Инвестициялық жобалардың тәуекелі мен табыстылығы

Инвестиция лық жоба тəуекелдерін талдауда сандық талдау əдісі сапалық талдаудың барысында алынған ақпаратқа негізде-леді жəне бөлек тəуекелдің жəне жоба (шешім) тəуекелінің сандық анықталуын білдіреді. Осы кезеңде тəуекелді жағдайлардың жəне олардың салдарының пайда болу мүмкіндігінің сандық мəн дері анықталады, тəуекел дəрежесінің сандық бағасы жүзеге асы рылады. Тəуекел мəселесіне арналған зерттеулерде тəуекелді сандық бағалаудың əр түрлі əдістері кездеседі. Жобаның тəуекелдерін сандық талдаудың аса жиі кездесетін əдістері келесілер:• бағалаудың статистикалық əдістері;• сарапшылар бағаларының əдісі;• аналогтар əдісі;• талдаушылық əдістер тобы. Тəуекелдерді бағалаудың статистикалық əдістерінің негізгі міндеті бұрын болған нақты тəуекелді объектінің (ұйымның) қызметі туралы бар мəліметтерді статистикалық зерттеу негізінде жағымсыз жағдайдың туындау мүмкіндігін анықтау болып табылады. Аса қарапайым жағдайда қызметтің сандық жеке тəуекелдері дисперсия, орташа квадраттық ауытқу, вариация коэффициенті көрсеткіштерін пайдаланумен бағаланады, ал олардың əсер ету нəтижелері зерттелетін көрсеткіштердің орташа күтілетін мəндерінің негізінде бағаланады. Нақты əдісте жеке тəуекелдің əсер ету салдарының болуы бөлу заңын зерттеу жəне осы заңның негізінде модельдің барабарлығын бағалауды есепке алғанда оның ықпал етуі математикалық сипаттау болып табылады. Талдаудың тереңдігіне тəуелді бөлек жағымсыз оқиғаларды зерттеу жəне бағалау мүмкін болады, бірақ нақтырақ айтсақ, жеке тəуекелдердің негізінде анықталған интегралды шама ретінде жағымсыз жағдай туралы көрініс беру болып табылады. Тəуекелді сандық бағалаудың статистикалық əдістеріең көп тараған əдістердің бірі болып табылады.

Жоба тәуекелдерін сапалық бағалау.Тəуекелдерді бағалаудың қызметтері: 1) тəуекел көздерін жəне себептерін, тəуекелдің пайда болатын кезеңдері мен жұмыстарын айқындау;2) қарастырылатын жобаға тəн барлық тəуекелдердің идентификациясы;3) бөлек тəуекелдердің деңгейін жəне жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығын анықтайтын жобаның жалпы алғандағы тəуекелін бағалау; 4) тəуекелдің жіберілетін деңгейін анықтау;5) тəуекелді төмендету бойынша шараларды жасау.Берілген алгоритмге сəйкес тəуекелді бағалау бірін-бірі толықтыратын бағыттарға сапалық талдау əдісі жəне сандық талдау əдісі болып бөлінеді.Жобаның тəуекелдерін сапалық бағалау əдістемесі өте қарапайым сипатта болды. Ал, мəні бойынша ол талдаушы-зерттеушіні сандық нəтижеге – айқындалған тəуекелдердің құндық бағасы, олардың жағымсыз салдары жəне «тұрақтандырушы»шараларға алып келуі керек. Сапалық талдау əдісінің басты міндеті – жобаға тəн тəуекелдердің мүмкін болатын түрлерін айқындау жəне идентификациялау. Одан басқа, айқындалған тəуекелдерді гипотетикалық жүзеге асырудың мүмкін болатын барлық салдарын сипаттау жəне құндық бағасын беру мен осы салдарды минимизациялау немесе компенсациялау бойынша шараларды ұсыну, сондай-ақ осы шаралардың құндық бағасын есептеу керек.Сапалық талдаудың нəтижелері сандық талдауды жүзеге асыру үшін маңызды бастапқы ақпарат болып табылады. Тəуекелдерді бағалау үдерісінің негізінде тəуекелдің көздерін жəне себептерін анықтау, қарастырылып отырған жобаға тəн барлық мүмкін болатын тəуекелдерді идентификациялау жатады. Талдаудың берілген бөлігі нақты жағдайды есепке алғанда жəне жоғарыда көрсетілген тəуекелдердің жалпы жіктелуін қолданумен жəне талдаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Сөйтіп, тəуекелдерді сапалы талдаудың негізгі нəтижелері жобаның нақты тəуекелдерін жəне оларды тудыратын себептер-ді айқындау, көрсетілген тəуекелдерді ықтимал жүзеге асырудың гипотетикалық салдарының құндық эквиваленті мен талдауы, залалды минимизациялау бойынша шараларды ұсыну жəне олардың құндық бағасы болып табылады. Сапалық талдаудың қосымша,бірақ аса маңызды нəтижелеріне тəуекелге тексерілетін жоба факторларының болуы мүмкін өзгерісінің шекаралық мəндерін анықтауды жатқызуға болады.

Кез-келген жобаның мақсатқа лайықтылығын сипаттай отырып, тиімділіктің екі түрі болады: экономикалық және әлеуметтік.

