Азақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы

Миграциялық іс жүргізу бүгінгі күні Қазақстандықтар үшін аса маңызды мәселенің бірі екені белгілей өткеніміз жөн. Мысалға айта кететін болсақ орыстардың Ресейге оралуы, немістердің Германияға оралуы, Моңғолиядан қазақтардың Қазақстан Республикасына оралулары нәтижесінен қайтыс болуы, мұра қалдыруы, шетелдіктермен мұрагерлік қатынасы туғызуы мүмкін. Ертеректе белгіленгендей шетел элементтерімен мұрагерлік құқық – мемлекеттің ішкі заң шығарушылық коллизиясының нормаларымен немесе халықаралық ережелерімен реттеледі. Тағы да ескере кететін бір жайт ол – Қазақстан Республикасы өзге мемлекеттермен құқықтық көмек шартын есепке алады.

Қазақстан Республикасымен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі 1994 жылдың 19 тамызында жасалған құқықтық көмек және құқықтық қатынас туралы шартында тең қағида белгіленген.

Келісілетін тараптың азаматтары өздерінің құқықтары жағынан өсиетті жасау және өсиеттен бастарту бойынша өзінің аумақтық жатқан басқакелісуші тараптардың құқықтарымен теңестіріледі.

Жылжитын мүлікке мұрагерлік құқық келісілген мемлекеттің заң шығарушы органдарымен белгіленеді яғни, мирас қалтырушының соңғы тұрғылықты жерімен анықталады, жылжымайтын мүлікке мұрагерлік құқықтар мен міндеттер, мүліктің орналасқан жер заңымен анықталады.

Кейбір құқықтық көмек жөніндегі бөлек шарттарда жылжитын мүлікке мирас қалдырушының құқықтық қағидалары есепке алынады. Заң шығару актісінде өзгеше көзделмесе жылжитын мүліктерге тіркеу талап етілмейді.

Мұра қалдырушының өсиеті жасалған жерінің заңымен анықталады. Өсиет жасалған аймақтың келісуші мемлекеттің заң шығарушы органдарының қадағалауы жеткілікті негіз болып келеді, бұл негіз өсиеттің тоқтауы кезінде де әсер етеді. Мұрагерлік мәселесі тәжірибеде аса маңызды болып келеді. Қазақстан Республикасымен Литва арасындағы құқықтық көмек шартының қабылдануында жылжитын мүлікке мұрагерлік ісі бойынша мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жерінде тараптардың мекемелері жүргізеді. Жоғарыда айтылып өткен құқықтардан келесідей қорытынды шығаруға болады ол яғни, барлық жылжитын мұрагерлік мүлік келісуші жақтардың аумағында орналасса, мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері болмаса, онда – осы негіздермен мұрагерлердің барлығы бір ауыздан келіссе мұрагердің арызы бойынша мүліктің мұрагерлікті келісілген тараптардың мекемелері жүргізеді.Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ісі, мүліктің орналасқан жері бойынша келісілген мекемелер жүргізеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы Республиканың өзге елдермен жасаған консулдық конвенциясында көрініс табады.

Қазақстан елімен Венгр Республикасы арасында жасалған 1995 жылғы 9 наурыздағы консулдық конвенциясында көрсетілгендей мүліктік мұрагерлікке міндетті тұлғаны халықаралық келісімдермен анықтайды.

Мекендік мемлекеттің құзыреті биліктері консулдық лауазымды тұлғаға оның өкіл болып отырған мемлекеттің азаматының өкілі жөнінде дереу хабарлайды және оған қайтыс болғаны туралы куәлікті және басқада өлімге қатысты құжаттарды жібереді.

Мекен мемлекеттің құзыреті биліктері консулдық лауазымды тұлғаға егер мұрагер немесе өсиет бойынша өзіне мұра қалдырылған тұлға ол өкіл болып отырған мемлекеттің азаматы болып табылса мекен мемлекетте мұралық мүліктің ашылуы жөнінде мәліметтер алған жағдайда дереу хабарлайды. Бұл мекен мемлекеттің құзыретті биліктері өкіл жіберген мемлекеттің азаматы пайдасы үшінші мемлекеттің аумағында мұрагерлік мүлік ашылуы жөнінде мәліметтер алған жағдайларға да таралады.

