Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
Оқу ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері» пәнінің
050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған
Павлодар
Мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтың білім стандарты мен типтік бағдарлама негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы | Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/31 |
БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________Н.Э. Пфейфер
«___»________201_ ж.
Құрастырған: доцент Т.Қ. Шахаев __________
Механика және МГІ кафедрасы
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері» пәнінің
050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты ҚР МЖМБС 3.08.358 – 2006 мен ҚР БжҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде 2006 ж. 22 маусымында бекітілген және іске қосылған типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген
201_ ж. «__»_________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі_______________ Ә.Х. Мұстафин «___»_________ 201_ ж.
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған. 201_ ж. «__»_________ № __хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж.Е. Ахметов «___»_________ 201_ ж.
КЕЛІСІЛГЕН:
Факультет деканы __________ Т.Т. Тоқтағанов «___»_________ 201_ ж.
ЖжӘҚБ құпталған
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута «___»___________ 201_ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
201_ ж. «__»_________ № __хаттама
1 Пәннің мақсаты -студенттердің арнайы пәндерді зерделеу үшін қажет механика бойынша базасын қальпттастыруды аяқтау.
Пәннің міндеттері -барлық технологиялык машиналардың құрама бөліктерінің - бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың конструкцияларын, типажын және жұмысқа қабілеттілік критерийлерін зерделеу; жұмыс істеу теориясының негіздерін және машиналар бөлшектері бірлесіп жұмыс істегенде есептеу әдістерін зерделеу; жобалау және құрастыру дағдыларын игеру, шығармашылық конструкторлық қабілеттерін дамыту; құрастыру кезінде қазіргі компьютерлік техниканы және машина графикасын игеру.
Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:
білуі керек:
- машиналар бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігінің негізгі критерийлерін және олардың бұзылу түрлерін;
- машиналардың бөлшектері мен тораптарының теориясы негіздерін және есептеуді, типтік конструкцияларын және олардың қасиеттері мен қолданылу саласын;
- бөлшектер мен тораптарды есептеу мен құрастыруды автоматтандыру негіздерін, жобалауды оңтайландыру элементтерін.
істей білу керек:
- жобалау кезінде нормативтік-анықтамалық әдебиетті, графикалық материалды (оның ішінде конструкциялар прототиптерін) өз бетімен таңдауды;
- құрастыру кезінде машиналардың технологиялылық, үнемділік, жөндеуге жарамдылық, стандарттау және бірыңғайлау талаптарын, өнеркәсіптік эстетика, экология және еңбек қорғау талаптарын ескеруді.
меңгеру керек:
машиналардың бөлшектері үшін ыңғайлы материалдарды таңдауды және оларды ұтымды қолдануды;
нормативтік-анықтамалық әдебиетті (МЕСТ, ССТ, СТЕ және т.б.) қолдана отырып, машиналардың бөлшектері мен тораптарын есептеуді орындауды;
графикалық және мәтіндік құжаттаманы СТЕ және КҚБЖ талаптарына толық сәйкестікте ресімдеуді.
Пререквизиттер
Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқып меңгерген кезде алған білімдер, шеберлік пен дағдылар қажет:математика; физика; инженерлік графика; теориялық механика; материалдар кедергісі; өзара алмасу негіздері; механизмдер мен машиналар теориясы; конструкциялық материалдар және термиялық өңдеу.
Постреквизиттер
Осы пәнді оқып меңгеру кезінде алынған білімдер, шеберлік пен дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажет: материалтану, конструкциялық материалдар технологиясы және т.б.
Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
Рет № | Тақырыптар атауы | Сабақтың түрілері бойынша кездесу сағаттарының саны | |||
Дәр. | Тәж. | Зерт. | СӨЖ | ||
Кіріспе. | 0,5 | - | - | ||
Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері. | - | ||||
Қосылыстар | 0,5 | - | |||
Бұрандалық қосылыстар | 0,5 | - | |||
Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар | - | - | |||
Дәнекерленген қосылыстар | - | ||||
Тартымдық бөлшектер қосылыстары | - | - | |||
Тойтармалы қосылыстар | - | - | |||
Сыналы және қысқышты қосылыстар | - | - | |||
Механикалық берілістер | 0,5 | - | |||
Тісті берілістер | - | ||||
Бұрамдықты берілістер | - | ||||
Планетарлық берілістер | - | - | - | ||
Толқынды берілістер | - | - | - | ||
Фрикциялық берілістер мен вариаторлар | - | - | |||
Белдікті берілістер | - | ||||
Шынжырлы берілістер | - | ||||
Біліктер мен осьтер | - | ||||
Домалау және сырғанау подшипниктері | - | ||||
Механикалық жетектердің муфталары | - | ||||
Серіппелер және басқа серпімді элементтер | - | ||||
Корпустық бөлшектер | - | ||||
Машиналарды жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін бағалау негіздері | - | - | - | ||
Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау | - | - | |||
Машиналар мен жабдықты жобалаудың экономикалық негіздері | - | - | - | ||
Триботехника негіздері | - | - | - | ||
Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу | - | - | |||
Жиыны: | - |
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Дәріс сабақтарының жиынтығын көрсететін теориялық дәріс курсының басты мақсаты тәлімгерлерге теориялық білімді беру, машиналар тораптары мен бөлшектерін құрастыру және есептеудің ережелері мен нормаларын, әдістерін келешек мамандармен меңгерілуін қамтамасыз ету.
Тақырып 1. Кіріспе.
Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Курстың жалпы теориялық және арнайы пәндермен байланысы. Ұсынылатын әдебиеттер. Машина, механизм, бұйым, бөлшек, құрама бірлік ұғымдарын анықтау. Машиналардың бөлшектерін жіктеу: корпустық бөлшектер; қосылыстар; берілістер; осьтер; біліктер; подшипниктер және бағыттауыштар; муфталар; серіппелер, рессорлар және басқа серпімді элементтер; машиналардың жеке типтеріне тән бөлшектер.
Машиналар конструкцияларының дамуына қысқаша тарихи шолу. Машиналар бөлшектері саласындағы негізгі бағыттар. Курсты дамытуда отандық және шет елдік механиктер мен ғалымдардың ролі. Леонардо да Винчидің машиналар бөлшектерінің саласындағы жұмыстары. Бөлшектер теориясының дамуы (Л. Эйлер, Н.Л. Петров, Н.Е. Жуковский, С.А. Чаплыгин, О. Рейнольдс, А. Зоммерфельд және басқалар). Жалпы машина жасау және машиналардың бөлшектері курсының дамуы. Машина жасауды дамытудағы негізгі бағыттар. Машиналар мен олардың бөлшектерін жобалау кезінде қойылатын талаптар. Машиналар бөлшектерін есептеу және жұмысқа жарамдылығының негізгі критерийлері. Жобалық және тексеру есептеулері. Шекті және шақтамалы кернеулер. Беріктік қорының коэффициенттері. Машина жасау материалдары туралы қысқаша мәліметтер. Жобалауды автоматтандыру.
Тақырып 2. Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері
Механизмдерді, тораптар мен бөлшектерді жіктеу. Механизмдерді жобалау мен құрастырудың жалпы принциптері. Машиналар тетіктерінің конструкциясына қойылатын технололиялық талаптар. Материалды таңдауды негіздеу. Машиналар бөлшектеріне әсер ететін жүктемелер түрлері. Бөлшектерге қойылатын талаптар, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен есептеудің негізгі критерийлері.
Тақырып 3.Қосылыстар
Машина жасаудағы қосылыстардың тағайындалуы және ролі. Машиналар бөлшектері мен тораптарының қосылыстарын жіктеу. Өзектердің, қаңылтырлар мен корпустық бөлшектердің қосылыстары; білік-қүпшек қосылыстары, біліктер қосылыстары, құбырлар қосылыстары. Ажырамайтын және ажырамалы қосылыстар.
