Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері

Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мем­ле­кет­тік­­ қа­рыз­дар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.

Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:

Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері - student2.ru

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз ва- лютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу­ мез­гі­лі­ бой­ын­ша:­ қыс­қа­ мер­зім­ді (бір жылға дейін), ор­та­мер­зім­ді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ­ мер­зім­ді­­(5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Ор­на­лас­ты­ру­ ор­ны­ бой­ын­ша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады.­ Ор­на­лас­ты­ру­ әдіс­те­рі­ бой­ын­ша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.

Эми­те­нт­ке­ қа­рай қарыздар ор­та­лық­ үкі­мет­тің­ қа­рыз­да­ры­на­ жә­не­ би­лік­тің­ жер­гі­лік­ті­ ор­ган­да­ры­ның­ қа­рыз­да­ры­на ­(му­ни­ци­пал­дық­ қа­рыз­дар­ға)­ ажыратылады.

Та­быс­ты­лық­ түр­ле­рі­ бой­ын­ша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облига- циялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мем­ле­кет­тік­ іш­кі­ қа­рыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қа­зақ­стан­ Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ­мем­ле­кет­тік­ іш­кі­ ұтыс­ қа­ры­зы­ның­ бо­на­ла­ры шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.

1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мем­ле­кет­тік­ іш­кі­ қа­ры­зы­ның­ ұлт­тық­ жи­нақ­ об­ли­га­цияла­рын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.

Шартты мемлекеттік кредитте ке­піл­дер­ мен ке­піл­гер­лік­тер ны­сандар­ болып табылады.

Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.

Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мем­ле­кет­тік ­қа­зы­на­шы­лық­ мін­дет­те­ме­ле­рі ­(МҚМ ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға – коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзімге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министрлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы (номи-налды) құны мен дисконттық бағасы арасындағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюнктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.

МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері – МҚМ - ның табыстылығы – инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түсуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ өзгеше «қаржылық пирамида» болды, ол мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолдаудың арқасында орнықтылығын сақтайтын.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін ха­лық­тың­ мем­ле­кет­тік банк­тер­де­гі­ са­лым­да­ры­ бой­ын­ша­ қал­дық­та­ры­ның ­бір ­бө­лі­гін мем­ле­кет­тік­ қа­рыз­дар­ға­ ай­нал­ды­ру – мемлекеттік кредиттің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойын-ша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болады.

Мемлекеттік кредиттің қисынды нысаны – бұл ел­дің ор­та­лық­ эмис­сия­лық бан­кі­сі­нің­ қа­ра­жат­та­рын­ тар­ту­ болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағ-дайда) ұзаққа созылуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысанда-рын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.

Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қара- жаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табы- лады. Кредиттің бұл нысаны мем­ле­кет­тік­ (қа­зы­на­шы­лық)­ не­сиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайында қолдауға арналған.

Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы орган-дардың қарыз алуы және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгі- ленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары карастырылған;

1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;

жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2.­Не­сие­ ка­пи­та­лы­ның ­ры­нок­та­ры ­бой­ын­ша ­мемлекеттік қарыздар:

сыртқы мемлекеттік қарыздар;

ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.

3. Қарыз­ алу ­ны­са­ны ­бой­ын­ша ­мем­ле­кет­тік ­қа­рыз­дар:

мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.

4.­Мем­ле­кет­тік­ эмис­сия­лық­ ба­ға­лы ­қа­ғаз­дар­ қол­да­ны­лу­ мер­зі­мі­ бой­ын­ша :

айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;

айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлі-неді.

5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:

бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;

борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.

Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).

Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мем­ле­кет­тік­ бо­рыш­ты­ бас­қа­ру­ әдіс­те­рі­ де­жатады (ары қарай қараңыз: жаң­ғыр­ту,­ мер­зім­ді ­ұзар­ту,­сәй­кес­тен­ді­ру,­ қайта­ қар­жы­лан­ды­ру).

Мем­ле­кет­тік­ қа­зы­на­шы­лық­ мін­дет­те­ме­лер­де­ мы­на­лар­ әдіс­тер болып табылады: дис­конт­тың ­мөл­ше­рі, ­ке­сіп­ тас­тау ­ба­ға­сы**,­ көр­се­ту­лі ­құ­ны ­бой­ын­ша ­МҚМ­-ды ­өтеу, ­өтеу ­мер­зі­мі, ­аук­ци­он­дар­ды­ өт­кі­зу­дің­ тәр­ті­бі­ (ре­ті).­

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде – мұндай пайдаланудың шарттары әдістер болып табыла- ды: мем­ле­кет­тің­ қар­жы­лық ­ре­су­рс­та­ры ­ре­тін­де ­тартылатын­ ре­су­рс­тар­дың ­үле­сі, ­қайтару ­мер­зі­мі, ­та­быс­ты­лық­ нор­ма­сы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары – әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.

Наши рекомендации