Азақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңдері.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізіп, жаңаша ұйымдастыру, қызмет ету бағыттары мен көптеген тұрмыстық мәселелерді туындатты, сонымен қатар тұрғын үй саласы мен шаруашылығы қызметтері де көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының дамуына әкеліп, халықтың тұрмыс тіршілігін нарықтық бағытқа бұрды. ҚР-сы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі оміршілдік-өкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасалды; Қазақстанның әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстандағы басты міндеттері: мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру; Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы; нарықтық инфрақұрылымының қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтың құрылуы; бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру; бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу; экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы; өтпелі кезеңде мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы. Нарыққа өту мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін болуы керек.

Қаржы қызметі және мәні.Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызмет атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру, бақылау. Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік-мәдени шараларға, мемлекетті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады. Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады. Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады. Әр тұлғаға қаржы терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден, құқық саласынан іргелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Қаржы – ақша қаражатының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржының рөлі көпжақты, күрделі және әртекті. Негізгілері: өнімді бөлу және қайта бөлу, орын толтыру қорын құру, амортизациялық және айналым қаржылары қорларын ұтымды, әрі үнемді пайдалануды ынталандыру: ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыру қорларын, енді бір бөлігін айналымнан алынатын салық ретінде бюджетке түсіру.

Қоғамдық өндіріс процесінде және ҚР өндіргіш күштерді орналастырудағы көлік маңызы.Қазақстан Республикасының көлік кешені негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштері Қосымшада келтірілген темір жол, автомобиль, су, авиация, сондай-ақ технологиялық көліктің басқа да түрлерін біріктіреді. Еркін нарық қатынастарына көшу көлік кешені қызметінің негізгі көрсеткіштерінде көрініс тапты. Мәселен, 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейінгі кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2,5 есе, жүк айналымы - 3,5 еседен аса, жолаушылар тасымалы - 5 есе қысқарды. Соңғы екі жылда осы көрсеткіштердің өсу үрдісі байқалып отыр. Ұлттық экономикада көлік кешені рөлінің тұрақты өсуі байқалады. Егер 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өніміндегі көлік пен байланыстың үлесі 8,9% деңгейінде бағаланса, онжылдықтың соңында ол 13,3% дейін өсті. Бұл ретте, көлік кешені үлес салмағының өсімі, негізінен, елдің экономика құрылымындағы кейбір салаларының үлесі күрт төмендеуінен орын алды. Экономиканы ырықтандыру мен көлік кешеніндегі құрылымдық өзгерістер еркін көліктік қызмет көрсету рыногының дамуына және Қазақстанның дамып келе жатқан нарықтық экономикасына кірігуге әкелді, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ көлікті басқару жүйесі өзгерді. Ішкі (көбіне автомобиль және авиация көлігінде) және салааралық (көбіне автомобиль және теміржол, теміржол және су көлігі арасында) бәсекелестік, сондай-ақ көлік қызметін көрсету рыноктарын игерудегі шетелдік тасымалдаушылармен бәсеке көлік жүйелерінің белгілі бір мөлшерде өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етеді. Үкіметтік сырттан қарыз алуды, сондай-ақ басымдық белгілеу - республика экономикасының нақты секторына шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу енгізілген. Барынша монополиядан шығару және бәсекелестікті ынталандыру автокөлікте жүзеге асырылды: мемлекеттік меншікте автокөлік құралдарының 5% кем паркі қалды. Су көлігі туралы айтса, онда мемлекеттің меншігінде су жолдары мен навигация құралдары ғана қалды, қалған объектілер акционерлендірілді немесе толық жеке меншікке берілді. Тіркелген 48 авиакомпания жүзеге асыратын әуе тасымалдары рыногында чартерлік тасымалдарды қоспағанда, қазақстандық тасымалдаушылардың арасында бәсекелестік іс жүзінде жоқ, себебі таяу және шет елдерге тұрақты рейстерді орындау құқығы тек бір авиакомпанияға - ұлттық тасымалдаушыға берілген.
Темір жолдағы институционалдық өзгерістер (көлік кешенінің басқа секторларына қарағанда) анағұрлым баяу қарқынмен жүрді.Дегенмен, институционалдық өзгерістер жүк және жолаушы көлік ағынын халықаралық қайта бөлудің жаңа экономикалық жағдайында көлік инфрақұрылымының оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді. Жүктерді экспедициялау және мултимодальдық тасымалдар жеткілікті дамымаған.

