Леуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.

Оғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым

Леуметтік топ және оның түрлері

леуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.

1. Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Біздің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп, дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.

Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б

2. Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы. Әлеуметтік топ үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топқа таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады. Орта топтарды белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар құраса, шағын топтарды өзара тығыз байланыстағы, жүздес, таныс, туыс адамдар құрайды. Топтық құрылымның негізгі екі түрін анықтауға болады. 1) ресми топ мүшелерінің саны мен арақатынастарына олардың арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты анықталатын құрылым, 2) бейресми топ- адамдардың өзара қарым-қатынастарында табиғи түрде, рухани-психологиялық үйлесімдіктер негізінде қалыптасатын құрылымдар. Топтың іс-әрекетін ұйымдастыратын ресми құрылым, бір жағынан, топ мүшелерінің басшылыққа алуға тиісті бұрыннан немесе жоғарыдан бекітілген ережелердің, бұйрықтардың, жиынтығы болса, екінші жағынан, топтың мүшелерінің өз еріктерімен қабылдаған шарттары, талаптары да болуы мүмкін.

Шағын топтардың 8 түрі бар. Олар.

1)диффуздық немесе атаулық топтар-белгілі бір уақытша мақстаттық негізінде құрылған топтар. Мыс, алыс жолға бірге шыққан бір купедегі, автобустағы жолаушылар

2)ассоциациялық немесе уақытша тұрақты топтар-ортақ істіжүзеге асыру үшін жиналған топтар. Мыс, қысқа мерзімге жалданып жұмыс істейтін топ.

3)Корпорациялық топтар-әрқайсысы өз мақсатын басқаларсыз орындай алмайтын, бірақ бір-біріне ешқандай сыйластығы, іштей тілектестігі жоқ адамдардан құралған топтар.

4)Автономиялық топ-ресми құрылымның негізінде ұзақ уақыт бірге тұрақты жұмыс істейтіндердің топтары.

5)Гиперавтономиялы топ-қоғамнан ұзақ уақыт тәуелсіз өмір сүре алатын топ. Мыс, туристік, экспедициялық топтар.

6)Кооперация-ресми және бейресми құрылымдары қалыптасқан саны жағынан қоғамда ең көп тараған топтар.

7)Ұжым- қоғамдық имандылық және адамгершілік тұрғыдан алғанда сапасы жоғары әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасқан топ.

8)Сығымдалған топ-саны жағынан аз, бірақ өзара үйлесімділігі өте жоғары топтар.

3. Қазіргі социологияда көбірек көңіл әлеуметтік стратификация деген ұғымға бөлінеді. Әлеуметтік стратификация деген теорияның негізгі ұғымы "страта”. Страта дегеніміз социологияға геология ғылымынан енген термин. Осы ғылымда жердің қыртысы, қабаты деген мағынаны береді. Социологтар бұл ұғым арқылы қоғамдағы әлеуметтік топтарды белгілейді. Бірақ та страта тап болмайды. Нақты әлеуметтік құрылым қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады.

Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты қабаттарға бөлінуін-әлеуметтік стратификациядеп атаймыз.

Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. ХІХ ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым-қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маңыздысы-таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілі, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылды. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздіксіз жүріп отырды. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі., жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.

4. М. Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын

деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңі бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық , білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б белгілері бар. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар. Олар:

1. Байлық-экономикалық статус.

2. Билік-саяси статус.

3. Мәртебе әлеуметтік статус.

Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатынын айтады. Әлеуметтік тап-өте үлкен топ. Сол тапқа кіретін адамдардың барлығы да бірдейге жақын материалдық, әлеуметік және т.б жағдайлары болуы міндет. М.Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М.Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде дәуірінде пайда болды. Жалпы М.Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типті қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екінші-нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болды. Осы қоғамда нарықтық экономиканың тірегі-капитал. Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болды. Олар, мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті т.б. М. Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа , таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады

Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.

Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.

Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.

Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.

Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?

Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.

Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:

— адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);

— әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.

— мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;

— жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;

— отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.

Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын — олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай “әлеуметтік қауымдастық”, “әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:

1) біріккен әрекет;

2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);

3) топтық бағыттылық пен ережелер.

Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады:

1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар;

2) белгілі бір территорияда — қала немесе ауыл –

3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).

Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.

Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.

Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.

Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.

Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне “бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.

Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.

Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:

1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;

2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;

3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу

үшін жеткілікті болуы қажет.

Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.

Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.

Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:

1) белгілер жүйесі;

2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;

3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.

Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.

Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.

Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.

Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.

Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.

Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.

Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.

Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .

Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.

Біз класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді. Кластың құрылуы – күрделі тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің нәтижесі.

Әлеуметтік қабаттар бұл тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды білдіреді.

Мүдделер – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа да қауымдастықтардың әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.

Әлеуметтік өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас алады – бұл бір-біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.

Әрбір әлеуметтік қайраткер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.

Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.

Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.

Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:

Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;

Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;

Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.

Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.

«Интеллигенция» түсінігі өзінің көпқырлылығы, алуан аспектілігі, ерекшелігі жөнінен отандық қана емес, шетелдің әлеуметтік-философиялық, тарихи, мәдениеттану және әлеуметтану әдебиетінде де жан-жақты зерттелген.

Әйтсе де интеллигенцияға байланысты жарық көрген тарихи, философиялық, әлеуметтану саласындағы еңбектерде «интеллигенция» түсінігіне нақты көзқарас қалыптаспаған. Соңғы онжылдықтарда үлкен таластар тууда. Таластың негізгі себебі - интеллигенцияның мәнінде ғана емес, шеңберінің өсуі, әлеуметтік топ ретіндегі белгілеріне де байланысты. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресс қызметкерлердің интеллектуалдық күштерінің дамуына ықпал етеді. Интеллектуалдық потенциал ой еңбегімен айналысушы қызметкерлердің белсенділігімен анықталады.

«Интеллигенция» концептінің түп дерегі гректің noesis – олардың жоғары сатысындағы сана, түсіну деген сөзде жатыр [37, 14-44 б.]. Сананың ең төменгі сатыларын dianota `(ойдың бейнесі, ойлану) және epissteme (ғылыми білім) біріктіреді [38, 611 б.]. Рим мәдениетінде осы грек концептінің ықпалымен intellegentia сөзі пайда болды. «Интеллигенция» концепті латынның intellegentia терминінен шығып: 1) түсіну, ақыл, парасат, ұғынуға қабілеттілік, танымдық күш; 2) ұғым, идеяны ұсыну; 3) түйсік, сезімдік таным; 4) іскерлік, өнер деген мағына береді. Ішкі мағынасы бойынша бұл сөз «сананың, өзіндік сана-сезімінің жоғарғы сатысы» деген де түсінік береді. Осыдан шығатын қорытындыға сәйкес интеллигент түсінігі латынның intellegens сөзінің шыға отырып: 1) білгір, түсінікті, білімпаз; 2) ақылды, парасатты; 3) білгір, маман [39, 156 б.]. «Интеллигенция» терминін осы мағынасында б.э.д. І ғ. Цицерон, б.э.д. V-IV ғғ. Боэция қолданса, онан кейін неміс классикалық философтары Фихте, Шеллинг, Гегельдер оны одан әрі дамытты [40].

Фихте [41, 461-462 б.] мен Шеллинг [42, 354-355 б.] «интеллигенцияны» адамның еркін болмысы, қызметімен байланыстыра отырып, түсінуге, ойлауға қабілеттілік және оны біртұтас жүзеге асырушы деп анықтайды. Ал Гегель «интеллигенция» ұғымын «әлеуметтендірген»; ол өзінің «Рух философиясында» тарихтағы рухтың өзін-өзі тану идеясын аша отырып, «интеллигенцияның» ғана рухани жағынан ойлау қабілеті бар деген түсінік береді [43, 42-43 б.].

