Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысыл келтіріп сипаттама беріңіз

Банк өтімділігі дегеніміз салымшылар мен қарыз берушілер арасында банктің өз міндеттемесін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банк өтімділігінің 2 формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторларға:

- банк капиталының базасы;

- банк активтерінің сапасы;

- депозиттердің сапасы;

- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелділік;

- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі, позиция бойынша ашық, жабық

- сауатты менеджмент;

- банктердің жоғары дәрежелі беделі.

Банк активтерінің сапалылығы келесі 4 критериимен анықталады:

5. Өтімділік

6. Тәуекелділік

7. Табыстылық

8. Диверсификация

Активтердің өтімділігі- қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаға айналу қабілеті. Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банк активтер төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критериі- олардың ақшалай формаға айналдыру негізінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Актвтердің тәуекел дәрежесі олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады.

Активтердің табыстылығының критериі ретінде активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті жатады. Сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті жатады.

Табыстылық дәрежесі бойынша олар табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып бөлінеді:

1. табыс әкелетін активтер: касса, несие

2. табыс әкелмейтін активтер: негізгі қорлар

Активтердің диверсификация критериі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру жағдайлары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды.

Активтердің диверсификациялау көрсеткіштері:

- ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы

- объектілер мен субъектілер бойынша несиелік жұмсалымдар құрылымы

- бағалы қағаздар портфелінің құрылымы

- банктермен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа да банктердің құрылымдық құралы.

Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банк өтімділігі де жоғары болады.

Банк өтімділігіне әсер ететін микроэкономикалық және макроэкономикалық факторларға сипаттама беріңіз

Өтімділік дегеніміз банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамасының бірі.

Ал банк өтімділігі дегеніміз салымшылар мен қарыз берушілер арасында банктің өз міндеттемесін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

· елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

· бағалы қағаздар нарығының дамуы;

· банкаралық несие нарығының дамуы;

· қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

· Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Банк өтімділігіне әсер ететін макроэкономикалық факторлар:

Коммерциялық Банк өтімділігі:Елдегі экономикалық саяси жағдай, Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі, Мемлекеттік реттеу мен бақылаудың тиімділігі, Қаржы нарығы сегментінің тиімділігі мен дамуы

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

· банк капиталының базасы;

· банк активтерінің сапасы;

· депозиттердің сапасы;

· сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

· мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;

· сауатты менеджмент;

· банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк өтімділігіне әсер ететін микроэкономикалық факторлар:

Коммерциялық банк өтімділігі:Банк активтерінің тәуекелділігі,Банк қызметін басқарудың сапасы, Меншік капиталының жеткіліктілігі, Ресурстық базаның тұрақтылығы мен сапасы, Қарыз алудың сыртқы көзіне тәуелділік деңгейі, Активтер мен пассивтердің соммасы мен мерзімі бойынша балланстандырылуы, Активтер құрылымы мен диверсификация, Банк активтерінің табыстылығы.

Наши рекомендации