Қоймалау жүйесін құру жауабы жок

ҚР автомобиль көлігінің қазіргі жай-күйі мен даму келешегі Автомобиль саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiн шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған құнды алу нысанында барынша зор ықпал етедi. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен күрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларындаярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің кауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты.Машина жасау кешені басқа да салааралык кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын жөне басқа да құрал-жабдықтар, өр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін кеп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса,синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды ендіру, керісінше,машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. 1. Қазақстандағы ең алғаш кұрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады. 2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен аласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери кызметкерлердің айыру белгілерін, өшекей бұйымдар шығарады. 3. Құны 20 млн долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік кәріс филиалы «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде.Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс. 4. Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады. 5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды.Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (кой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты түзды суларын тұщыландыратын кондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады. 6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды.Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий,мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда. 7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролык зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша карудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта корғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда. 8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандыктар жөне шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды.

ҚР әуе көлігінің қазіргі жағдайы Әуе көлiгi жолаушылар мен жүктердi жоғары жылдамдықта жеткiзумен өзгешеленедi. Бiрақта оның қызмет көрсетулерi ауа райы жағдайларына қарай үлкен өзiндiк құнымен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң көлемi мен салмағының шектелуiмен сипатталады. Қазақстан Республикасында бiлiктi әуеайлақтарымен 21 әуежай жұмыс iстейдi, оның 20 әуежайы республикалық, 1 - облыстық маңыздағы әуежайға жатады. Олардың 8 республикалық, 8 коммуналдық, қалғандары жеке меншiкте.Көптеген әуежайлар үшiн тасымалдар көлемiнiң болмауы сипатты, оларды әуежайлар тарифтердi өсiру арқылы орнын толтыруға тырысады. Мұндай iс-әрекеттер тасымалдар көлемiнiң одан әрi төмендеуiне әкеледi. Қазақстандық авиакомпаниялар орындайтын тәулігіне ұшақ-ұшу санының ұлғаюы тек Алматы және Астана қалаларының әуежайларында байқалады. Қалған әуежайлардың ұшақ-ұшу санының тұрақты төмендеу үрдісі бар.

ҚР кеден тарифі Кеден тарифі – елдің кеден аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кеден баждары мөлшерлемесінің жинағы, яки тауарлардың топтары бойынша елге әкелінетін және елден әкетілетін тауарлардан алынатын баждардың тізбесі. Онда тауарлардың атаулары, салық салу бірлігі және баж мөлшерлемесі мазмұндалады. Баждан басқа кеден алымдары да мазмұндалады. Кеден тарифітері елдің үкіметі заңнамалық тәртіппен белгілейтін дербес кеден тарифі, халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекеттер белгілейтін конвенциялық (келісімшарттық)кеден тарифі түрлеріне бөлінеді. Кейбір елдер (Канада, Үндістан) кеден тарифінің екі түрін де бірге қолданады, яки бір елдерге дербес тарифті, екінші бір елдерге конвенциялық тарифті қолданады. Қазақстанда кеден тарифінің құралу және қолданылу тәртібі, сондай-ақ, ел шекарасынан алып өткізілетін тауарларға баж салу ережелері “Кеден тарифі туралы” Заңда белгіленген, бұл заңның күші елдің бірыңғай кеден аумағында қолданылады. Кеден тарифі елдің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жүйелендірілген тауарларға қолданылады. Кеден тарифі баж мөлшерлемесін, мөлшерлеме түрлерін, оларды белгілеу тәртібін; маусымдық және ерекше баждардың сипаты мен қолданылу тәртібін; тауардың кедендік құнын есептеу әдістері мен қолданылу тәртібін; тауардың шыққан жерін анықтау қағидаттарын; тариф жеңілдіктері мен артықшылықтарын айқындайды. Ішкі рынокты мемлекттік реттеу құралы болып табылатын кеден тарифінің негізгі мақсаттары: экспорттың құрылымын оңтайландыру; елдің экспорты мен импортының көлемін, резиденттерінің валюталық кірістері мен шығыстарын ұтымды арасалмақта ұстау; елдің өндірісі мен тұтынымы құрылымында үдерісті өзгерістерге жету үшін жағдайлар жасау; ұлттық экономиканы әлемдік рынок жағдаятының қолайсыз ықпалынан қорғау; елді әлемдік экономикаға тиімді түрде интеграциялау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. 1. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты. Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-атынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты. Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері табылады.Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келедіКедендік баж мыналарға жіктеледі:Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық, спецификалық,адвалорлық, құрама. Кедендік тариф құрамына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым кедендік тариф әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің тауарына қолданылатын максималды, аралық преференциалды.

