Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кешіктірмей хабардар етуге міндетті. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына бұл туралы хабарлауға міндетті. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде, мәліметтер алынған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарап шығуға және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (бастапқы есеп). Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде баланы өңірлік есепке алу және кейіннен оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы тәрбиесіне орналастыруда жәрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы мәліметті тиісті аумақтық-әкімшілік бөліністердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру:1. Баланың мүддесіне сай асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа немесе баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша отбасы тәрбиесіне, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, барлық үлгідегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру кезінде оның ұлты, белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығы, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасы тәрбиесіне немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерін атқару баланың тұрған жері бойынша уақытша қорғаншылық

немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.

Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердіңжалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер. Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.

Наши рекомендации