Алайда, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы ауыл шаруашылық өндірісін толық қамтамасыз ете алмады.Ауыл шаруашылығыныда қол жұмысы негізінен сақталып қалды, агротехникалық талаптар орындалады.Тың игерудің идеологы Л.И. Брежневтың «біз тың жерге оны игеріп, қоныс табу үшін, астық алу үшін бардық» -деп ашық айтқан.Олардың партия саясатының бір жола қазақ даласына орнығуы еді. Көптеген астық кеңшарларының атауы келімсек жұмысшылардың келген жерінен атымен- «Московский», «Бауманский», «Киевский», «Львовский» деп аталды. Империяның солақай саясатын қолдаушылар: «Қазақ халқының бос жатқан жерлері игеріліп, әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер енгізіледі» деп насихаттады. Л.И. Брежнев өзінің Тың деген естелігінде: «Тың игеру қазақ халқының әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкелді». «Нан болса, ән болады» деп мақтанышпен жазды. Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың экстенсивті тәсілі болған еді. Тың игеру саясаты азық-түлік мәселесін шешу жолында уақытша дағдарысты баяулатқанымен ауыл шаруашылығының дамуы өскелең өмір талаптарын қанағаттандыра алмады.Сол уақыттағы Тың өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы Т.И.Соколовтың : «Қазақ халық емес,оларды немістермен будандастыру керек» деген сандырағын өзімізге айтқызу үшін қазақтың ішінен шыққан кейбір босбелбеу зиялысымақтарымызды сарнатып, оны іс жүзінде де асыра бастағанын қалай естен шығаруға болады?Олардың Қостанай обылысындағы қарындасымыз Д.Жақсылықоваға шошқа бақтырып, неміс жігітіне тұрмысқа шығарып, сол үшін Еңбек Ері атағын бергізуі соның айғағы.Бұл қарындасымыздың осындай қадамға баруын барша қазақ қыздарына үлгі етіп , мына апаларыңнан сендер де өнеге алыңдар дегендей ұран тасталып, көзқаман болып бара жатқан қазақ комсомол жеткіншілеріне , газет-журнал беттеріне мақалалар жазғызып шулатып, екілендіріп қойуы. Ертеде халқымыз айтпаушыма еді: « ұл бала өсіріп отырып, болашақ жер иесін тәрбиелейміз, қыз бала өсіре отырып, болашақ ұлтымызды тәрбиелейміз»,- деп. Бұл ой Путарх еңбегенде де бар, сонда осыны сөз зер салсақ Т.И. Соколов секілділердің арам пиғылы ашыла түсіп, қазақ халқының тамырына балта сілтегенің аңғару қиынға соқпайды.Тың өңірінде соңғы көзге дейін лауазымы жоғары қызметке шала қазақтардың тағайындалып, асығының алшысынан түсуі осы бір саясатқа байланысты болғандығын ұлт зиялылары жақсы біледі. Оның үстіне орталықтың неше түрлі халықтарды, ұлыстарды елімізге қойша тоғытып, мидай араластырып жіберуінің кесірінен басқа ұлтпен некелесіп тамырын солдырған, ұлтының мәдениетінен жұрдай, дінін, тілін білмейтін, тек төлқұжатында ғана қазақ деп жазылатындар пайда болды. Тіпті әлгі Т.И.Соколов И.С. Хрущевпен ақылдаса отырып, Қазақстанның солтүстік өңіріндегі бес облысымызды Ресей Федерациясының құрамына қоса жаздағандарында естідік. Сол тұста бұрынғы Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабай Ахмет ұлы Ташеновтың елі үшін, жері үшін, үлкен қызметін тәрк етіп, азаматтық сөзін айтқаннан намысы бар әр қазаққа ой салар, үлгі болар ғажайып батылдық, үлкен жүректілік емес пе. Орталықтың осындай өктемділігінің салдарынан қазақтың ел, жер аттары жаппай жойыла бастады. Көбіне жүрегіне жылы тиетін ауыл атаулары өзгеріп кетті. Келімсектердің ішіндегі шовинист шенеуліктердің қыспастығының өзі мың батпан жүк. Олар біздің өңірдегі қазақ азаматтарының ішінде ұлтының қамын ойлап, жоғын жоқтаған Ғарифолла Аманиеров, Хамида Тұрыспеков сияқты ағайындарымыздың басына әңгір- таяқ ойнатып жұмыстан қуып, ұлтшыл ат тақты. Еш жерде тәуір қызметке орналаса алмайтындай дәрежеге жеткізді. Еліміздің сол кездегі басшылығы интернационализмді басты идея ретінде ұсына отырып, тың игерілетін аудандарға