Сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау

Сұлбамен сәйкес орналасуын таңдаудағы басты факторларға кіретіндер:

– орындаудың қарапайым кинематикалық сұлбасына сүйене отырып, ұңғы бұрғылаудағы негізі функцияларды жақсы орындау;

– жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, тасымалдауының қарапайымдылығы мен тез орындалуы;

– бір бұрғылау нүктесінен екіншісіне бірнеше рет көшіргендегі қондырғының параметрлері мен құрылымының тұрақтылығы;

– көптеген орын ауыстырулардан кейінгі біліктердің осьтілігінің сақталу сенімділігі;

– құрылымдағы жалпы металсыйымдылығының аздығы;

– агрегаттардың және басқару органдарының монтаждаудағы және техникалық қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы;

– бұрғылау свечаларының барлық жинақтамасы мен ауырлатылған құбырлар тізбегін және ұңғының жобадағы тереңдікке арналған шегендеу құбырлары тізбегі салмағын 10% қорымен орнату мүмкіндігі;

– көшіруге бар көліктерді қолдануға, лақтыруға қарсы және басқа да жабдықтарды орнату мүмкіндіктеріне ие болу үшін негіздің биіктігінің жеткілікті болуы;

– ыңғайлы жағдайда, тиімді шарттарда жұмыс жасау үшін техника қауіпсіздігінің жақсы орындалуы.

Сәйкес орналастыруды басты жабдықтардың тиімді орналасу сұлбасынан, БҚ кинематикалық және күштік сұлбасын таңдау мәселелерін шешуден бастау керек.

Сәйкес орналастырудың басты ережесі – бірнеше варианттардың талдауын жүргізе отырып, тиімдірегін таңдау.

Сәйкес орналастыру кезінде – унификацияланған агрегаттар мен бөлшектерді максимальды қолдануын, сонымен қатар БҚ негізгі факторларының жұмыс қабілеттілігі мен нәтижелілігін ескеру керек. Көбінесе, жеке факторлардың маңыздылығы, монтаждағы қабылданатын әдістер мен демонтаж және жабдықтарды тасымалдауға байланысты.

Ауыр жинақты сәйкес орналастыруды орындау кезінде, жабдықтардың макетін қолдану аса тиімді. Ол жабдықтың орналасуын, қолжетімділігін, тасымалдау және монтаждау шарттарын тексеруге мүмкіндік береді. Ол тік жазықтықта және жоспарда жабдықтардың сәйкес орналасуын талдауға мүмкіндік бере отырып, біріншіден жасалынатын сәйкес орналастырудың нұсқасын жоспар түрінде, содан кейін тік жазықтықта орнатады.

БҚ-ң сәйкес орналастыру жоспары үшін бастапқы нүктесі, ұңғы сағасының центрі болып табылады (1.5-сурет), онымен шығырдың орналасуын анықтайтын ротор тесігінің центрі сәйкес келуі тиіс. Шығырды бұрғылау қондырғысы қақпасына және қабылдау көпірлеріне қарсы орналастырады, себебі шығырдың көмегімен бұрғылау құбырларын және басқа жабдықты іске қосу керек.

Шығыр 2 және ротор 1 диаметрлері Dp арасындағы В кеңістігіндегі оператордың жұмысын қамтамасыз ету үшін шығырдың басты барабанының I-I осі ұңғының II-II осінен А қашықтықта орналасуы керек.

сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау - student2.ru

1.5-сурет. Бұрғылау жабдықтарының жоспарлы

сәйкес орналастыру сұлбасы:

1 – ротор; 2 – шығыр; 3 – свечаны орналастыруға арналған магазин (подсвечник); 4 – құбырларды қабылдау мосты; 5 – құбырларға арналған сөрелер; 6 – беріліс қорабы; 7 – трансмиссия;

8 – қозғалтқыштар; 9 – бұрғылау сораптары;

10 – қақпа, ұңғы центрі

Шығырды, шығыр барабанының кесе көлденең осі (ось III-III) ұңғы осі арқылы өтетіндей етіп орналастыру керек.

Егер басты шығыр бұрғылау еденінен төмен орналасса, онда А арақашықтығын былай таңдау керек; арқанның жетекші тармағы мұнараға ілініспей кронблокқа жақындауы керек және операторға арқанның барабанға оралуы кезіндегі көрінісі қамтамасыз етілуі керек.

Басқа жабдықтарды бұрғылау қондырғысының тағайындалуына және оның сыныбына байланысты, шығырға қатысты әртүрлі арақашықтықта орналастыруға болады. 1.4-суретте беріліс қорабының, трансмиссияның, шығыр артындағы сорап пен қозғалтқыштың желілік орналасуы классикалық сұлба ретінде келтірілген. Мұндай сәйкес орналастырудың артықшылығы- трансмиссияның тізбектік берілісін және жеңіл негіздерін қабылдауға мүмкіндік береді, жабдықты шағындап орналастырады. Тізбекті трансмиссия кезінде барлық агрегаттар білігі параллель орналасып және бір бағытта айналуы керек. Ыңғайлы болу үшін жетекке біржақты айналатын іштен жану қозғалтқышын қолданады.