Шетелде ашылған мұраны Қазақстан азаматы иелене алады. Шетел заңымен мұрагерлік құқық мәселесі Қазақстан Республикасының заңымен салыстырма түрде қарастырсақ, онда бұл елдің заңдары толығымен тең болып танылады.

Иесіз қалған мүлік мәселесінің тәжірибелік маңызы зор және ол халықаралық жеке құқық теориясы саласында біршама қиындықтартуғызады.

Ең алдымен иесіз қалған мүлік ол – тұлға қайтыс болған соң оның мұрагерлік болмаған жағдайда қалатын мүлік жөніндегі ережелер Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарында көрсетілген. Жеке алғанда Қазақстан мен Литва арасындағы құқықтық көмек жөніндегі шарттың 42 бабында келесі ережелер бекітілген: егер шарт жасаушы тараптардың заңнамасы бойынша мұрагерлік мүлік иесіз мүлік ретінде де мемлекетке заң бойынша мұра болып өтетін жылжитын мүлік мұра қалдырушы қайтыс болуға дейін азаматы болып танылған, мүлік орналасқан аумағының мемлекетінің меншігіне өтеді.Сонымен иесіз қалған мүлік жөніндегі шарттардың ережелері екі жағдайда қатысты ұқсас болуда: біріншіден, олар иесіз мүлік мемлекетке өтеді дегеннен шығады. Бұл мәселеде олар Қазақстанның ішкі заңына сүйенетін көзқарсты көрсетеді. Жеке алғанда Республика ережелері бойынша бұл жағдайларда қайтыс болған тұлғаның мүлкін мұраға алу құқығы бойынша мемлекетке өтеді. Екіншіден олар мүліктің жылжитын, жылжымайтын деп бөлінуі негізінде құрылады. Егер мемлекет мұрагер болып табылса, ол мұра қалдырушының мүлігін оның қайда орналасқанына қарамай талап ете алады.

Егер мемлекет мұрагерлік мүлікті егемендік биліктің үстемдігі арқылы алса, ол өз егемендігін қайтыс болған адамның азаматтығына тәелсіз, тек өз аумағында орналасқан мүлікке тарата алады.

Сиеттің негізі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы мұрагерліктің екі негізін орнатты өсиет және заң. Яғни өсиет арқылы берілетін мұрагерлік және заңды мұрагерлік, бұлар Мұрагерлік құқықтың өз алдына жеке институттары болып табылады. Бұл жағдайда, біз мұра қалдырушының еркін негізге алуымыз керек.

Қазіргі таңда өсиет арқылы берілетін мұрагерлік, заңды мұрагерлікке қарағанда сирек кездеседі. Оның өзіндік себептері бар. Өйткені көп азаматтар өздерінің өлімінен кейінгі мүлкінің Мұрагерлік құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асыруын қалайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заңды мұрагерлер мұра қалдырушы азаматтың жақын туысқандары болып табылады. Қазақстанда өсиет қалдырудың сирек кездесуінің негізгі себебі, заңның бәсеңділігі және азаматтардың сауатсыздылығын білдіреді. Біздің көзқарасымыз бойынша, өсиет қалдыру қатынасы неке шарттарын құру қатынастарымен ұқсас келеді. Азаматтардың мүлікке деген қызығушылықтары олардың болашақ жұбайлық өмірдің қызығымен немесе оларға жақын адамдардың қымбат өмірімен теңестірілмейді және айнымас болып табылады. Не болған жағдайда да факт ол факт болып қала береді, яғни біз өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда заңды мұрагерлікпен көп кездесеміз.

Бұрын көптеген азаматтарда қалдыратын мүлкі болмаған еді, ал қазір олар өз жекеменшігінде қымбат мүліктерді иемденуде, яғни (тұрғын немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік және автокөліктер). Егер азамат мүлкін заңды мұрагерлікпен қалдыруды қаламаса, онда оған өсиет жасау қажет. Алайда, кейбір жағдайларда қайтыс болған адамның мүлкі ол қалаған адамдарға берілмей қалып жатады.