Әлеуметтік тиімділік түсінігі екі жақтан қарастырылуы мүмкін. Біріншіден, коммерциялық қызметке инвестициялау кезіндегі әлеуметтік тиімділік немесе пайданың өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі. Екіншіден, пайданың генерациялануын қарастырмайтын, фирманың ішінде және одан тыс бағытталған әлеуметтік мақсаттарға бағытталған жобаның тиімділігі. Әлеуметтік тиімділік инвестициялық жобаның тиімділігінің бірінші кезектегі критерийі ретінде қарастырылады. Осы кезде экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыру барысында орындалатын әрекеттердің оңтайлығын сипаттайтын критерий ретінде қарастырылады. Әлеуметтік нәтижелер жобаның әлеуметтік ортаны жақсартуға салымды көрсетеді, нәтижесінде – келесі бағалармен сипатталатын адамдардың өмір сапасын көтеру:

өмір деңгейі – халықтың табыстары (орташа жалақы және басқа төлемдер); халықтың тұтынушылық мақсаттағы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етілуі; тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтер; халықтың тағам өнімдерін, басқа тауарларды және қызметтерді тұтынуы; тұрғын үймен, шаруашылық-тұрмыс объектілерімен және коммуналды қызметтермен қамтамасыз ету;

өмір сүру салты – халықтың жұмысбастылығы (жаңа жұмыс орындарының саны); кадрларды дайындау; халықты білім, мәдениет және өнер, денсаулық сақтау, спорт, көліктік қызмет көрсету объектілерімен қаматамсыз ету; әлеуметтік қауіпсіздік (құқықбұзушылықтың төмендеуі);

денсаулық және өмір ұзақтығы – еңбек жағдайларының жақсаруы; денсаулық сақтау саласының дамуы; қызмет көрсету деңгейі.

Тиімділіктің келесі түрлері: жобаның жалпы тиімділігі және жобаға қатысудың тиімділігі болып бөлінеді. Өз кезегінде жобаның жалпы тиімділігі:

жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) тиімділігі;

жобаның коммерциялық тиімділігі.

Жобаға қатысудың тиімділігі:

кәсіпорын-қатысушылар үшін инвестициялық жобаның тиімділігі;

акционерлер үшін тиімділігі;

жоғары деңгейлердің жобаға қатысуының тиімділігі, соның ішінде аймақтық, халықшаруашылық және салалық тиімділігі;

инвестициялық жобаның бюджеттік тиімділігі.

Кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері өндірістік нәтижелерді – өнімді өткізуден түскен түсімнен өзіндік қажеттіліктерге, пайда (табыс) немесе өндірістің ағымды шығындарын (өзіндік құн) өтеуге кеткен бөлігін алып тастағандағы бөлігі, және кәсіпорын жұмыскерлеріне және олардың жанұяларының мүшелеріне қатысты әлеуметтік нәтижелерді есептеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділік, бюджеттік тиімділік аймақтық тиімділік көрсеткіштері бар.

Тәуекел күрделі және көп аспектілі категория. Ғылыми әдебиетте тәуекелдің көп түрлері кездеседі, бұл кезде жиі жіктеу белгісі тәуекелін сипаттауға және талдауға тырысатын объект болып табылады. Жіктеуге әртүрлі тәсілдемелерді көптеген жағдайда жіктеудің мақсаттары мен міндеттерінің түрлілігімен түсіндіруге болады. Бірақ бірқатар жағдайларда бірдей жіктеу белгілері кезінде тәуекелді белгілі бір топқа жатқызудың әртүрлі, кейбір жағдайда қарама-қайшы критерийлері ұсынылады.

Пайда болу көзі тұрғысынан тәуекелдер жүйелік (макроэкономикалық) және жүйелік емес (микроэкономикалық) болып бөлінеді.

Жүйелік тәуекелдер сыртқы жағдайлармен анықталады, субъектіге тәуелсіз және онымен реттелмейді. Оларға елдік тәуекел, форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі жатады.

Елдік тәуекел кәсіпкерлік қызметтің интернационализацясымен тікелей байланысты. Ол сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзекті және елдердің саяси-экономикалық тұрақтылығына тәуелді. Берілген тәуекел экономикалық және саяси тәуекелге бөлінеді.

Экономикалық тәуекел елдің экономика саласындағы жағымсыз өзгерістердің мүмкіндігінен туындауы мүмкін.

Саяси тәуекел елдегі саяси жағдайдың өзгеру салдарымен байланысты. Саяси тәуекелге жатқызылады:

Көрініп тұрғандай, берілген тәуекелдер тығыз қатысты болып табылады және өзара байланыста қарастырылуы керек.

Форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі табиғи апаттардың жобаны жүзеге асыру барысына әсер ету қауіптілігін анықтайды.

Жүйелік емес тәуекелдер нақты субъектіге тән, оның жағдайына тәуелді және оның нақты спецификасымен анықталады. Осы тәуекелдерді басқаруға болады және басқару қажет. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталайық.

Іскерлік тәуекел – жобаны жүзеге асыратын компанияның немесе жобаның салалық спецификасымен анықталатын тәуекел.

Қаржыландыру тәуекелі – жобаны жүзеге асыру сәтіндегі қажетті ақша қаражаттарының жоқ болу тәуекелі, сонымен бірге несиелеу немесе тікелей инвестициялау шарттарының өзгеру тәуекелі.

Техникалық тәуекел – жобалаудағы қателермен, таңдалған технологияның кемшіліктерімен, мамандандырылған жұмыс күшінің жеткіліксіздігінен, жүргізілетін жұмыстардың мерзімдерін бұзудан, шикізатқа, энергияға және құраушыларға бағаның көтерілуінен және т.б. туындайтын тәуекел.

Маркетингтік тәуекел – нарықты зерттеудің төмен деңгей тәуекелі.

Компанияны «әлсіз» басқару тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – бағадағы маңызды жоғалтуларсыз активтерді тез сату мүмкіндігінің тәуекелі (инвестициялау объектісін сату қажеттілігі кезінде туындайды).

Билет

Наши рекомендации