Тақырып:Қоғамдықшаруашылықтың нысандары. тауарлы шаруашылық.

2. Мақсат. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілерін оқу. Тауарлық өндірістің пайда болу шарттарын және тауар териясымен оның себептерін, негізгі белгілерін оқу.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Тарихта өндірістің негізгі екі түрі бар: Натуралды және тауарлы өндіріс.

Натуралды шаруашылық бұл адамдар өнімді өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіруі. Натуралды шаруашылық жүйесіне келесідей шаруашылықтарды жатқызамыз:

1. ұжымдық экономикалық қатынастар жүйесінің тұйық жүйесі.

2. қол еңбек

3. өндіріспен тұтыну арасындағы экономикалық байланыс.

Натуралды шаруашылық қоғамдық шаруашылықтың бірінші түрі болып табылады.

Тауарлы шаруашылық – пайдалы өнімдер нарықта сату үшін өндірілетін шаруашылық түрі болып табылады.

Тауарлы шаруашылық бұл әртүрлі әлеуметтік- экономикалық жүйелерді қамтамасыз ететін ортақ экономикалық ұйымдар байланысы. Бірақ тауар өндірісінің көлемі және мәні бірдей емес. Соған байланысты тауарлы шаруашылықтың тарихи сипаты бар.

Ең бірінші тауарлы шаруашылықтың генезисін анықтау керек. Оның пайда болуының бірден бір себебі қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.

Тарихта ең алғашқы тауарлы шаруашылық крестияндар мен қолөнершілердің қарапайым құралдарымен жасалған өнімдері болды. Ал капитализм кезінде тауарлы шаруашылықтың дамыған түрі пайда болды. Бұл кезде барлық өнімдер таурға айнала бастады.

Тауар- бұл еңбек негізінен туындайтын нарықта бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталуға қабілеті бар қоғамдық пайдалылық. Тауардың екі қасиеті бар: айрбас және құн. Экономикалық теорияда құн теориясының екі теориясы бар: еңбек және еңбектік емес.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.
  2. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері қандай?
  2. Натуралды шаруашылықтың негізгі ерекшеліктері қандай?
  3. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу себептері.
  4. Тауар дегеніміз не және оның негізгі қасиеттері қандай?
  5. Құнның еңбек теориясының мәні неде?
  6. Тауарлы және натуралды шарушылықтың айырмашылығын анықтаңыз.

1. Тақырып:Ақшаның мәні және қызметтері

2. Мақсат: Ақшаның пайда болуын, мәнін, эволюциясын оқу. Ақша қызметімен танысу: дүниежүзілік ақша және қағаз ақшаның алтынмен айырбасталу процессімен, несие карточкалары мен электрондық ақшаның пайда болуымен танысу. ҚР ғы ұлттық валютаның қалыптасуы мен бекітілуін зерттеу.

3.Дәріс жоспары және тезисі: Ақшаның пайда болуы айырбас процесінің дамуымен байланысты. Айырбастың дамуына қарай әртүрлі салаларды айырбасқа тез түсетін қасиеті бар өнім бұл тауар. Өтімді тауар - өте оңай өткізілетін тауар. Айналымға түсу қасиеті бар, бәріне бірдей эквиволент болатын тауар бұл – ақша. Ақша бұл айырбасқа түсетін абсолютті өтімді құрал. Ақшаның қатысуымен айырбас тауарлы- ақшалай формасына ене алады: (Т – А - Т ) мұнда T- тауар; A – ақша. Ақшаның мәні оның қызметінде айқындалады: айналым құралы; құн өлшеуші құралы, жинақтау құралы.

Қағаз ақша – бұл мемлекетпен шығарылған айналым қызметінде іс жүзіне асатын алтынға айырбасталатын ақшалай белгілер. Мемлекет қағаз ақшаларға сол мемлекеттің ішінде ғана жүргізілетін ақша курсын белгілейді. Қағаз ақша ұсынатын шынайы құн мемлекеттік билік күшіне байланыссыз ақша айналымының объективті заңымен анықталады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Ақшаның мәнін және атқаратын қызметтерін анықтаңыз?
  2. Ақша формаларының эволюцяисын көрсетіңіз және ақша айналымы заңының мазмұнын анықтаңыз.