Заңды мұрагерлік әрқашанда өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда баламалы мұрагерлік болып табылады. Осыған қарамастан АК ҚазКСРО бірінші орынға заңды мұрагерлікті шығарды. Оған себеп, мұрагерлік мүлік тек қарапайым тұрмыстық заттардан құралды, яғни мұра қалдырарлықтай мүлік болған жоқ. Ал қазіргі таңда, азаматтарымыздың өз мүлкіне қатысты мүмкіншіліктері көп, сондықтан заң шығарушы Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларын ескере отырып, өсиет арқылы қалдырылатын мұрагерлікті бірінші орынға қояды.

Қазақстанда әрекет етуші АК шешімі бойынша, өсиет арқылы берілетін мұрагерліктің басымдылығы көп, яғни ол туралы 58 бөлімде, ал заңды мұрагерлік 59 көрсетілген. Заңды мұрагерлік мынандай жағдайларда қолданылады:

Өсиет болмаған жағдайда;

Өсиет жарамсыз болған жағдайда;

Өсиетте барлық мүлік көрсетілмесе;

Егер мұрагерлер мұрадан бас тартса және оның кімге берілетінін көрсетпесе;

Егер мұрагерлер мұраға лайықсыз болса.

Мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болған жағдайда көріп отырғанымыздай, Қазақстан заң шығарушысы жорамалдайды, яғни азамат өз мүлкінің тағдырын және кімге беретіндігін.

Нотариалдық және соттық тәжірибеде шектеулі жағдайлар көп кездеседі, яғни мұра қалдырушы мұраның жарты бөлігін белгілі бір адамға өсиет етсе, ал екінші жартысы заңды мұрагерлікпен жүзеге асырылады. Сондықтан да өсиет ету барысында заңды мұрагерліктің ережелері көмекші құрал ретінде қолданылады және ол өсиет етілмеген мүлікке қатысты бейімделінеді.

Ал енді өсиеттің түсінігіне келетін болсақ:

Өсиет – ол заңда белгіленген тәртіппен, мұра қалдырушы өз еркімен өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңды тағдырын анықтау болып табылады. Мұндай ерік білдіру бір жақты мінез және пікір болып табылады.

Өсиет екі немесе көп азаматтармен жасалынбайды, оны мұра қалдырушы өзі жасап және кез келген уақытта өзгертіп немесе жоя алады. Сонымен қатар азаматтар ортақ және өзара өсиеттер жасай алады.

Ортақ өсиет – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың еркін білдіретін өсиет. Мұндай өсиет ФРГ заңнамаларында кездеседі, яғни ортақ жұбайлық келісім. Ал Англия және АҚШта ол тек жұбайлық қана емес, сондай-ақ басқа тұлғалардың өсиеті болып табылады.

Өзара өсиет – ол бірнеше тұлғалар арасындағы қарым- қатынастардан туындайтын өзара міндеттемелерден тұрады. Бұл институт түрі англо- американдық құқық жүйесінде кездеседі. Іс жүзінде, өзара өсиет – бұл екі жақты келісім шарт, бірақ түбінде қазақстанның мамандық ғылымында көрсетілгендей, өсиетке, яғни бір жақты мәміліге қарама-қайшы келеді. Ал бір жақты мәміледе тек бір адамның ерік- жігері білдіріледі. Сондай-ақ Франция заңнамаларында да ортақ және өзара өсиеттерге тыйым салынады. Ал Швейцариялық заңдарда белгілі бір тыйымдар көрсетілмеген, алайда соттық тәжірибесінде осыған ұқсас және басқа да өсиеттер жарамсыз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мұрагерлік құқығы өсиет пікірі қағидасын қолданбайды. Бірақ, қағиданың аталуы емес оның түсінігі үлкен маңызға ие. Франция және Швейцария заңнамаларында өсиет пікір қағидасына мынандай түсінік берілген – яғни, өсиеттеуші тұлға өсиеттің күшін жоюға және оның себебін түсіндірмеуге құқылы. Не болған жағдайда да ол оның мүлкі, ешкім оның мүлкін өз бетінше иемдене алмайды. Көріп отырғанымыздай, өсиет пікір қағидасы да және Қазақстан Республикасының заңдары да үлкен маңызға ие. Осы көрсетіліп отырған қағида өсиет бостандық қағидасымен тығыз байланыста.

