Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989.
Бартольд В.В. Кыпчаки // Сочинения. Том V. Москва, 1968.
Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
Плетнева С.А. Половцы. Москва, 1990.
9-тақырып. Қарақытайлар. Наймандар, керейіттер,
Жалайырлар.
Жоспар: 1. Қарақытайлар Жетісуда.
2. Найман, керейіт және жалайыр ұлыстарының құрылуы.
3. Шыңғыс ханның наймандар мен керейіттерді
бағындыруы.
Қарақытайлар Жетісуда. 1125-жылы Орталық Азиядан келген қарақытайлар Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына әскери-саяси ықпалын орнатты. Қарақытайлар Орта Азияның егіншілік аймақтарындағы қалалар мен қоныстарды қиратпай, тұрғындардан салық жинаумен шектелді. Жергілікті жерлерде бұрынғы әулеттер өкілдерінің билігі сақталды. Қарақытай гурханының ордасы Баласағұн түбіндегі Ғұз-ордада орналасты. Жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің ерекшелігі – гурхан тағына отыруға әйелдер де құқылы болды. Мәселен, 1143-жылы Елюй Дашы гурхан дүние салғаннан кейін қарақытайларға оның жесірі Табуян билік жүргізген. ХІІ ғ. аяғында қарақытайлар Ауғанстан жеріндегі гурид билеушілерінен жеңіліске ұшырады. ХІІІ ғ. басында Хорезм, Бұхара және Самарқанд билеушілері гурханның үстемдігіне қарсы күресті. Нәтижесінде қарақытай гурханы Мауараннахрды хорезмдіктерге қалдырып, Қашғарға шегінді. Көп ұзамай, қарлұқтар найман тайпаларымен одақтасып, Қашғар шегінде гурхан Чжилугуды қолға түсірді. Қарақытайлардың иеліктерінде Күшлік хан бастаған наймандардың билігі орнады.
Найман, керейіт және жалайыр ұлыстарының құрылуы. Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ерте феодалдық мемлекеттерінің Қазақстан тарихына қатысты жақтары бар. Найман тайпалары VIII ғ. Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында «сегіз-оғыз» деген атаумен пайда болды. ХІ ғ. наймандар Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі аумақты мекендеді. Керейіттер ХІ ғ. соңында Тола, Онгын өзендерінің аңғарында, Орхон өзенінің орта ағысы ауданында қоныстанды. Жалайырлар ХІІІ ғ. басында Орхон өзенінің Селенгаға құятын сағасы маңында мекендеген. Деректерде керейіттер мен наймандардың көшпелі тайпалармен ғана емес, отырықшы Таңғұт және Ұйғыр мемлекеттерімен саяси-мәдени байланыстар жасағаны туралы мәліметтер бар. Наймандар мен керейіттердің билеушілері ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінін, ұйғыр жазуын қабылдады.
Шыңғыс ханның наймандар мен керейіттерді бағындыруы. Орталық Азиядағы билік үшін күрес барысында Темучиннің монғолдары керейіт ұлысының ханы Тоғұрылмен (Ван-хан) одақтасып, 1185-жылы меркіттерді, 1198-жылы татарларды талқандады. Найман ұлысындағы билік үшін өзара қырқысты пайдаланған Темучин мен Ван хан 1199-жылы наймандарға жорық жасады. 1202-жылы Темучин монғолдары керейіттер ұлысын талқандады. 1204-жылы Темучин 45 мың атты әскерімен Даян ханның басқаруындағы наймандардың көпшілігін бағындырды. Күшлік хан бастаған наймандардың бір тобы алдымен Алтайға, кейін Жетісуға қоныс аударды. Монғолдар талқандаған наймандардың, керейіттер мен жалайырлардың бір бөлігі қазақ даласына келіп, қазақ халқының қалыптасу үрдісіне араласты.
ОБСӨЖ тапсырмалары.
1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қарақытайлардың ХІІ ғ. 1-жартысында Жетісуға қоныстануының себептерін анықтаңыз.
2. ХІІІ ғ. 1-жартысындағы араб авторы Ибн әл-Асирдің деректерінде қарақытайлардың Орта Азияға таралуы қалай сипатталады ?
3. Қарақытай гурханының билігін мұрагерлікпен иеленудің қандай ерекшеліктері болды ?
4. Чжилугу билік жүргізген кезде қарақытай гурханының жергілікті жерлердегі билігінің әлсіреу себептерін анықтаңыз.
5. Наймандар және керейлер туралы мәліметтер қандай тарихи деректерде кездеседі ?
6. Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың шаруашылығына сипаттама беру.
7. Шыңғыс ханның монғол мемлекетін құру барысындағы наймандардың, керейіттер мен жалайырлардың атқарған ролін анықтаңыз.
8. Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың этникалық тегі туралы зерттеушілердің (В.Бартольд, Б.Владимирцов, И.Петрушевский, С.Мураяма, Н.Аристов, т.б.) ғылыми көзқарастарына тоқталу.
2-тапсырма. Картамен жұмыс.
1) Картадан қарақытайлардың ХІІ-ХІІІ ғғ. әскери-саяси ықпалы орнатылған аумақты анықтап, контурлық картаға түсіру.
2) Картадан ХІ-ХІІ ғғ. наймандардың, керейіттердің және жалайырлардың мекендеген территориясын анықтап, контурлық картаға түсіру.
3-тапсырма. Кестені толтыру.
Қарақытайлардың сыртқы саясаты | ||||
№ | Тарихи уақыт | Болған жері | Кімдерге қарсы соғысты | Нәтижесі |
1. | 1125-жыл | |||
2. | 1141-жыл | |||
3. | 1198-жыл | |||
4. | 1210-жыл |
4-тақырып. Негізгі ұғымдарға және адам есімдеріне анықтама беру.
Гурхан, пайцза, Ғұз-орда, сегіз-оғыз, чжурчжэндер, қидандар, Елюй Дашы, Чжилугу, Даян-хан, Бұйрық хан, Ван хан, Жамұқа, Күшлік хан.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
2. Д'Оссон К. Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін. Астана, 2003.
3. Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и кереитов. А., 1993.
10-тақырып. ІХ ғ. 2-жартысы – ХІІІ ғ. басындағы материалдық