«Интеллигенция» ұғымын зерттеу көптеген ғылымдардың философия, әлеуметтану, тарих, мәдениеттанудың тоғысында жүргізілуде. Бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы ғалымдар интеллигенцияға нақты, қайшылықты емес, мазмұнды анықтама беруде [44, 4 б.].

Ресейде «интеллигенция» ұғымы өз бастауын Петр І кезеңінен бастайды [37, 9 б.]. Ресейді европалық үлгіде модернизациялауға бағытталған реформаларды жүзеге асыру үшін «білімді адамдардан» тұратын жаңа тап керек болса, олар орыстың алғашқы қызметкер интеллигенциясына айналды [45, 87-92 б.].

Ұзақ жылдар бойы интеллигенцияға анықтама беруде таптық көзқарас қалыптасып, оған аралық топ ретінде қарап, жекеше мән берілмеді. Осы уақытқа дейін «интеллигенция» термині Ресейде пайда болды деген түсінік қалыптасқан. Үлкен кеңестік энциклопедияда терминнің авторы сыншы, прозаик және публицист П.Д. Боборыкин деп көрсетілген. Ол 1866-шы жылы орыс тілі мен отандық журналистиканың айналымына неміс классикалық философиясынан интеллигенция сөзін ендірді [46, 311 б.].

Тек Ресейде ғана «интеллигенция» ұғымы қоғамның тағдырына жауапты, оның қалыптасқан әлеуметтік бөлігі ретінде сипатталды. Сондықтан да, «интеллигенция» сөзі латын тілінен енгеніне қарамастан, әлемнің барлық сөздіктерінде «рус.» деген белгімен орыс тарихы мен ұлттық мәдениетінің ерекшелігін көрсететін атау ретінде қолданылады [41, 149-208 б.].

«Интеллигенция» терминін әр елдің ойшылдары, атап айтқанда Гизо, Маркс, Энгельс т. б. қолданған [19,4 б.]. Европалық зерттеуші О.В. Мюллер еңбектерінде де пайдаланылған [47]. Ол Х1Х ғасырда интеллигенцияға әлеуметтік категория ретінде мән берілгендігін айтады. Х1Х ғасырдың бірінші жартысында Батыс Европаның әлеуметтік-экономикалық дамуы интеллигенцияның білім деңгейіне, мүлік қатынасы жағдайына ықпал етті. Бірақ бұның аралық жігі болды. Интеллигенция түсінігін қалыптастыруда оның қоғамда алатын әлеуметтік артықшылықтары, жоғары мемлекеттік лауазымдарға ие болуы да әсер ететіндігін айта келіп, оларға мәдениет, ғылым, білім салаларының ағартушылық, прогрессивті идеясының «жаршылары» деп баға берілді. Сөйтіп интеллигенцияның ерекше әлеуметтік топ екендігін топшылайды.

Соның ішінде кең мағынадағы «интеллигенцияға» анықтама ағылшын тіліндегі Уэбстердің түсініктеме сөздігінде берілген: intellegentia топ ретінде интеллектуалдардың біртұтастығы деп анықталған. Интеллектуал «интеллекті жоғары дамыған адам, интеллектуалдық еңбек адамы» деп түсіндіреді [48, 197 б.]. Сонымен Уэбстердің сөздігі бойынша интеллигенция интеллектісі жоғары дамыған, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдар тобы деп түсіндіріледі. Бұл жердегі анықтамада нақтылық байқалмайды.

В. Дальдың да түсіндірме сөздігінде қысқаша түсінік берілген. Онда «интеллигенция» сөзі өз алдына бөлек қарастырылмаған, оның анықтамасы «интеллектуалды» түсінігімен бір құрылымда берілген. Алайда бұл жерде негізгі сапалық дұрыс белгісі ретінде білімдік аспекті айқындалған. Оның анықтамасы бойынша интеллигенция – «тұрғындардың парасатты, білімді, ойлау жағынан дамыған бөлігі» [49, 46 б.].