Өсиет бостандық қағидасы Азаматтық құқықта нақты көрініс табатын қағида, яғни ол жекеменшікке қол сұқпаушылық қағидасынан шыққан. Өсиет бостандық қағидасына сәйкес, мұра қалдырушы тұлға өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңи тағдырын өзі ғана анықтай алады. Мұра қалдырушы мүлкін түгелдей немесе оның тең жартысын кез келген тұлғаға өсиет ете алады, сонымен қатар ол мұрагерлер арасында мүлікті бөліп беруге, оларды мұрадан айыруға немесе мұраны басқа азаматқа қалдыруға құқылы. Өсиет бостандық қағидасы – бұл мұра қалдырушының өсиетінің жойылуы немесе өзгертілуі еркін түрде болуы тиіс, яғни оған ешкімнің ықпал етуге құқығы жоқ.

Өсиет пікірі өсиет қалдырушымен кез келген уақытта толығымен немесе жартылай жүзеге асырылуы мүмкін және не үшін әр түрлі құралдардың қолданылатындығы: жаңа өсиеттің құрылуы, алдыңғы немесе оған қарама-қайшы келетінді тікелей өзгерту, өсиетті жою, ресми депозитке салынған өсиетті алып тастау және т.б. Өзара өсиет англо – американдық құқыққа сәйкес бір жақты ретпен шақырылуы мүмкін, бірақ екінші жақтың мүдделері бұзылған жағдайда,құқық әділеттік,яғни (remedies) құралымен қорғалуы мүмкін.

Өсиеттің жойылуы заңға сәйкес, яғни неке бұзылу ережелеріне ұқсас( өсиет жұбайының пайдасына берілуі), ал Англия және АҚШ-та мұра қалдырушы жаңадан некеге тұрған кезде орын алады.

Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқығына мүлдем белгісіз түсініктер, яғни ортақ және өзара өсиеттер, мұрагерлік туралы келісім шарт институты болып табылады. Мұрагерлік туралы келісім шарт және А және Б арасындағы шарт болып табылады.

Мұрагерлік келісім шарт дегеніміз – мұра қалдырушы мен бір немесе бірнеше мұрагерлер арасындағы шарт болып табылды және ол шарт түзілген сәттен бастап күшіне енеді. Ал өсиет мұра қалдырушы тұлғаның өлімінен кейін күшіне енеді және сонысымен мұрагерлік шарттан ерекшеленеді. Сонымен қатар өсиет мұра қалдырушы тұлғамен кез келген уақытта өзгертіледі, ал мұрагерлік шарт бір жақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.

Мұрагерлік туралы келісім шарттар ГФР және Швейцария заң шығарушысымен толық реттелген, ал Францияда олар ерекше жағдайларда кездеседі, яғни( көбінесе жұбайлар арасында). Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(Ерекше бөлімі) өсиетке мынадай анықтама береді: «Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады». Қазақстанның және басқа шетелдердің өсиет ұғымдары сәйкес келеді.

Отандық әдебиеттерде өсиет анықтамасы бір жақты мәміле ұғымына ие, яғни заңдық нысанда жасалынған өсиет етушімен мұрагерлерді тағайындау.

Бұл мәміленің ең маңызды ерекшелігі, ол қайтыс болған жағдайында жүзеге асырылады және мұрагерліктің негізі болып табылады. Өсиет арқылы мұра қалдырушы мұрагерліктің тәртібін заңмен өзгертеді. Келесі бір онша маңызды емес ерекшілігі, яғни өсиет бір тұлғамен жасалынған мәміле болып, онда тек сол адамның еркі көрсетіледі және сол адаммен жүзеге асырылады. Демек өсиет – жеке қатаң сипатқа ие бір жақты мәміле болып табылады. Сонымен қатар, өсиет тек бір адамның атынан жасалынған жеке келісім болып табылады. 1998 жылғы 28шілдедегі №539 куәлігі Қазақстан Республикасындағы нотариалдық іс- әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібі туралы нұсқаудың 136-бабына сәйкес бірнеше адамның атынан жасалынатын өсиетке жол берілмейді. Егер де өсиетте екі немесе бірнеше тұлғалардың еркі көрсетілсе, онда ол Қазақстан Республикасы АК 158-бабына сәйкес жарамсыз болып саналады.