ҚР көлігінің экономикалық қиыншылықтары КСРО-ның ыдырауы мен әкімшілік-әміршілдік басқарудан еркін нарықтық қарым-қатынасқа көшуден туындаған экономикалық дағдарыс Қазақстан Республикасының көлік кешені (КК) қызметінің негізгі көрсеткіштерінде көрініс тапты. Бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуі мен экономикалық белсенділіктің едәуір төмендеуінің салдары тасымал қызметі көлемінің барлық көрсеткіштер бойынша қысқаруы болып табылды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейінгі кезеңдегі мәліметтері көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдаудың 2,5 еседен аса; жүк айналымы - 3,5-ке; жолаушыларды тасымалдау - 5,0 ретке қысқарғанын куәландырады. Осы көрсеткіштердің динамикасын 1 және 2-суреттерден байқауға болады. Қатынас түрлері бойынша ең көп дәрежеде қысқаруға транзиттік тасымалдар мен импорт (тиісінше 17,9 және 9,6 ретке) ұшырады, экспорттық жүк тасымалдары 3,1-ге, ал республикаішілік 2,2 ретке қысқарды. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, КК жұмысының негізгі көрсеткіштерінің сапалық бағыты жалпы ішкі өнімнің ЖІӨ өзгеру сипатына сәйкес келеді.Әрі КК жұмысының барлық көрсеткіштері ЖІӨ-нің өзгеруіне шамалы кідіріспен жауап қайтарады. Соңғы жағдай экономиканың үдемелі өсуі кезінде міндетті түрде ескеруді талап етеді. Жеткілікті дамымаған көлік жүйесі бұл жағдайда елеулі іркілу факторы болады. Алайда бағаның, әсiресе, жағар-жанармай материалдарына өсуi, инфляциялық процестер мен іс жүзiнде екiден астам жыл ішiнде өзгертiлмеген тасымалдарға арналған тарифтер "Қазақстан темiр жолы" РМК темiржол көлiгiнiң негiзгi құралдары мен жылжымалы құрамын жұмысқа жарамды жай-күйiнде ұстау жөнiндегi барлық бағдарламаларды едәуiр қысқартуға мәжбүр еттi. Темiржол көлiгiн жеткiлiксiз инвестициялау (1998 жылы - 12,7 және 1999 жылы - 7,6 млрд. теңге) жолдың нормативтiк жөндеулерiн орындамауға әкеп соқтырады. Сөйтiп, соңғы жылдары күрделi жөндеу 75% аспайтын, ал орташа жөндеу қажеттiден 60% аздау көлемде орындалуда. Темiр жолдар мен жасанды құрылыстарды (3508 көпiрлердiң 16%-ның 1999 жылы қауiптi ақауы болды) пайдаланудың осындай тәжiрибесi олардың тез тозуына әкеп соқтырады. Автокөлiк саласы едәуiр дәрежеде мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге тап болды. Қазiргi уақытта автокөлiк құралдарының бүкiл паркiнiң шамамен 84% азаматтардың жеке меншiгiне, 11% экономикалық қызметтiң барлық түрлерi заңды тұлғаларының жеке меншiгiне және 5% мемлекет меншiгiне қарады Көптеген әуежайлар үшiн тасымалдар көлемiнiң болмауы сипатты, оларды әуежайлар тарифтердi өсiру арқылы орнын толтыруға тырысады. Мұндай iс-әрекеттер тасымалдар көлемiнiң одан әрi төмендеуiне әкеледi. Қазақстандық авиакомпаниялар орындайтын тәулігіне ұшақ-ұшу санының ұлғаюы тек Алматы және Астана қалаларының әуежайларында байқалады. Қалған әуежайлардың ұшақ-ұшу санының тұрақты төмендеу үрдісі бар. Қазақстан Республикасында 48 авиакомпания тұрақты және чартерлік негізде әуе тасымалдарын жүзеге асырады. Тек 38 авиакомпанияның өз әуе кемелері паркі бар, қалған компаниялар өз қызметін жалға алған техникамен жүзеге асырады.