Көптеген сөздіктерде интеллигенцияның жолын ұстаушылық, оның мәдениет, өнер және саясат саласындағы рөлі анықталған. Осы бағытта алғашқылардың бірі болып Бракгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде жаңа бетбұрыс жасалған. Оның пайымдауы бойынша, «Интеллигенция – саясат, әдебиет және өнерге деген қызығушылықпен өмір сүретін қоғамның білімді, ақыл қабілеті дамыған табы» [50, 1854 б.]. Берілген осы анықтама бойынша интеллигенция тек мәдениет пен саясатқа «қызығушылықпен өмір сүретін» болып дәйектелген.

«Интеллигенция» ұғымының дамуының келесі кезеңінде – ой еңбегімен айналысуы, кәсіби білімі мен әлеуметтік білімі деген дұрыс белгілері енгізілді. Осы дұрыс белгілері тұрғысында Ожеговтың сөздігінде «интеллигенция» – білімі бар ғылым мен техника және мәдениеттің әртүрлі салалары бойынша арнайы білімді игерген ой еңбегінің қызметкерлері [51, 126 б.].

Ағайынды Гранаттардың сөздігінде «Интеллигенция адамдардың ойлау мәдениеті өкілдерін біріктіретін, олар үшін мамандық білімі және дарындылығы болып анықталатындығын» айтады [52, 59-61 б.]. Шет ел сөздерінің сөздігінде «Интеллигенция ой еңбегімен кәсіби айналысатын және ол еңбек үшін арнайы білімі бар адамдар кіретін әлеуметтік топ», - деп атайды [48, 197 б.]. «Кеңестік интеллигенция» сөздік-анықтамалығында: «Интеллигенция – ой еңбегімен кәсіби айналысатын қоғамның әлеуметтік тобы» деген түсінік берілген [53, 50-51 б.]. Бұл жерде анықтама әлеуметтік аспектіде қарастырылып, интеллигенция әлеуметтік топ ретінде анықталады.

Білімділік, кәсібилік және ой еңбегі критерийлері ретінде әлеуметтік аспект позициясында анықтай отырып, В.И. Ленин интеллигенцияға «барлық білімді адамдарды, ерікті кәсіп өкілдерін, дене еңбегі өкілдерінен айырмашылығы бар ой еңбегі өкілдерін жатқызады» [54, 332-333].

«Русская философия» анықтама сөздігінде интеллектінің дамуын және жоғары маманданған ой еңбегі критерийлерін кішірейтіп, «Интеллигенция- интеллектінің жоғары даму сатысы мен кәсіби білімділікке бет бұрған қызмет атқаратын білімді және ойшыл адамдардың тобы», - деп анықталған [55, 187-188 б.].

Әлеуметтанушы Э.В. Тадевосян: «Интеллигенция – жоғары кәсіби ой еңбегімен көп те емес, аз да емес кәсіби айналысатын және ол үшін қажетті арнайы жоғары және орта арнаулы білімі бар адамдардың әлеуметтік тобы» деп ұғындырады [56, 88-89 б.].

Соңғы анықтамада жоғары және орта арнаулы білімі бар деген жаңа критерий енгізілген. Негізгі дұрыс белгісі ретінде философиялық энциклопедиялық сөздікте «Интеллигенция – ой еңбегімен кәсіби айналысатын (негізінен күрделі) және соған сәйкес жоғары білімі бар адамдардың қоғамдық тобы» деп қарастырылған [57, 210-212 б.]. Бұл анықтамада күрделі ой еңбегімен, яғни, шығармашылық еңбекпен айналысатын деген дұрыс белгі енгізілген.

Концептіні түсініп, пайымдаудағы жаңа бетбұрыс мәдениеттанушы А.И. Арнольдовтың еңбегінен де аңғарылады. Ол интеллигенция түсінігіне: әлеуметтік-мәдени аспект, шығармашылық ой еңбегі, қазіргі ғылыми білім, мәдениеттің күрделі түріндегі шығармашылық сияқты критерийлерді қосады.

