Операциондық тәуекелді бағалау әдістері

Операциондық тәуекел – қызметкерлер тарапынан болатын ішкі процестерді жүзеге асыру барысында жіберілген кемшіліктер мен қателер , ақпараттық жүйе мен техникалық жұмысты істеу, сондай – ақ сыртқы оқиғалар салдары нәтижесінде пайда болатын шығындар қатері болып табылады.

Операциондық тәуекелдің негізгі мақсаты – банкте пайда болатын мүмкін келеңсіздіктердің салдарының алдын алу және бизнес процесстерді бақылауды нығайту болып табылады.

Операциондық тәуекелді бағалау 2 әдіспен жүргізіледі :

3. Сандық

4. Сапалық бағалау

Сандық тәсілмен бағалау ықтималдық немесе болжамдық сипатқа ие. Бұл жерде бағалау статистикалық әдістерге сүйенеді. Ал тәуекел шамасы қабылданатын ықтималдық деңгейіне байланысты болады.

Сапалық бағалау тәсілі операциондық тәуекел деңгейін анықтайды, оның ерекшеліктерін зерттеу, салдарын есептеуді қамтиды.

Операциондық тәуекел деңгейін анықтау үшін келесідей әдістер қолданылады :

3. Операциондық тәуекелдің көздері мен нақты зияндарды статистикалық талдау

4. Балдық талдау

Операциондық тәуекелге мыналар жатады :

6. Төлемсіздік немесе төлем мерзімін бұзу тәуекелі

7. Есеп –айырысу формаларының , төлем және құжат айналымының тәсілдерінің есеп – айырысу операцияларының мазмұны мен мәмілелерге сәйкес келмеу сипаты.

8. Есеп – айырысуды ұйымдастыруға қатысты заңдармен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеу немесе олардың бұзылу тәуекелі

9. Есеп – айырысуға қатысатын банктің барлық құрылымдық жұмысына байланысты операциондық немесе техникалық тәуекелдер

10. Банкаралық есеп – айырысудың техникалық тәуекелі

Операциондық тәуекел деңгейін анықтау әдістері

Операциондық тәуекел – қызметкерлер тарапынан болатын ішкі процестерді жүзеге асыру барысында жіберілген кемшіліктер мен қателер , ақпараттық жүйе мен техникалық жұмысты істеу, сондай – ақ сыртқы оқиғалар салдары нәтижесінде пайда болатын шығындар қатері болып табылады.

Операциондық тәуекелдің негізгі мақсаты – банкте пайда болатын мүмкін келеңсіздіктердің салдарының алдын алу және бизнес процесстерді бақылауды нығайту болып табылады.

Операциондық тәуекелдің көздеріне талдау жүргізуде баллдық әдісті стратегиялық талдау әдісімен қатар қолдану операциондық тәуекелдің басқарудың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір ақпараттың деңгейін бағалау 5 баллдық шкаламен белгіленеді :

«1» - операциондық тәуекелдің қауіпті деңгейін білдіреді

«2» - операциондық тәуекелдің қанағаттанарлықсыз деңгейі

«3» - операциондық тәуекелдің орташа деңгейі

«4» - операциондық тәуекелдің қанағаттанарлық деңгейі

«5» - операциондық тәуекелдің төменгі деңгейі

Жаңа Базель келісімінде операциондық тәуекелге аударылған капиталдың мөлшерінің есебінің 3 әдісі қарастырылған :

1. Көрсеткіштердің базалық әдісі

2. Стандарттық әдіс

3. Өлшеудің жетілдірілген әдісі

Бұл жерде банктер өздерінің қолында бар әдістемелерінің бірін операциондық тәуекелді өлшеу күрделілігіне қарай таңдап алады. Операциондық тәуекелді есептеуде қосымша Базель келісімінің ұсынысына сәйкес, операциондық тәуекелге қатысты меншікті капиталды резервтеу соммасын анықтауда базалық әдісті қолдануға болады. Базалық әдістерді қолданатын банктер операциондық тәуекелге қатысты соңғы 3 жылдың жалпы табысының орташа шамасынан тұрақты пайыз (15%) мөлшерінде белгілі бір капиталдың көлемін аудару тиіс. Базалық көрсеткіштерге негізделген жеңілдетілген есептеу тәсілі бойынша операциондық тәуекелге қажет резерв мөлшері банктің жылдық жалпы табысына байланысты белгіленеді. Бұл жерде жаңадан құрылған банктер үшін операциондық тәуекелдің шамасы қаржылық жылдың соңына қарай есептелінеді. Операциондық тәуекелге қатысты аударылған капитал соммасы келесі формуламен анықталады :

Кбк = ЖТ * £ , мұндағы

Кбк – базалық көрсеткіштер бойынша операциондық тәуекелге қатысты аударылған капиталдың мөлшері ;

ЖТ – соңғы 3 жылдағы орташа жалпы табыс ;

£ - тұрақты пайыз мөлшері 15% ( ҰБ белгілеген ,банктердің ішкі операциондық тәуекелін анықтау үшін)

Инвестициялык тауекел

Нарықтық жағдайда тәуекелді мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі әр уақытта болады. Өйткені бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдің салдары бүкіл қаржы нарығына нақты сектор жағдайына әсер етеді.