ҚР көлік стратегиясы Көлік жүйесін кешенді дамыту және оның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік көлік саясатының көліктің әрбір түрі үшін тең дәрежеде маңызды мынадай негізгі бағыттарын атауға мүмкіндік береді: - көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру; -көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;-көлік қызметтері нарығын дамыту; -көлік жүйесін өңірлік дамыту -көлік процестерінің қауіпсіздігін арттыру; -Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру -көлік саласындағы инновациялық даму; -көлік саласындағы ғылыми және кадрлік әлеуетті арттыру. Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде негізгі рөл атқарады. Стратегия елдер арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын пайдалы, сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттармен қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегия шеңберінде негізгі көліктік магистралдар мен байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының жаңартылған моделі қолданылатын болады.Стратегия қолданыстағы және жаңа «түзетуші» көлік жолдары мен инфрақұрылымдық объектілерді көлік құралдарының барлық түрін бір мезгілде жаңарта отырып, жаңғырту мен құруды көздейді. Мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып, құбыр көлігін дамыту қолданыстағы Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы3 және Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы4 шеңберінде жүзеге асырылады. Стратегия мемлекеттік көлік саясатының 2015 жылға дейінгі басым бағыттарын белгілейді және көлік жүйесінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз етуге және тиісті салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз қалауға тиіс саяси-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық шаралардың, принциптердің, көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясатты дамыту басымдықтарының жиынтығын білдіреді. Стратегияны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. I кезең: 2006-2010 жылдар. Сипаты: көлік секторына инвестицияларды тарту; мемлекет көлік кешеніне ресурстарды белсенді түрде салады; нормативтік құқықтық базаны дайындау; көлік салаларын реформалауды аяқтау және ынталандыратын ахуал жасау халықаралық стандарттарды енгізу және халықаралық көлік ортасына кірігу. II кезең: 2011-2015 жылдар. Сипаты: мемлекет көлік нарығының отандық субъектілерін белсенді қолдайды; субъектілердің көпшілігі мемлекеттік те, жекеменшік те, көлік нарығының дербес қатысушыларына айналады; Қазақстан Республикасы көлік кешені операторларының қызметі халықаралық стандарттарға сай келеді және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да кеңінен ұсынылады; экономика мен халық тарапынан көлік қызметіне сұраныстың өзгеруіне барабар ден қоюға қабілетті көлік жүйесін қалыптастыруды аяқтау және оны сапалы, қолжетімді және қауіпсіз көлікпен қанағаттандыру; транзиттік тасымалдар көлемінің қарқынды өсуі; көлік инфрақұрылымы қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді.