Тақырып 4. Бұрандалық берілістер
Бұрандалардың тағайындалуы және геометриялық пішіні бойынша жіктелуі. Бұрандалардың негізгі параметрлері. Бұрандалық қосылыстарды жіктеу. Бекіткіш бұрандалардың негізгі типтері. Гайкалардың негізгі типтері. Бұрандалық берілістерді өздігінен бұралудан сақтау. Бұрандаларды, гайкаларды және шайбаларды жасау үшін қолданылатын материалдар. Бұрандалық берілістерді есептеу.
Тақырып 5. Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар
Кілтектердің негізгі типтері: призмалық, сегментті, сыналы және арнайы. Қолданылу саласы. Кілтекті қосылыстардың стандарттары. Кілтекті қосылыстарды есептеу. Мүмкіндік кернеулер. Ойма кілтекті қосылыстар. Қолданылу саласы. Тік бүйірлі, үшбұрышты және эвольвенталы ойма кілтекті қосылыстар. Центрлеу тәсілдері. Беріктікке есептеу.
Тақырып 6. Дәнекерленген қосылыстар
Пісірілген қосылыстар және олардың машина жасаудағы ролі. Доғалы электр дәнекерлегішпен қосудың негізгі типтері. Электр шлакты дәнекерлегішпен қосу. Түйіспелі дәнекерлеу қосылыстары. Дәнекерленген жіктерді беріктікке есептеу. Мүмкіндік кернеулер және беріктік қорлары.
Тақырып 7. Тартымдық бөлшектер қосылыстары
Тартымдық қосылыстар және олардың машина жасауда қолданылу салалары. Жанасатын бөлшектердің беріктігі. Есептік және технологиялық тартымдар.
Тақырып 8. Тойтармалы қосылыстар
Тойтармалы қосылыс туралы негізгі үғымдар. Жіктелуі. Тойтармалардың негізгі типтері. Есептеу критерийлері. Статикалық және айнымалы жүктемелер кезінде беріктікке есептеу. Мүмкіндік кернеулер.
Тақырып 9. Сыналы және қысқышты қосылыстар
Сыналы және қысқышты қосылыстар туралы негізгі үғымдар. Қолданылу салалары. Қосылыстардағы күштер мен кернеулер. Қосылыстардың беріктік шарты. Қысқышты қосылыстарды қолдану кезінде бұрандаларды тартып қысу күштерін есептеу.
Тақырып 10. Механикалық берілістер
Машиналардағы берілістердің тағайындалуы және ролі. Механикалық берілістердің жұмыс істеу принциптері мен жіктелуі. Ілініспен беру және үйкеліспен беру. Механикалық жетектің тағайындалуы және құрылымы. Механикалық берілістердегі кинематикалық және күштік ара қатынастар.
Тақырып 11. Тісті берілістер
Тісті берілістердің жұмыс істеу принципі, жіктелуі, қолданылу саласы. Ілінісудің негізгі элементтері мен сипаттамалары. Цилиндрлік тісті доңғалақтардың кинематикалық және геометриялық параметрлерін анықтау. Тісті доңғалақтарды корриляциялау. Тістерді кесу әдістері. Цилиндрлік тісті берілістерді жасау дәлдігі. Цилиндрлік тісті доңғалақтар ілінісуіндегі күштер. Тістердің бұзылу түрлері және жұмыска қабілеттілік көрсеткіштері. Қисық тісті және шевронды доңғалақтарды есептеу ерекшеліктері. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша цилиндрлік берілістер тістерінің беріктігін есептеу.
Конусты тісті берілістерді есептеу ерекшеліктері. Жіктелуі және қолданылу саласы. Кинематикалық және геометриялық параметрлерді анықтау. Тік тісті конусты берілістердегі күштер. Тік тісті конусты доңғалақты эквивалентті цилиндрлі доңғалаққа әкелу. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша тік тісті конусты берілістің тістерін есептеу. Тісті доңғалақтарды жасау кезінде қолданылатын материалдар және оларды беттік беріктендіру әдістері.
Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер
Жалпы мәліметтер, әрекет ету принципі, жіктелуі және қолданылу саласы. Бұрамдық доңғалақтарды және бұрамдықтарды жасау үшін қолданылатын материалдар. Бұрамдықты берілістегі негізгі геометриялық, кинематикалық және күштік тәуелділіктер. Бұрамдықты берілістегі сырғанау және ПӘК.
Бұрамдықты берілістерді беріктікке және қаттылыққа есептеу. Бұрамдықты доңғалақтар тістерінің бұзылу түрлері және жұмысқа қабілеттілік критерийлері. Бұрамдықты доңғалақтың тістерін жанасуға беріктікке және иілу кернеулері бойынша есептеу. Бұрамдықты редукторларды жылулық есептеу. Майлау жүйелері.
Тақырып 13. Планетарлық берілістер
Анықтамасы. Құрылғысы. Жұмыс принципі. Планетарлық дифференциалдық, қарапайым механизмдер. Осы механизмдердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша беріктікке есептеу ерекшеліктері.
Тақырып 14. Толқынды берілістер
Анықтамасы. Құрылғысы. Толқынды тісті берілістердің істен шығу критерийлері. Типтік өлшем мен жүктеме қабілетін анықтауға арналған ықшамдалған тәуелділіктер. Ілінісудің геометриялық параметрлері. Толқынды берілістің негізгі тармақтарына әсер ететін күштер.
Тақырып 15. Фрикциялық берілістер мен вариаторлар
Жұмыс принципі. Қолданылу саласы. Жалпы пайдалану сипаттамалары. Конструкция элементтері. Жасауға арналған материалдар.
Сатысыз берілістер - вариаторлар. Берілістің кинематикалық, геометриялық және күштік параметрлерін анықтау. Жанасу кернеулерін тексеру.
Тақырып 16. Белдікті берілістер
Жалпы мәліметтер, жұмыс принципі, конструкциясы және қолданылу саласы. Белдіктердің негізгі типтері және материалдары. Негізгі кинематикалық, геометриялық және күштік параметрлерді анықтау. Белдіктерді керіп созу тәсілдері. Біліктер мен тіректерге түсетін жүктеме. Белдікті берілістердің шкивтері, материалдары мен конструкциясы.
Тақырып 17. Шынжырлы берілістер
Әрекет ету принципі, конструкциясы, қолданылу саласы. Жетекті тізбектердің жіктелуі. Негізгі кинематикалық, геометриялық және күштік параметрлер, олардың берілістегі ара қатынастары. Шынжырлы берілістерді есептеу жүйелілігі. Шынжырлы берілістерді майлау.
Тақырып 18. Біліктер мен осьтер
Қолданылу саласы. Біліктер мен осьтердің жіктелуі. Конструкциялары. Жұмысқа қабілеттілік және есептеу критерийлері. Біліктерді жасау үшін қолданылатын материалдар. Есептеу жүктемелерін таңдау. Осьтер мен біліктерді алдын ала (жобалық) есептеу. Беріктікке тексеріп есептеу.
Тақырып 19. Домалау және сырғанау подшипниктері
Сырғанау подшипниктері. Тағайындалуы, құрылғысы, жіктелуі. Конструкциясы және материалдары. Жұмысқа қабілеттілік және есептеу критерийлері. Жылулық есептеу. Майды жеткізу.
Домалау подшипниктері. Домалау подшипниктерінің қазіргі машиналардағы ролі. Қолданылу саласы мен жіктелуі. Домалау подшипниктерінің жұмысқа қабілеттілік және есептеу критерийлері. Подшипниктерді статикалық жүк көтергіштікке есептеу. Динамикалық жүк көтергіштігі және ұзақ мерзімділігі. Типтік подшипникті тораптардың конструкциялары. Домалау подшипниктерін майлау жане тығыздау құрылғылары.
