ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылардың теңдігі. Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылар қоғамда алатын орны және бір-біріне қатысты еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда екі түрлі жағдайда болып келуі мүмкін. Оның

біріншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер;

екіншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең емес пікірлесушілер.

Еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер бір-бірінен тәуелсіз, бір-біріне билік жүргізе алмайтын, демек, пікірлесу үрдісінде қысым көрсете алмайтын, еркін сөйлесіп, өз мүдделерін қорғауга екі жағының да мүмкіндігі тең дидарласушылар жатады.

Қарым-қатынас үрдісіндегі демократиялылық. Еріктік қатынастар тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдар арасындағы қарым-қатынас үрдісінде теңсіздіктер болып отырады. Басшы — қызметкерге, профес­сор — студентке, асыраушы — асыраудағы жанға т.б. қолында тұрған еріктік тұтканы пайдаланып қысым жасауы мүмкін. Қоғамдық қызмет бабында ондай қысымдар жасауға себеп те, мотив те көп.

Қарым- қатынастағы демократиялылық деп қоғамда аштын орны мен еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдардың пікірлесуі урдісіндегі теңдіктің қамтамасыз етілуін айтамыз.

Қарым-қатынастағы демократиялылықтың өндіріс үрдісіне әсері. Қазіргі заманғы менеджмент адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті үш шартты атайды. Олардың

1. сатылы бағыныстылық,

2. қаражат,

3. бірге жұмыс істейтін адамдардың қарым-қатынас мәдениеті.

Осы үш фактордың бірі болмаған жағдайда, ешқандай материал­дық немесе моральдық игілікке қол жеткізу мүмкін емес.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 58

Пән:Адам, қоғам, құқық Сынып:9 б Сабақ: 67 Күні:

Тақырыбы: жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:

Азақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?

Азақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.

Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?

Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс- қаша сипаттама беріңіздер.

Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?

Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?

Мәдениеттің атқаратын функцияларының қайсысы өте маңызды деп ойлайсыздар?

Азіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?

Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?

Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?

Мәдени дәстүрлерге не жатады?

Азіргі жастардың талғамдары қандай?

Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.

Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?

Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?

Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?

Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?

Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

Здігінен білім алудың әдістері қандай?

Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Арым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.

Арым-қатынастың формалары қандай?

Наши рекомендации