Корпоративтік қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау ерекшеліктері

Банктер қарыз алушы және алынатын несие туралы мәліметтер жинағаннан кейін қарыз алушылардың несие және төлем қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Қарыз алушылардың жеке немесе заңды тұлға болғандығына байланысты олардың несие және төлем қабілеттері де әртүрлі анықталады.

Заңды тұлға болып табылатын қарыз алушылардың несие қабілетін анықтауда басқа көрсеткіштер пайдаланады. Қарыз алушының несие қабілетін бағалайтын негізгі көрсеткіштерге жатады:

¨ Ағымдағы өтімділік коэффициенті

¨ Жалпы өтеу коэффициенті

¨ Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздану көрсеткіші.

ҚР ҰБ несие қабілетті бағалауда банктерге келесідей қосымша көрсеткіштерді анықтауды ұсынады. Олар үш топқа бөлінеді:

1) Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері жоғарыда аталғандармен бірге:

Ø Қаржылық тұтқа коэффициенті

Ø Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі

2) Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері, соның ішінде:

Ø Сату рентабельдігі

Ø Кәсіпорынның рентабельдігі

Ø Меншікті капитал рентабельдігі

3) Айналымдылық көрсеткіштері, соның ішінде:

Ø Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім

Ø Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі (күнмен)

Ø Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)

Ø Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)

Енді осы аталған көрсеткіштерді сипаттауға келейік. Ең алдымен қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне тоқталамыз.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті қарыз алушы кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін сату арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауын көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Бұл коэффициенттің мәні 0,75-тен кем болмауы керек.

Екінші көрсеткіш – жалпы өтеу коэффициенті. Бұл көрсеткіш қарыз алушы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін қажетті өтімді қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді.

Банктік несиелеуді тұрақты кәсіптік қызмет ретінде іске асыру міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз ететін механизмнің болуын талап етеді. Іс жүзінде несиені қайтармау Қазақстан Республикасында күнделікті іске айналып отырғаны практикадан белгілі. Бұл-міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің қажеттігін растайтын айғақ. Осындай мән-жайларды ескеріп, банк несиесінің қандай жағдайларда және не себепті қайтарылмауы мүмкін екендігін, несие толық қайтарылмаса банк пен оның салымшыларының мүдделері қалайша қамтамасыз етілетіндігін терең талдап, алдын-ала анықтауы керек. Банктер өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін міндеттемелерді қамтамасыз ететін, азаматтық құқықпен көзделген, клиентпен шартта бекітілген кез келген тәсілді немесе заңмен тиым салынбаған басқа да тәсілдерді қолдана алады.

Банктің мүдделерін қорғау үшін таңдайтын әдіс-тәсілдердің құқықтың табиғаты алуан түрлі. Осыған байланысты құқықтық институттарды үш топқа бөлуге болады:

1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің дәстүрлі тәсілдері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 18-тарауымен көзделген.Оларға: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және заңмен немесе шартпен көзделген басқа түрлері жатады.

2. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қанағаттандыруға құқықтық кепілдік болатын сақтандыру шарты.

3. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қамтамасыз етудің стандартты емес тәсілдері (қарызды өтеуді кейінге қалдыру, қарызын кешіру, новация).

Үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуде қолданылатын қандай да бір мүлікті және ақша қаражатын пайдаланудың құқықтық мүмкіндігін ескеру қажет. Себебі, заңды тұлғалардың барлығы бірдей әмбебап құқық қабілеттілігін иеленбейді.Демек, үшінші тұлғалар үшін несиелік шартты орындауды қамтамасыз етуге өздерінің мүліктерін пайдалануға олардың барлығының мүмкіндігі бола бермейді.

Банктік несиелеуде айып төлетуді қолдану барысындағы аса маңызды сәттердің бірі – оның қамтамасыз ету міндеті және шығынға сәйкес мөлшердегі сипаты болып табылады.

Наши рекомендации