Практикалық сабақ 4

1. Лексикалық тақырып: Эканомика: Ішкі және сыртқы сауда.

2. Грамматикалық тақырып:Болымсыздық категориясы.

Грамматикалық анықтағыш:Болымдылық және болымсыздық категориясы

Болымдылық және болымсыздық категориясы — іс-әрекеттің болуы я болмауы туралы хабардар ететін етістіктің формалары. Болымдылық етістіктің түбір, туынды және күрделі формалары арқылы беріледі (айт, көмектес, бере сал), болымсыздық сол формаларға арнаулы -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары жалғану арқылы жасалады (айтпа, көмектеспе, бере салма). Етістік негіздеріне жалғанатын езге формалардың бәрі де (есімше, көсемше, рай,жіктік жалғаулары) осы болымсыз түр қосымшасынан кейін қолданылады (айтпаса, айтпаған, айтпас-ты т. б.). Болымсыздық қосымшасы стильдің талабына сай күрделі (аналитикалық) етістіктердің біреуіне ғана жалғанып та болымсыздық мән бере береді (алмай қойды, ала қоймады, таба қоймады т. б.). Күрделі аналитикалық етістіктердің жетекші етістігіне де, көмекші етістігіне де болымсыздық қосымшасы қатар жалғанатын болса, болымсыздық мән жоғалып, керісінше іс-әрекеттің орындаушысы арқылы табандылықпен іске асқаны көрсетіледі (алмай қоймады, таппай қоймады). Болымсыздық мән етістіктің есімше формаларына -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек, -қан, -кен, -ған, -ген, -атын, -етін, -йтын, -йтін қосымшалар және емес, жоқ сездері тіркесу арқылы да беріледі (барар емес, барған жоқ, алатын емес т. б.). Болымсыздық

Есімдіктері де сөйлемде бастауыштық, анықтауыштық,пысықтауыштық қызметтің бірінде келіп, болымсыздық мәнді айқындай түседі (ешкім келмеді, ешқандай болмай шықты, ешбір жұмысты істемеді т. б.). Болымсыздық категориясы

Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғапарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес граммат. жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес, кейде емен көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматика категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:

бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды;

1. тікелей жіктелмейді;

2. сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есміше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.

Болымсыздық қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістіккежалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістіккебірдей жалғанса, онда ол болымдылық мәнді білдіреді де әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б

Наши рекомендации