Тақырып 20. Механикалық жетектердің муфталары
Муфталардың жіктелуі. Конструкциялары және есептеу сұлбалары. Муфталарды іріктеу. Стандарттар. Материалдарды таңдау. Басқару механизмдері.
Тақырып 21. Серіппелер және басқа серпімді элементтер
Серіппелер мен серпімді элемеінтердің жіктелуі. Керілу мен кысылудың цилиндрлік орама серіппелерін конструкциялау және есептеу. Табақшалы серіппелер. Жазық спираль серіппелер. Рессорлар. Серпімді резина элементтер: амортизаторлар және демпферлер.
Тақырып 22. Корпустық бөлшектер
Корпустық бөлшектердің жіктелуі. Станиналар, тақталар, қораптар. Оңтайлы қималарды, бүйірлер мен ара жабындарды таңдау. Қабырғалар қалыңдығын таңдау. Құйма және дәнеркерленген бөлшектерді жобалау негіздері. Сырғанауды бағыттаушылар. Домалауды бағыттаушылар. Есептеудің негізгі ережелері.
Тақырып 23. Машиналарды жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін бағалау негіздері
Жұмысқа қабілеттілік пен сенімділіктің негізгі критерийлеріне сәйкес машиналардың бөлшектерін сынау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сынақтар. Оқу зертханалық сынақтар. Үйкелу шығындарын зерделеу. Беріктікті зерттеу әдістері. Бөлшектердің дәлдігін, қаттылығын, үйкелуін және тозуын, температуралық өрістерді және деформацияларды, тербелістерді зерттеу. Машиналар мен жабдықтың ұзақ мерзімділігін және сенімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары.
Тақырып 24. Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау
Машиалардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау - АЖЖ-ның құрама бөлігі. АЖЖ-ның құрылымы және материалдық-техникалық негізі. АЖЖ қамтамасыз ету түрлері: техникалық, әдістемелік, математикалық, лингвистикалық, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық. Математикалық модель құрылымы. ЭЕМ-да машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау әдістері. Графикалық деректер банкі. Автоматтандырылған жобалау нәтижелері
Тақырып 25. Машиналар мен жабдықты жобалаудың экономикалық негіздері
Жаңа машиналар мен жабдықты жасаудың техника-экономикалық мақсатқа лайықтылығы: жасауға жұмсалатын шығындар, үнемдеу көздері, күтілетін тиімділік, таңдалған нұсқаны негіздеу. Жобалық жұмыстарды автоматтандыру нәтижесінде жобалаудың құны мен еңбек сыйымдылығын азайту. Бұйымның жұмыс істеуі кезінде күтілетін техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Тақырып 26. Триботехника негіздері
Машиналардағы үйкелу және тозу. Үйкелу, сырғанау табиғаты. Үйкелу, сырғанау режимдері және олардың машинаның жұмысы кезіндегі ролі. Тозу табиғаты. Жанасулардың тозуға төзімділігін бағалау әдістері. Жанасулардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивтік және технологиялық тәсілдері. Майлау материалдары. Тозу мен үйкелуге стендтік сынақтар. Тозумен күресудің қазіргі тәсілдері.
Тақырып 27. Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу
Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Бірыңғайлау, стандарттау, шақтамалар мен қондырмалар. Бөлшектерді жасау дәлдігі. Пішіннің ауытқуының және беттердің орналасуының шақтамалары. Беттердің кедір-бұдырлығы. Бөлшектерді жасау үшін қолданылатын материалдар, олардың сызбаларда белгіленуі. Материалдарды таңдау және оларды беріктендіру әдістері бойынша нұсқаулар.
4.3 Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны
Практикалық сабақтардың мақсаты: дәрістерде алған білімдерді қалыптастыру, жақсарту және ұлғайту.
1) Тақырып 2. Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері.
