Корпорацияның қаржылық жоспарлауының мазмұны, міндеттері мен принциптері

Қаржы жоспары – бұл ағымдағы (1 ж дейінгі) ж/е ұзақ мерзімді (1 ж асатын) кезеңде ақшалай қаражаттың түсуі мен оның жұмсалғанын көрсететін қорытып жинақталған жоспарлау құжаты. Аталмыш жоспар келешектегі ақша түсімінің сапала болжамын алу үшін қажет. Осы жоспарлау құжатында ағымдағы ж/е күрделі бюджет, сондай-ақ қаржы ресурсының 1-2 ж арналған болжамы жасалады.

Қаржыны жоспарлау міндетіне:

1. экономикалық, құқықтық, есептік және нарықтық ақпаратты, сондай-ақ компанияның қаржы және инвестициялық саясаты жөніндегі мәліметті пайдалану;

2. дивидент, қаржыландыру және инвестиция жөніндегі шешімдердің өзара байланысын талдау және бағалау;

3. жағымсыз жағдайдың ықпал етуіне жол бермеу мақсатында, басқарушылық шешімнің салдарын болжау, сондай-ақ жедел және ұзақ мерзімді шешімдердің өзара байланысын айқын білу;

4. қабылданған қаржы және инвестициялық жоспардың шеңберінде орындалатын шешімді таңдау;

5. қаржы жоспарында белгіленген шешім мен мақсаттың орындалған нәтижесін салыстырып бағалау кіреді.

Қаржыны жоспарлаудың басты мақсаты – меншікті, қарыз ж/е қор нарығынан тартылған қаржыландыру көзінің есебінен түсетін ақша ағынының мөлшерін болжау негізінде қаржы ресурсының, капитал мен резервтің күтілетін мөлшерін анықтау болып табылады.

Жоспарлау принциптері корпорациядағы жоспарлы кызметтің сипаты мен мазмұнын аныктайды.

1. Жүйелік жоспарлау принципі:

• элементтердің (бөлімшелердің) жиынтығын;

• осы элементтердің өзара байланысын;

• жүйеге кіретін бөлімшелердің корпорацияның максатына сәйкес бірыңгай бағытта дамуын карастырады.

Фирманың сатылас біртұтастығы жоспарлы кызметтің 6ірыңгай бағытын, сонымен бірге барлык бөлімшелердің ортак максатын камтамасыз етеді.

2. Жекелеген бөлімшелердің жоспарын үйлестіру принципінде:

- бір бөлімшенің кызметін баска бөлімшенің кызметімен байланыстырмай тиімді жоспарлауға болмайды; бір құрылымдык бөлімшенің жоспарындағы кез келген өзгеріс баска бөлімшенің жоспарында да көрсетілуі тиіс деп карастырылған.

Демек, өзара байланыс пен біруакытта іске асыру — корпорацияда жоспарлауды үйлестірудің негізгі ерекшелігі болып табылады.

3. Катысу принципіне сәйкес компанияның әрбір маманы (менеджері) аткаратын кызметіне және өзі орындайтын функцияға қарамастан жоспарлы қызметке катысушыға айналады.

4. Үздіксіздік принципі бойынша:

• жоспарлау процесі белгіленген саты шеңберінде жүйелі түрде жүзеге асырылады;

• әзірленген жоспарлар бір-бірін үздіксіз алмастырады (сатып алу жоспары — өндіріс жоспары — маркетинг (өткізу) бойынша жоспар — акшалай каражаттың козғалыс жоспары).

Сонымен бірге сырткы ортаның тұрлаусыздығы мен ішкі жағдайдың болжанбаған өзгеруі салдарынан корпорацияның жоспарын нақтылау және оған түзету енгізу кажет.

5. Икемділік принципі үздіксіздік принципімен тығыз байланысты. Осы принципке сәйкес корпорация жоспарлы кызметтің шектерінен шығуға мәжбур болатын күтпеген жағдайдың туындау ыктималдығына жол беріледі. Сондыктан жоспарда кауіпсіздік резервы(өндірістік қуат, ресурс және т.б.) болуы тиіс.

6. Дәлдік принципіне корпоративтік жоспар компанияның ішкі және сырткы ахуалы мүмкіндік беретін дәрежеде егжей-тегжейленуі және нактылануы тиіс деп карастырылады.

Корпорацияның негізгі құралдарының ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері Ұдайы өндірістің келесі екі нысаны болады:

1) жай ұдайы өндіріс, бұл жағдайда негізгі құрал жабдыктың тозуын өтеуге шығыны мөлшері бойынша амортизацияның есептелген мөлшерімен үйлеседі;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріс, бұл жағдайда негізгі құрал жабдыктың тозуын өтеуге жұмсалатын шығыны есептелген амортизация сомасынан асып кетеді.

Негізгі құрал-жабдыктың ұдайы өндірісін қаржыландыру көзі меншікті және қарызды көзге бөлінеді.

Негізгі құрал-жабдыктың жаңартуға жұмсалатын ұдайы капитал шығыны ұзак мерзімді сипатта болады және жаңа құрылыска, өндірісті кеңейтуге және кайта жаңартуға, жұмыс істейтін кәсіпорынның қуатын техникалық кайта жарактандыруға әрі колдауға арналған ұзак мерзімді инвестиция (күрделі салым) түрінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтың ұдайы жаңартуды қаржыландыруға арналған меншікті қаражат көзіне:

1) меншікті қаржылай ресурс және шаруашылық ішіндегі резерв (таза кіріс, амортизациялық аударым, сактандыру органдары табиғи зілзала, авария және т.б. ысырапты өтеу нысанында төлейтін қаражат);

2) тартылған ақшалай қаражат (акция эмиссиясынан, заңды және жеке тұлғалардың жаргылық капиталына салынған жарнадан және т.б. алынған қаражат);

3) республикалық бюджеттің және тегін негізде берілетін бюджеттен тыс корлардың қаражаты жатады.

Негізгі капитал (айналым да сиякты) ұлайы жаңаруы үшін қаражат көзінің жеткіліліктілігі кәсіпорын қаржысының жай-күйі үшін өте маңызды. Сондықтан қаржы менеджері қаржысының жай-күйінің басқарылатын осы параметріне әрқашанда жете назар аударады.

Негізгі құрал-жабдықтың ұдайы жаңғыртуды қаржыландыратын қарыз көзіне:

• Банктің кредиті;

• Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз қаражаты;

• Облигациялық қарыз;

• Шетел инвесторлары кредит пен қарыз және тб түрде беретін қаражат

• Кәсіпорындар мен қаржы- өнеркәсіптік топтардың ерікті одақтары (бірлестіктері) орталықтандыратын, сондай-ақ кәсіпорындар объекті салуға үлестік қатысуға жұмылдыратын ақшалай қаражат;

• Бюджнттен және бюджеттен тыс қордан қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру жатады.

Наши рекомендации