Аталық малдың басым қандылығы

Басым қандылық - бұл жануарлардың өзіне тән ерекшеліктерін және өнімділігін, тіпті өзімен ұқсас емес айырмашылықтары бар түрмен шағылыстырғанның өзінде ұрпаққа дәл беру мүмкіншілігі. Басым қанды жануарлар неғұрлым біркелкі тұқым береді. Кезкелген өндірушінің тұқымында белгілі бір өзгеріс ауқымы байқалады, ол аналықтың сапасына және аталықтың тұқым қуалаушылық сапасының тұрақтылық деңгейіне байланысты.

Сондықтан, аталықтың ұрпаққа беретін жақсарту сапасының деңгейін бағалай отыра, олардың тұқым қуалаушылығының қатысты тұрақтылығын анықтауға болады. Малдардың кез-келген тұқымының тарихы, әсіресе олардың қазіргі кезде жетілу тарихы, тәжірибелік селекцияның басты назары өзінің өте бағалы сапаларын ұрпағына бере алатын жануарларды анықтауға және кең көлемде қолдануға бағытталғандығын көрсетеді.

Жануарлардың басым қандылығының биологиялық маңыздылығы, белгіні ұрпаққа беру кезіңде тұқым қуалау-шылықтың басымдылығы. Әкесінің басым қандылығы жоғары болғанда ұрпағының аналықтарына ұқсастығы азаяды, яғни олардың арасындағы корреляциялық байланыс бұзылады. Керісінше, ұрпақтарының аналықтарына ұқсастығының сақталуы, аталықтарын бейтарап ретінде көрсетеді. Әкесінің басым қандылығы неғұрлым жоғары болса, оның ұрғашыларының аналықтарымен корреляциялығы соншалықты төмен болады, және керісінше.

Аддитивті мұра қылудан ауытқу - гендердің шектен тыс басым болуы және басқа да әсер ету түрлері - селекцияда маңызды орынға ие, себебі оған жоғары өнімділік қана байланысты емес, сонымен бірге тұқымдық құндылықтың өзіңдік комбинациялық қабілеттілігіне де байланысты. Ол белгілі бір сұрыптауда байқалады және зоотехниялық әдебиетте «қандардың сәйкестігі» деген терминмен белгілі. Осыдан басқа олар препотенттілік – аталықтың белгілерін берік мұра қылу құбылысын қамтамасыз етеді.

Жүннің қырқылуы бойынша қойлардың препотенттілік категориясы әр түрлі ұрғашыларының мұра қылу қатынасы кестеде берілген.

50-Кесте. Жүннің қырқылуы бойынша қойлардың басым қандылық категориясы әр түрлі ұрғашыларының тұқым қуалаушылық қатынасы, %

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

Кестеден басым қанды жақсартушылардың әкесінің шектен тыс басым болуы көрініп тұр (36,3%; 25,5%), ең аз меншікті салмақ аналықтарының басымдылығына тиесілі (11,5%) және регрессияға (13,6%), демек тұқым қуалаудың мұндай қатынас түрі басым қанды жақсартушылардың категориясын қамтамасыз етеді. Кең амплитудалы қойларда аддитивті және аддитивті емес тұқым қуалаудың барлық түрінің деңгейлері байқалады. Мәнсіз аталық категориясы өзінің биологиялық мәнімен аналықтарына тән.

Тәжірибелік жұмыстарда табынның және зауыттық аталық із тұқымының бағалы бөліктері басым қанды жануарларды дұрыс және кең ауқымда пайдалану нәтижесінде қалыптасады.

Ф.Ф. Эйснер аталықтың ұрпағы және олардың аналықтарымен арасындағы айырмашылыққа және оның барлық ұрғашыларының өнімділік көрсеткіштері арасындағы деңгейге негізделген басым қандылық индексін шығарды:

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

АИ- аталық индексі;

Ш - енелерінің көрінісі,

Қ - ұрғашыларының көрсеткіші,

Қс - барлық ұрғашыларының орташа көрсеткіші.

Н.А. Кравченко және Д.Т. Винничук басым қандылықты анықтау үшін, келесі формуланы ұсынды:

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

АИ - аталық индексі,

П+ аналықтарының көрсеткішінен асатын ұрғашылар саны,

П - осы аталықтың ұрғашыларының саны.