2) Тақырып 3. Қосылыстар.
3) Тақырып 4. Бұрандалық қосылыстар.
4) Тақырып 5. Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар.
5) Тақырып 6. Дәнекерленген қосылыстар.
6) Тақырып 8. Тойтармалы қосылыстар.
7) Тақырып 10. Механикалық берілістер.
8) Тақырып 11. Тісті берілістер.
9) Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер.
10) Тақырып 16. Белдікті берілістер.
11) Тақырып 17. Шынжырлы берілістер.
12) Тақырып 18. Біліктер мен осьтер.
13) Тақырып 19. Домалау және сырғанау подшипгиктері.
14) Тақырып 20. Механикалық жетектердің муфталары.
15) Тақырып 21. Серіппелер және басқа серпімді элементтер.
16) Тақырып 22. Корпустық бөлшектер.
17) Тақырып 24. Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау.
18) Тақырып 27. Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу.
Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
4.4.1 – СӨЖ түрлерінің тізімі
Қатар № | СӨЖ түрі | Есеп беру формасы | Бақылау түрі | Көлемі сағатпен |
Дәріс сабақтарына дайындық | - | Сабақта қатысу | ||
Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау | Жұмыс дәптері | Сабақта қатысу | ||
Дәріс сабақтарына кірмеген материалдарды оқып білу | Конспект | Конспект тексеру | ||
Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, ЕГЖ) | реферат | СЖ қорғау | ||
Бақылау шараларына дайындық | - | 1МБ, 2МБ | ||
Барлығы: |
4.4.2 Студенттердің өздігімен зерделеуге ұсынылған тақырыптар тізімі
1) Тақырып 2. Машиналардың бөлшектерге және тораптарға негізгі талаптар, олардың сенімділік. Материалды іріктеуді негіздеу. Машина бөлшектеріне әсер ететін жүктеулердің түрлері. Машиналар бөлшектерін есептеу мен жұмыс істеуге қабілеттілігінің межелері.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.
2) Тақырып 3. Қосылыстар. Ажырамалы және ажырамсыз қосылыстар. Жалпы мағлұматтары, сипаттамалары. Беріктікке есептеу. Пісірілген қосылыстарды кесілуге есептеу.
Ұсынылатын әдебиет: [5] 16-20 бет, 27-30 бет, 58-61 бет.
3) Тақырып 11. Тісті берілістер.
Қисық тісті шошақты берілістердің геометриялық ерекшеліктері. Берілістерді беріктікке есептеу. Беріліс кинематикасы. Редуктордың схемасы. Қиғаш тісті және шевронды цилиндрлік берілісті есептеудің ерекшеліктері
Конусты тісті берілістер. Түзу тісті конусты берілістердің іліністеріндегі күштер. Түзу тісті Тік тісті конусты берілістердің тістерін иілуге және түйісу (ұштасу) беріктігіне есептеу.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 98-99 бет, 104-105 бет.
4) Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер. Беріліс саны. Пайдалану коэффициенті. Бұрамдықты берілістерінің, бұрамдықты дөңгелектерінің материалдары. Бұрамдықты дөңгелектерінің геометриялық есебі.
Ұсынылатын әдебиет: [5] 321-323 бет.
5) Тақырып 16. Белдікті берілістер Белдіктерің керілу әдістері. Білік пен тіріктерге түсетін жүктеме. Берілістердің есебі.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 367-372 бет.
6) Тақырып 17. Шынжырлы берілістер. Шынжырлы берілістердің есебің жүйелілігі.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 391-397 бет.
7) Тақырып 18. Біліктер мен осьтер. Мойынтірек. Біліктерді беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Мойынтіректер классификациясы. Шайқалу мойынтіректердің негізгі конструкциясының жалпы сипаттмасы, бұзылу түрлері, олардың ресурстарын анықтау.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 409-415 бет; [5] 285-287 бет, 272-273 бет
8) Тақырып 20. Муфталар мен серпімді элементтер муфталар, жалпы мағлұматтар, тағайындалуы, конструкция материалдар.