1. Тақырып: Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.

2. Мақсат: Нарықтық экономиканың құрылу тарихын, оның әкімшілдік-әміршілдік экономика алдындағы артықшылықтарын оқу, нарықтық экономиканың құрұлу принциптерін, қызметтері мен қатынастар жүйесін игеру, нарықтық әртүрлілігін, құрылымын және нарықтық экономиканың әртүрлі үлгілерін, оның ішінде Қазақстандық нарықтық қалыптасу үлгісіне тоқталып өтіп, жетік анықтау.

3. Дәріс жоспары және тезисі: Нарық бұл тауарларды сату және сатып алу келісімінің жиынтығы. Қайтарымды экономикалық байланыс нарық қызметін құрайды. Бірінші қызметі нарық тұтыну саласын және өндіріс саласын бірлестіреді. Нарықтың екінші қызметі өндірістің соңғы нәтижесін бақылыушы ролін атқарады. Және соңғы маңызды қызметі бұл нарықтық айырбас кезіндегі сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық қызығушылықтарын іске асыратын қызметінен көрінеді. Ежелгі Греция және ежелгі Римде, содан кейін ортағасырларда Европаның бірнеше қалаларында сауда орталықтарын нарық деп атаған. Бүгінгі таңда, дамыған елдерде нарық жүйесі ретінде көптеген нарық қызметтерінің жиынтығының бірлестігін айтуға болады. Бұндай жиынтық осы жүз жылдықтың екінші жартысында қалыптаса бастады. Бүгінгі таңдағы нарық жүйесіне бірнеше ірі нарықтық қызмет орталықтарын атап айтуға болады: өндіріс құралдар нарығы, қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, ссудалық капитал нарығы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы. Осындай кең дамыған нарықтық орталықтардың қалыптасу негізінде оның экономикалық ролі де өсе бастады. Нарық өндірісті субъективті материалдық, ғылыми техникалық, интелектуалды қажеттіліктер кешеңімен қамтамасыз ете бастады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайы мен негізгі белгілері қандай?

2. Нарықтың әртүрлілігі мен оның классификациясы қандай?

3. Нарықтық шаруашылық субъектілері не болып табылады?

4. Бүгінгі таңдағы нарықтық шаруашылықтың қалыптасуындағы өзара байланыс факторларын анықтау?

5. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

6. Нарықтық экономика үлгілері қандай?

7. Нарықтық инфрақұрылым дегеніміз не?

8. Нарықтық қалыптасудың Қазақстандық үлгісі қандай?

9. ҚР-ғы (2007ж. ҚР Президентінің жолдауы) экономикалық модернизацияның негізгі артықшылық бағыттары қандай?

1. Тақырып: Бәсекелестік және монополия. Капитал. Ауыспалы айналым мен айналым. Өндіріс шығындары.

2. Мақсат: Бәсекелестік пен монополияның түсінігі мен мәні және бәсекелестіктің түрлері, әдістерімен танысу. Антимонополиялық заңдылықтармен антимонополиялық саясат. Өндірістің ауыспалы айналымы мен айналымының экономикалық мәнін анықтау. Кәсіпорынның шығындарын оқу. Кәсіпорынның пайдасын максимизациялауға (инвестицияларды, өндіріс қорларды қаржыландыру көзі ретінде) талдау жасау.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Бәсекелестік – тиімді салым жасалатын, өткізу нарығы болып табылатын тауар өндірушілер арасындағы сайыс. Бәсекелестік қоғам өмірінде маңызды орын алады. Ол қызметті ынталандырушы болып табылады. Ол арқылы тауар өндірушілер бір – бірін бақылап отырады. Олардың тұтынушы үшін күресі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығындарының төмендеуіне, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми- техникалық прогрестің күшейуіне әкеледі.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде бәсекелестікті жетілген және жетілмеген бәсеке түрлеріне бөледі. Жетілген бәсеке – бұл өнімнің бір түрін өндіретін көптеген өндірушілер арасындағы бәсекелестік. Жетілмеген бәсеке мемлекеттің нарыққа активті түрде әсер ету күші негізінде пайда болады. Жетілген бәсекеге қарағанда бұл монополия мен мемлекет әсерімен шектеледі.