Осы жағдайда ұрғашыларының ауытқу бағытын, сонымен бірге олардың жақсару деңгейін анықтау маңызды. Осыған орай авторлар «аталықтың басым қандылығын жақсартушы» формуланы қолдану дұрыс деп есептейді

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

Мұнда Дл - өз енелерінен асып кеткен ұрғашылар ( Мл);

Дх - өз енелерінен қалыс қалған ұрғашылар ( Мх).

Басым қандылық индексін шешесі мен ұрғашыларының өзгеру белгілерінің деңгейін салыстыру арқылы анықтауға болады. Егер де қызының өзгергіштігі шешесінен аз болса, онда индекс шешесінен жоғары болады. Мұндай мәліметтерді жануарлар санының 30-дан аз болу жиынтығынан алуға болады.

А.П. Солдатов және Л.К. Эрнст аталықтың басым қандылығын вариация (Сv) коэффициентімен өлшеуді ұсынды, ұрғашыларының өнімділік көрсеткішін (сүт шаруашылығында майдың құрамына байланысты: Cv=1-6 % - басым қандылық; 6% және одан жоғары сауын бойынша бейтараптар; 10 - 30% басым қандылар, бейтараптар 30 % және одан жоғары.

Ф.Ф. Эйснер басым қандылықты бағалау үшін, мынадай келесі формуланы ұсынған:

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

Мұнда: Сvд ұрғашыларының өзгергіштігі; Cvм аналықтарының өзгергіштігі.

Бұл әдістер басым қандылықты тек жақсартушы немесе біркелкілік жағынан көрсетеді. Бірден осы екі категорияны есепке алғанда баға толық болушы еді.

Т.Қ. Бексейітов аталық малдың тұқымдық құндылығын асыл тұқымдық құндылық индексі бойынша анықтау әдісін ұсынады, оған қарапайым есеп жүргізу және жақсартатын препотенция және тұқымның бірегейлік сипаттамасы енеді және аталықтардың тұқымдық құндылығының категориясының сапалы градациясын береді:

Қ - А

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru АКИ=

бд

мұнда, АКИ - асыл тұқымдық құндылық индексі

Қ - белгінің ұрғашыларында көрінуі;

А - белгінің аналықтарының сол жасында көрінуі:

бд - ұрғашыларының тобында белгілерінің орташа квадраттық ауытқуы.

Мұндай айырма (Қ - А) аталықтың жақсартушы әсерін сипаттайды, ал бд - белгінің табиғи көлемде өзгермелігінің амплитудасы. Аталық малдың жақсартушы әсері неғұрлым көп болса және ұрғашыларындағы белгілердің өзгермелігі неғұрлым аз болса (ұрпақтары мейлінше біркелкі), аталықтың тұқымдық құндылығының индексі де соншалықты жоғары болады. Бір көрсеткішке тең немесе жоғары болған жағдайда, яғни ұрғашылары даму бойынша аналықтарынан бір сигмаға асып кетсе, онда қошқарды басым қанды жақсартушы деп есептейміз. АКИ бірден 0,4-ке дейін болса, онда қошқарды кең амплитудалы жақсартушы ретінде сипаттайды, ал 0,4-тен кем болса мәнсіз, ол келесі есептерден алынады: қойларға тұқым сапасы бойынша баға беру бойынша нұсқаулыққа сәйкес, жекелеген қой және тексеріліп отырылған барлық қой тұқымы арасындағы орташа көрсеткіш қателіктерден асса ғана айырмашылық дұрыс деп есептелінеді (Қ - А ≥ 2 m), яғни айырмашылық дұрыстығының өлшемі (td) 2 және одан да көпке тең болғанда айырмашылықты нақты дейміз.

Орташа көрсеткіштер қателігі (m) мына формула бойынша есептелінеді:

аталық малдың басым қандылығы - student2.ru

мұнда, б - белгінің орташа квадраттық ауытқуы;

n - бағалау кезіндегі тұқым саны

Формуладан орташа есеппен 25 ұрпақ бойынша бағалау жүргізсе, орташа ауытқу б = 5 m тең, онда асыл тұқымдық құндылық индексі 1 > АКИ ≥ 0,4, оны кең амплитудалы жақсартушы ретінде бағалайды. Аталықтың тұқымдық құндылық индексі 0,4-тен кем және 0-ге тең болса, онда ол оны бейтарап ретінде және 0-ден төмен болса нашарлататын ретінде сипаттайды (51-кесте).

Наши рекомендации