Орғаудағы бунақденелілер

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Экология және тұрақты даму

Тақырыбы: Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғауда ҚР-ның негізгі заңдылық құжаттары

Орындаған: Ұзақбай Бақытгүл Ерланқызы

Тобы: 116 А

Тексерген: Кенжалина Алтынгул Сагынбаевна

Ақтөбе 2016 ж

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

v Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

v Қызыл кітап туралы

v Қазақстандағы кейбір сирек және жойылып бара жатқан түрлер мен түр тармақтары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз- табиғат пен адамның өзара қарым-қатнастағы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер зыңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласумен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қазақстанда «Экологиялық Кодекс» 2007 жылы қабылданған. Осы кодекс қазіргі және болашақ ұрпактардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

-халактың денсаулығына, өміріне, енбегі мен демалысына колайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;

-қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау ушін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;

-экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кенінең қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;

-табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;

-қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны ушін ақы төлеуді енгізу,

-биологиялық алуантүрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;

-қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалыуна мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;

-табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;

-халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық конференциялар, мемлекеттердің ынтымақтастығының бір нысаны ретінде өткен ғасырдың басында жүзеге асырыла бастаған еді.

Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамыған бір нысаны болып, екі жақты және көп жақты үкіметтік және үкіметтік емес конференциялар танылады. Жыл сайын әлемде экологиялық мәселелерге байланысты жүздеген, әйтпесе мыңдаған конференциялар өткізіледі.

Мақсатына қарай ол табиғатты қорғау әрекетіндегі тәжірибемен алмасу, экологиялық маңызы бар ақпараттармен алмасу, ғылыми және практикалық проблемаларды шешудің құралы болып отыр

Қоршаған орта проблемаларына арналған БҰҰ Стокгольм конференциясы қоршаған ортаны корғауда глобалдық және жедел сипаттағы проблемалардың мойындалуын және мемлекеттердің табиғи қоршаған ортаны әлемдік қоршаудың көрінісін және жағдайын дамытуға баға берудің бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын шешімнің үш тобын қабылдады. Оларға: мәлімдеме қағидалары; шаралардың жобасы; ұйымдық - қаржылық шешім.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты халықаралық бірлестіктердің қызығушылығының артуы қоғам мен табиғат байланысының жекелеген аспектілеріне арналған саяси, әлеуметтік экономикалық және ғылыми - техникалық мемлекетаралық ынтымақтастығының форумдарының тікелей көрінісінде ғана емес. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатарының белсенділігінің артуы мен кеңейтілуінен көрініс тауып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар:

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарғаарналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қазақстандағы кейбір сирек және жойылып бара жатқан түрлер мен түр тармақтары. Желісіз (хордасыз) жәндіктерді қорғау шаралары.Қызыл кітап – өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабында тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінді.

Олар: І санат – жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; ІІ санат – саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; ІІІ санат – сирек түрлер мен түртармақтары; ІV санат – белгісіз түрлер мен түртармақтары және V санат – қалпына келтірілген түрлер мен түртармақтары. Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітілді. Омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі сол жылы жарық көрді. 1991 жылғы екінші басылымда омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түртармақтары енгізілді. Тұңғыш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі қамтылды. Сөйтіп құрттар – 2, бунақденелілер – 6, шаянтектестер – 1 және былқылдақденелілердің – 96 түрі Қызыл кітаптан орын алды. Қазақстан Республикасының 1996 жылы жарық көрген үшінші кітабына 125 түр және түртармақтары тіркелген. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл – мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі негізгі міндет – Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді (түртармақтар) ғана қорғау емес. Сонымен бірге олардың ғылымға белгісіз түрлерін жергілікті жерлерде зерттеу. Олардың ғаламшардан мүлде жойылып кетпеуіне үлес қосу. Бұл мәселені жүзеге асыруға мектеп оқушылары да жәрдем көрсете алады. Өйткені олардың өздері тұрған мекеннің түкпір-түкпірін барлауға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілер.Республикамыздың Қызыл кітабына тіркелген омыртқасыз жануарлар (жәндіктер) туралы дерек жоқтың қасы. Табиғаттағы тіршілік иелерінің үлкен-кішісі болуға тиісті емес. Сондай-ақ омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Осы жайтты ескеріп, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің кейбір өкілдеріне тоқталуды жөн көрдік.