Ақша түрінде негізделген өндіріс құралдары өндіріс қорлары деп аталады. Негізгі және айналым қорлары бар. Негізгі қор болып- өндіріс процесіне қатысатын, өндірістің көп циклінде қызмет ететін, сонымен қатар өзінің натуралды түрін сақтап қалатын еңбек құралдары табылады. Айналым қорлары- бұл өндіріс процесінде бір рет қана қолданылатын, өзінің натуралды түрін жоғалтатын еңбек құралы болып табылады.

Өндіріске және қызметтерді өткізуге кететін өндіріс факторларының шығындары өндіріс шығындары деп аталады. Шығындардың көптеген түрлері бар. Тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, орташа шығындар.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Бәсекелестік дегеніміз не? Және экономикалық жүйенің қандай түріне тән?

2. Монополия дегеніміз не?

3. Экономисттер бәсекелестік нарықтың қандай түрлерін анықтайды?

4. Неліктен өндіріс шығындарын «тұрақты» және «өзгермелі» деп бөледі?

5. Негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы.

6. Негізгі қорлардың қандай түрлерін білесіз?

7. Негізгі қорлардың амортизациясы дегеніміз не?

8. Өндірістің айналым қорлары дегеніміз не?

9. Айналым қорларының қандай түрлері бар?

10. Айналым қорларының қайнар көзі не болып табылады?

1. Тақырып:Өндіріс факторларынан түске табыс.

2. Мақсат: Пайданың экономикалық табиғаты мен факторлары, және оның көлемімен танысу. Еңбекақы төлеу жүйесінің эволюциясын, формалары мен түрлерін оқу. Пайызды капиталға түсетін табыс екенін көрсету. Жер рентасын анықтау және ҚР- ғы аграрлық қатынастарды талдау.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Тауарды сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табыстардан алынған шығындар пайда болып табылады. Кәсіпорынның немесе фирма қызметінің негізгі принципі пайданы максимизациялау болып табылады.

Қазақстанның экономиканы модернизациялау саясаты болып жерді жекешелендіру және совхозов, колхоздарды қайта құру болып табылады. ААҚ, шаруашылық, аулшаруашылық қауымдастықтары құрылуда.

Жалақы- халық массасының негізгі табысы. Еңбекақы – бұл кәсіпорын жұмысшысыныңның белгілі—бір жұмысты сапалы және көлеміне байланысты істегеніне қарай төленетін сома. Еңбекақының екі түрі бар: келісімді және мерзімдік (сағат бойынша, апталық, айлық, жылдық). Номиналды және нақты жалақы түрлері бар.

Өндіріске қолдануда басқа тұлғаға капиталды беруден түскен табыс бұл пайз немесе ақшалай өсім болып табылады. Пайда қарыз алушынікі болып табылады, бірақ оның жартысы қарыз берушіге төленеді. Ссудалық пайыз түріндегі табыс ссудаға алған ақшаны қолданудағы пайдадан төленетін өндірістік табыс болып табылады. Жерден алынатын табыс рента болып табылады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорын қызметінің бірден- бір бағалау көрсеткіші болып не табылады?

2. Табыстың негізгі түрлері қандай?

3. Кәсіпорынның таза пайдасы қалай анықталады?

4. Жалақының көлемі неге байланысты?

5. Еңбекақы төлеудің қалыптасуы нарықтық механизімі неден тұрады?

6. Еңбекақының көлемін анықтайтын негізгі нарықтық және нарықтық емес факторлар неден тұрады?

7. Минимальды еңбекақы дегеніміз не?

8. Экономикалық көзқарас бойынша пайыз дегеніміз не?

9. Жер рентасының түсінігі және түрлері.

