Аржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі.

4. Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру

5. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

1. Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорындардың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорындардың мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорындардың қаржылық есеп беруінде кәсіпорындардың мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Кәсіпорындардың қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын құнының қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіптерден мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, айналым құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының, қаржы қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржылық есеп беруден деректері бойынша қорлармен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын және кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорындардың несиеге, қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттермелерді жабу дәрежесімен анықталады.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің ролі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорындардың нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

2.Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.

Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорын үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдық 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы, жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалығы.

Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорындардың басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді.

3. Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы-есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішнде тапсыруға міндетті.

Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуметті инвесторлар, кредиторлар жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

4.Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің N3 стандартында ашылып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:

- негізгі қызметтен (өнімдерді жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс

- сатылған өнімнің, жұмыстың өз құны

- жалпы кіріс

- кезең шығындары (жалпы және әкімшілік шығындары проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар)

- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян

- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян

- табыс салығы

- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян

- төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян

- таза кіріс немесе зиян

Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл кәсіпорындардың әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек.

Стандарт сондай-ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.

Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі), тоқтатылған операциялардан алынған кіріс немесе зиян өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорындардың әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.

Стандарт бағалауды өзгертуден әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есепті бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады.

- есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе

- өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге

- егер өзгеріс оларға да әсер етсе

5.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттарымен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат біріншіден кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әртүрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі.

- негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері

- инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері

- қаржыландыру жөніндегі қызмет

Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.

Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

- тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері

- сыйақылардың комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері

- тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері

- қызметкерлерге ақша төлемдері

- ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса

- шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысалболып табылады: негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері

- меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері

- басқа кәсіпорындарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз

- басқа кәсіпорындарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.

Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

- акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері

- акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың өтемін төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері

- қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды вексельдерді, облигацияларды шығарудан түскен ақша түсімдер

- алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру 2 әдіспен жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс.

Наши рекомендации