Оның анықтамасы бойынша, интеллигенция – «ірі әлеуметтік-мәдени қауымдастық, шығармашылық ой еңбегімен кәсіби айналысатын адамдардың әлеуметтік массиві. Қазіргі ғылыми білім алған, адамдардың айрықша жіктелген, білім жүйесін игерген әлеуметтік, қоғамдық тобы. Бұл оларға білім әлеміндегі мәдениеттің күрделі түрлерін – ғылымда, өнерде, білімде, дінде пайдалануға мүмкіндік береді» [58, 153 б.].

Үлкен Кеңестік энциклопедияда жаңа дұрыс белгісі ретінде мәдениеттің дамыған және кеңінен тараған сапалық ерекшелігі айқындалған: «Интеллигенция – ой еңбегімен кәсіби, әсіресе, күрделі, шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамытып және таратуымен айналысатын адамдардың қоғамдық тобы» [46, 311-314 б.].

Мәдениеттанушы ғалым Ю.С. Степанов Орыс мәдениеті сөздігінде «интеллигенция» концептісін «сана мен өзіндік сананың жоғарғы сатысы» деп анықтайды [39, 610 б.]. Сонымен бұл жерде интеллигенция басқа әлеуметтік қауымдастықтан айырмашылығы бар «өзі түсінетін» таптық жағынан ерекше жеке бірлестік.

Өзінің маңыздылығы жөнінен екінші орын алатын анықтаманы біз Лонгмановскийдің қазіргі ағылшын тілі сөздігінен байқадық: «intelligence – қоғамның құрамындағы жоғары білімді, жаңа идеялар мен жаңа дамулар жөнінде, әсіресе өнер мен саясаттың қамын жейтіндіктен де сонымен айналысатын адамдар тобы» [44, 4 б.]. Интеллигенцияның бұл анықтамасында мәдениет пен саясатқа басты көңіл бөлінген, себебі олар сол салада жаңа идеялардың дамуына ықпал етті.

Интеллигенцияның белсенді рөліне оксфордтық түсіндірме сөздікте терең мән берілген. Онда: «intelligensie – мәдени және саяси белсенділігімен ерекшеленетін интеллектуалдар табы, интеллектуалдық еңбек ететін адамдар табы» деген анықтама берілген [44, 4 б.]. Мұнда тап ретіндегі интеллигенцияның басты рөлін көрсететін сапалық жағына мән беріліп, интеллигенцияның мәдениет және саясат саласындағы белсенділігі айқындалып, интеллигенция мәдени және саяси қайта құрулардың бастаушысы болып саналатындығы сараланған.

Бұл методологиялық анықтама бойынша интеллигенция ағартушылық ар-ожданы бар, халық өмірінде жалпыадамзаттық бастаудың қолданушысы болып анықталады.

Кеңестік әдебиетте интеллигенция таптық әлеуметтік-таптық жік немесе өнегелік мағынада түсіндіріледі. Әлеуметтік-таптық көзқарас бойынша, лениндік нұсқауды негізге алып, интеллигенция ешқандай меншік қатынасына байланысы жоқ, қоғамның негізгі таптарымен тарқап кеткен деген пікірге сүйенеді. Интеллигенция қазірдің өзінде екі жақты қарастырылады: білімі және еңбек түріне байланысты. Бұл - әлеуметтік көзқарас. Интеллигенция өзінің меншік қатынасы болмағандықтан, басқа істерге араласып, таптық құрылымның элементі бола алмайды. Сонымен интеллигенция - бұл таптық емес, әлеуметтік түсінік, басқа әлеуметтік ұлттық, демографиялық түсініктермен қатар түсіндіріледі.