10. ҚР- ғы аграрлық қатынастар ерекшеліктерін талдаңыз.

1. Тақырып:Ұлттық экономикажүйе ретінде.

2. Мақсат: Ұлттық экономика құрылымымен танысу. Қоғамдық өндірісті және оның түрлерін оқу. Келесідей макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, өмір сүру деңгейі. Ұлттық байлық құрылымын, оның ішінде ҚР ұлттық байлығын оқу. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру факторларын жәнеде ұлттық экономикаға бағыт ретінде Қазақстан кластерлерінің орынын анықтау.

3. Дәріс жоспары және тезисі: Ұлттық экономиканың сыртқы және ішкі қарым қатынастары жалпы қозғалыс заңдарына бағынады. Ұлттық экономика қызметінің оптимальды режимін қолдау, іс- әрекеттерді белгілі- бір органдар арқылы реттейтін негізгі бағыттармен анықталады. Макроэкономикалық дамудың негізгі мақсаты ел ішіндегі және шет елдегі экономикалық құрылымның экономикалық және әлеуметтік нығаюы, оның өзгерістерге бейімделуі болып табыдлады. Макроэкономикалық көрсеткіштер дамыған елдердің экономикалық динамикасын салыстырмалы талдау жасауда стандарттар және жағдайлар ретінде қолданылады. Ұлттық есеп көрсеткіштері болып ЖІӨ, ЖҰӨ, өмір сүру көрсеткіші, таза ұлттық өнім және т.б. табылады. Ұлттық байлық – елдің экономика жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Ұлттық байлық құрамына негізгі қорлар жатады. Олар келесідей түрде классификацияланады: ғимараттар, машиналар және құрал жабдықтар, транспорттық жабдықтар, құралдар, өндірістік инвентарь, өндірістік және жұмыс құралдары, тағыда басқа негізгі қорлар.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық экономика құрылымын анықтау.

2. Өндірістің интенсивті және экстенсивті даму түрлерінің құрылымын анықтау.

3. Қоғамдық өндіріс дегеніміз не?

4. ЖҰӨ дегеніміз не?

5. ЖІӨ қандай ұғым береді?

6. Номиналды және нақты ЖҰӨ- ге анықтама беріңіз.

7. Макроэкономика қашан қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесі ретінде пайда болды?

8. Негізгі өмір сүру көрсеткішін мінездеңіз.

9. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз не?

1. Тақырып :Экономикалық тепе- теңдік және экономикалық өсім

2. Мақсат: Жиынтық сұраным және жиынтық ұсынымды және де макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі мен оның түрлерін анықтау. Экономикалық өсудің негізгі аспектілерін және экономикалық өсудің жаһандық тенденцияларын оқу. Қазақстан экономикасының даму бағыттарының артықшылықтарын анықтау.

3. Дәріс жоспары және тезисі: Нарықтық экономикада барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өнімдер) тауар (жиынтық ұсыным) болуы керек, ал барлық табыстар (жиынтық табыс) жұмсалуы (жиынтық сұраныс) керек және де тауармен қамтамасыз етілуі керек (жиынтық тұтыну). Тек осындай жағдайда төлем қабілеттігі бар сұраныс және тауарлық ұсыным көлемі сәйкес болады. Нарықтық экономиканың мұндай жағдайы экономикалық тепе- теңдік болып табылады.

Экономикалық өсім - экономикадағы нақты табыстың өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ немесе ҰТ), сонымен қатар белгілі бір уақытта жан басына шаққандағы өндірлген өнім болып табылады. Экономикалық өсу факторларына: табиғи шикізаттар, еңбек ресурстары, негізгі капитал көлемі, жиынтық шығындар деңгейі, технология, шикізаттарды тиімді пайдалану жатады. Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады егер ол қосымша ресурстарды тартуда өзінің еңбек өнімділігін өзгертпесе. Ал интенсивті өсім- өндірістің жаңа технологиясын қолданса да шығындар көлемін өсірмейді. Интенсивті өсім халақтың жағдайын жақсартуға негіз бола алады.

