Мәңгілік ел» идеясындағы отбасы институтын дамытудың менталдық саяси тетіктері

2.«Мәңгілік ел» идеясы және конфессияаралық толеранттылық

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстандық жол», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Мәңгілік ел» секілді түйінді тұжырымдар арқылы халқымыздың ерікжігерін дамудың дара жолына бағыттайтын бірегей бағдарламалар ұсынғаны мәлім. Дегенмен, елдігіміздің негізгі тірегі болған, Қазақстан халқының басым бөлігін ұстайтын мемлекет құрушы ұлт - Қазақ ұлтының түйіткілді мәселелеріне Ұлытау сұхбаты біршама анығырақ жауап берген секілді. «Мәңгілік ел» - Қазақстан халқын ұйыстырушы идея. «Ұлттықмемлекеттік идеологияның қоғамның барлық мүшелерін, әсіресе, әр түрлі әлеуметтік, этникалық және саяси топтарды біріктіруде, билік пен халықты бір-біріне жақындастыруда маңызы айрықша. Ұлы тарихымыз көрсеткендей, қандай идеологиялық жүйе болмасын ол біртұтас болған жағдайда ғана қоғам өз тұтастығын сақтайды. Бір қоғамда әртүрлі идеологиялық жүйенің қатар орнауы қоғамды ыдыратып қана қоймай, сөз жоқ,мемлекеттің идеологиялық қайшылығы нәтижесінде құрдымға кетуіне себепкер болатындығын да тарих көрсетті». Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбаты «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиясымен тығыз байланысты. Жолдауда Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы көтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясы бұл бұрынғы заманнан бері ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болатын, осы арманды біз бүгінгі Қазақ елінің жастары ақиқатқа айналдыруымыз керек. Ол үшін әрине көптеген еңбекті, талмай тек алға қарай қанат қағуды қажет етеді.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне – «Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Халқымыз ежелден жанұяда өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсат санаған. Сондықтан атабабамыз көшіп-қонып жүріп - ақ ұрпақ қамын жеп оның болашағына жеткілікті мән берген. «Жеті Жарғыдан» бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз бар. Ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық болмысын қалыптастыра алады. Бүгінге келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерлерінен өнегелік қасиеттер, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді. Қазақтың ақыл-ой дамуының деңгейін көрсететін, болмысының өзіндік бейнесі болатын рухани материалдық өзіне біріктіре алған қазақ салтдәстүрлерінің ұлттық дүниетаным мен көзқарасын қалыптастыруда ұрпақты тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор екені даусыз. Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады. Авторлардың басым көпшілігі оларды үш үлкен топқа бөледі: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер; тұрмыс салт-дәстүрлері; әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер. Қазақтың ойшылы, ғалым Ш.Уәлиханов халықтың салт - дәстүрі мен ғұрпын дүниеге көзқарас ретінде бағалап тиісті талаптарын орындауда ерекше көрсеткен болатын. Ұрпақ тәрбиесі – бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті, жан-жақтылықты талап ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы кезеңінде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндет тұр. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті – адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мәдени байлықтарды кіріктіре отырып меңгерту, сөйтіп әсіресе жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты патриот, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу болып отыр. Қазақтың тұңғыш ағартушы – педагогы Ы. Алтынсарин : «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады деп есептеп, жастарды оқытып – тәрбиелеу ісінен артық ешнәрсе жоқ», - деп ой түйіндеген еді. Қазақтың ХХ ғ. ірі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев бала тәрбиесіндегі ұлттық психологияны қалыптастыру, халық педагогикасының негізінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізу қажеттілігін басты назарда ұстау керек екендігін айтып «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлттәрбиесі», - үлкен деген тұжырым жасайды. Ұлт тәрбиесінің балаға берері ең алдымен адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілділік. Сондықтан «... Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті...», - дейді Мағжан Жұмабаев. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің мұсылмандық моделі деген қағида шығып жүр. Мұсылмандық гуманизм идеясының дамуына теңдік, туыстық пен бостандық принциптерін негіздеуде. Әлеуметтік, адам құқын қорғау идеялары ислам тарапынан ой мен сөз бостандығының кепілі ретінде қарастырылады.Бұл бағытта да дініміз имандылық, адамгершілік, қайырымдылық және т.б. қасиеттерді қалыптастыруға ықпалын тәрбие процесіне пайдаланған жөн. Бүгінгі бүкіл әлемдік жаһандану заманында қазақтың ұл-қыздарында батыстық өмір салтына, олардың мәдениетіне шектен тыс еліктеушілік бар. Біз осы «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін, алдымен осыны қолға алуымыз керек. Әр баланы ата-ана ұлттық құндылықтар шеңберінде тәрбиелесе, оның әр қадамын дұрыс бағытқа бағыттап отырса, ертең өз елінің патриоты, адамгершілік қасиеттері басым,халқы үшін қызмет жасайтын, мәңгі көк туымызды көкке желбірететін ұрпақтар өсіп өнбек. Әтемова Қ.Т. өзінің монографиясында отбасы тәрбиесінің дамуын тарихи деректер негізінде қарастырған. Тәрбие қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырылып, сол ғасырларда өмір сүрген шығыстың ұлы ғұламалыры әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Кейкуас және Қорқыт жырларындағы отбасылық тәлім-тәрбие мәселелері өзара байланыстылықта зерттелген. Ғұламалар еңбектерінде отбасы тәрбиесіне деген көзқарастары және оны ұйымдастырудағы негізгі тұжырымдамалары ашып көрсетіледі. Қорытындыға келетін болсақ, біз отбасы институтындағы ұлттық құндылықтардың менталдық негіздерін ұлықтап, ғылыми негіздеп, жаһандану заманындағы дағдарыс ахуалында тұрған дамыған елдердегі отбасы қарым-қатынасын оңалтуға экспорттық әлеует ретінде ұсына аламыз. Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә Назарбаевтың идеялары ұлтты әлемге танытып, мойындататын менталдық саяси тетіктер болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы толеранттылық пен конфессияаралық келісім мемлекеттің біртұтастығының кажетті шарттарының бірі болып табылады. Әртүрлі ұлттардың өкілдері мен діни топтардың бейбіт өмір сүруі мемлекеттің саясаты мен Қазақстандық биліктің тәжірибесіне байланысты.

