Арнайы және эмиграциондық қорлардан жер берудегі жерге орналастыру іс әрекеттерінің ерекшеліктері

Бұрынғы ауылшаруашылық мекемелерінің жұмысшыларынан басқа адамдарға, оның ішінде эмигранттарға берілетін жер үлесінің мөлшерін Үкіметтің аудандық органы, ауданның жермен қамтамасыз етілмегендігіне және шаруа қожалығын құрушының жанұя құрамына қарай белгілейді. Бұл категориядағы азаматтарға жер телімі жер қорынан, арнайы және эмиграциондық қорлардан беріледі.

Арнайы және эмиграциондық қорлардан жер берудегі жерге орналастыру іс әрекеттері:

1. алынуға белгіленген жер телімі бойынша инвентаризациялау, сапасын анықтау материалдарын жинап, жүйелендіру;

2. пландық-картографиялық материалдарға керекті жер иеліктері мен жер пайдалануларының шекараларын көрсету; жер бедерін, гидрографияны, ауылшаруашылық алқаптарды түсіру; инженерлік коммуникацияларды, ашық су қоймаларын, су көздерін (шахталық және құбыр құдықтар) белгілеу:

3. сумен қамтамасыз етілгендігінің картограммасын жасау, жер асты суларының орны және өту тереңдігін, су сапасын анықтау, топырақ және геоботаникалық карталардың көшірмесін түсіру, олардың легендаларын көшіру, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін ауылшаруашылық алқаптарды, су және басқа ресурстарды қолдану ерекшеліктерін сипаттайтын зертеу және ізденіс жұмыстарының материалдарын жинау, талдау;

4. пайдалануға енгізілетін жаңа жерлер болса, оларда далалық ізденіс жүргізіледі;

5. арнайы жер қорының экспликациясынан көшірме жасалады;

6. жаңадан құралған шаруа қожалықтарының және кооперативтердің жерлерінің экспликациясы құрылады;

7. шаруа қожалықтарына және кооперативтерге арнайы жер қорынан жер алып беруді негіздеу, есептеу және түсініктеме жазу;

8. аудандық әкімшіліктің арнайы жер қорын құруы, шаруа қожалығына немесе кооперативке жер беруі жайында. шешімдерінің көшірмесін дайындау.

Шаруа қожалығының жер иеленуі арнайы қордан құрылғанда оның мөлшерін анықтау ic-әрекеттерінің әдістемелері келесідей:

а) шаруашылықтың маманданғандығы, өндірісінің көлемі, еңбекке жарамды адамдардың саны анықталды. Өсіруге жоспарланып отырған малдың түрлері мен саны, осыған байланысты жыртылған жердің пайдалану құрамы (бірінші жуықтауда). Бұл мәліметтер қағида бойынша, жер иеленудің жоспарларына қарай белгіленеді. Осы мақсатпен құрылған бірнеше шаруа қожалықтарының анкеталарын қолданған қолайлы. Анкетаға респонденттер жоғарыда келтірілген мағлұматтарды толтырады;

ә) жоспарланып отырған мал басына керекті жем-шөп түрлері мен жер көлеміне, өндірістің салалық құрылымы мен қажеттілігіне қарай ауылшаруашылық алқаптары беріледі;

Жалпы жер көлемін анықтау келесі әдістемелік жүйеде жүзеге асырылады:

- малдың басы мен түріне қарай жем-шөп қажеттілігі есептеледі;

- дақылдардың түсімділігі ескеріле отырып олардың егістік аудандары анықталады;

- жыртылған жердің пайдалану құрамы мен дақылдардың үлес салмақтары есептеледі;

- жайылымдардың және басқа мал азығы алаптарының аудандары есептеп шығарылады;

- жер иелігінің жалпы ауданы есептеледі.

б) жер иеленуді, оның ауданын және басқа көптеген факторларды ескере отырып, орналастырады, талапқа сай межелер жүргізіледі.

в) жер салығының көлемі есептеледі;

г) жоспарланған өндірістің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі анықталады;

д) белгіленген тәртіп бойынша керекті құжаттар рәсімделеді.

Жер үлесі арқылы құрылатын жер иеленушіліктердің пайда болуы, бұған қарағанда едәуір күрделілеу. Оның себебі - әрбір болашақ жер иеленушіге тең экономикалық алғашқы шарттарды жасау талабы, жердің ауданымен қатар сапасын ескере отырып, шаруа қожалығына бірдей жағдай қамтамасыз ету.

Осыған байланысты әдістемесі де едәуір өзгеше. Бұнда шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:

а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әрбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі:

Р = (4.6)

онда: Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;

Рп – алқаптардың аудандары, га.;

А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны, адам;

ә) Шаруа қожалығының жер пайдалануының алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:

Рш = Р * n (4.7)

онда: Рш - жер пайдалануының алғашқы ауданы, га.;

n - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.

б) Жер пайдалануының алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;

в) Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.

(4.8)

онда: Борт – шаруашылық бойынша орташа бал бонитеті;

Б ш.к - шаруа қожалығы бойынша орташа бал бонитеті;

Бұл коэффициент алқаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).

г) Жер пайдалануының ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициент арқылы нақтылау:

Рш.қ. = Рш. * Кс (4.9)

онда: Рш.қ. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га.;

Рш - алқаптардың шаруа қожалығы бойынша аудандары, га.;

Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;

д) Жер салығын есептеу:

С = Рш.қ. * Ц (4.10)

онда: С - жер салығының көлемі, теңге;

Ц - 1 га. жер үшін төлем (бонитет балына қарай алынады), теңге;

е) есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.

ж) есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшеріне және шаруашылықтың жоспарланған мамандығына қарай мал басын нақтылау;

з) Мал басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;

и) Осы өндіріс көлемі бойынша мағлұматтарды пайдалана отырып, еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;

к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бірге болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

л) Шаруа қожалығының жерді пайдалану немесе иелену құқығын рәсімдеу.

Жер учаскелерін шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін қатысушылар құрамынан шыққан кезде өзінің жер учаскесін бөліп шығаруға немесе құнын төлетіп алуға құқылы.

Шаруашылық серіктестікке қатысушының немесе өндірістік кооператив мүшесінің жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесі сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда тұрғын үйі бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа қожалығының жер учаскесінің құрамына кірмейді.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі.

Наши рекомендации