Ұсынылатын әдебиет: [5] 299-301 бет.
9) Тақырып 23. Машиналар бөлшектердің жұмысқа қабілеттілік және олардың бағалауның әдістер. Машиналар бөлшектердің беріктік. Машиналар бөлшектердің беріктікті жоғарылатуның құрастырлық және технологиялық әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.
10) Тақырып 26. Триботехника негіздері. Машиналардағы үйкеліс пен тозу. Сырғанау үйкелісінің табиғаты. Сырғанау үйкелісінің режимі мен олардың машинаның жұмыс істегендегі ролі. Тозғыштығының табиғаты. Үйкелетін жұптың тозуға төзімділігін бағалау әдістері. Триботехникалық сенімділікті жоғарылату әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.
4.4.3 Семестрлік жұмыстың мазмұны.
Семестрлік жұмысты орындаудың мақсаты курстың теориялық ережелерін баянды ету және детальдар мен құрылым бірліктерін жобалау мен құрастыру дағдыларын алу. Студенттердің өздік жұмыстарының бір түрі – жобалау; оқытушының көмегімен есептеуді орындауды, анықтамалық әдебиетпен, мемлекеттік және салалық стандарттармен, кестелермен жұмыс істеу дағдыларын алуға және машинажасау бұйымына әзірленетін конструкторлық құжаттарды ресімдеу принциптерін игеруге мүмкіндік береді.
Семестрлік жұмыстың көлемі графикалық бөлімнен (А2 форматында редуктордың жинақталған жетектегі білігінің сызбасы, 2-3 детальдардың жұмыс сызбасы) және есептеу-түсіндірмелік хаттан тұрады.
Семестрлік жұмыстың орындалу кезеңдері
Семестрлік жұмыс бөлімінің № және мазмұны | Орындауға қажетті уақыт, сағ |
1 Кинематикалық схеманы талдау және электрқозғалтқышты таңдау. Кинематикалық есептеу. | |
2 Редуктордың берілістерін есептеу. | |
3 Редуктордың жинақталған жетектегі білігінің эскиздік жобасын әзірлеу. | |
4 Редуктордың жинақталған жетектегі білігінің құрылымдық әзірлеуі (орналастырудың екінші кезеңі). Динамикалық жүккөтерімділігі бойынша подшипниктерді есептеу. Біліктерді беріктікке есептеу (1-ші парақ). | |
5 Бөлшектердің жұмыс сызбаларын орындау. Редуктордың «жинақталған жетектегі білік» түйінінің сызбасын ресімдеу. Спецификацияны құрастыру. | |
6 Семестрлік жұмысты дайындау және қорғау | |
Жиыны |
Тестік түрде жүргізілетін екі межелік бақылауғы пәннің материалдарының мына тақырыптары ұсынылады:
- Т1(8 апта) – 2, 3, 4, 7, 8, 9;
- Т2 (15 апта) – 10,11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19.
Дебиет тізімі
Негізгі
1 Детали машин и основы конструирования: учебник для вузов /Г.И. Рощин, Е.А. Самойлов, Н.А. Алексеева и др. ; под ред. Г.И. Рощина и Е.А. Самойлова. – М.: Дрофа, 2006, -415 с.
2 Иванов М.Н. Детали машин: Учеб. для машиностроительных специальностей вузов - М.: Высш. шк., 2008.-408 с.: ил.
3 Омаров А.Ж., Батырмұхамедов Ж.Қ. Машина бөлшектері: Оқу құралы, Алматы, 2003 -652 б.
Қосымша
4 Анурьев В.И. Справочник конструктора-машиностроителя: В 3-х т. - М.: Машиностроение, 1979 - 1982. Т. 1 - 728 с. Т. 2 - 559 с. Т. 3 - 557 с.: ил.