«Интеллигенция» термині «интеллектуалдар» түсінігімен салыстырып қарағанда( европалық Les intellectuels, американдық intellectuals) тереңірек және тар мағына береді. Интеллектуалдар – таза кәсіби топ ретінде басқалармен бірге қоғамдық өндіріспен айналысады, интеллигенция олардың қатарынан шығады, олардың өкілдерінің интеллектуалдық қабілеттері дамуымен қатар, жоғары рухани-имандылық қасиеттерімен, шығармашылыққа ұмтылысымен, және рухани жағынан жетілген, рефлекстік-сыни ойымен ерекшеленеді [59].

Орыс интеллигенциясы мәселелерін зерттеумен айналысатын американдық тарихшылар Джеймс Биллингтон мен Ален Поллард та «интеллигенция» мен «интеллектуалдар» ұғымдарының айырмашылықтарын анықтай отырып, интеллигенция қоғамда өзіндік орны бар ерекше рөл атқаратын ерекше адамдардың тобы деген анықтама береді [60].

Көптеген зерттеушілер, «интеллигенция» сөзінің түп-төркіні орыс тілінен шықты деп көрсетіп, оның “intelligenz”, “intelligence”(ақыл, ақылмен түсінуге, қабілеттілік, эрудиция) және «интеллектуал» сөздерінен айырмашылығы бар деген пікір айтады [61, 68 б.]. Н.А Бердяев та Батыста интеллигенцияны “intellectuels” деп атайтындығын, олардың интеллектуалдық еңбекпен айналысатын шығармашылық адамдары, бәрінен бұрын ғалымдар, жазушылар, суретшілер, профессорлар, педагогтар т.б. екендігін атап көрсетеді. Көптеген орыс ғалымдары мен жазушылырының бәрін интеллигенция қатарына жатқызуға болмайды. Интеллигенция ең алдымен монахтық орден немесе ерекше моралімен сектаны білдіретін өзіндік дүниетанымы бар адамдарға төзімсіз келетін, өзінің ерекше танымы мен дәстүрі, тіптем сыртқы келбетімен де интеллигенттілігі арқылы басқа әлеуметтік топтардан айырмашылығы бар деп топшылайды. [62, 17 б.]. Н.А. Бердяев «Орыс идеясында» интеллигенцияны әлеуметтік тап деп қарастыруға болмайды, ол әлеуметтік идеялар біріктірген, өз сенімі мен көзқарасы жолында түрмеге, каторгаға, өлімге баруға даяр топ, жік деп көрсетеді. Мұндай даярлық интеллигенцияның экономикалық жағынан орнықпағандығымен байланысты болуы да мүмкін. Себебі, олардың жоғалтатын нақты материалдық, экономикалык құндылықтары болған жоқ.

Интеллигенция - бұл интеллигенттіліктің сапалық қасиеттерімен дәнекерленген әлеуметтік қауым. Интеллигенцияның функционалдық қызметтерінің бастысы - жоғары әлеуметтік-гуманистік бастау құндылықтарын интеллигенттіліктің ерекше сапалық қасиеттері ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үрдісі. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін интеллигенттілік өз кезегінде Н.А. Бердяевтің пікірінше, жүйемен, билікпен ешқандай ымыраға келмейтін жоғары мақсатқа қызмет етуді басты мұрат-мақсат санайтын өмірдің мәні еркіндік пен тәуелсіздік рухымен байланысты деп түсінетін адамдар тобы қалыптастырады. Интеллигентілік бұл халықпен біте қайнасу, өзін түсінуге және өзін мақсат жолына дайындау. А.Ф. Лосевтің пікірінше, «интеллигент дегеніміз - бұл жалпыадамзаттық береке мен рахат мүддесі жолында ақиқат пен жақсылыққа қызмет етуші адамдар тобы. Интеллегенттілік философиялық мағынасы жағынан рух пен іс-әрекеттің еркіндігі эстетикасы ретінде анықтай отырып, жалпыадамзаттық игілік мақсатын жасаушы объекті деп айқындайды. Шын мәніне келгенде, бұл дүниетаным қандай да болмасын тарихи кезеңде оның рухани-практикалық негізі кең көлемде алынып, соған сай нақты көзқарасты талап етеді. Интеллигент жаңа дүниетанымның жаршысы және алға бастырушысы, бірақ дүниетаным интеллигенттің өз әрекеті арқылы әлеуметтендірілуі керек. Интеллигент – көкжиектерді ой арқылы алға жылжытатын, қоғамда үстемдік етуші дүниетанымды қайта құруға тырысатын субъект. Ол арқылы қоғамдық қатынастар жалпы игілікке бағыт алып, халық тағдырының күйін білдіру керек.