словян халықтарын, орыс, украин, беларусь көптеп қоныстандырылды соның нәтижесінде, 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар 30℅, ал орыстар 42℅ болды. Осылайша жергілікті қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, Қазақстан ең көпшілік халыққа орыстар болып табылатын көп ұлтты республикаға айналды. Қазақтардың азаюімен қатар, тың игеруші аудандарда олардың ана тілінде қолданыс аясы тарылып, бұл өлкедегі 700 қазақ мектебі жабылып көптеген қазақ тіліндегі газет- журналдар орыс тілінде шығарыла бастады. Сөйтіп сол кезеңдегі басшылық ұлттық сана мен мүддені шын мәнісінде ескерусіз қалдырды. Ал бұлтұтас бір халықты мәңгүрттікке, мәдениетін, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін жоғалтуға апаратын қауіпті бағыт еді. ғылыми берік негіздің және жүйенің болмауы, әсіресе, Қазақстан да шамадан тыс көп жерді жыртуға, сөйтіп, шөбі шүйгін өлкелердің эрозияға ұшырауына алып келді. Қазіргі таңда тың игеру науқаны нәтижесінде жыртылған 25 млн га астам жердің 9 млн га жері эрозиға ұшырап, жарамсыз болып қалды, онымен қоймай бұл қасірет одан әрі жалғасуда. Тыңды игеру негізіндегі елімізде орын алған ауыл шаруашылығындағы қайта орналастыру және мамандандыру үдерістері Қазақстанның солтүстік облыстарындағы мал шаруашылығының дамуына да қолайсыз әсер етті. Шошқа шаруашылығын дамытудың тасасында қалған, жайлымдардан айырылған түйе мен жылқы шаруашылығы ақсап, қожырап кетті. Шамадан тыс көп жерді экстентивті жолмен жырту- Қазақстанның егін шаруашылығын интенсивтендіру арнасына түсіруді қиындатып, топырақ құрамының тозуына және одан алынатын өнімнің төмендей төсуіне жол ашты. Міне, тың тарихының негізі тағылымдары осындай. Бұлардан дұрыс ой түю көзіндегі, орын алған олқылықтарды қайталамау- бүгінгі ұрпақтың қасиетті міндеті. Халқымызға тың игеру заманының әкелген зардабының белгілері әлі де алда ашыла бермек. Қаншама млн даған гектар жеріміз әумесерлікпен ойсыз жыртылып, шаңы аспанға шығарылды. Осынау берекесіздіктің кесірінен аз уақыттың ішінде жеріміздің құнарлылығы 20-25 ℅ дейін құлдырап түсіп кетті. Ол аз дегендей қаншама жеріміз жарамсыз болып, бұл күнде аррам шөп басты. Енді ел өмірлердің байырғы бозын, бидайығын қалпына келтіру үшін әліде 30-40 жылдай уақыт керек. Қорыта айтсақ,тың және тыңайған жерлерді игеру уақытында Қазақстанға пайдасы да, зияны да болды деп айтуға болады. Негізінен тың игеру Қазақстанның Ақмлоа, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазқстан және Қостанай облысында кен түрінде жүрді. Тың игеру Қазақсанның солтүстік облыстарында ғана жүрді деп айтуға болмайды. Ол бүкіл Қазақстан территориясын қамтыды. Бірақ, Бұл жерлерде аз мөлшерде тың игерілді. Осы кездегі негізгі өзгерістер, ол Қазақстан территориясына басқа халықтардың келуі мәселен Қазақстанға шамамен 640 мың адамдар көшіп келеді. Ең бірінші келген халықтар украиндер. Олардың көбісі қазіргі заманға дейін қалалық жерлерде немесе ауылды жерлерде өз отбасын құрып, тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Онымен қатар құрылыс жұмысы жақсы жүрді. Көптеген мектептер, клуб, асхана, үйлер совхоздар және де тағы басқа құрылыс түрлері көп мөлшерде жүріп салынып отырды. Тың игеру кезеңіндегі жағдай қазірге дейін ғалымдар арасында пікір-талас болып отыр. Тың туралы әңгіме болғанда тағы бір есте болатын жағдай, Қазақстан тыңындағы кеңшарлардың ерекшелігі- олардың аса ірі екөлемді болып, жоғарғы деңгейде механизациялану. Басшылар көбінесе орталықтан келгендер болды Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады.Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады.Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр. 20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

Наши рекомендации