Азақ би- шешендері мен ақын- жыраулардың рухани мұралары

1.Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы себеп болды.

Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады.

Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізді

Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).

2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.

1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығына қарсы Жетісуға жорыққа аттанды, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен Қаратау өңірін басып алды.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

2.XVI-XVII ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).

Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты.

1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді.

Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.

XVI ғ. хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады.

Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды.

Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.

Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды.

Тәуекелден соң Шығайұлы Есім хан (1628-1645) хандық билік жүргізді. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Ол көрші елдерде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған.

Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.

1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинап құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады.

Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.

Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болып, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді

(1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты мәміле айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.

1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.)

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жетік білген патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уәли хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.

(Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805-1809 жж.) сайланады. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.)

Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады.

3. шешендерді ханнан бетер бағалаған.

Өйткені, шешендік сөздер - өнердің шыңы Қазақ - табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ халқы ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші - жыршыларды айрықша құрметтеген. Тілі өткір, ойы салиқалы шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. Халық тура билік айтқан ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс - тіршілігінде аса маңызды роль атқарған.

(Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.)

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII - XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV - XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шалкиіз, Бұхар (XV - XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV - XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Ұлттың тарихи дәстүр түрлерінің бірі – әйгілі жыраулар айтқан қазақ толғаулары. Қазақ жыраулары – Ақтамберді, Үмбетей, Шалкиіз, Қожаберген, Бұқар, Жиембет, Доспамбет жыраулары – қазақ халқының ерлік кезеңінің өкілдері болды және өз шығармаларымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясының қалыптасуына жәрдемдемдесті. Халыққа олар ерекше тұлғалар болып көрінді, бұл шын мәнінде де солай, өйткені жыраулар көреген деп есептелді, олардың айтқаны кейде хан билігінен де жоғары тұрды. Олардың шығармаларында ғасырдың аса маңызды оқиғалары сөз етілді, аңызға айналған тұлғалар, әскербасылар және басқалары туралы айтылды.

Асанқайғы Сәбитұлы (XIV-XV) Еділ бойында дүниеге келген. Халидұлы Құрбанғали өзінің “Тауарих хамел” атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Асанқайғының “Жерұйық” іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.

Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

Қазтуған жырау Сүйінұлы шамамен 15 ғасырдың 20–30 жылдарында Еділ бойында өмірге келген. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Қазтуған – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик ақын болған. Қазтуған өз артына өмір туралы, ата мекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырды.

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленұлы 1465 жыл шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді.

Шығармаларына қарағанда, ол бірде әскери жорықтар санында, бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады. Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз Ноғайлыда XVI ғасырдың 40-жылдары басталған Жүсіп пен Исмаилдің әйгілі тартысы кезінде Жүсіп жағын жақтайды.

Алайда, дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді. Шалкиіз бір ғасырға жуық жасап, 1560 жылдарда қайтыс болды деп шамаланады.

Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан сәтінде Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді.

Жиембет жырау (XVII ғасыр) Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады.

Қожаберген жырау (1663-1763 жж.) – әрі ел қорғаған батырболған. Қожаберген Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағын әзірлеуге белсене қатысты. Қожаберген «Елім-ай» дастанында қазақтардың ауыр кезеңін суреттейді.

Бұқар жырау(1668-1781) қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі ол шамамен 1668 жылдары туады. Тәуке тұсында хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болған.

Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.) – жауға, жоңғар басқыншыларына қарсы өліспей беріспейтін шайқасқа шақырған халық жаршысы, өз шығармаларында ол қазақ халқының бейбіт және еркін өмір туралы, әлеуметтік қайшылықтар жойылып, халықтың ізгі үміті орындалатын заман туралы арман білдіреді.

Үмбетей жырау (1706-1778 жж.) – Қазақ хандығының ең ауыр соғыс заманын суреттеді. Жаугершілік заманына тұстас келді. Үмбетей батырлық өлеңдерінде батырлардың қайраты мен ерлігін, халықтың елдік рухын жырлайды, ал батырлар мерт болған кезде, олардың есімдері азат етуші ер туралы жоқтау өлеңде мәңгілікке қалдырған. Үмбетей өз толғауларында даланың қоғ.-саяси өмірін жеткізеді. Бөгенбай батырдың өлімін Абылай ханға естіртудің жауапты міндеті Үмбетей жырауға жүктелді.

Тәтіқара ақын (XVIII ғасыр) Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында туып-өскен. Ақын кедей ортадан шығады. XIX ғасырдың орта шенінде қазақ халқының басынан өткен ұрыс-соғыстарға қатардағы жауынгер ретінде қатысқан Тәтіқара көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, жұрттың рухын көтеретін үлкенді-кішілі жырлар айтумен қатар, өз жанынан күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиындықтарға мойымауға, ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған.

Жанкісі Би (XIX ғасыр) XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың алғашқы жартысында жасады деп шамалауға болады. Ақын Арқада туып-өскен және өз заманының ділмар билерінің бірі болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында, аумалы-төкпелі заман кезінде Қоқан билігіндегі Сыр бойына қоныс аударған сияқты. Ел аузында Жанкісінің қоқандықтар қолынан өлгені және өлім арты құн даулаған үлкен толқынысқа ұласқаны туралы дерек сақталған.

19 ғасырда ақын-жыршылардың белсенділігі арта түсті. Бұл дәуірдегі Махамбет Өтемісұлы(1804-1846),Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жаршысы және ту көтерушісі болды, жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. Сүйінбай Аронұлы (1827-1896), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды.

Әдебиеттер:

1.ІХ–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы. А.,1971.

2.Е.Е.Тілешов, Г.П.Әріпбек. Алаштың ардағы:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Астана:"Руханият", 2010ж

3.С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячилетий. А., 1992

4.Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992

5.Л.Гумилев. Көнетүрiктер. А., 1992

6.Қ.Салғарин. Қазақтыңқилытарихы, А., 1993

Наши рекомендации