Мар ойын бизнесі салығы

Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құмар ойын биз-несі салығы 2007 жылғы қаңтардың 12-сінде енгізілген. Казино, ойын автоматтарының залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қыз-меттерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кә-сіпкерлер мен заңи тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор кассасы,тота-лизатордың электрондық кассасы, букмекер кеңсесінің кассасы, букмекер кеңсесінің электрондық кассасы кұмар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып есептеледі.

Салық салу объектінің бірлігінен кұмар ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі айына айлық есептік көрсеткіштің 30-дан 830 еселенген мөлшерін құрайды. Салық мөлшерлемесі Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Құмар ойын бизнесі үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан бо-лып табылады. Құмар ойын бизнесі салығын есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшеріне есептеледі, ал олар айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Құмар ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі белгіленген. Қосымша төлем құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгіленген табыстың шек-ті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

Құмар ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері объект бірлігінен айлық есептік көрсеткіштің 2000-нан 135000 еселенген мөлшерін құрайды.

Құмар ойын бизнесі салығын төлеушір құмар ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем осы саладағы әрбір қызмет түрінен алған табыстан бөлек есептеледі.Құмар ойын бизнесі сала-сына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтінің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде құмар ойын бизнесі салық төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгенген тәртіпте бюд-жетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

Салық төлеушілер құмар ойын бизнесі салығы бойынша мағ-лұмдаманы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық орган ына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

12.13. Тіркелген салық

Ұтыссыз ойын автоматтарын; ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді; ойын жолдарын (боулинг (кегельбан)); картты (картинг); бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.

Ойын өткізу үшін падаланылатын тиісті ойын құрылғылары тіркелген салық салу объекті болып табылады.

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық мөлшерлемелерінің мөлшерлері төмен-гі кестеде келтірілген.

рет № Салық салу объектінің атауы Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең төмен-гі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең жоға-ры мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын авто-маты
2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге ар-налған ұтыссыз ойын автоматы
3. Ойын өткізу үшін пайдаланыла-тын дербес компьютер
4. Ойын жолы
5. Карт
6. Бильярд үстелі

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға енгізу кезінде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кез-де тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгі-ленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Жоғарыда аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есе-бін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджет-пен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

Тіркелген салық бойынша мағлұмдама есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.

Наши рекомендации