Эссе. ҚР-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.
Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екені белгілі. Соңғы жылдары осы саланы қолдау үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі де еселеп өсуде.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз ету барысында көптеген шаралар қабылданды. Соның бір көрінісі ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру. Қазіргі уақытта «Шағын кәсіпкерліктң дамыту қоры» АҚ мәптебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді. Сол себептен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды.
Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703, 08 млн. теңге (ставка 6 %).
2007 жылы 1 қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) құрылған. Олардың дамуы үшін негізгі алғышарттар экономиканы тұрақтандыру, банктік операциялардың құрылымын өзгерту, халықтың табыс табу деңгейін арттыру және кредиттік ресурстарға әлеуетті жоғары сұраныстың болуы.
Одан басқа «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы Қазақстандағы ШОБ сапалы дамыту бойынша мемлекет іс-шараларының одан арғы жалғасы болып табылады. «Бизнес-Кеңесші»Бағдарламасын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнес құру және оны тиімді жүргізу бойынша білім беру кешенін ұсыну болып табылады.
«Даму» қорының бағдарламаларындағы негізгі басымдық аймақтық тұрғыда әлеуметтік және экономикалық маңызға ие кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру, өңдеуші салаға қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін жеңілдікпен несиелеу, шағын несиелік ұйымдарды дамыту тәрізді салаларға беріліп отыр. Мысалы, «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 18 млрд. теңгеден асатын 160-тан аса жобасы 8 пайыздық ставкамен қайта қаржыландырылды.
Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 13 сәуірі күні өткен Үкімет отырысында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының бекітілгені белгілі. Бағдарлама кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілмек:
Бірінші, индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру.
Екінші, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту.
Үшінші, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде: жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға—11,2 миллиард теңге; кәсіпкерлік секторды сауықтыруға—16 миллиард теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бес батыл қадамды жасауды жүзеге асыруды көздейді. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
Барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді. 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі.
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге) бөлінеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Бағдарламаға сәйкес экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады. Осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөлінді. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталды.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өсті. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
Мем кәсіпкерлердің алған несиелерінің 50 пайызына дейін субсидия беру ісін қолға алып отыр. Егер шағын және орта бизнес өкілдері бұрын несиесін 18 немесе 20 пайыздық ставкамен алса, мемлекеттік субсидия оның ставкасын екі есеге арзандатуға мүмкіндік бермек.