Нәзікқұйрық инелік (Аральский тонкохвост). Республикамызда Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілік етеді. Бұл – ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Өйткені ол басқа бунақденелілер мен масаны қорек етеді. Нәзікқұйрық инелік ғылымға тек 1979 жылы ғана белгілі болды. Толық зерттелген жоқ. Сондықтан нәзікқұйрық инеліктің тіршілігі туралы нақтылы дерек жоқ.

Көркемше-бикеш (Красотка-девушка). Бұл өзге инеліктерден қанатында ерекше белгінің (птеростигма – грекше: «птерон – қанат + стигма – таңба») болмауымен ерекшеленеді. Тағы бір ерекшелігі – өзге инеліктер тәрізді қанатын жайған қалпында қонбайды. Көбелектерше қанатын құрсағынан жоғары жинастырып қонады.

орғаудағы бунақденелілер - student2.ru орғаудағы бунақденелілер - student2.ru орғаудағы бунақденелілер - student2.ru

Нәзікқұйрық инелік Көркемше-бикеш Далалық кергі

орғаудағы бунақденелілер

Шолғыншы сылқым (Дозорщик-император). Бұл – күйенті тұқымдас инеліктердің бір түрі. Шолғыншы сылқымның қанаттары біркелкі қалыпта болмайды, бірі ұзын, бірі қысқа болып келеді. Ол едәуір ірі инелік: құрсағының ұзындығы 49–61 миллиметрге дейін жетеді.

Ақтеңбіл дәуіт (Богомол древесный). Бұл – Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ең жалмауыз дәуіт. Оның дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбынын қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кило 300 грамға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Жыныстық жағынан жақындасқан аталығын әрекет үстінде де жеп қояды. Кейде аналығы жеп үлгірмеген аталығы жыныстық әрекетін жалғастыра беретіні де анықталды. Аналық дәуіт жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтыра тын болып шықты.

Далалық кергі (Степная дыбка). Ол – өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Мұның қанаты жоқ (немесе жетілмеген). Далалық кергі шырылдамайды және жыртқыш. Оны Солтүстік Қазақстаннан, соған жақын аумақтардан кездестіруге болады. Аналығының тұрқы – 53–75 мм. Далалық кергі – дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік. Дене бітімі, қорегін аулау тәсілі шекшектен гөрі дәуітке көбірек ұқсас. Жыртқыш болғандықтан, негізгі қорегі – шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, қоңыздар және дала қандалалары. Тіпті кейде дәуітті де жеп қояды. Ол дәуіт тәрізді аяқтарын жазып жіберіп, қорегін аңдып, қозғалмай ұзақ отырады.

орғаудағы бунақденелілер - student2.ru Ақтеңбіл дәуіт

Ауыл шаруашылығы жануарларына бөгелек және сона паразиттік әрекет етіп, зиян келтіреді. Дернәсілдерінің даму ерекшеліктеріне қарай, бөгелектердің әр түрлі аталатынын білуге тиістіміз. Егер дернәсіл сиырдың терісінде дамитын болса, ол оқыра болып саналады. Оқыраның ересек күйінде аузы жетілмегендіктен, қоректену мүмкіндігі болмайды.

Егер дернәсіл жылқының және есектің қарнында дамыса, бұл бөгелек деп аталады. Ал қойдың кеңсірігінде дамыса – осқырма деген атауға ие болады. Оқыраның дернәсілі сиыр жүніндегі жұмыртқадан дамып, теріге енеді. Одан әрі сонда паразиттік жолмен тіршілігін жалғастырады. Осқырманың дернәсілі қойдың кеңсірігінде дамиды. Дернәсілдің мазалауынан қой оттыға алмай, ауруға ұшырайды. Жылқы және есек тістелеп, қасынған кезде жүніндегі бөгелектің жұмыртқасын жұтады.

Сона – қан сорғыш жәндік. Ол жануарларды шағып, тынышсыздандырумен бірге ірі малда қарасан ауруын таратады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

v Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 жыл.

v Интернет желілері

Рефератты бағалау критерийі

Орындау критерийі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
Рефератты рәсімдеу      
Рефераттың жоспары      
Иллюстративті материал      
Өзектілігі      
Мазмұны      
Қорытынды/ұсыныстар      
Әдебиеттер      
СӨЖ кестесіне сай тапсырылу дер кезінде тапсырылуы      
  Қорытынды      

0-0,1 – критерий орындалмаған

0,2-0,3 – критерий ескертулермен орындалған

0,4-0,5 – критерий орындалған

Наши рекомендации