Қазақстан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі экономикалық өсу болып табылады, ол тек қана Қазақстандықтардың жағдайын жақсартып қана қоймай сонымен қатар Қазақстанды әлемдік экономикаға тиімді енуге мүмкіншілік береді.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

8.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Макроэкономикалық тұрақтылық дегеніміз не?

2. Экономикалық өсімге анықтама беріңіз.

3. Қандай экономикалық өсу түрі үлкен халықшаруашылық нәтиже береді?

4. Қоғамдық экономикалық өсудің жаңа жүйесі қандай түсінік береді?

5. Егер ЖҰӨ көлемі тұрғындар санына қарағанда қарқынды өссе, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі қандай болады? Түсіндіріңіз.

6. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды атаңыз.

7. Экономикалық өсудің позитвті және негативті жақтарын анықтаңыз.

8. ҚР–ң экономикалық саясатының артықшылық бағыттарын көрсетіңіз.

9. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу қалай жүргізіледі?

1. Тақырып:Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

2. Мақсат: Экономикалық цикл түсінігімен танысу. Дағдарыс, тоқырау, тірілу, өрлеу түсініктерін оқу.

Инфляция экономикалық көріністің мәні ретінде, оның пайда болу себептері мен дамуына тоқталып қарастыру. Жұмыссыздықтың себептері мен түрлеріне түсініктеме беріп өту.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі экономиканың циклдық дамуы болып табылады. Бұл тоқырау кезінде өнім көлемі төмендеп, еңбекке сұраныстың төмендеуіне және жалпы жұмыссыздыққа әкеледі.

Өрлеу кезеңінде фирма мен кәсіпорындардың өніміне сұраныс ұлғайғанда жұмыс орындарының көбеюіне әкеледі. Банкрот жағыдайына, өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты жаппай жұмыс күшін қысқарту кезіндегі экономикалық кризистер жұмыссыздықтың себептері болып табылады.

Жұмыссыздықтың фрикциондық, құрылымдық және циклдық түрлері бар.

Инфляция ақша тарихы сияқты XVII ғасырда пайда болды деп санауға болады. Тауарлы шаруашылықтың ерте кезеңдерінде ақша ретінде монеталар жүргізілген кезде инфляция олардың құнсызданғанында көрінді. Қағаз ақша пайда болуынан бастап монета- ақшалық инфляция орынына қағаз ақша инфляция келді. Инфляция алтынға, тауарға, шетел валюталарына деген қатынасы бойынша ақшаның құнсыздануы болып табылады. Инфляцияның сыртқы және ішкі факторларын ерекше атап айтуға болады.

Дүние жүзілік экономикалық теория және тәжірибесінде инфляцияның екі түрін атап өтуге болады: сұраныс және ұсыныс. Инфляцияның формасын белгілі бір себептерге байланысты болады. Егер ондай себеп ретінде инфляцияның қарқынын алып қарастыратын болсақ қарқынды инфляцияны айтуға болады (баға өсімі жылына 10% құрайды); галопирлік инфляция (баға өсімі 10 нан 200% дейін құрайды); суперинфляция (айына 50% құрайды). Күту теориясы бойынша инфляцияның күтілген және күтілмеген түрлерін атап өтуге болады. Қамту көлемі бойынша жергілікті және дүниежүзілік болып бөлінеді. Ағымдық сипаты бойынша ашық және басыңқы инфляция түрлерін атап айтуға болады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістің циклдық даму себептері неде?
  2. Кризистердің қайталану себептері немен түсінідіріледі?
  3. Жұмыссыздық елдің экономикалық жағдайын жақсартама әлде әлсіретеме? Бұл қажетпе?
  4. Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының айырмашылығы неде?
  5. Сыртқы және ішкі циклдық ауытқулардың себептері неде?
  6. Дағдарыстың негізгі себептері неде?
  7. Оукен заңының мәні неде?
  8. ҚР-ның тұрақты экономикалық өсудің негізгі бағдарламасы қандай?

1. Тақырып:Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.