Трансмиссияны жабдықтауда кардан білігі арқылы және қозғалтқышты бүйірге орналастырумен сәйкес жағдайда барлық жабдықтар бір деңгейде орналасуы керек, себебі кардан білігі үлкен иілу бұрышын қамтамасыз ете алмайды. Үлкен биіктікті талап етпейтін, жеңіл өзі жүретін бұрғылау қондырғыларына осындай сұлбалар тиесілі. Тереңдікке бұрғылайтын бұрғылау қондырғысының негізінің үлкен биіктігінде (4-10м) шығырмен күштік жетекті бір деңгейде орналастыру тек теңіздегі және жаңа ұңғыларды бұрғылағанда монтаж бен демонтажды қажет етпейтін қондырғыларда жүзеге асады. Блокты тасымалданатын жер үсті бұрғылау қондырғыларында бұл сұлбалар тиімді емес, себебі ауыр жабдықтарды (салмағы 20-30т) үлкен биіктікке көтеруді қажет етеді. Монтаждалынуы қиын болғандықтан бұл қондырғылар тиімді емес болып келеді, себебі монтаждау уақыты кейбір жағдайларда ұңғыны бұрғылау уақытынан ұзаққа созылады. Мұндай қондырғыларда бұрғылау шығырын жер беті деңгейінде, бұрғылау еденінен төмен орналастыру қажет. Бұрғылау еденінде роторды жетегімен және жекеленген жетекке ие болатын көмекші шығырды орналастырады. Берілген сұлбада конструкцияны біршама қиындататын, ротор және шығыр жекеленген беріліс қорабымен жабдықталған.

Бұрғылау қондырғыларының сәйкес орналастырылуын әртүрлі етіп орындайды.

Сәйкес орналастырудың белгілі бір сұлбасын таңдау алдында барлық факторларды қарастыра отырып, орныққан жағдайда көбірек техника-экономикалық нәтиже беретін нұсқасын таңдау керек.

Жұмыс орны ондағы өндіру процесінің басты элементтері, жұмыс сапасы нәтижелілігін көрсететін қондырғының басты буыны.

Оператор жұмыс жасайтын, машина органдары мен жұмыс орнының тиімді орналасуы, жоғары өнімділік пен тиімді психофизиологиялық жұмыс шартын қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Көпфункциялы агрегаттардың қондырғы тетіктерін бұрғылау кезінде оператор (бұрғышы) басқаратындықтан, ал бұрғылау бригадасы барлық қажетті операцияларды орындайтындықтан, бұрғылау қондырғысын жобалаған кезде жұмыс орнына және ондағы жабдықтардың сәйкес орналасуына айрықша назар аудару қажет.

Алдымен операция құрамын талдап, оның орындалу ретін, уақыт бойынша бірге орындалуын, бұрғылау бригадасы мүшелері арасындағы функцияларды бөлу қажет. Бригаданың әрбір мүшесі БҚ-да орындалынатын жұмыстардың түрлеріне қарай, әр жерлерде кезектесе жұмыс жасаса болады: ротор маңындағы алаңда, қабылдау алаңшаларында, мұнара балконында, сорапты және күштік бөлімдерде, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазалау аймақтарында. Бұрғылау бригадасы әртүрлі тағайындалудағы және сыныптағы бұрғылау қондырғыларында жұмыс істей алу үшін, жұмыс жасап жатқан қондырғыларда жұмыс орындарының типтік анализін жасау міндетті.

Ұңғыны бұрғылау процесі көп түрлі операцияларды, көп бөлігі бірізді ұңғыларды бұрғылау кезінде қатаң түрде қайталанылатын, ал кейбіреуі әрқашан жасалына бермейтін (жұтылуды ескертетін жұмыстар, газдың пайда болуы, шиеленістерді тойтару және т.б) операцияларды орындайды.

Бұрғылау бригадасының орындайтын маңызды операцияларының біршама бөлігі, көптеген бір типті механизмдермен бұйымдарды қолдануды қажет етеді. Бұл механизмдердің көбісі әрқашан жұмыс орынында болуы керек болғандықтан, операторлардың жұмыс істеу шарттары нашарлайды, сондықтан бұрғылау қондырғысының жұмыс орнында орындалып жатқан операцияда қолданылмайтын механизмдер оған кедергі келтірмейтіндей етіліп, тиімді жобамен қарастырылуы керек. Қондырғыдағы жұмыс орнын жоспарлауда – жұмыс орнын негізгі және көмекші жабдықтармен, механизмдермен, бұйымдармен жабдықталуын қарастыру қажет, жұмыс орны еңбек шартымен, түрлі аралық байланыстарымен қамтамасыз етілуі керек.

БҚ-ның жабдықтарының жалпы сәйкес орналасуын, негізгі агрегаттардың тік және көлденең жазықтықтарда орналасуының сұлбасын таңдағаннан кейін жүзеге асырады. Бұл кезеңде қондырғылардың орналасуын тек орындалатын функциялармен ғана емес, барлық факторлар есебімен анықтайды.

Барлық жұмыс жасау процестерінде екінші деңгейдегі факторлар, мысалы климаттық шарттар немесе аймақтың сипаттамасы басты маңызы болмағанмен, сәйкес орналастыруды таңдау сұлбасында бұл факторлардың әсері көп. Қарапайым жағдайда, құрлықта 2500 м дейінгі ұңғыларды бұрғылауда мұнара және көтеру қондырғылары бұрғылау нүктесінде қосақтала бекітілген негізде жинақталады. Трансмиссия, беріліс қорабы және жетектік электрқозғалтқыштар бұрғылау еденінің деңгейінде, шығыр артыңда бір сызық бойында орналасқан. Жетек негізінің биіктігі жоғары болса (шамамен 3 м), бұл монтажды, демонтажды, негіздің құрылымын біршама қиындатады, алайда бұндай ұңғыларды бұрғылау қолжетімді болу үшін, жекеленген блоктардың салмағы 30т-дан аспай және монтаждық, демонтаждық жұмыстарды мұнай кәсіпшілік жүккөтергіш құралдардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Сорапты кешен, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазарту жүйесінің жабдықтары мен қабылдау алаңдары ықшам орналасқан болу керек.

Наши рекомендации