Бөкей ордасындағы қазақтардың И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы Бастаған шаруалар көтерілісі
Қозғалыстың басталу себебі-феодалдық қанаудың, отарлық езгінің, зорлық пен зомбылықтың күшеюінен болды. Озбырлыққа ұшыраған ауылы өтініш айтқан Исатайды тыңдамаған соң ол 1835 жылы ханға қарсы ашық күреске шығады. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспйй теңізі өңіріне билеуші етіп тағайындауы, ханның әділетсіздігі түрткі болады.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - шаруалар болды. Оған старшин, билердің де жеке өкілдері қатысты.
Негізгі мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайыи біршама реттеу болатын.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің барысы Исатай 1836 жылдың жазында өз төңірегіне үстем тапқа наразы шаруаларды топтастыра берді. Байлар мен билерден зорлық көрген шаруалар бір-бірлеп, тіпті тобымен кейде ауыл болып келіп, оған қосыла бастайды. Исатайдан басқа қозғалысқа Махамбет Өтемісұлыда басшылық етті. Исатай мен Махамбет шаруалармен үнемі кеңес өткізеді. Мыңтөбе - Исатайдың қонысы. Көтерілісшілер сол жерге жиналып, олардың жоғарғы органы кеңес, мәслихат болғанын көрсетеді. Олар билер мен сұлтандарға шабуыл жасап, жер мәселесін өздері шеше бастады.1837 жылы көтерілістің жаңа кезеңі басталды. 1837 жылы көтеріліс көп жерді қамтиды, ал көтерілісшілер саны 3-5 есе артты. Енді олар ханның өзіне қарсы шықты. Қозғалыстан үрейленген бай-сұлтандар әскер басшыларына, үлықтарға шағым жасай бастайды. Әкімдер Исатайды алдап шақырып қолға түсіруді жөн көреді. 16 қыркүйекте 200 адамымен Исатай мен Махамбет Қарауыл қожаның ауылына шабуыл жасап, күш аз болса да айқасқа түсіп, оның қолын талқандайды. Исатайды тұтқындауға шыққан генерал Покотиловтың сапары да сәтсіз аяқталады. Исатай мен Бекмұханбет Өтемісұлы бастаған шаруалар 15 қазанда Теректіге шабуыл жасап,_басып алып, көтеріліс орталығына айналдырады. Исатай батыр енді көтерілісшілерді хан ордасына қарай бағыттады. Жәңгір хан губернаторларға жалынып, көмек сұрайды.
Бұдан хабарсыз көтерілісішілер Жасқұсты қоршауға алып, Қандыағаш маңында хан әскерін талқандайды. Көтерілістің бет алысынан қорыққан Шынғали төре сатқындық жасап, «ойлануға 10 күн мерзім сұра. Осы уақытта әскер де кедіп үлгерер» деп ақыл айтады. Көтерілісшілер Ордаға 4-5 шақырым жерге дейін жақындап келеді. Жәңгір хан айламен уақыт ұтуды көздейді.Исатайдың байсадалды, ақылды, сақ, ұстамды адам болғанын зерттеушілер де жазған. Исатай патша әскерінің қандай күш екенін, ал келсе ешкімді аямайтындығын түсініп қан төкпей ханмен келіссөзге келуді ойлайды. Көтерілісшілер өз тағдырын Исатайға сеніп тапсырды.
Патша әкімшілігі көтерілісті талқандауға қарулы күшін әзірлеп, Подполковник Гекке қарауыл әскерімен түнде байқатпай ордаға кіреді. Жан-жақтан жазалаушы әскер келе бастайды. Бүл хабарлар жетісімен көтерілісшілер арасы қожырай бастайды. Енді әйел, бала-шағаны қорғау қажет болды. Исатай 5 қарашадағы түнде Жасқұсты тастап, 300 адаммен Жаманқұмға кетедіосылайша көтерілісшілер өзара байланыссыз, хабарсыз қалып, ыдырай бастайды. Олар топ-топ болып байларды тонап өш алумен болады. 7 қарашада Гекке 2 мыңдай әскер, зеңбірегімен Тастөбеде көтерілісшілермен кезігеді. Күщінің 3-4 есе аздығына қарамастан олар солдаттардың қатарын қаусатып барып, күштің тең еместігінен еріксіз шегінеді.Бүл кезде Исатайды ұстауға 500 сом сыйлық беріледі деп жарияланады. Жазалаушы отряд даланы қанша кезсе де, Исатайды үстай алмайды.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің аяқталуы Сөйтіп, көтерілістің бірнші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Бытыраңқылық - шаруалар көтерілісінің табиғи кемшілігі, ең бір осал жері. Соған қарамастан Исатай мен Махамбет 3000 адамның басын біріктіріп, шілде айында Ойыл өзеніне тоқтайды. Бүл жерде, Исатайдың қабілетті ұйымдастырушы, ірі дарынды қайрататкер екенін көреміз. Олардың ендігі мақсаты үстем таптан кек алып, .әділеттілік орнату еді. Алайда Ақбұлақ деген жерде Полковник Гекке мен Баймүханбет сүлтан отрядтары Исатайдың әскерімен қақтығысқы түседі. Олар бірден көтерілісшітрге зеңбіректен оқ атады. Амалсыз көтерілісшілер 15 шақырымдай жерге шегінеді. Исатай өз адамдарының ең артында, кейін қалғандарын қызғыщтай қорып келе жатқанда Баймұханбеттың көрсетуімен көрсетуімен оқпен атып Исатайдың жирен атын жаралайды. Аты жаралы болған батыр, көмекке келген Махамбетпен «өздеріңді, бала-шағаны сақтаңдар» деп алға жіберіп, азғана көтерілісшілермен аянбай соғысып, 3 рет қоршаудан шығады. Бірақ аты жаралы Исатайды Баймұханбет нөкерлері қуып жетіп, оны атынан құлатада. Топпен жаяу соғысып жүріп,- есіл ер ақыры осы күресте қаһармандықпен қаза табады. Оның ерлігі, өжеттігіне дұшпандардың өзі де таң қалады.
Махамбет-Исатайдың тірегі, қаһарман ақын, талантты күйші әрі күрескер. Көтеріліс жеңілген соң да шаруаларды біріктіріп, көтеруге тырысады. Ол үшін 1838-1846 жылдар өте ауыр жағдайда, қашқындықта, қудалауда өтеді. Батыр ақын бірақ мойымай, өмірінің ақырына дейін күрестен бас тартпайды. Батыл да өжет қимылдың адамы Махамбет жалынды жырымен де, озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күресті. 1846 ж. ақырында аңғал батыр «Қараой» деген жерде қапыда қалып, қанішердің қолынан қаза табады.