Мұхамеджан Тынышбаев 8 страница

Дағдарыстың себебі өте көп болды.

Саяси саладағы белгілері:

1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.

2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.

3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.

4. Заңдылықтың бұзылуы.

5. Жариялылықтың болмауы.

Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:

- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.

- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.

- Бақылаусыз басқару аппараты.

- Инфляция.

- Товар зәрулігі.

Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:

- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.

- Теңгермешілдік.

- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.

- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.

- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.

- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.

Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.

Қайта құру бағыты.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру мен жариялылық.

3. Төрешілдікке қарсы қүрес.

4. Халықтық реформа жүргізу.

5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

52. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

53.Кеңес одағының ыдырауы.ТМД-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.

1991жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРО-ның ыдырауы еді.Желтоқсанның 8-і күні Минскіде бас қосқан 3 славян мемле-нің басшылары өзара келісіп, 1992 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялады.Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСР Одағының халықаралық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысынан өзінің өмірінің өмір сүруін тоқтатқандығын мәлімдейміз деді.Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, одақтық органдар-ң жұмысын тоқтатқандығы да атап көрсетілді.1991ж 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақс-ң жетекшілері бас қосты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді.Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы-Кеңес Одағы құлады.Соның нәтижесінде АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН БЕЛАРУСЬ ГРУЗИЯ ҚАЗАҚСТАН ЛАТВИЯ ЛИТВА МОЛДОВА ӨЗБЕКСТАН ТӘЖІКСТАН УКРАИНА ЭСТОНИЯ мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. ТМД-ның құрылуы.Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар-АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНАбасшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.Бұл жолы одақсөзі достастық сөзімен алмастырылды.Алматыдағы кездесудің нәтижесінде ТМД дүние келді. Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай «АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНА РЕСПУБЛИКАЛАРЫтең құқылы негізде және жоғары дәрежеде Келісуші ретінде ТМД-ғын құрды.» Хаттамаға аталған Республикалардың басшылары қол қойды.

1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты.Дүгниежүзіндегі және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың бүлігі оны ұйымдастырушылардың жеңілуі, КСРО ның өмір сүруін тоқтатқандығы ТМД құрылуы осының бәрі Қазақстанның да тәуелсіздігің жариялануын тездетті.1991ж 16 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңы қабылданды.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғаммен мемлекет құрылымындағы күрделіқұбылыс – тіл мәселесі болып табыладыүТіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарды, оның рухани мәдениітінің бір бөлігі болып табылады, сондықтанда тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мәжілісінде жасаған «Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы» баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын әңгімелеп, оны одақтық деңгейде мәселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мәселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді /2/. Алайда, ХХ ғасырдың 20-жылдары ортасынан бастап халықтардың тең құқықтығының принциптері, КСРО-дағы ұлттардың өз мәдениеті мен тілін дамыту құқығы шектеле бастады. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді. Заңсыздық пен зорлық-зомбылық көп ұлтты мәдениетке орасан зор нұқсан келтірді, мұндай келеңсіздікке қарсылық білдірген зиялы азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, көбісі ату жазасына кесілді. Тіл мәселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нәтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылданды.1920-1930 жылдар Қазақстан ғылым-ң қалыптасқан кезеңі болды.Өлкенің тарихы. Этнологиясы экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секциялары-ң жұмысына Асфендияров,Затаевич , Қ.Жұбанов , А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов М.Жолдыбаев және басқа көрнеекті ғалымдар атсалысты.1935 жылы Геология және тарих секторлары құрылы.1932 жылы КСРО ғылым акадмиясын Қазақстанда құру жағдайы жасалды.ХХ басында қазақ әдебиеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Азғана тарихи уақыт ішінде 200-ге жуық кітап жарық көрді.Орыс жазушыларының шығармалары аударылды.Бұрын соңды қазақ әдебиетінде болмаған жанрлар-романдар повестер новеллалар п.б Кеңес билігінің орнауы коммунистік идеологияға сай көркемөнердің орнығуына жол ашып берді.Орынборда Семейде Оралда Ақмолада және басқа қалаларда клубтар, халық үйлері, драма,театрлар п.б 1926 ж қаңтарда Қызылорда республикада алғашқы қазақ ұлттық театрі ашылды.Алғашқы премьералар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» «Абай» Мүсірепоовтиың «Қозы көрпеш –Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды.Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңызаралық жетістіктерге жетті.1937 академиялық драма театры болып қайта құрылды.1933 ж Алматыда ұйғыр музыкалы театрі , 1937 жылы Қызылорда дада корей театрі,Шымкентте өзбек,Петропавлде татар театрі бой көтерді.1935 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясы құрылды.Оны композитор Ахмет Жұбанов басқарды.Сонымен қатар опера және балет театрі , Бейнелеу, Кино өнері .Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындыссы «Амангелді» көркем фильмі 1938 «Ленфильм» киностудиясында түсірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды.

55.ҚР- ның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты.

Жас тәуелсіз ҚазақстанHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.

56.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны(1949-1991)

Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Арал теңізінің суы үш есе азайып 80 шақырымға дейін ығысып, деңгейі 49м лік белгіге дейін төмендеді.Одан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден ластады, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін егінді тұздандырды.Арал өңірінің шаруашылығы қатты зардап шекті . Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмысынан айырылды.Халық тұрмысы мейліннашарлады. Соның салдарынан адам-ң денсаулығына зиян келді.Өкпе , ентікпе аурулары көбейіп балалар өлімі күрт артты.

1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды.Семей облысында орналасқан атом полигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілер-дің ішіндегі ең ірілерінің бірі болды. Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигоны жұмыс істеп тұрды.Ресм мәліметтер бойынша Семей полионында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 кт –ға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалды.Кеңес еліндегі ядролық қару сынақ-ның 70 пайызға жуық Семей полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орынардың саны 300-ге жетті. Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

Наши рекомендации