ҚР құбыр көлігіҚазақстан Республикасындағы көмiрсутегi шикiзат қоры әлемдегі ең жоғарылардың бiрі ретінде бағаланады. Бiрақ, олардың сапасы, сатудың негiзгi рыноктарынан алыс болуы оларды жеткiзу бойынша (РФ, Әзербайжан, Түркiменстан, Иран) Қазақстанмен бәсекелес белгiлi мемлекеттердiң аймағы бойынша тасымалдау қажеттiгi, оның ең төмен өзiндiк құнын қамтамасыз етумен тасымалдау процесiн ұйымдастыру жөнiнде қатаң талаптарды ұсынады. Бұл жағынан құбыр көлiгi ең жақсы мүмкiндiктердi ұсына алады. КК осы секторы: - кез келген климаттық жағдайларда жұмыстың жоғары орнықтылығымен; - жыл пайдалануға негiзделген құюдың төмен өзiндiк құндылығымен, жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру жоғары дәрежесiмен; - құбыр салу кезiндегi үлкен капиталдық шығындармен, бiрақ көлiктiң басқа түрлерiмен салыстырғанда (ұзақ мерзiмдi пайдалану шартымен) тасымалдау бiрлiгiне ең аз капитал жұмсаумен сипатталады. Мұнай құбырларының бiрi республиканың батыс, ал екiншiсi шығыс аймақтарында орналасқан екi жекеленген жүйеден тұрады. Мұнай құбырларының батыс жүйесi қазақстандық мұнайды Атырау және ресейлiк мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ экспортқа ресей мұнай құбырлары жүйесi арқылы алыс шет елдерге жөнелтудi қамтамасыз етедi. Мұнай құбырларының шығыс жүйесi Павлодар, Шымкент және өзбек мұнай өңдеу зауыттарын Тюмень (Ресей Федерациясы) мұнайларымен қоректендiруге арналған. 32 сорғыш-құю станциялары, 18 қабылдау-тапсыру пункттерi, 2 құю эстакадалары (Атырау, Мақат қалалары), темiр жол құю эстакадасы (Ақтау САС) пайдаланылуда. Негiзгi қорлардың 70% астамы 10 жылдам астам, 5% - 30 жылдан астам пайдаланылуда. Осы себептен апат деңгейi әрбiр 1000 км мұнай құбырына 6 апаттан асады. Мұнай құбырларының жалпы өткiзу мүмкiндiгi жылына 86 млн. тонна мұнайға жетедi, бiрақ олар қазiргi кезде батыс аймақтарда басым Шығыс мұнай құбыр жүйесi объективтi экономикалық жағдайларға байланысты іс жүзiнде жұмыс iстемейдi. Қазақстан Республикасының аумағындағы газ құбырлары көбiнесе транзит болып табылады ("Бұқара-Орал" және "Орта Азия-Орталық" газ құбырларының магистральдық желілерi) және Қазақстанның халық аз орналасқан орталық және солтүстiк-батыс аудандарында орналасқан. Оларды солтүстiк Қазақстанның жекелеген учаскелерiнде iшкi мұқтаждықтар үшiн аз пайдаланады. Республиканың оңтүстiк аймақтарында Қазақстанның Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарын, сондай-ақ Қырғызстанды бұқар газымен қоректендiретiн газ құбыры жұмыс істейдi.

ҚР теңіз көлігінің ерекшеліктері Тәуелсiздiк алған кезден бастап Қазақстан үшiн Каспий теңiзiнiң көлiктiк әлеуетi барған сайын өсетiн мүддеге ие болды. Бұған тек каспий мақсатында мемлекеттермен теңiз байланысы ғана емес, әрi Ресей Федерациясының кеме қатынасы өзендерi мен арналары арқылы Қара және Балтық теңiздерi бассейндерiне шығудың әлеуеттi мүмкiншiліктер қызмет етедi. Қазақстанның Каспийдегi теңiз тасымалдарын игеруi елдiң батыс аймақтарындағы мұнай өндiрудiң қарқынды дамуымен, сондай-ақ Кавказ бен Парсы шығанағы елдерi бағытында өздерiнiң экспорттық мүмкiншiлiктерiн толығырақ iске асыру қажеттілігiмен ынталандырылады. КСРО ыдырағаннан кейiн Каспий теңiз пароходствосына тиесiлі бүкiл теңiз флотын Әзербайжан мемлекет меншiгiне алды. Осы уақытта оның туы астында 4 құрғақ жүк және 30 астам танкер пайдаланылуда, ал "Каспий теңiз пароходствосы" әзербайжан компаниясы Каспий теңiзi бассейнiнде iрi оператор болып табылады. Түркiменстан Республикасында үшеуi Каспийде пайдаланатын төрт құрғақ жүк құрамындағы өз теңiз сауда флоты бар. Түркiменстан өз флотын келесi кезекте Каспий теңiзi бассейнiнде пайдалану үшiн танкер сатып алу жолымен кеңейтудi жоспарлауда. Иран Ислам Республикасы төрт құрғақ жүк кемелерiн пайдалану арқылы Каспий теңiзi бойынша теңiз тасымалдарын жүзеге асыруда. Айтылғандардан басқа Каспийдегi тасымалдарда Ресей Федерациясының әр алуан пароходстволарына тиесілі "өзен-теңiз" сыныпты класты кемелердiң едәуiр саны қатысады.

