Жеке турлардың баға қалыптасуы
Қазіргі кезде Қазақстанда көрсетілетін қызметтің түрі мен пішініне қарай туристік фирмалардың төрт тобы қалыптасты.
Көрсетілетін қызмет жиынтығы көп болмайтын фирмалар, онда тапсырыскерлерге бірнеше тұрақты маршруттар ұсынылады, таңдау жеткіліксіз.
Жеткілікті таңдауы бар фирмалар, бұл жерде тапсырыскерге 10-15 маршруттар ұсынылады.
Толық таңдаулы фирмалар, олардың критериялары келесі девиз болып табылады: “Қайда барсаңда, қашан барсаңда!”.
Экзотикалық маршруттары бар фирмалар, тапсырыскерлерге ерекше саяхаттар мен экскурсиялар ұсынады.
Маршруттарды әзірлеу күрделі көп сатылы процедура, ол жеткілікті жоғары біліктілікті талап етеді және туристік қызмет көрсету технологиясының негізгі элементі болып табылады.
Маршрутты әзірлеу және бекіту процедурасынан соң турды қалыптастыруға кіріседі.
Турлардың негізгі екі түрі әзірленеді.
Пэкидж-тур. Яғни кешендік туристік қызметтер: тамақтану, орналасу, экскурсиялық қызмет көрсету, көлік, тұрмыстық, спорт-сауықтыру, денешынықтыру, медициналық және басқа қызмет көрсету.
Инклюзив-тур. Яғни жеке туристік қызметтер: тамақтану, орналасу, экскурсиялық қызмет көрсету, көлік (таңдау бойынша).
Тәжірибеде инклюзив турлар үлкен әйгілілікке ие, онда турист негізгі қызметтердің минимал-жеткілікті жиынтығын тапсырады, қосымша қызметтерді қажетсінуіне қарай сатып алады. Бұл туристің меншікті уақытын жоспарлау мүмкіндігін кеңейтеді және бірқатар жағдайларда жолдаманы арзандатады.
Турларды рәсімдеу кезінде туристікке арналған тауарлар толықтырғыштар болып табылады, яғни тур – бұл қызметтер мен тауардан тұратын жиынтықты өнім.
Маршруттың және нақты сұранымның негізінде қалыптастырылған тур бірден сатуға арналған тауарлы өнім бола алмайды. Ол үшін бірқатар кезеңдерді орындау қажет:
● турды қалыптастыру;
● эксперименттік енгізу;
● жарнама мен тұсау кесер (таныстыру рәсімі);
● турларды сату.
Турды қалыптастыру кезеңі өзіне «құрамаға», бірқатар қызметтерді және тауарларды тур деп аталатын бір «қабыққа» енгізеді. Мұндай жиынтықтың механикалық құралуынан өзге, турдың қалыптасуы оның техникалық – экономикалық негізделуінде қарастырады, өйткені пайдалылығы төмен тур ақырында дәрменсіз болып табылады. Сонымен, турды қалыптастырудың екі шекарасы болады: жоғарғы – қызмет көрсету мен тауарлардың максималды белсенді пакеті; төменгі – оның бағасына ықпал ететін экономикалық тиімділік.
Егер тур берілген критериялар бойынша “өтетін болса”, онда оны экспериментті енгізу керек. Ол жарнамалық тегін (немесе жеңілдікті) круизбен, автобуспен саяхат жасаумен және т.б. біріктірілуі мүмкін.
Жарнамалық тур нәтижелері бойынша оның тұсау кесері болады, сонымен қатар жалғасатын жарнамалық компания.
Осыдан соң шығынның калькуляциясы жасалады. Кіріс нормасы анықталады (беріледі), баға есептеледі және жеңілдіктер жүйесі қалыптастырылады.
Одан әрі қарай қалыптастырылған тауарлық өнім туристік жолдама түрінде тур агенттіктер, өткізілімдербойынша бюролар немесе өзбетінше, туристер мен кәсіпорындар арасындағы делдал болып табылатын, туристерге қызмет көрсететін (қонақ үйлер, тамақтандыру кәсіпорындары, экскурсиялық қызметтер, мұражайлар, шынықтыру-сауықтыру кешендері және т.б.) саяхаттау және экскурсия бюролары арқылы өткізіледі.
Турды қалыптастыру кезінде оның негізгі қасиеттерін ескеру қажет:
● аттрактивтілігін (тартымдылығын);
● сенімділігін;
● қауіпсіздігін;
● негізділігін:
● тұтастығын (аяқталғандығын);
● адрестік бағыттылығын;
● ақпараттығын;
● икемділігін.
Туризм – келушілердің (туристердің) принциптарын қызметінің әртүрлі сипатымен тартатын табиғи және жасанды ерекшеліктері бар, региондарда (жерлерде) дамитын индустрия.
Қағидаға сай, туристер категориясына, өзінің тұрақты мекен жайынан қанағаттанарлық сезім алу мақсатында жолға шығатын және туристік орында болу уақыты бір тәуліктен асатын саяхаттаушыларды жатқызады.
Туристік өнім – бұл азаматтарға (туристерге) туристтік – экскурсиялық кәсіпорындармен көрсетілетін қызметтер кешені.
Мұндай өнімді өндіруді ұйымдастырудың кешенді жүйесі туризм индустриясы деп аталады.
