Азаматтық іс-жүргізу, заңдары.
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.
Конституцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары оларға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда көрсетілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады.
Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдіктері.Азаматтардың құқықтары мен бостандыктарына ең негізгі кепілдік — оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері: мәміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқығы және азаматтық құқықтық шарт.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері: мұрагерлік құқығы және азаматтық құқықтық шарттары.
Азаматтық құқық түсінігі, азаматтық құқықтық қатынастар және азаматтық заңдар туралы түсінік.
Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері. Заңды және жеке тұлға.
Азаматтық мүліктік қатынас.
Азаматтық іс-жүргізу, заңдары.
Азаматтық құқық дегеніміз— бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, товар ақша қ,атынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық қатынастарды реттеу азаматтық норма арқылы жүзеге асады.
Азаматтық құқық субьектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және әкімшілік- аумақтық бірліктер жатады.
Жеке тұлғаға Қ.Р.- ның азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Заңды тұлғаға әртүрлі құқықтық нысанда құрылған мекеме, кәсіпорындар және ұйымдар жатады. Заңды тұлға дегеніміз— өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылада. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Жеке тұлғаның құқықтық жағдайын сипаттайтын элементтер— құқықтық қабілеттілігі мен құқықтың әрекет қабілеттілігі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз— азаматтардың құқықтар мен міндеттерге ие болып, міндетті атқыру кабілеті.
Азаматтық құқық қабілеттілігі туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.Азаматтардың әрекет қабілеттілігідегеніміз— азаматтық құқықтарға ие болып және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігін айтамыз.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері осы кодекстің (А.К) 7- бабына сәйкес туындайды. Біріншіден, азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңда көрсетілмегенмен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады.
Ондай азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден,сондай-ақ заңда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2. заңдарға сәйкес азаматтық- құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен;
4. заң құжаттарында тиым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интелектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6. басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе (негізсіз баю) салдарынан;
7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8. заңдар азаматтық -құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Азаматтық құқық қатынастары мынадай түрлерге бөлінеді. Олар меншік құқығы, мәмілелер, міндеттемелік құқық, шарт жасасу, интелектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқығы.
1. Меншік құқығы дегеніміз— субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз— мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз— мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз— мүлікті заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік құқығының мерзімі шексіз.
2. Мәмілелер. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп табылады. Мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептелінеді. Шарт жасау үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың(көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады(жай немесе нотариалдық).
3. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқяқтармен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Шарт аралас, ақылы және ақысыз, жария шарт, қосылу шарты, алдын-ала жасалатын шарт, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт болуы мүмкін. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады (Қ.Р А.К., 393-бап). Тараптар өздері жасасқан шарттың ережелері олардың шартты жасасуға дейін пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгілеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзімі көзделсе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.
4. Интелектуалдық меншік құқығына шығармашылық қызметтің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары және тағы басқа авторлық қызметтер түрлеріне байланысты мәселелер жатады. Интелектуалды меншік құқығының обьектілеріне:
1) Интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері (ғылым, әдебиет және өнер туындылары; эфирлік және кабилдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары; өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер; селекциялық жетістіктер; интегралдық микросызба топологиялары; ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау); Қ.Р. А.К- те немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интелектуалдық шығармашылық қызметінің басқа да нәтижелері жатады).
2) Азаматтық айналымға қатысушыларды, товарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары (фирма атаулары, тауарлық белгілер, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, Қ.Р. А.К- те немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа-да дараландыру құралдары) жатады.
Авторлық құқық объектілерінің түрлеріне әдеби туындылар, драмалық және музыкалық драмалық туындылар, сценарилік туындылар, аудио- бейне туындылар, қолданбалы өнер туындылары, сәулет қала құрылысы туындылары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар және басқа да туындылар жатады.
Сабақтас құқықтың объетілеріне қойылымдар, орындаушылық, фанорграммалар, эфирлік және кабилдік хабар таратушы ұйымдарының хабарлары және тағы басқалар жатады.
5. Мұрагерлік құқығы. Мұрагерлік- қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға(адамдарға) – мұрагерге ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Қ.Р.А.К-тің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай, тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік өсиет арқылы немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ, мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығы кезек бойынша жүзеге асады және реттеледі.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды,төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды.
Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттермен жүзеге асырылуы мүмкін (өзін-өзі қорғау).Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Сондай- ақ өзге де негіздерді пайдалану арқылы азаматтық құқықтарды қорғау жүзеге асады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне:Қазақстан Республикасының конституциясы, азаматтық кодекс (жалпы және ерекше бөлім (1999 ж. 1шілде) және т.б азаматтық нормалары бар, басқа да заңдар мен осы заңдарға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік актілер жатады.