Біздің мемлекетті «өркениеттің қиылысы» деп бекер айтпаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлемдік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Ғасырлар бойы Қазақстан жерінде әртүрлі ұлттардың өкілдері бірге тұрып еңбектенген. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті.

Қазақстанда ұлыстар мен конфессиялардың құрылымдық диалогы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу жолдарының негіздерінің бірі болып табылады. Көпұлтты және көпконфессионалды қоғамда демократиялық, зайырлы мемлекеттің қағидаларын қолдану қажет.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен сақтауындағы өзіндік үлгісі құрылды. Қазақстандағы толеранттылық қағидасы саяси мәдениеттің ережесі болып қана қоймай, демократиялық мемлекетті құрудағы басты қағидаларының бірі болып табылады. Қазақ халқының көпғасырлы мәдениетінде үйлесімді қатар өмір сүру, адамдардың мінез-құлқының табиғи өмірлік қағидасы қалыпты болып келеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларына барлық ұлт өкілдері мен конфессияаралық топтарға тең құқықтар ұсыну, сонымен қатар діни ұйымдар мен олардың мәдени орталықтарына өмір мүру үшін қолайлы жағдай құру болып табылады. Тәуелсіз Қазақстаннның заң шығарушылық актілері құқықтық базаны құрды, оның негізінде барлық азаматтардың саяси және азаматтық қауымдастығы жатады, этникалық және діни тиістілігіне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етеді. Осы қағидағының негізінде әлемдік қауымдастық жағынан жоғары бағаға ие болған этникаралық мемлекеттің саясаты құрылады.

Мемлекет басшылығының конфессияаралық келісімді тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде нығайту саласындағы айтарлықтай мақсатының дәлелі ретінде, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін айтуға болады. Астаналық форумда дін тұту бостандығы, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діни көшбасшыларының рөлі мен шиеленістерді бейбіт жолмен шешудегі әлемдік діндердің күштерінің беріктірлуі мәселелеті талқыланады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Қазақстанның конфессияаралық саясатының әлемдік деңгейде экстраполяцияланған логикалық жалғасын тапты. Конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін құрған біздің мемлекет, бүгінгі таңда көршілік және қауіпсіздік идеяларын жылжыту, ұлтаралық және дінаралық диалогтың жалпы әлемдік тұжырымдамасын шығаруға тырысады.

Еске сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының тұңғыш Съезі 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шақырылған болатын. Съездің мақсаттары мен мұраттары, діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу болып табылады.

Ал Астанада өткен бес Съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды.

Қазақстанда әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт бірге өмір сүруінің, этносаралық және конфессияаралық келісім мен кадірлестік толеранттық ахуалын құрудағы, ел халқының көпшілігінде бейімделу құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін тарихи бағасыз тәжірибесі жиналған. Сол себепті, біздің мемлекетіміздің Елбасы Қазақстанның конфессиялық әралуандығы және этномәденилығына ерекше көңіл аударады. Бұл қазақстан халқының өзге ұлттармен құнды мәдени жетістіктермен бөлісуі, барлық біздің қоғамымыздың ортақ дәулеті болып табылады. Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтыққа, ұлтараралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдастықтың кең қолдауын көріп отыр

Әдебиеттер:

1.Калиев С, Жарықбаев Қ. Қазақ тәлiм - тәрбиесi. -Алматы: Санат, 1996. -350 б.

2.Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. – Алматы : Қайнар. 1996. – 288 б.

3.Қайдар Ә. Қазақ қандай халық? - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 652 б.

4.Атемова Қ.Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография.–Алматы: «Қазақуниверситеті» баспаханасы, 2009. – 328 б.

5.Ақпанбек Ғ.Ә. Халық дәстүрлерінде ғылыми негіз бар ма? // «Ақ желкен». − 1995. −№1. –14-15 б.

6.Сахих хадистер. /Ред. басқарған Мыңбаев М.Г. Таңдамалы бiрiншi кiтап. - Алматы, 2003. - 224 бет.

7.Әшенұлы А. Ата-ананың балаларына қатысты мiндеттерi: «Шапағат-нұр». Исламтанужурналы. - Шымкент. 2002. - 46 - 21 б.

8.Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары. - Алматы: Қазақстан, 1992.-150 б.

Наши рекомендации