«Мүлік құрамы өсиетті дайындау кезінде емес, мұра ашылған сәтте анықталады. Өсиетті дайындау кезінде мұра қалдырушыдан оның мүлікке деген құқығын куәлендіретін дәлелдеме талап етілмейді (Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 14 шілдедегі №155-1 Нотариат туралы заңы 56-бап). Осыдан байқауға болады, яғни қандай пәтерлер назарға алынғанының маңызы шамалы екенін. Сондықтан Алматы және Тараз қалаларындағы пәтерлер аталған мұрагерлерге өтеді».

Өсиет жасау қабілеттілігі тұлғаның белгілі бір жасқа толуымен және ол өз іс-әрекетінің мәні мен зардаптарын ұғына алуымен өлшенеді.

Өсиеттік талдау келісімдердің санына жатады, яғни жеке сипатқа ие. Осыған орай өз мүлкін өзінің қалауынша(өсиет бостандығы) өсиет ету құқығы азаматтың әрекет қабілеттілігін білдіреді.

Мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі тек заңды мұрагерлікті жүзеге асырылу кезінде қажет етіледі. Өсиет мәміле болып табылғандықтан, оны жасау барысында арнайы әрекет қабілеттілігі орнатылмайды. Өсиет мәміленің жарамдылық шарттарын қанағаттандыруы тиіс. Басқаша айтқанда мәмілені тек, яғни азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер мәмілесін жасай алатын тұлға ғана құра алады. (Қазақстан Республикасы АК 147б). Ал мәмілені, өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі(азаматтық әрекет қабілеттілігі) бар адам ғана жасай алады(Қазақстан Республикасы АК 17-б).

Қазақстанда жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Бірақ заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Ал, Франция, Англия, Швейцария және АҚШ-тың көптеген штаттарында өсиет жасау қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толған(18) кезде жол беріледі. ФГР-да кәмелетке толмаған, яғни он алты жасқа толған тұлғалар өсиет жасай алады. Францияда кәмелетке толмаған, 16 жастағы тұлғалар өзіне тиісті мүліктің жартысына қатысты өсиет жасауға құқылы,ал туысқандары болмаған жағдайда ол кәмелетке толғандармен тең болып саналады. АҚШтың кейбір штаттарында өсиет жасау құқығы ерте жастан басталады (мысалы Джорджида 14 жастан). Ал, Англияда әскери қызметкерлер мен моряктар 14 жастан бастап өсиет жасауға құқылы болып табылады.

Жоғарыда айтылған, қолдануға болатын құқықпен Қазақстан Республикасының құқығы болса, онда өсиет ету құқығы азаматтардың кәмелетке толған сәтінен немесе некеге тұрған кезде, егер ол кәмелет жасқа толғанға дейін орын алса пайда болады.

Әрекет қабілеттілігінен айырылған тұлғалар өз мүлкін өсиет етіп қалдыра алмайды (олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қамқоршылары мәміле жасайды), сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар заңға сәйкес ата-анасының, асырап алушысыының немесе қамқоршысының келісімімен мәміле жасауға құқылы. Бұл қағида тек кәмелетке толмағандарға ғана емес сонымен қатар кәмелетке толған, бірақ әрекет қабілеттілігі шектеулі, яғни спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынған азаматтарға тиісті.

Өсиет – бұл ерекше мәміле, ол өсиет қалдырушы адаммен байланысты, сондықтан оны өкіл, тіпті заңды өкіл арқылы жүзеге асыру өсиеттің маңызына қарама-қайшы келеді. Өйткені, заңды өкіл мұра қалдырушының нағыз ерлігін білмейді, сондықтан ұсынылған өкілдігі бойынша өсиет жасауды іске асыру мүмкіншілігі жоқ.

Өсиетті жүзеге асыру кезінде мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі маңызды орынға ие. Ал мұрагер болу үшін, жеткілікті жалпы азаматтық құқық қабілеттілікке ие болу керек.

Өсиет аясындағы таластар мұра ашылғаннан соң басталады.

Өсиеттің мазмұнын екі өсиеттік билік ету топтарына бөліп қарастырамыз: негізгі мазмұны(маңызды пункттер) және заңи сипаты жоқ билік(фидуциарлық). Соңғысы құқықтық салдар туғызбайды, оларды орындау мұрагердің құқықтық міндеттерімен емес, тек моральдық жолымен жүзеге асырылады және өсиет қалдырушы тұлғаны өмірлік құрметтеу болып табылады.

Сиет нысаны.