ҚР-ғы ұлттық көлік заңдылығының жалпы мінездемесі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектег Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органының атынан).Көлiк кәсiпорны - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайды.Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлiгi.Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi жеке немесе заңды тұлға. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырыладыҚазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ. Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi: -Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау; -көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;-Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу; көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу; республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау; көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау; мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу; Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.

быр көлігі: артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚҰБЫР КӨЛІГІ. артықшылықтары: Ауа-райы жағдайларына тәуелді болмаушылық; Тасымалданатын жүкті берудің үздіксіздігі; Төменгі өзіндік құн; Жоғары деңгейде операцияларды автоматтандыру (құю, айдау, шығару). кемшіліктері: Біржақты тасымалдау; Басқа түрдегі жүкті тасымалдаудың мүмкін еместігі; Құрылғының жоғарғы өзіндік құны.

Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыруКәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру 1. Өнеркәсіптің құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің мәні мен міндеттері 2. Техникалық жабдықтау
Өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технологиялық кұралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бүйымдарды ендіру үшін мыңдаған типтік размерлі құрал-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардық сапасына, оларга қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану жэне жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, кұрал-сайман шаруашылығьн жетілдіру шараларын дайындау жатады. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технологиялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық кұрал-сайман қоймасы, цехтың құрал-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары кіреді. Өндірістік цехтарда қүрал-саймандар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырумен құрал-сайман шаруашылығы айналысады.Қолданылатын қүралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды дайындауды жэне қолдануды болжау үшін онын нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі қажет. Жабдықтарды жіктеу негізінде өндірістік-техникалық жэне конструкциялық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кэсіпорында толығымен қолданылытын құрал-саймандарды пайдалану сипаты бойынша арнайы және стандартты болып бөлінеді. Арнайы қүрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатьш құрал-саймандарды айтады. Оны тұтынатын кәсіпорындардьщ өздері дайындайды. Стандартгы деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Олар кұрал-сайман шығаратын зауыттарда өндіріледі. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді. Құрал-саймандар, мысалы, темір өндеуші құралдар бойынша мынадай топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы құралдар және т.б. Олардың әрқайсысы, мысалы, кесу құралдарының класы сияқты топтарға бөлінеді; кіші класстар өз кезегінде топтарға, топтар кіші топтарға, кіші топтар түрлерге, соңғылары тағы басқа түрлерге бөлінеді.Құрал-жабдықтарға деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау үшін бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың шығындарын анықтау, кәсіпорынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың қорларын есептеу, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын қүру қажет болады. Кәсіпорынның құралдарға қажетгілігін жұмсау және айналым қорларынан қүралады.

Логистиканың мақсаты Логистика – клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.Логистиканың негізгі мақсаттарыЛогистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.Логистика салалары:1.Қамтамыз ету логистикасы 2.Өндірістік логістика 3.Тарату логистикасы 4.Сатудан кейінгі (after sales) логістика 5.Шығарып тастау (disposal) логистикасы Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

Логистикалық жүйе Логистика – клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.Логистиканың негізгі мақсаттарыЛогистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.Логистика салалары:1.Қамтамыз ету логистикасы 2.Өндірістік логістика 3.Тарату логистикасы 4.Сатудан кейінгі (after sales) логістика 5.Шығарып тастау (disposal) логистикасы Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