Сонымен, интеллигенция феноменін танудың басты методологиялық құралы дүниетанымдық әрекет болып саналады.

Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнамада интеллигенция тарихын зерттеушілер үш бағытты атап көрсетеді: халықтық, либералдық («веховтық», «веховтыққа қарсы» болып бөлінді) және маркстік-лениндік. Авторлар Ресей интеллигенциясының қоғамдағы алатын орны мен рөліне басты назар аударды. Осы жылдары мұғалімдер, фармацевтер, теміржол қызметкерлері, оқу орындарының оқушыларының өмірі жайлы жазылған нақты-тарихи еңбектер жарық көре бастады [63, 25 б.].

Халықтық бағыттың мәні интеллигенцияға деген нақты өлшемнің қойылумен тығыз байланысты. Халық мүддесі үшін неден болса да бас тарту, өзін-өзі құрбандыққа қию өлшемнің негізгі көрсеткіші болып саналды. Мұндай бағыт барысында интеллектуалдық қызметтің әлеуметтік-кәсіби белгілері бұрмаланып, интеллигенцияның атқаратын функциялары саяси функция аясына кіріп кетті.

1909 жылы «Вехи. Сборник статей о русской интеллигенции» деп аталатын кітаптың бес басылымы шықты. Осы жылы веховтыққа қарсы бағытталған бірнеше жинақ жарық көрді. Интеллигенция мәселесін және оның мемлекет пен революциялық қозғалысқа қатысуын талдауға әртүрлі саяси топ өкілдері атсалысты.

Ал, либералдық концепция өкілдері өздерінің «Вехи» деп аталатын жинағында халықшылдардың «интеллигенция» түсінігін қалыптастыруда өте саяси мән бергендігін қатты сынады. Веховтықтар интеллигенция анықтамасын қалыптастырудағы халықшылдық бағыт интеллигенцияның әлеуметтік - саяси сапасын анықтайтындығын көрсетеді.

С.Н. Булгаков «Интеллигенция қазіргі заман мен орыс тарихына қатынасын өзінің бағалауына сүйене отырып айқындап, батырлық шақырулар мен батырлық күрес позициясы тұрғысынан келді,- деп жазды [64, 55 б.].

Н.А. Гредескул, веховтыққа қарсы жинақ авторларының бірі өзінің «Интеллигенция в России» жинағында, білімдік-мәдени және кәсіби қызметімен қатар, интеллектуалдық элита ретінде барлық елдерде қоғамның саяси жағынан дамуымен байланысты әлеуметтік-танымдық қызмет те атқаратындығын айтады [64, 238 б.]. Осы төңіректегі таластар веховтықтар мен либералдық антивеховтықтардың интеллигенцияның анықтамасын қалыптастыруда оған әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан дамуында универсалды категория ретінде баға беруінде ортақ пікірге келе бастағандығын байқаймыз [65, 28 б.].

ХХ-шы ғасырдың басында интеллигенцияға «ерекше әлеуметтік-этикалық категория» деген түсінік те берілген. Мысалы М. Туган–Барановский: «интеллигенция» деп тек ой еңбегімен айналысатындарды емес, нақты әлеуметтік дүние танымы қалыптасқан, моральдық бейнесі бар адамдарды атайды. Интеллигенттілік – «сыни ойлай білетін тұлға». Ал, Лавровтың айтуы бойынша «Ол қазіргі қоғамның мәдени дәстүрлері мен ескі-сарқыншақтарына қарсы, теңдік пен бақыт жолында күресуші адам. Интеллигент – революционер, құлдырау мен тоқырауға қарсы, жаңа шындықты іздеуші» [66, 248-249 б.].