2. Мақсат: Маңызды түсініктерді мемлекеттік реттеу, қоғамдық сыртқы эффектілер, мемлекеттің экономикаға тікелей және жанама қатысуы. Берілген тақырыпты оқу барысында экономикалық ғылымның негізіне көңіл аудару қажет.

Жағдайдың мән-мағынасын түсінген соң мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін және араласу салаларын анықтау қажет. Және де берілген тақырыпты оқу барысында, Қазақстан қазіргі кездегі экономикалық жағдайын талдау қажет. Әртүрлі ерекшеліктері мен аспектілерін анықтау.

3. Дәріс жоспары және тезисі: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу бұл мемлекеттің экономикаға араласуы, мемлекеттің экономикалық қалыптасу жүйесі, осы араласудың деңгейіне байланысты анықталады. Мемлекеттің экономикаға араласуының негізгі формалары мен әдістері бар. Ең бірінші екі негізгі формаларын атап өтуге болады: мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы және екіншісі- жанама түрде араласуы. Мемлекеттің экономикаға тікелей араласуына :

- нарықтық жүйенің барлық элементтерінің арасындағы қатынасты реттеу және дамыту үшін заңдылық актілерді қабылдау;

- инвестиция мен жинақтау арасындағы тепе- теңдікті қайта қалпына келтіру және капитал салуды ынталандыру;

- импорт, экспорт және капитал мен еңбек күшін ынталандыру;

- белгілі бір тауарларға баға орнатуда және бағаның ортақ деңгейіне әсер ету;

- тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

- табыстарды қайта бөлу жәнеде басқада мақсаттар.

Осындай шараларды жүзеге асыруда мемлекет фискальдық және ақша- несие саясатына жүгінеді. Бұл екі саясат бір бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтік жағдайды дымытуға бығытталған нарықтық экономикада азаматтық қоғамды әлеуметтік қорғау жүйесі бар. Бұл жағдайда қоғамның әлеуметтік тұрақтану мұмкіншілігі туады. Яғни мемлекет нарық мүмкіншілігі жетпейтін мәселелерді шешуге қабілеті бар. Ол шаруашылық дамудың максимальды әлеуметтік бағыты болып табылады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық шаруашылықты реттеу не үшін қажет? Мұндай экономикалық реттеудің басты мақсаты не болып табылады?

  1. Нарықтық жүйенің қандай жағдайын қамтиды деп айтуға болады?
  2. Мемлекеттік реттеудің сыншылдары үнемі «еркін нарықтық» дұрыс екенін көрсетуге үнемі ұмтылады. Осыған орай толықтай еркін нарық орын алуы мүмкін бе?
  3. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық нәтижелерге әкеліп соқтырады?
  4. Елдің ішінде мемлекеттік реттеудің тиімділігі немен анықталады?
  5. ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшілігі неде?

1. Тақырып: Мемлекеттік қаржы және бюджет

2. Мақсат: Мемлекеттік бюджеттің құрылымы мен қызметін оқу. Мемлекеттің барлық қаржылық жүйесінің негізі ретінде және бюджеттің кіріс бөлігі мен шығыс бөлігін қарастыру.

3. Дәріс тезисі: Мемлекеттік бюджет бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі саласы болып табылады. Бюджеттік жүйе құқықтық әлеуметтік – экономикалық жиынтық және әкімшілік ерекшеліктер арқылы қалыптасыды. Осы және басқада елдердің бюджеттік құрылым жүйесі сол елдің мемлекеттік құрылымына байланысты болады. Унитарлы мемлекеттерде бюджеттік жүйе екі ретті: мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді; ал федеральды (США, Германия, Россия) мемлекеттерде- аралық: штаттар, жерлер, федерация, субъектілер бюджетінен тұрады.

