Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Инженерлік – экономикалық» факультеті

Инженерлік – экономикалық» факультеті

Олданбалы инфоматика» кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

СИЛЛАБУС

Пәннің аталуы: «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Мамандығы: бағалау, әлеуметтік-мәдени қызметтегі мамандықтарға (5В090400, 5В090800)

  Оқыту нысаны
Күндізгі оқыту
Барлық кредит саны
Курс
Семестр
Емтихан (семестр)
Барлық сағаттар, Соның ішінде:
Лекциялар (сағаттар)
Практикалық (семинар) сабақтар (сағаттар)  
Зертханалық сабақтар (сағаттар)
СОӨЖ (сағаттар)
СӨЖ (сағаттар)

Алматы, 2012 ж.

1. Оқытушы туралы деректер Биярова Аманкүл Өнербайқызы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ғылыми жұмыстары Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету және макроүлгілеуге бағытталған. Фирма теориясы, салық саясаты, жемқорлықты ескеруді үлгілеу жөнінде математикалық зерттеулер жүргізеді. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің докторантурасын бітірген. Қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Дәріс беретін пәндері: жаңа ақпараттық технологиялар;менеджменттегі ақпараттық жүйелер, фирма теориясы және нарықтық экономиканы үлгілеу және т.б.. Қазіргі кезде Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің «Қолданбалы информатика» кафедрасының доценті.
2. Оқытушымен байланыс ақпараты 3 этаж 334 ауд. 2-корпус
3. Пәннің пререквизиті «Информатика», «Жоғарғы математика» пәндері бойынша студенттің алған білімдері. Студент ДК-ң жұмысының негіздерін білу қажет. WINDOWS программа қаптамасының негізгі жұмыс істеу үрдістерін меңгеруі тиіс.
4. Пәннің постреквизиті «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» пәнін оқуда алынған білімдер өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндірістік және өндірістік емес сала ұйымдарын қаржы-кредит қызметін басқару органдарын ақпараттандыру жұмысында қолданылады.
5. Пәннің сипаттамасы Экономика саласының мамандарына – менеджерлерге, бухгалтерлерге, аудиторларға, банк, қаржы және салық қызметтерінің қызметкерлеріне ақпараттандыру жағдайындағы ақпараттық жүйелер мен атқарымдық мәселелерді шешу технологиялары баяндалады.
6. Пәннің оқыту мақсаты «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» пәнінде болашақ экономистерге консалтингтік фирмалардың өкілдерімен, программалық өнім жеткізушілермен өзара білікті түрде ықпалдасу үшін ақпараттық жүйелер мен технологиялар құру саласынан теориялық білім беру, сонымен бірге есептік және қаржы-кредит саласындағы басқару мәселелерін шешуге арналған құралдарды қолданудың практикалық дағдыларын үйрету көзделген.
7. Пәннің оқыту міндеттері · пәндік аймаққа арналған мәліметтер базасының құрылымын жобалау; · жобаланатын мәліметтер базасының сұлбасын құру және сипаттай білу; · банк мәліметтерінің құрылымымен, мазмұнымен, функцияларымен танысу; ақпараттық жүйедегі банк мәліметтерінің құрылу принциптерін үйрену;

Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып аты Сағат саны
Дәрістік зертханалық СОӨЖ СӨЖ
Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі. Ақпараттық ресурс – экономикалық қызметті ақпараттандыру негізі. Ақпараттық жүйе ұғымы және оларды жіктеу. Ақпараттық технологиялар, олардың дамуы мен жіктелуі. АЖО – түпкілікті пайдаланушының жұмысын автоматтандыру құралы.
Экономикалық қызметті басқаратын АЖ құрудың әдістемелік негіздері Ұйымдастыруды басқарудағы АЖ мен АТ жобалау объектілері. АЖ мен АТ құру сатылары, әдістер мен оны ұйымдастыру. Басқару шешімдерін қалыптастыру әдістері мен үлгілері. Пайдаланушының АЖ құру мен мәселені қоюда атқаратын рөлі. Қойылған басқару мәселелерін орындау тәртібі.
АЖ-ны ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету түсінігі және оның құрылымы. Классификаторлар , кодтар және оның қолдану технологиясы.Штрихтап кодтау және оның технологиясы –экономикадағы қолднау аясы. Құжаттар және оларды құру әдістері .Қазіргі уақыттағы құжат айналым ерекшеліктері. Компьютер ішіндегі ақпаратпен қамтамасыз ету. Мәліметтер банкі, құрылымы және ерекшеліктері. Мәліметтер қоры және білім қоры.
Экономикадағы АЖ-ның технологиялық қамтамсыз ету. Экономикадағы АЖ-ның және АТ-ның технологиялық қамтамасыз етудің құрал жабдықтары.Экономикадағы ақпаратты автоматты түрде өңдеуде қолдану. АЖ және АТ интегралданған түрі. Экономикадағы жаңа АТ түрлері.
АЖ және АТ-ны басқарудағы ақпаратты қорғау. АЖ және АТ қауіп түрлері. АЖ және АТ-ны басқарудағы түрі,әдісі және қорғау тәсілдері.
Қаржылық менеджменттегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар. Нарық жағдайындағы қаржылық менеджменті ұйымдастыру. Қаржылық менеджменттің функционалдық есебі мен мақсатының мінездемесі. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық шешімдерді бағдарламалық қамтамсыз ету. Қаржылық менеджмент есептерінің автоматтандырылған ақпараттық технологиялар жағдайында шешу.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің жалпы мінездемесі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің ерекшелігі. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі.Бухгалтерлік есептегі компьютерлік ақпараттық технологиясы.
Аудиторлық жұмыстағы ақпараттық технологиялар. Аудиторлық жұмыстағы компьютерлік ақпараттық жүйенің функционалды есептері. Аудиторлық жұмыстағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар. Аудиторлық жұмыстағы автоматтандырылған ақпараттық технологияларды бағдарламалық қамтамасыз ету.
Банктік ақпараттық жүйелер. Банктік жүйенің қазіргі заманғы даму деңгейі. Банкті автоматтандыру мәселесі. Банк жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету проблемасы. Банктегі инновациалық процесстері. Банк технологиясын автоматтандыру отандық жүйелерінің ерекшеліктері. АБЖ технологиялық платформасы.
Салықтағы деректерді өңдеу ААТ. ҚР салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (ҚР СБАЖ). Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ААЖ.
Автоматтандырылған бюджет процесі. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының ААТ Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру Бюджетті басқару ААЖ құрылымы.
Ақпараттық қазынашылық жүйе. АЖ және АТ-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары. Қазынашылық органдар есебінің, АЖ және АТ-да іске асыру ерекшеліктері. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты.
  Қорытынды:

Наши рекомендации