5 Бейзельман Р.Д., Цыпкин Б.В., Перель А.А. Подшипники качения: Справочник. - М.: Машиностроение, 1975. - 572 с.: ил.
6 Воробьёв И.И. Ременные передачи. - М.: Машиностроение, 1979. - 168 с.: ил.
7 Готовцев А.А., Котенюк И.П. Проектирование ценных передач: Справочник. - М.: Машиностроение, 1982. - 336 с.: ил.
8 Детали машин. Атлас конструкций /Под ред. Д.Н. Решетова. - М.: Машиностроение, 1989. - 367 с.: ил.
9 Дунаев П.Ф., Леликов О.П. Конструирование узлов и деталей машин: Учеб. пособие для машиностроит. спец. вузов.-М.: Высш. шк., 1985. - 416 с.: ил.
10 Иванов М.Н. Волновые зубчатые передачи: Учеб. пособие для студентов вузов. - М.: Высш. шк., 1981. - 184 с.: ил.
11 Иосилевич Г.Б. Детали машин: Учебник для студентов машиностроит. спец. вузов.-М.:Машиностроение, 1988. - 368 с.: ил.
12 Когаев В.П., Дроздов Ю.Н. Прочность и износостойкость деталей машин: Учеб. пособие для машиностроит. спец. вузов. - М.: Высш. шк., 1991.-319 с.: ил.
13 Курсовое проектирование деталей машин: Учебное пособие для студентов машиностроительных специальностей вузов/В.Н. Кудрявцев, Ю.А. Державец, И.И. Арефьев и др.:Под общ. ред. В.Н. Кудрявцева.-Л.:Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1983.- 400с.: ил.
14 Кудрявцев В.Н. Детали машин. Учеб. для студентов высш. техн. учебн. заведений. - М.: Высш. шк., 1980.-410 с.: ил.
15 Орлов П.И. Основы конструирования: Справочно-методическое пособие. В 2-х кн.: Под ред. П.И. Учаева. - М.:Машиностроение, 1988.
16 Планетарные передачи: Справочник/В.Н. Кудрявцев, Ю.Н. Кирдяшев, Е.Г. Гинзбург и др.: Под ред. В.Н. Кудрявцева и Ю.Н. Кирдяшева.-Л.: Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1977.-536 с.: ил.
17 Подшипники качения: Справочник каталог/Р.В. Коросташевский, В.Н. Нарышкин, В.Ф. Старостин и др.: Под ред. В.Н. Нарышкина и Р.В.Коросташевского.-М .: Машиностроение, 1984 .- 280 с.: ил.
18 Поляков B.C., Барбаш И.Д., Ряховский О.А. Справочник по муфтам/Под ред. B.C. Полякова. - Л.:Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1979. - 344 с.: ил.
19 Проектирование механических передач: Учебно-справочное пособие для втузов/С.А. Чернавский, Г.А Снесарев, Б.С. Козинцов и др. - М.: Машиностроение, 1984. -560 с.: ил.
20 Расчёт деталей машин на ЭВМ: Учеб пособие для машиностроит. вузов/Д.Н. Решетов, С.А. Шувалов, В.Д. Дудко и др.: Под ред. Д.Н. Решетова и С.А. Шувалова.-М.:Высш.шк.,1985.-368 с.: ил.
21 Решетов Д.Н. Детали машин: Учебник для студентов машиностроительных и механических специальностей вузов. -М.: Машиностроение, 1989. - 496 с.: ил.
22 Серікбаев Д., Тәжібаев С.Д. «Машина детальдары», Алматы, Мектеп 1983ж.
23 Тажибаев С.Д., Тажибаев Т.С. Проектирование деталей и узлов машин на ЭВМ. – Алматы: Изд. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000.
24 Тәжібаев С.Д. Машина конструкциясын құру негіздері, Алматы, Сәтбаев атындағы КазҰту, 1988ж.
25 Тәжібаев С.Д. Қолданбалы механика, Алматы Білім, 1994ж
Мамандықтың(тардың) жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме | Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/32 |