Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері.

Азіргі замандағы саяси жүйелер

Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері.

Саяси жүйенің жіктелуі.

Азақстан Республикасының саяси жүйесінің трансформациясы.

Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері.

"Жүйе" ұғымын XXғасырдың 50-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Берталанфи (1901— 1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен зат алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.

Кейінірек жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған Т. Парсонс. Ол коғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.

Г.Алмондтың «Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады.

Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестер субъектілері — әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестер арқылы, саяси шешімдерді қабылдау мен іске асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М.Х. Политическая система общества. Социально-политические науки. 1991, 5, 60 бет). Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.

Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол көпбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.

Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастыру мен байланысты.

«Саяси жүйе» үғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпылаған түрде осы идеяны бейнелейді.

Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бұл жүйешелердің әрқайсысынын өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.

Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, рольдік функцияларын жоне реттеуші нормаларын талдау нәтижесінде жолға қойылады.

Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.

Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды әлеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен тұратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.

Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті түйық кибернетикалық мақсаттардың әрекеті принципі бойынша отеді.

 

Оршаған орта

Шешімдер
Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru
Шығыс
Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru
Кіріс
Саяси жүйе
Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru Саяси жүйе ұғымы, оның мәні, құрлымы мен қызметтері. - student2.ru

 
Қоршаған орта

«Кірісте» қоғам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды «игеруге», қайта өңдеуге және сыртқы сигналдарға лайықты жауап беру үшін шақырылған. Бұл саяси жүйенің басқалар тәрізді тікелей және қайтымды байланыстың болуы арқылы қалыпты қызмет етуін білдіреді. «Шығыста» жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдер мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін. Осымен жүйенің легитимділік деңгейі, яғни қоғам тарапынан оны қолдау мен қабылдау анықталынады.

Легитимділік ұғымының тұтастай жүйеге де, оның жүйешелері мен элементтеріне де таратылатындығы айқын. Жүйе ішіндегі кез-келген асыра тырмысудың болуы, жекелеген жүйешелердің келісімділігінің болмауы тұтастай саяси жүйенің легитимділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Дәл осылай қоғамда да жүйедегідей тәрізді болады.

Сонымен, импульстың екі түрін немесе кірістің екі түрін бөліп көрсетеді, мысалы, сайлаушылардың жүйеге деген талабы мен олардың жүйені қолдауы.

Талаптардың ауқымы өте кең: жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім беру және т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетгі жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.

Импульстың немесе кірістің екінші түрі — қолдау да жүйе үшін өте маңызды. Тұтастай алғандағы қауымдастықты (елді) қолдауды, режимді қолдау, үкіметті қолдау және оның қалған барлық мүшелерін қолдауды айырып алғанымыз абзал. Мысалы, өмір сүріп отырған режимді жек көре отырып, өз отанының патриоты болуы мүмкін, әрекет етуші үкіметтің қызметін жаратпай режимді қолдауы мүмкін, жекелеген мүшелеріне теріс баға бере отырып тұтастай үкіметті қолдауы мүмкін.

Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгертетін конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек.

Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:

- игіліктер мен қызметтерді бөлуді қарастыратын талаптар (еңбек-ақы, зейнетақы мен көмек туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда, оларды төменгі деңгейге дейін орналастыру мен көтеру; жүмыс уақыты туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда 8 сағаттық жүмыс күнін белгілеу; білім беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы; жолдарды жақсарту, көлік құралдары мен транспорттың жұмысын жақсарту туралы заңдар қабылдау);

- жүріс-түрысты реттеумен байланысты талаптар (қоғамдық қауіпсіздікті; нарықты; неке, денсаулық сақтау, санитарлық ахуалды жақсарту жәнс т.б. салалардағы бақылауды қамтамасыз ету);

- коммуникация мен ақпарат сферасындағы талаптар.

Қолдауға келер болсақ, оларды былай топтауға болады;

- материалдық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;

- зандар мен директивалардың сақталынуы;

- саяси өмірге араласу: дауыс беру, саяси дискуссияларға қатысу және т.б. саяси қатысу формалары;

- ресми ақпараттарға назар аудару, оларға сену, мемлекет пен оның рәміздеріне және ресми салтанаттарға құрмет;

Саяси жүйе мемлекеттік басқару механизмдері арқылы легитимді шешімдерді жасақтайды және олардың жүзеге асуы бойынша әрекеттер қабылдайды.

Саяси жүйенің негізгі элементтері:

- билік — шешімдерге ықпалын тигізе алатын бәсекелес топтар арасында ресурстарды бөлу;

- мүдделер — мақсаттар жиынтығы, оларды көздей отырып жекелеген тұлғалар немесе топтар саяси процестердің қатысушысы болады;

- саясат — әдетте заңнама түрінде болатын билік пен топтардың мүдделерімен бірге олардың арасындағы өзара әрекеттердін қоғамдық нәтижесі.

Д. Истон мен Дювержьенің зерттеулері саяси жүйе табиғатын түсінуге қадам жасады. Бірақ оларда бір-бірімен қатынаста, өзара әрекетте және т.б. табылатын элементтердің өзі нені білдіреді деген мәселенің басы ашылмай қалғандығы даусыз.