Интеллигенция тарихына рухани-әлеуметтік тұрғыда қарау, идеялар тарихы, қоғамдық сананың тууына әсер етті. Мұндай жағдайда интеллигенцияны нақты тапқа жатқызуға болмайды. Сондықтан зерттеуші О.С. Волканованың айтқан осы мәселе төңірегіне байланысты сын-пікірі дұрыс деп есептейміз. Ол «орыс интеллигенциясының феномені ұлттық ойлаумен сәйкес келеді. Ұлттық мінез ерекшелігі ұлттық ойлауға сәйкес келеді. Интеллигенция орыстық болмысты анықтайды, сондықтан көптеген авторлар бұл түсінікті тек орыс интеллигенциясына тән қолдану керек», - деп есептейді [67].

Зерттеуші Н.П. Гордеевтің пікіріне жүгінсек, «Ойлау әрекеті бойынша, адамдар ғылыми, көркемсурет мектептері, ұстанған бағыттары, жасаған іс-әрекеттер төңірегінде біріге алады», - деп есептесе, Р.В. Иванов-Разумник: «Жаңа идеалдар мен ұғымдарды өмірде жүзеге асыруды жеке тұлғаның қоғамдағы шығармашылық статусын қалыптастыруда дене және ой еңбегіне қарай бағыттау қажет», - деп жазады [68, 80 б.].

М.А. Славинский интеллигенцияны таза мәдени құндылықтармен қатар ұлттық азаматтық пен саяси ұстанымдардың түрлері қалыптасатын «интеллектуальды лаборатория» деп атайды [69, 232 б.]. Оның концепциясы бойынша: «Интеллигенциясы қалыптасқан халықты ғана ұлт деп есептеу керек», - дейді. Ол интеллигенция - өз халқының ұлттық санасын қорғаушы деп санайды. М.А. Славинскийдің бұл концепциясының қазіргі зерттеушілер пікіріне кереғар келетінін аңғаруға болады.

Интеллигенция гуманистік мәдениет және оның қоғамға әсері, шындық әділдік, бостандыққа ерекше мән береді.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де, В.И. Ленин мен оның соңынан ерген жақын әріптестерінің еңбектерінде интеллигенцияға байланысты маңызды теориялық-методологиялық мәні бар ой-пікірлер ерекшелене бастады. Мұны кейінірек кеңестік қоғамтанушы ғалымдар интеллигенцияға байланысты маркстік-лениндік концепцияның негізі ретінде қолданды.

В.И. Ленин интеллигенция жайлы «...ол арнайы экономикалық тап емес... қазіргі капиталистік қоғамның ерекше тобын құрайды», - деп айқындайды [70, 209 б.]. «Егер... жалпы қоғамдық барлық топтар қоғамдық таптармен үйлес келсе, немесе ол таптарға қосылса ғана нақтылы күшке айналады десек, онда тегі «сословиесіз интеллигенция» нақтылы қоғамдық күш болмаса керек», - деген Струвенің пікірі дұрыс деп көрсетеді [71, 466-467 б.]. Интеллигенцияның ерекше жағдайы сонда, ол басқа таптардың ортасында ерекше жағдайда болады деп негіздейді [72, 225-226 б.]. В.И. Ленин сонымен бірге «бізде либерализмі тұрпайы халықшылдықтан, солқылдақтық социализмнен мүлде дерлік тазарған жаңа интеллигенция қазірдің өзінде пайда болып келеді», - деп пайымдайды [73, 375 б.].

Большевиктер көсемінің пікірі бойынша, «мамандар ғылым мен техника өкілдері сол сияқты сауда ісінде ірі кәсіпорындарды ұйымдастыру, шаруашылық операцияларды бақылау ісінде және т.с. практикалық қызметі арқылы тәжірибе жинақтап, білім алған адамдар», - деп атап көрсетеді [74, 367 б.].

Наши рекомендации