Кез- келген мемлекет салық жүйесіне және саясатына үлкен көңіл бөледі. Салықтар мемлекеттік және жергілікті бюджеттің басым бөліген құрайды. Салық бұл жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті төлемдер болып табылады. Салықтар екі маңызды қызмет атқарады: фискальдық (негізгі) және экономикалық. Салық ставкаларының бірнеше түрлері бар: прогрессивті, регерессивті, пропорционалды. Төлеу қажеттілігі және алу әдісі бойынша салықтар: тура және жанама болып екіге бөлінеді. Пайдалану бойынша салықтар: жалпығы бірдей, ерекше (мақсатты) және федеральды, жергілікті болып бөлінеді. Салық жүйесі белгілі- бір принциптерге негізделеді: салық жүйесінің нейтральды және әділетті, біркелкі бөлу жүйелері бар.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?

2. мемлекеттік бюджеттің құрылымы және қызметі қандай?

3. Бюджеттің қандай түрлерін білесіз?

4. Бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін анықтаңыз.

5. Салық дегеніміз не?

6Елдің экономикасына салықтың әсері қандай?

7.Салық қандай қызметтер атқарады?

8. Мемлекетпен қандай салық ставкалары орнатылады?

9. Салық алудың қандай әдістері бар?

1. Тақырып:Банктер және несие.

2. Мақсат:Банк және несие

3. Дәріс жоспары және тезисі:Банк бұл ақша ресурстарын аккумуляциялаумен айналысатын несие ақша институты. Банктер активті және пассивті операциялар жүргізеді. Пасивті операциялар арқылы ресурстарды мобилизациялау жүргізіледі, ал активті операциялар арқылы осы ресурстарды орналастырады. Банк ресурстары өзіндік, тартылған және эмитирленген қаражат арқылы құралады. Өзіндік қорға акционерлік және резервтік капитал және үлестірілмеген табыс жатады.

Қазақстан Республикасының банктік жүйесі екі денгейден тұрады. Бірінші денгейдегі банкке мемлекеттік меншіктегі және мемлекеттік мекемесі - ҚР Ұлттық банкін жатқызамыз. ҚР ҰБ бірнеше қызметтерді атқарады, соның бірі ұлттық ақша белгілерін эмиссиясын айтуға болады. ҚР екінші денгейдегі банктік жүйеге коммерциялық банктерді жатқызамыз. Оның қызметіне қаржы несие қызметін орындайды. Коммерциялық банктер инвесторлар ретінде облигациялар мен құнды қағаздарға салымдар жасай алады.

Несие бұл экономикалық субъектілердің ақшалай немесе мүлік ретінде қолданылуға алынған проценттік қайтарымды келісім. Несиенің қайнар көздері кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың бос қаражаттары болып табылады. Несиенің келесідей формаларын атап өтуге болады:

Несиелеу тәсілі бойынша: натуралды, ақшалай

Несиелеу мерзімі боынша: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді

Ұсыну сипаты бойынша: мемлекетаралық, мемлекеттік, коммерциялық, тұтынушылық, ипотекалық.

Несиелік қатынастардың субъектісі болып мемлекет, аймақтық органдар, кәсіпкерлік, банктер, қорлар, сақтандыру компаниялары, халық, әртүрлі қоғамдық ұйымдар болып табылады.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

7. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

8. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

9. Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

10. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

11. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Банк дегеніміз не?

2. Банктік операциялардың қандай түрлерін білесіз?

3. Банк ресурстары қандай құралдар негізінде қалыптасады?

4. ҚР қанша банктік денгейлер бар?

5. ҚР ҰБ негізгі қызметтері қандай?

6. Екінші денгейдегі банктер қандай несие қаржы операцияларын жүргізеді?

7. Несиеге анықтама беріңіз

8. Несиелер мерзім бойынша несиеге беруде қалай классификацияланады?

9. Сипаты бойынша несиеге берудің қандай түрлерін білесіз?

10. Несие жүйесі дегеніміз не?

1. Тақырыбы :Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.

2. Мақсаты: Нарықтық экономикаға өту жағдайында әлеуметтік аймақтық саясатының өсуін байқауға болады. Бұл тұрғыдан халықты әлеуметтік қорғау және ҚР аймақтық экономикалық даму жүйесіне жаңа амалдар талап етіледі. Сондықтан бұл тақырып бойынша біздің қоғамның қазіргі нарықтық кезеңінде әлеуметтік және аймақтық саясат пен байланысты барлық мәселелерді мұқият зерттеу мақсаты тұр. Ерекше назар халықтың әлеуметтік қорғаудың нақты принціптерінің қажеттілігі мен мақсатбағыттылығын дәлелдеуге аударылады. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың нақты әдістері мен құралдарды, әсіресе ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (2007 наурыз). Жолдауын орындау саласында қолдану.