Нарық жағдайындағы кәсіпорын.Кәсіпорын – бұл қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыру және пайданы алу мақсатымен өнімді шығару, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін кәсіпкермен немесе кәсіпкерлер бірлестіктерімен құрылған дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне әр түрлі факторлар ықпал етеді. Екі топқа біріктіруге болады: позитивтер және негативтер. Позитивтер бұл кәсіпорын қызметіне пайдалы ықпал жасайтын факторлар, ал негативтер – керісінше. Көлік кәсіпорыны – жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөңдеу жөнінде шаруашылық, коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес әрекет жасайды. ҚР-ның көлігі оның аумағында тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы магистральдық құбыр көлігі. Тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып, жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөңелтілімдерді тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін, әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші заңды немесе жеке тұлға.

Нарық инфрақұрылымы.Экономиканың тағы бір ерекше құрамдас бөлігі – инфрақұрылым. Инфрақұрылым дегеніміз - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісіне, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін шаруашылық салаларының кешені. Бұл кешенде көлік, байланыс сауды, материалдық-техникалық жабдықтау, ғылым, білім, денсаулық сақтау, т.б. қамтылады. Ол өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардан тұрады. Нарық инфрақұрылымының құрамын анықтау аз зерттелген және отандық экономикалық оқулықтарда ұсынылған мәселе болып табылады. Көрсетілетін қызметтер сипатына байланысты көптеген экономистер нарық инфрақұрылымының құрамын әртүрлі тұрғыдан қарастырады. Бірақ оқулықтарда ұсынылған барлық көзқарастардың ішінен екеуіне ғана назар аудару керек:- экономика салалары мен еңбек ету әрекетінің түріне байланысты;- нарық түрлеріне байланысты.Нарық инфрақұрылымы бір-жақты емес, өйткені кәсіпорындардың қызмет етуін қамтамасыз ететін сыртқы жағдайлар бір жақты емес. Экономикалық процестерге ықпал ету сипатына байланысты осы жағдайларды төрт топқа бөлуге болады:1. өнімді өндіру мен айналымын қамтамасыз ететін жағдайлар; өнімнің өндіріс сферасына қозғалысын ұйымдастыру; ақпаратты жинау, жеткізу және өңдеу; технологиялық және басқару мәселелері бойынша сауатты кеңес беру және т.б.; 2. жұмысшы күшін қайта өндіру жағдайлары: жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, оларға жалпы білім беру және мамандық қайта дайындау, демалысты ұйымдастыру және т.б.; 3. қоғамдық қайта өндірудің макроэкономикалық тепе-теңдігінің баланстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар; 4. экономикалық дамудың экономикалық жағдайлары.

Нарық туралы жалпы түсінік: түрлері, қызметтері.Нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіліксіз. Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар. Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарықсұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады. Экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықтыэкономиканың іс-әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды. Рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы деп атайды. Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер. Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:игіліктер мен қызметтер нарығы;өндіріс құралдарының нарығы;ғылыми- техникалық құралдар нарығы;құнды қағаздар нарығы;жұмыс күші нарығы.Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;халық тұтынатын тауарлар нарығы;шикізат пен материалдар нарығы.Кеңістік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.аймақтар ішіндегі;аймақтар аралық;республикалық;республикааралық;халықаралық (әлемдік) нарықтыр.Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:монополиялық;олигополиялық;салааралық нарықтар.Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтыр болады:көтерме сауда нарықтары;бөлшек сауда нарықтары;ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:заңды, ресми нарықтар;заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты.Тауарлар мен қызметтер нарығы тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;қызметтер нарығы;тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.Өндіріс факторларының нарығы жылжымайтын мүліктер нарығы; еңбек құрылымдарының нарығы; шикізат пен материалдар нарығы;қуат ресурстарының нарығы;пайдалы қазбалар нарығы. Қаржы нарығы капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;несие нарықтары;құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);валюта, ақша нарықтары.Интелектуалды өнімдер нарығы - инновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Наши рекомендации