Инвестиция – пайжа табу мақсатында өз елінде немесе шетелде әрбір саланың кәсіпорындарында, кәсіпкерлік жобаға, әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларға, инновациялық жобаларға ұзақ мерзімге жұмсалатын мемлекеттік немесе жеке капитал.

Инвестициялау – табыс алу мақсатында мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлеріне қаржы жұмсау.

Инвестициялау процесі – көп қырлы, күрделі көптеген факторлар әсер ететін ғылыми және тәжірибелік мәні бар процесс. Тәжірибелік жағынан қарағанда инвестициялық қызметке және инвестицияның тиімділігіне әсер ететін факторлар инвестициялық саясат пен инвестициялық процесті тиімді басқару үшін қажеттті тұжырымдар негізі.

Иныестициялық банк – ірі жобаларға күрделі қаржы жұмсау, ұзақ мерзімді несиелер беру және өндірістік корпорациялардың акцияларын сатып алу арқылы инвестициялық саясатты жүргізетін маманданған банк. Инвестициялық банктің ресурстары облигациялар шығару және меншікті акцияларын сату есебінен құрылады.

Инвестициялық банктің басты ерекшелігі – олар халықтан салым салуға маманданбайды, ҚР-дағы инвестициялық банкке Қазақстан Даму банкісін жатқызуға болады. Оның қызметі ҚР Үкіметінің бағдарламасына енген ірі жобаларға ұзақ мерзімді несие беру болып табылады.

Инвестциялық жоба – алға қойған мақсатқа жету үшін қандай да бір жобаға капитпл жұмсаумен байланысты жасалатын ұйымдастыру – экономикалық шешімдердің жүйесін білдіреді.

Инвестициялау объектілерін келесі белгілері бойынша жіктеледі:

1. Жобаның көлеміне қарай:

- шағын жобалар – 10-15 млн долларға дейінгі мөлшерде капитал жұмсауды қажет ететін, еңбек шығыны 40-50 адам - сағаттық жобалар;

- ірі жобалар – капитал жұмсалымы 1 млрд доллар және одан жоғары, еңбек сыйымдылығы 2 млн адам – сағат;

- орта жобалар – шағын және ірі жобалардың арасында болатын жобалар.

2. Іске асырылу мерзіміне қарай:

- қысқа мерзімді жоба (1 жылға дейін);

- орта мерзімді жоба (1-5/7 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді жоба (5 жылдан жоғары).

3. Тәуелсіздік дәрежесіне қарай:

- әр түрлі жоба – бірдей іске асатын және соның ішінде біреуін таңдауды қажет ететін;

- өзара байланысты жоба – бір – бірінсіз іске асырылмайтын жобалар;

- өзара тәуелсіз жоба – бірінің жүзеге асуы екіншісіне қарама – қайшылық тудыратын және өзара байланыссыз жобалар.

Шағын жобалар - өндірісті кеңейту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру жоспарын білдіреді.

Ірі жобалар – ішкі және сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін қажетті өнеркәсіп өнімдерін шығару жоспары.

Орта жоба - өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыу жоспары.

Тәуекелдің себеп салдары келесі нәтижеге алып келуі мүмкін:

- болашақтағы күтілетін табыс жоспарланғаннан аз болуы;

- табысты ала алмауы;

- жұмсалған капиталдың бір бөлігінің жоғалуы;

- жұмсалған капиталдың барлығын жоғалту.

Тәуекелді анықтау әдістемесіне қарай тәуекел деңгейі өзгеріп отырады. Тәуекелді анықтауда 2 әдіс қолданылады:

1) конъюнктураның сезімталдығын талдау;

2) табыстылықты бөлуді талдау.

Уақыт көп болған сайын активтің есептеу қиындай түседі, сондықтан да қаржылық активтің мерзімі ұзақ болған сайын оның тәуекелі де жоғары болады. Сонымен бірге тәуекел тек қана уақытқа ғана емес активтен табыс алу мөлшеріне де байланысты, өйткені компанияның қаржылық жағдайы өте сенімді болса, оның шығарған активіне деген сұраныс та жоғары болады. Ал бұл актив бағасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да олар шығарған бағалаы қағаздары сенімді, бірақ табыстылығы төмен болады. Ал керісінше онша беделді емес компания немесе қаржылық жағдайы тұрақты емес компаниялар немесе банктер өзіне қаржылық ресурстарды тарту мақсатында жоғары пайыз табысын жоспарлайды. Өйткені тек жоғары табыс алғысы келген инвесторлар ғана осы компанияның қаржылық құралдарын сатып алады. Әрбір инвестиция түріің өзіне тән тәуекел деңгейі болады.

Наши рекомендации