Туризм индустриясының жүйесіне мамандандырылған кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер кіреді:
● Орналастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар (қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, пансионаттар);
● Тамақтандыру кәсіпорыны (мейрамханалар, кафелер, барлар);
● Көлік қызметімен айналысатын фирмалар (авто кәсіпорындар, әуе кәсіпорындары, темір жол ведомстволары, теңіз және өзен көлігі кәсіпорындары);
● Туристік өнімді әзірлеуші және өткізуші туристік фирмалар (туристік бюро, экскурсиялық бюро, туристік агенттік, жолдамаларды өткізу бюросы);
● Жарнамалық – ақпараттық туристік мекемелер (жарнама аганттіктері, жарнама бюросы, ақпарат агенттігі);
● туризмді басқару органдары (туризм комитеттері мен департаменттері, қоғамдық туристік ұйымдар мен бірлестіктер).
Туристік индустрияның дамуы көптеген факторларға тәуелді:
● Туристік - рекреациялық ресурстардың болуына;
● Регионның дамыған инфрақұрылымының болуына;
● Мамандандырылған кадрлардың барлығына;
● Туризмді Мемлекеттік қолдауға;
● Демографиялық және әлеуметтік факторларға;
● Тәуекелдік факторларына;
● Саясаттық және экономикалық факторларға;
● Ғылыми – техникалық прогреске, дәстүрлерге және т.б.
Тур операторлар. Тур операторлар топтық туризм үшін кешендік өнімді ұйымдастырушылар мен құрушылар қызметін атқарады. Тур оператор әртүрлі бағыты және жылдың әртүрлі кезеңі бойынша әртүрлі бағадағы және ұзақтықтағы саяхаттарды ұсынады.
Тұтынушы сапар үшін белгіленген бағаны төлейді. Маршруттың басы алдын – ала шешіледі және топтың жиналатын орыны болып табылады. Сапардың құнына гид – аудармашыныңда қызметі кіреді, ол жағдайларға қарай топты сапардың барлық бойлығында немесе бір бөлігінде еріп жүреді.
Туристік сапарлар әйгілі сипаттамаға ие болуда, өйткені қызмет көрсетудің міндетті элементі болып, құнға енгізілген қызметтер түрінің тізімі кіретін, ақпараттық әдебиет пакеті табылады, сонымен қатар саяхат кезінде пайда болатын барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Туристік топтың келешек қатысушысы, осылай, алдын-ала сапар шарттарын және сонымен қатар оның жуықтама құнын айқындай алады.
Тур операторларды көбінесе «көтере сатушы» деп атайды, өйткені олар өздерінің турларын тураганттіктерге көтерме бағамен сатады, ал олар өз кезегінде туристік өнімді бөлшекті саудамен сатуға кіріседі. Бұл кезде тур агентке комиссия төленеді..
Туристік өнімді жасайтын компаниялар, мысалы, көлік және орналастыру кәсіпорындары сияқты, олардың қызметін сатып алушылар болатын әрбір елді мекенде олардың мүдделерін көрсететін сауда агенттерін керек етеді. Бұл тұтынушығада ыңғайлы, өйткені тур агенттік, қағида бойынша, қызмет көрсету саласының барлық кәсіпорындарын бірмезгілде ұсынады. Туристік фирма өзінің екі негізгі өнімдерін ұсынады:
– орындарды алдын-ала, көлік құжаттарын сата отырып, сақтап қою;
– тапсырыскерлерге болжалды маршруттарға және осы маршруттармен байланысты қызметтер түріне қатысты кеңестер мен ұсыныстар.
Егер тапсырыскер алыс сапарды жоспарласа және маршрутпен таныс болмаса немесе белгілі бір жерге барғысы келсе және көліктің қандай түрін қолдануды білмесе әрине кеңес өте керек.
Фирмалар тапсырыскерлерді кеңесушілер мен сапарды рәсімдеушілерге бөлмейді, өйткені тапсырыскер оны қызықтыратын барлық сұрақтарға объективті ақпарат алуға, егер олар оның мүддесіне, саяхатқа қатысты болса, құқықты деп есептеледі. Жәнеде кеңес беру көмегі, сапарлық билеттерді рәсімдеу, қонақ үйде орын сақтап қою және басқа қызметтер сол жерде орындалады және қысқа мерзімде.
Фирманың шығынын көлік ұйымдары мен қонақ үй кәсіпорындары, өткізілген қызмет құнының пайыздық қатынасымен комиссиялық пішінде өтемақы түрінде қайтарады.
Туризм құрылымының материалдық – заттық аспектісі сала ретінде олармен жүргізілген және өткізілген турлардың, қызметтердің және тауарлардың жиынтығын көрсетеді. Бұл аспект туристік өнімнің өткізілетін көлемімен сипатталады.
Туризм саласының технологиялық аспектісі туристік өнімнің өндірісімен, өткізілуімен және тұтынылуымен байланысты нақты технологиялық процестер жиынтығын көрсетеді.
Туризмнің ұйымдастыру құрылымының ақпараттық аспектісі. Туризм сияқты мұндай күрделі жүйені басқаруды жүргізу үшін, ақпарат ағымының тиімді ұйымдастырылуы керек. Үлкен жүйелер үшін ең тиімді ұйымдастыру болып иерархиялық құрылым және т.б. табылады.
Туризм түрі, елдің немесе оның регионының бюджетінде қаржы нәтижелерінің көрінісі ерекшеліктерімен байланысты. Осы көрсетілген белгілер бойынша туризм пішінінде туризмнің екі түрі бөлінеді : активті және пассивті.
Елге шетелдік туристердің немесе отандық туристердің қарастырылатын регионға келуі активті туризм болып табылады. Активті туризм елге немесе қарастырылған регионға ақшаның (валютаның) келтірілу факторы қызметін атқарады.
Бір елдің азаматтарының басқа мемлекеттерге және осы регионнан туристердің кетуі пассивті туризм болып табылады. Пассивті туризм елден немесе сол регионнан ақшаның (валютаның) кетуінің факторы болып табылады.