ПӘнніҢ академиялыҚ саясаты

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих, археология және этнология факультеті

Азақстан тарихы кафедрасы

Тарих, археология және этнология факультеті Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді № 1 хаттама « » 08. 2016 ж. Факультет деканы __________ Ноғайбаева М.С.
 

B070300 - Ақпараттық жүйелер», «5B070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «5B070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу», «5B060200 – Информатика» мамандықтары

Бойынша білім беру бағдарламасы

СИЛЛАБУС

МК Міндетті компонент

«ККZT 1101» - «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»

1 курс, қ/б, семестр – күзгі, 3 кредит

Дәріскер:

Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлы, PhD доктор. телефондары:3373338, 12-86 (12-87),

e-mail: [email protected], каб.: 413

Оқытушы (практикалық сабақтар):

Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлы, PhD доктор. телефондары:3373338, 12-86 (12-87),

e-mail: [email protected] , каб.: 413

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

Бұл пән Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы мен көп қырлылығын, тарихи маңызын қарастырып, қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізін студентке түсінуге көмектеседі. Сол себепті, мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болғандықтан, барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген.

Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

1. Өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;

2. Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

3. Қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;

4. Күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру;

5. Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау.

Пререквизиттері: Бұрыннан оқытылатын мектеп бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих.

Постреквизиттер: Мәдениеттану, философия, саясаттану және әлеуметтану.

Пәннің құрылымы
Апта Тақырыптың атауы Сағат саны Максималды балл
1 Модуль. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары
1-дәріс. Кіріспе. 2-дәріс. Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар. 1-практикалық сабақ.Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.        
3- 4 дәріс. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары 2 практикалық сабақ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы        
5- 6 дәріс.Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес. 3 практикалық сабақ. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және білім. 1 СОӨЖ. Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж. Баласағуни және т.б.).        
2 Модуль. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары
7-8 дәріс.Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық». 4 практикалық сабақ.Қеңестік биліктің ауыл шаруашылығын басқарудағы проблемалары    
9-10 дәріс. Қазақстандағы шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар . 5 практикалық сабақ. Қазақстанда білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.    
11-12 дәріс.Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері. 6 практикалық сабақ.Мәдени және рухани өмір: жетістіктер мен қайшылықтар. 2 СОӨЖ. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау (Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т.б.).          
3 Модуль. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік –экономикалық дамуы
13-14 дәріс. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. 7 практикалық сабақ.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары. № 1 АБ. (Аралық бақылау)      
MT (Midterm Exam)  
15 - 16 дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі. 8 практикалық сабақ.Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.        
17- 18 дәріс.Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер. 9 практикалық сабақ.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. 3 СОӨЖ.ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжирибе нәтижелері.            
19- 20 дәріс.Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы. 10 практикалық сабақ.Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.        
4 Модуль.Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар
21 -22 дәріс.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және рухани жаңарту. 11 практикалық сабақ.ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауларындағы тарихи сабақтастық. 4 СОӨЖ. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.      
23-24 дәріс.Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру мен жастар саясаты. 12 практикалық сабақ.Қазақстан – 2050 стратегиясы: қоғамдық саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыты.    
    25- 26 дәріс.«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы. 13 практикалық сабақ.ҚР жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Патриотизмге тәрбиелеу тетіктері.    
27 -28 дәріс. Қазақ елінің Ұлы Дала өңіріндегі мемлекеттермен сабақтастығы. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығы. 14 практикалық сабақ.Қазақ қоғамының ортақ идеясы – Мәңгілік ел. 5 СОӨЖ. Қазақстанның ғылым, білім, мәдениет саласындағы негізгі даму бағыттары.          
29 -30 дәріс.Қазақстан – әлем мойындаған ел. Қорытынды. 15 практикалық сабақ.Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны.  
  № 2 АБ. (Аралық бақылау)  
  Мемлекеттік Емтихан (МЕ)  
  Барлығы  

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1.Движение Алаш. /Сборник документов и материалов./Алаш қозғалысы. /Құжаттар мен материалдар жинағы 1905-1917 жж./. 1-4 тт. - Алматы, 2004, 2005, 2010.

2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011.

3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.

5. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2016.

6. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие. – Астана: Zhasyl Orda, 2015.

7. Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

Қосымша:

1. Алашорда. Фотоальбом. – Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2012.

2. Омарбеков Т.О. Голодомор в Казахстане. Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

3. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2050. Новый политический курс состоявшегося государства. Послание Президента РК народу Казахстана. 14 декабря 2012 года. - Алматы, 2012.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. 16 желтоқсан 2014. http://www.akorda.kz

6. Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие. Послание Президента РК Н.А.Назарбаева народу Казахстана. 30 ноября 2015 года. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. Алматы, 2015.

7. Размышления у подножья Ұлытау. Интервью Президента РК Н.А. Назарбаева агенству «Хабар». КазИнформ, 2014. http://www.akorda.kz

8. Қазақстан тарихы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012

9. Рысбекова С. Т. Социальная модернизация традиционного общества в Казахстане (1920-1936 гг.). – Алматы: «Арыс», 2013.

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - тен кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады (себепті жағдайда).

Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны офис-сағаттарында таба аласыз (СОӨЖ).

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F 0-49 Қанақаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P (Pass) - - «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP (No Рass) - - « Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU (Audit) - - « Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт-ған   30-60 50-100 Аттестатталған  
Атт-маған   0-29 0-49 Аттестатталмаған  
R (Retake) - - Пәнді қайта оқу

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

№ _1__ хаттама «__» __08__ 2016 ж.

Наши рекомендации