Осы мәселені қарастыруда өзінің көрнекті үлесін Алмонд қосты. Ол саяси жүйеде институциональды және құндылықты тәрізді элементтердің екі тобын айырып алу керек деп есептейді. Мұнымен саяси жүйенің жоғарыда Алмонд көрсеткен анықтамасы байланысты. Ағылшын саясаттанушысы Уайт пен поляк саясаттанушысы Е. Вятр құндылықтар жүйесін саяси жүйеге қатынас бойынша сыртқы бір дүние деп есептейді. Тиісінше, саяси жүйе әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің белгілі бір құндылықтар мен идеалдар негізінде келісімі үшін қажетті саяси институттарды бейнелейді. Оның мәні мынада, институттар жүйесі мен құндылықтар жүйесі бір-бірінен ажырағысыз және олар жиынтығында ғана саяси жүйені құрады. Институциональды жүйенің негізінде жатқан құндылықтар жүйесі қондырмалы және жүріс-тұрыстық қалып, оның шегінде саяси жүйе орналасады, және ол заңды түрде рәсімделген немесе рәсімделмеген болуы мүмкін.

Сонымен, саяси жүйе құрылым, яғни элементтер мен олардың арасындағы өзара әрекеттің жиынтығы екен. Жүйе элементіне мыналар жатады:

- институттар жүйесі,

- немесе саяси құндылықтар жүйесі, немесе саяси мәдениет және институттар жүйесі. Бірақ қай жағдайда болмасын, авторлар құндылықтар жүйесіне басымдық береді.

Барлық элементтер өзара әрекетте болады және ақыр аяғында олардың өмір сүруінің экономикалық шарттарында негізделген әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін келістірудің белгілі бір тәсілінің жиынтығымен жүзеге асады. Кез-келген саяси жүйе, оның әрбір элементі белгілі бір әлеуметтік мүдделердің дәл болсын, болмасын бейнесі болып табылады.

Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардаң бастап рухани-адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелейді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық әлеуметтік өмірдің «өзегі» өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлеуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси-биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдык күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.

Уорд пен Макридистің айтулары бойынша саяси жүйе проблемаларды анықтау мен қою үшін пайдаланылатын механизмді бейнелейді, ол сондай-ақ мемлекеттік қатынастар, әртүрлі қоғамдарда шешімдердің орындалуын өңдеу мен бақылау үшін де қажетті. Ресми механизм, оның көмегімен зандық негізде анықталған проблема мен шешімдер, күн тәртібіне қойылады, өңделеді және әрекетке келтіріледі, басқару (немесе мемлекеттік басқару) деп аталынады. Алайда басқару салыстырмалы саясаттануды зерттеушілер үшін қызығушылықтарының бірден-бір пәні болып табылмайды. Мысалы, мынадай саяси жүйелер бар, барлық ересек азаматтар шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Керісінше, диктатура тұлғалардың тар шеңберінде шешімдер қабыдлауға қатысуды шектейтін саяси жүйе.

Саяси жүйе талаптар мен қолдаулардың «кіретін» тиімді импульстарын, сондай-ақ олармен шиырлас саяси ынтымақтастық пен қайшылықтарды қайта құратын күштерден, процестерден, институттардан тұрады.

Бүл «кірстін» элементтер кейіннен жүйеден «шығатын» ақырғы өнімдерге дейін өзгереді. Осындай процестің арқасында саяси жүйе саясатты жасақтайды, оның көмегімен құндылықтар жасалынады және бөлінеді.

«Қара жәщік» моделін Д.Истон өкілдік жүйе негізінде жасаған және оның азаматтық қоғаммен, оның құрылымдары мен институттарымен өзара әрекетінің ерекшелігін бейнелейді. Сондықтан да Д.Истонның моделінде саяси жүйе сырттан келетін импульстарды қабылдайтын, оларға жауап беретін «қара жәшік» бейнесінде бейнеленеді. Басқа сөзбен айтар болсақ, жүйе қоғамның мүдделерін лайықты бейнелеуге, оның талаптарын қанағаттандыруға және оны қолдауға тартылған.

Сонымен, "кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбек-ақыны көтеру, жүмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мумкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жуйе әлсірейді.

Қолдау коғам мушелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіңдігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықтарды дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, кабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жуйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде карайды. Сондықтан олардын әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр турлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіншілігінше қанағаттандыруды өз кызметін атқару деп тұсінеді.

Шығыс — саяси жүйе жүмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер кабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халыктың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жаткызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп "кіріс" пен "шығыс" әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бүл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.

Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тындамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және "кіріс" пен "шығыстың" әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянакты қызмет атқарады.

Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жж. көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген қызметтерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұракты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылык етті.

Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде карады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді — институционалдық және бағдарлық — баса айтты.

Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделейді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсінді.Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді; 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, уздік (озаттык) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мұмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуіне бесіншісін — ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, қорып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін камтамасыз етуі керек.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы коғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2. Саяси жүйе коғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметгік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе ендіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.

5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, коғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға койған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси катынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді. Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері сәйкес болмайды, сондықтан да құндылыққа деген көзқарастар, құндылықтық пайымдар әртүрлі болуы мумкін. Сонымен қатар бірқатар ортақ мүдделер да болады. Әлеуметтік келісім мен саяси тұрақтылық — барлық әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның мүдделері. Сол себептен де саяси мәдениестке ортақ мүдделерден шығатын құндылықтарды және қандай да бір әлеуметтік топтың мүдделерінен шығатын кұндылықтық пайымдарды айырып алу қажет. Олардың арақатынасы әрқилы болуы мүмкін. Бірақ антагонизм, үстемдік пең бағыну жағдайында саяси жүйе құндылықтарды үстемдік етуші таптың мүдделеріне сай өлшемде ескереді.

Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бүл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.

Адамгершілік мақсаттардың, жалпыға маңызды құндылыктардың акиқаттығын, нормативтілігін тануда әртурлі әлеуметтік күштердің, саяси қозғалыстар мен партиялардың бірігуі өтеді.

Құндылықтарға деген қатынастың сипатын саяси жүйенің сипаты, полюстері деспотия мен демократия болып табылатын олардың барлық спектрі анықтайды.

Наши рекомендации