Барлық қарастырылып отырған мемлекеттердің заң шығарушысы өсиеттің нысанына зор мән береді, яғни өсиет қалдырушы ықтиярының анық орнатылу қажеттілігін баяндайды. Заңмен берілген сақталмауы өсиеттің жарамсыздығына әкеп соғады. Континенталдық Еуропа елдерінің заң шығарушысы мынандай өсиеттің негізгі нысандарын қарастырады. Өз қолымен жасалған өсиет – бұл өсиет қалдырушы тұлғаның басынан аяғына дейін өзі жазып және қол қойып күні белгіленген, сонымен қатар жалған ықтималын азайту мақсатында( сол себептен машинкада басылған мәтінге жол берілмейді) жасалынған өсиет болып табылады. Бұл нысан көп таралған, яғни өсиет құрудың қарапайымдылығы және өсиет қалдырушының құпияларының сақталу мүмкіншілігі. Сонымен қатар ол жетіспеушіліктен арыла қойған жоқ, мысалы, опат болу қауіп-қатері немесе өсиеттің жоғалуы, сондай-ақ үшінші жақтың ықпалы, яғни өсиет етушінің нақты ықтиярының бұрмалануына әсер ету. Жариялық акт нысанындағы өсиет бұл – ресми лауазымды тұлғаның қатысуымен(нотариус) және орнатылған құқықтық іс-жүргізуге сәйкес жүзеге асатын өсиет болып табылады. Францияда өсиетті құру кезінде екі нотариустың қатысумен(немесе бір нотариус және екі куәгердің қатысуымен), ал Швейцарияда – бір ресми лауазымды тұлғаның және екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады. Осы нысанның құндылығы - өсиет шындығының кепілі және өсиет қалдырушының ықтиярының мазмұнына сай келуі. Өсиеттің сақталуы алдын ала ескерілген заң шығарумен оның нотариуске депозитке салыну мүмкіншілігімен немесе хабардар лауазымды тұлғамен қамтамасыз етіледі. Құпия өсиет – бұл мұра қалдырушымен жазылған және куәгердің қатысуымен жапсырылған нотариуске сақтауға берген өсиет. Бұл Франция заң шығарушысымен қарастырылған өсиет қалдырушының құпиясын және оның сақталуын қаматамсыз ететін нысан болып табылады.( ФАК 969, 1007б). Швейцария Азаматтық кодексі, ұқсас өсиеттерді құру ерекшеленбейтін мүмкіншілік және осымен байланысты сұрақтарды регламенттеу контондардың құзыретіне кіреді( 2-т. 505-бап).

Англияда, континентік Еуропа елдерінен айырмашылығы, заң тек бір өсиет нысанын қарастырады, яғни өсиет қалдырушының таңдау құқығы болмайды. 1837жылғы заңның 9-бабына сәйкес, өсиет жазбаша түрде өсиет қалдырушымен қол қойылған( немесе оның нұсқауындағы басқа тұлғамен) және өз қатысуындағы екіден кем емес куәгерлермен куәландыруы тиіс. Континенттік құқықтың өз қолымен жасалынған өсиетінен ағылшындық заңның айырмашылығы, ол өсиет қалдырушының қолымен жазылуын талап етпейді. Өсиетті азаматтың атынан басқа тұлға дайындай алады және машинкада басылуы мүмкін, тіпті криптограммалар түрінде дайындалуы да мүмкін. Қолжазба және машинкада басылған мәтіндерге рұқсат беріледі. Ағылшындық өсиет нысанының негізгі белгілері АҚШ-тың барлық штаттарымен қабылданған, бірақ соның ішінде Луизиана француздік үлгіге сүйенеді. Бөлек штаттардың бақылаушы заңнамаларындағы айырмашылық қатаң сипатқа ие емес. Сонымен қатар кейбір штаттардың (Массачусетс, Мэн және т.б) заң шығарушысы өсиеттің үш куәгермен куәландыруы қажеттілігін ескертеді. Сонымен бірге көптеген штаттарында( Арканзас, Аризона, Калифорния) бұл көрсетілген нысан жалғыз болып табылмайды. Бұл штаттарда( шын, шек қойылған шектерде) қолмен жасалған өсиет континенттік Еуропа елдерінің заңнамаларында көрсетілген өсиеттерге ұқсас келеді.

