Чектермен есеп айырысу есебі

Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің ) банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы (чек ұсынушы ) шотына аудару туралы арнайы банкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандығына байланасты бірнеше түрге бөлінеді:

- арнайы – тек осы кісіге төлеңіз;

- ордерлік – осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төленсін;

- ұсынушы – ұсынушыға төлеңіз.

Ордерлік чек – ұсынушыға индоссамент – жолдау жазу көмегімен басқа тұлғаға ақшаны алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді.

Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдануға байланысты чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану туралы жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:

· Чек кітапшасындағы чек бланкілерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер ( чек беруші банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен бекітуге құқылы);

· Чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:

- чек бланктерінің реттік номерін сақтау;

- чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген сомадан кейін бос орын қалдырмауы тиіс, тиын сөзі чекте көрсетілмейді);

- «бұйрық бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты жөні немесе заңды тұлға атауы көрсетіледі;

- Чек жазып берілген күннің қойылуы (күні және жылы – санмен, айы жазумен);

- Чек беруші қолының қойылыуы және заңды тұлға үшін мөлшердің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлғаның қолының және мөр – таңбасынң (заңды тұлғалар үшін) үлгісі құжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс;

- Чекті түбіртегінде операция жасалғанға дейінгі сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қол және чек берушінің мөрі (заңды тұлғалар үшін) қойылады;

· Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек арасындағы өзара төлемдер тәртібі;

· Чек кітапшасын колдану мерзімдері;

· Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;

· Чек беруші банктік төленген чектерді есепке алу тәртібі;

· Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектері, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өклеттілігі бар тұлғалар құрамының (заңды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банктегі хабардар ету тәртібі;

· Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар жалған чектер туралы чек берушіні хабардар ету тәртібі;

· Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушшінің төлеуі жөніндегі шарттары;

· Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;

· Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына қою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.

Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқау бойынша есеп айырысуда тек дипонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды дипонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «клиентердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

· Чек берушінің неемесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

· Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- Чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмері, кім және қашан бергені;

- Чек берушінің банктің жеке банктік коды;

- Чек бланктерінің нөмері (нөмерден нөмерге дейін);

- Чек кітапшасын қолдану мерзімі;

- Чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);

- Чек кітапшасының берілу күні;

- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;

· Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

- мөр таңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және оның атауын қоюға;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

- салық төлеушінің-чек берушінің тіркеу номерін қою:

· Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттілік берген тұлға қолының және мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар кітапты қабылдауға;

· Чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;

· Чектерді қолдану туралы келісімде көрсетілген жағдайларда бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етіледі.

Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекітілген үлгідегі, чек саны және чектермен есеп айырысуда қажетті жалпы сома көрсетілген өтінішті ұсынады. Осы деректер негізінде әр чек сыртында көрсетілген бір чек лимиті қойылады. Чек алған өтініш кәсіпорын жетекшісінің, аға бухгалтердің қолымен және мөрімен бекітіледі.

Чектермен есеп айырысу есебі активтік 1070 – «Чек кітапшаларындағы ақша» шотында жүргізіледі.

1. Лимиттелген чек кітапшамын, онда көрсетілген лимит сомасында алған кезде Дт 1070 Кт 1040,1050,3010.

2. Банктен алынған чек кітапшалары бойынша сомалар субъект берген чектердің төленуіне қарай есептен шығарылады, яғни жүргізушілер, өзге де кредтторлар ұсынған чекті банктің өтеу сомасы Дт 3310,3540 Кт 1070.

3. Пошта-телеграф шығындары чекпен төленді Дт 7210 Кт 7010.

4. Іссапарға жіберілген адамдар үшін жол жүру билеттері сатып алынады Дт 1250 Кт 1070.

5. Чек кітапшасы лимитінің пайдаланылмаған қалдығы қаражаттар депоненттелген шотқа есептелді Дт 1040,1050,3010 Кт 1070.

Чек үлгісі қосымша

Наши рекомендации