Салық салу элементтері және олардың сипаттамасы

Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар: салық субъектісі; салық объектісі; салық көзі; салық мөлшері; салық жеңілдіктері; салық ставкасы; салық кезеңі; салықты есептеу тәртібі; салық есептілігі; салық төлеу тәртібі.

1. Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.

2. Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. осы аталғандардан салық төленеді.

3. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл-жалақы, кіріс, дивиданттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау. Салық көзі-салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаражаттары. Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде – ұлттық табыс қатысады. Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар: табыс; қор және жинақ; өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда, қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда; қарыз қаражаттары.

4. Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді. Салықтың шекті мөлшері-табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы. Салықтың жеңілдік мөлшері-оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды. Мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және т.б. Салықтың орташа мөлшері-салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Ал, нөлдік салық мөлшері-салық төлеуден босатылады. Мысалы, ҚҚС-да нөлдіік ставка бойынша салық төлеушілер бар.

5. Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Яғни, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болады: Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер. Салық объектілері бойынша жеңілдіктер. Салық базасы бойынша жеңілдіктер. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Қазіргі кезде кең тараған салық жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, олар үш топқа бөлінеді.

• Алып тастау – салық салудың жекелеген объектілері салық салудан алынып тасталады.

• Жеңілдектер – салық базасын қысқарту

• Босату – салық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер.

6. Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулердің шамасын білдіреді. Салық салу обектісіне пайызбен бекітілген салық мөлшері. Салық ставкасы – салық өлшемі ретінде қарастырылады. Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады. Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

7. Салық кезеңі – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуі тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі. Көптеген салықтар үшін салық кезеңі-күнтізбелік жыл болып саналады. Сонымен қатар мынадай салық кезеңдері бар: бір күндік; он күндік; айлық; тоқсандық; жылдық. Жеңілдік кезеңі – салық бойынша заңмен бекітілген жеңілдік берілген уақыт мерзімі.

8. Салық есептеу тәртібі: Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

• Бірінші – салық салынатын объектіні есепке алу;

• Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу;

• Үшінші – салық ставкаларын қолдану;

• Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану;

• Бесінші – салық сомасын есептеу.

9. Салық есептілігі – салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама. Салық есептілігенде салық объектілерін анықтауда және салық базасын есептеуде, негізінен екі әдіс қолданылады: есептеу әдісі; кассалық әдіс. Есептеу әдісі – табыстар мен шегерімдер жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде, сатып алушыларға тауарларды жеткізген кезде есепке алынады. Кассалық әдіс кезінде салық базасы табыстар мен шегерімдер салық төлеушілердің орныдалған жұмысына, көрсетілген қызметтерде, сатып алушыларға тауар тауар жеткізуде нақты төлем төленген кезде есепке алынады.

10. Салықты төлеу тәртібі – салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже. Салық ақшалай нысанда болса, онда салық төлеуші салықты ақшалай нысанда төлейді. Ал, салық таууарлы-заттай нысанда болса, онда салық заттай төленеді. Салық міндеттемелерін орындауға жауапты тұлғаларға байланысты, салық төлеудің екі әдісі қолданылады:

• Дербес табыстау жолдары;

• Мәжбүрлеп алу жолдары.

Тікелей және жанама салықтар(олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар)

Жанама салықтар, тауардың бағасына енгізіледі. Жанама салықтар салық төлеушілердің пайдасын (табысын) пайдалану үдерісімен байланысты салынады. Олардың салық төлеушініңэкономика әлуетімен (табыс әкелуге қабілетімен) байланысы жанама түрде болады. 3 түрге бөлінеді: мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтар, тұтыну салығы менкеден бажы.Алғашқы түрге қосымша құн салығы жатады.Екінші түрге акциздер, жанар жағармай сатуға салынатын салық, тағы басқалар жатады.Мүлік және тұтыну салықтарына, сондай-ақ мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтарға салық органдары өкім жүргізеді. Кеден бажын алуды кеден органдарыреттейді.Заң жүзінде салықтардың бұл санаты шаруашылық жүргізуші субъектілерге енгізіледі, бірақ олар технология тізбек бойынша тұтынушыларға аударады. Соның салдарынан барлық жанама салықтарды ақырғы төлеуші, ақырғы тұтынушы – жұртшылық. Сондықтан төте салықтардан өзгеше түрде жанама салықтар көбінесе тұтынушылардың мүліктік дербестігіне тікелей сай келмейтін көпшілік қолды тұтыну заттарына салынып, ауыртпалығы, әсіресе, халықтың кедей табына түседі және олардың көлемі төлемшілердің қаражатына кереғар келіп жатады. Салық төлеушінің табысымен немесе мүлкімен байланысты емес, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін салықтар. Қосылған күн салығы мен акциз, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер (кеден баждары, экспорт пен импорт салықтары түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта еткізілетін тауарлар бағасындағы және олардын фактуралық құны арасындағы айырма) жанама салықтарға жатады.Тікелей салықтар - салық төлеушінің табысы немесе мүлкінен тікелей алынатын салықтар. Корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, көлікқұралдары салығы, мүлік салығы тікелей салықтарға жатады.

Наши рекомендации