Жапония елдерінің құқығы онға жуық өсиет нысанын қарастырады.: өз қолымен жасалынған өсиет, жариялық акт нысанындағы өсиет, құпия өсиет және т.б. Жариялық акт нысанындағы өсиетті құру кезінде екіден кем емес куәгерлер, өсиет қалдырушымен нотариуске өсиет мазмұнының ауызша баяндалуы, баяндалғанды нотариуспен жазу және дауыстап оқып шығу, өсиет қалдырушының келісімі және куәгерлердің мәтінімен және қол қоюлары, әрекеттердің аяқталғандығы жөніндегі нотариустың қосымша жазуы, жазуларды оның қолымен бекіту және мөр талап етілінеді. Қарастырылып отырған өсиет нысанына заң шығарушы ерекше жағдайларда өсиеттің жүзеге асырылуын жеңілдетеді, яғни әдеттегі нысанға жүгіну мүмкінсіз және аса қиын, сонымен қатар бөлек тұлғалар категориясына (әскери қызметкерлер, су теңізшілер). Герман азаматтық ережесі (ГАЕ-ға) сәйкес, індет және өзге ерекше жағдайлар себебімен хабарлама үзілген орында немесе неміс кемесінде жүзуде болған тұлға үш куәгердің қатысуымен ауызша нысанда өсиетті жүзеге асыра алды. 1837 жылғы ағылшын заңының 11 бабына сәйкес, нақты қызметтегі әскери қызметкерлер және жүзудегі моряктар куәгерлердің қатысуымен ауызша және жазбаша өсиеттерді жүзеге асыра алады, ол қол қоюды және куәгерлермен куәләндіруді талап етпейді. Өсиеттік билік ету нысаны мұраға қолданылатын заңмен анықталады – жалпы ереже. Сонымен бірге, әлем елдерінің көпшілігі осы саладағы коллизиондық сұрақтардың балама шешім мүмкіншілігін қарастырады. Венгр заңында бұл мынандай үлгіде қарастырылады: «Өсиеттік билік етуге мұра қалдырушының соңғы жеке заңы болған құқықтық тәртіп қолданылды. Өсиет және оның өзгертілуі нысанға сәйкес жарамды болып табылады, егер ол венгр заңының талаптарын қанағаттандырса немесе: а) өсиеттік билік етудің жүзеге асырылуы немесе жойылуы кезінде сол заң әрекет етсе, ә) өсиетті құру және тоқтату кезіндегі мұра қалдырушының жеке заңы немесе оның өлімі, немесе, б) өсиетті құру және жою кезінде мұра қалдырушының домицилиясы және тұрған жері немесе ол қайтыс болған жағдайда, сол заңның мемлекетте әрекет етуі». (2-т. 36-бап).

Моңғол заң қаулысы осы жағдайға байланысты баяндайды: «Мұра қалдырушының тұрғылықты жері және акттың құрылуы қай мемлекетте болса, онда өсиеттің мазмұны және нысаны және оның өзгертілуі сол елдің заңына бағынады. Өсиет және оның өзгертілуі жүзеге асырылған мемлекеттің немесе моңғол құқығының талаптарын қанағаттандырса, онда ол нысанының сақталмауына байланысты жарамсыз болып табылмайды( МХР АК 2-т. 436-бап).

Чехия және Польша заң шығарушысы қозғалған сұраққа басқаша және баламалық жолмен өсиеттердің жарамдылығына қатысты ұлттық құқықтық нормаларды таратпайды. 18 Халықаралық жеке құқық туралы заң және Чехия процесінде және Поляк Республикасының 35бабына сәйкес, өсиет нысаны мұра қалдырушы азаматы болып саналатын мемлекеттің құқығымен анықталады; ол жеткілікті, бірақ егер өсиет жасалынған аумақтың заңы сақталынса. Бұл ереже Чехия заңында кездеседі және өсиетті өзгерту қатынастарында ықпал етеді.

1964жылғы 10 маусымдағы №100 өсиет нысан құқығы туралы Жапония заңы бойынша:

«Өсиеттік билік ету нысаны жарамды болып табылады, егер ол: 1) акт жүзеге асатын орынның құқығына(lex loci actus); 2)өсиет қалдырушы қай елде өсиет құрып және сол елдің азаматы болса немесе қайтыс болса, онда сол елдің заңына; 3) мұра қалдырушы өсиетті құру кезінде уақытша тұрып жатқан елдің заңына; 4)мұра қалдырушының өсиетті құру кезіндегі тұрақты тұрғылықты жерінің немесе өлімі орын алған мемлекеттің заңына; 5) жылжымайтын мүлікке қатысты – яғни жылжымайтын мүлік орналасқан мемлекет заңына (Lex situs) сәйкес келсе» (2-бап).

Қазақстан Республикасы АК-де өсиеттің екі аспектісі көрсетілген:1)тұлғаның өсиетті құру немесе тоқтату қабілеттілігі(әрекет қабілеттілігі); 2) өсиет нысаны және оны тоқтату актісі. Екі аспектіге де бірдей коллизиондық байланыс қолданылады, яғни мұра қалдырушының тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңы, егер ол өсиетте өзі азаматы болып табылатын елдің заңын көрсетпесе.

Өсиеттік әрекет қабілеттілік бұл – коллизиондық құқықта орнатылған жалпы және арнайы ережелер қатынасын анықтау үшін жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігінен пайда болған. Ол өсиетті құру кезіндегі азаматтың тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңының өсиеттік әрекет қабілеттілігін анықтауға қолданылады. Бұдан көруге болады мұра қалдырушының азаматтығы мен тұрғылықты жері сәйкес келмейтіндігін, ол кейбір жағдайларда құқықтық тәртіпке сәйкес келмеуі де мүмкін.

Нысанның сақталмауы жарамсыз болып табылмайды, егер ол сол елдің немесе Қазақстан Республикасының заң талаптарын қанағаттандырса.

Дәл, осы ереже балама ереже болып табылады. Ол осы құқықтық қатынастар үшін таңдау құқығын беретін ережені орнатады. Яғни, өсиет нысанына, басқаша айтқанда негізгі колизиондық байланысқа екі баламаны қолдануы мүмкін - өсиет құрылған жердің заңы немесе Қазақстан Республикасының заңы.

Екі байланыстың өзара қатынасы жайлы мұра қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерінің заңын және акт құрылған жердің заңын айтуға болады. Мысалы: Түркияда тұрушы Қазақстан азаматы Германияда Қазақстан азаматының пайдасына өсиет құрған жағдайда. Егер Қазақстан Республикасы соты бұл істі қарастыратын болса, онда ол міндетті түрде Түркияның заңын қолдану керек. Егер сол кезде, өсиетт жарамсыз деп тануға негіз болса, онда Сот Германия заңын қолданып, өсиетті жарамсыз деп танудың барлық талаптарынан бас тартуға міндетті.

Мұра қалдырушының тұрғылықты тұратын жерінің және Қазақстан Республикасы заңының байланысының өзара қарым қатынастары жөнінде сауал туулуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан азаматы Туркияда тұрақты тұрып жатқанда және Туркияда өсиеттің жарамсыз деп тану негіздері Қазақстанда жоқ. Бұл жағдайда негізгі заң болып Түркия заңы сақталады, бірақ өсиеттің жарамсыз болып танылуы Қазақстан заңымен анықталады.

Қазақстанда мұрагерліктің қосарланған статут қағидасы қолданылатындықтан, жылжитын және жылжымайтын мүлік мұрагерлігіне әртүрлі құқықтық байланыстар қолданылады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады(1123-бап).

Жоғарыда айтылғандардан қорытындылай келе, яғни өсиеттің нысаны және ол нысандардың көп түрлілігі мемлекеттердің ерекшеліктерімен ескерілінген, яғни оның мәдениеті және әдет-ғұрпы. Ал коллизиялық норма мен өсиет нысаны айтарлықтай ұқсас. Және бұл Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының құқық шығармашылық жұмысының көрінісі болып табылады. 1961жылы 5 қазанда Гаагада өсиеттік билік ету нысанына қатысты коллизиялық заң туралы конвенция қабылданды. Бұл заң, сәйкес коллизиялық нормаларды бірыңғайлайды. Конвенция барлық мүмкін коллизиялық байланыстардың түрлерін қарастырады және өсиет нысанын регламенттеуші, яғни азаматтық ел заңы, мүлік орналасқан жер.

Наши рекомендации