3. Дәріс тезистері:Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеу қызметтерінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні әлеуметтік топтардың, қоғам арасындағы қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты звеносы тұрғындардың табысын қалыптастыру болып табылады. Қоғам мүшелерінің табыс деңгейі индивидтердің материалдық және рухани өмірінің (демалыс, білім алу, денсаулық сақтау, қажеттіліктерді өтеу) мүмкіндіктерін анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясаты бір жағынан, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп және әлеуметтік қысымды жұмсартса, екінші жағынан, кәсіпкерлік пен белсенділігі жоғары жалдамалы еңбекке кедергі келтірмеу керек. ҚР нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеуметтік және аймақтық саясаттың маңызы өсе түседі. Осыған байланысты ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде және аймақтық экономиканы дамытуда жаңа ұстанымдар қажет. Осы жағдайларды жүзеге асыруда «Қазақстан 2030» және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауындағы нақты әдістер үлкен маңызға ие.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

8.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

9. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

10. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік саясат қандай мәселелерді шешеді?
  2. Қоғам мүшелерінің дифференциация үрдісі немен байланысты және олардың әлеуметтік-экономикалық салдары қандай?
  3. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағыты неден тұрады?
  4. Қоғам мүшелерінің арасында ұлттық табысты қалай бөлу қажет: олардың қажеттіліктеріне немесе олардың өндіріске салған салымдарына байланысты ма?
  5. Әлеуметтік саясат пен экономикалық өсім өзара қалай байланысты?
  6. Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың принциптері қандай?
  7. Жұмыспен қамтудағы мемлекеттің негізгі әдістері қандай?
  8. Аймақтық саясаты жүзеге асырудың негізгі әдістері мен тәсілдері қандай?
  9. Қазақстанның бүгінгі таңдағы аймақтық экономика жағдайы қандай?

1.Тақырып:Халықаралық экономикалық қатынастр және олардың формалары. Сыртқы экономикалық қатынастарды реттеу.

2. Мақсат:Бүгінгі тандағы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды мәселелерді оқу, Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орынын, ҚР-ның бәсекелестік деңгейінің өсуін анықтау, жаһанданудың қазіргі тенденцияларын және елдің әлеуметтік-экономикалық процесіне әсерін анықтау. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақстыстық формаларын анықтау. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік интеграциялық процестері мен халықтың экономикалық ұйымдарға қатысуын көрсету мақсат болып табылады.

3. Дәріс тезистері:Халықаралық еңбек бөлінісі мәселелерін, елдің бәсекеге қабілеттілік мәселелерін, жаһанданудың тенденциялары мен мәселелерін, Қазақстанның дүниежүзілік интеграциялық процестеріне қатысуын, экономикалық интеграция артықшылықтарын оқу. Елдің бәсекеге қабілеттілігінің мәселелері және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орыны. Қазіргі кездегі жаһандық мәселелер елдің әлеуметтік – экономикалық процестеріне әсері өте зор. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық қауымдастықтың бірнеше түрлері бар. Қазақстан Республикасының халақаралық экономикалық ұйымдар және халықаралық интеграциялық процестеріне қатысуы. Халақаралық экономикалық қатынастар болашағы. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекелестік қабілеттілігі. Қазақстаның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орыны. Жаһанданудың қазіргі тенденциялары. Жаһандық мәселелері шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Сыртқы экономикалық қызметі реттеудін мақсаттарымен құралдары. Әлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық ұйымдарға Қазақстан қатысуы. Экономикалық ынтымақтыстықтын артықшылықтары.

4. Көрнекі материал:лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

6. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

7. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2013ж

8. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2014г.

9. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

8.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

9. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

10. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации