Банктің пруденциалды нормативтеріне сипаттама беріңіз.

1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) – бұл І деңгейлі капитал, ІІ деңгейлі капитал және ІІІ деңгейлі капиталдардың қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Меншікті капитал (К) бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (І деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) және ІІІ деңгейлі капиталдардың (нарықтық тәуекелдерді жабуға арналған бірінші деңгейлі капиталдың бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы бұл заңды тұлғаның акцияларына жұмсалымдары (жарғылық капиталда қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері бірінші деңгейлі капитал мен екінші деңгейлі капиталдың 10 пайызан асатын көлемдегі заңды тұлғаның субординирленген қарызы.

Нарықтық тәуекелдерді жабуға арналған бірінші деңгейлі капиталдың бір бөлігі бірінші деңгейлі капиталдың нақты мөлшері мен банктің меншікті капиталының жеткіліктігі нормативтін орындауға үшін қажетті бірінші деңгейлі капиталдың ең төмегі мөлшері арасында айырманы білдіреді.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

- сатып алынған акциялардың сомасын шегергенде қалатын төленген жарғылық капитал ;

- қосымша капитал;

- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер);

- мерзімсіз келісім-шарттар нәтижесінде туындайтын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер (мерзімсіз қаржылық құралдар).

шегерілген (-):

- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру басқалары);

- өткен жылдардағы зиян;

- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.

Мерзімсіз қаржылық құралдар мынадай шарттарға сәйкес келуі қажет:

- айналыс мерзімі белгісіз және депозит болып табылмайды;

- мерзімсіз қаржылық құралды шығарушы банктің инициативасы бойынша ғана кемінде бес жылдан кейін өтелуге тиіс;

- мерзімсіз қаржы құрал бойынша негізгі қарызды және пайызды өтеу үшін жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес банк меншікті капитал жеткіліктігі мен өтімділігіне қатысты нормативті орындауы қажет;

- мерзімсіз қаржы құралы қамтамасыз етілмеуге тиіс;

- қаржы құралы бойынша пайыз мөлшерлемесін өзгерту келісім-шарт жасаған күнен бастап немесе мерзімсіз қаржы құралы шыққан күннен бастап он жылдан кейін ғана мүмкін болады.

Екінші деңгейлі капитал (КІІ) мыналардан құралады:

- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;

- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;

- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы;

Банктің екінші деңгейлі субординарлық қарызы бұл банктің меншікті капиталына жататын қайтару мерзімі бес жылдан асатын қамтамасыз етілмеген міндеттеме.

Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.

Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жылы - субординарлық қарыздың 100% сомасы;

2-ші жылы - субординарлық қарыздың 80% сомасы;

3-ші жылы - субординарлық қарыздың 60% сомасы;

4-ші жылы - субординарлық қарыздың 40% сомасы;

5-ші жылы - субординарлық қарыздың 20% сомасы,

Банктердің субординирленген қарызына Еуропа қайта құру және даму банкісінен немесе Азия даму банкісінен, не Халықаралық қаржы корпорациясынан тартқан заемдары жатуы мүмкін.

Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:

Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлық активтер сомасына қатынасы 0,06 –дан кем болмауға тиіс: к1 = K І – ИК/ A

мұнда,К І – бірінші деңгейлі меншікті капитал; ИК - банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы; А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы. Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге қатынасы 0,12 -ден кем болмауы тиіс к2 = K/ Ат – Па

мұнда,

К – банктің меншік капиталы;

Ат - тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді есепке алу барысында кастодиандық келісім-шарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;

Па - арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни, тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер сомасының 1,25, % асатын сомасында).

Үшінші деңгейлі капитал (КІІІ) үшінші дегейлі субординирленген қарызды білдіреді және мынадай шартқа сай болуға тиіс:

- қамтамасыз етілмейді:

- депозит немесе ұсынылатын міндетеме болып табылмайды;

- Нұсқаулыққа сәйкес нормативтерді орындаған жағдайда банкпен алдын ала өтелуі мүмкін;

- бастапқы қайтару мерзімі екі жылдан жоғары болуға тиіс.

Меншікті капиталға жатпайтын екінші деңгейлі субординирленген қарызы банктің үшінші деңгейлі капиталына жатады.

Екінші деңгейдегі банктердің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін, банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2) банктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етуілмеуге тиіс;

3) алдын ала (толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында).

Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.

Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.

Банктің ІІ деңгейлі субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады:

қарыздың толық сомасын қайтару мерзімінің басталуы бес жылдан жоғары болса, және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жыл - субординарлық қарыздың 100% сомасы;

2-ші жыл - субординарлық қарыздың 80% сомасы;

3-ші жыл - субординарлық қарыздың 60% сомасы;

4-ші жыл - субординарлық қарыздың 40% сомасы;

5-ші жыл - субординарлық қарыздың 20% сомасы,

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері

Бір қарыз алушы - ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;

2) соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;

3) ҚР заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;

(-) шегерілген,

қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:

- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағздары, құйма бағалы металдары, Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің “А” рейтингін иеленетін банк кепіл-хаттары;

- ҚР Үкіметі және Ұлттық банкіне қатысты талаптары;

- Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің “ВВВ” рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің(Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептеледі: к3 = Т/ К

мұнда,

Т - тәуекел мөлшері (несие лимиті);

К – банктің меншік капиталы.

к3 –тің мәні мынадай екі жағдайда қарастырылады:

· Банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін, - 0,10-ден аспауға тиіс;

· Басқа да қарыз алушылар үшін – 0,25-ден аспауы тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген бланктік несиелер, сондай-ақ оффшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).

4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.

Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:

- банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4);

- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к5).

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) төмендегідей түрде есептеледі к4 = Аор/ Мор

мұндағы,

Аор- өтімді активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

к4– ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:

· қолма-қол ақшалар;

· мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;

· құйма қымбат бағалы металдар;

· Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;

· Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары.

Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:

· клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;

· “овернайт” банкаралық несиелері;

· есеп айырысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.

Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) үш ай мерзімнен аспайтын өтелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі: к 5 = Аор/ Мор

мұндағы,

Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

к5 – қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.

Банктер ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесінде беруге міндетті (2-қосымшаны қараңыз).

Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін толтырғанда әрбір активтер (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен корреспонденттерінің міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл жерде активтер банктің қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) шегермей-ақ қамтиды.

Активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің графаларының барлық мәліметтері 1 мен 5-жолдар бойынша өсу нәтижелеріне қарай толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомалары “Барлығы” деген жолға жазылып баланстың мәліметтерімен салыстырылады. “Барлығы” деген графа мен жіктелген активтер (стандарты активтерден басқасы) бөлігінің нәтижесінің алшақтығы банктің құрған резервтерінің (провизияларының) сомасына сәйкес келуге тиіс.

Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке алынбайды:

1) стандартты активтерден басқа активтер;

2) сенім туралы келісім-шартына сәйкес және кастодиандық келісім-шарт негізінде банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;

3) Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын бейрезиденттерге қатысты талаптар.

Есептік мерзім ішінде банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып саналады.

5. Ашық валюталық позиция лимиті

Ұлттық банк Басқармасы Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция (ұзын немесе қысқа) лимитін белгіленеді.

Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.

Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Қысқа валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке-жеке анықталады.

Шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимиті талаптар шотындағы абсолюттік сома мен баланстық шоттар бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің арасындағы айырма жолымен есептелінеді.

Жекелеген шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимитін есептегенде, бірінші кезекте банктің активтік және міндеттемелік баланстық шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар қалдығы есептелінеді. Содан кейін, осы валюта бойынша шартты талаптар мен міндеттемелерді есепке алатын баланстық шоттарға ашылған шоттардың қалдықтарының сомасы анықталады.

Банктің валюталық нетто-позициясы барлық шетел валютасындағы банктің ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетел валютасындағы банктің қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма негізінде есептеледі.

Шетел валютасында бейнеленген талаптар мен міндеттемелер сондай талаптар мен міндеттемелер есепке алынған шетел валютасындағы валюталық позицияның бір бөлігіндегі есепке кіреді.

Шетел валютасында операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер, аптаның әр жүмыс күні үшін, аптаның үшінші күнінде, әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция туралы және валюталық нетто-позициясы туралы есебін арнайы бекітілген формада тапсыруға тиіс (3-қосымшаны қараңыз).

6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті

Негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының (к6) мәні 0,5-тен аспауы тиіс: к6 = И/ К

мұндағы,

И - негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы, оған мыналар жатады:

1) ғимарат және құрылғылар;

2) салынып жатқан негізгі құралдар;

3) банктің жалға алған ғимараттары бойынша капитал шығындары;

4) компьютерлік жабдықтар;

5) көлік құралдары;

6) жалға беруге арналған негізгі құралдар;

7) қаржылық лизингке қабылданған негізгі құралдар;

8) басқа негізгі құралдар;

9) Қаржылық есептің №38 халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына сай сатып алынған, лицензиялық бағдарламалық құралдар;

10) басқа материалдық запастар;

11) капитал жұмсалымдары бойынша дебиторлық қарыздар.

Наши рекомендации