Айналым қаражатының қолданылуын талдау

Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.

Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек заттарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ – Ө – Д - А1.,

мұнда: А – шаруашылық субъектілерін аванстауға ақша қаражаты;

Қ – өндіріс заттарын;

Ө – өндіріс;

Д - дайын өнім;

А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізуде нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражатымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Өндіріс тиімділігіне айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен әсер етеді. Ол бір жылдағы, бір тоқсандағы айналым қаражат айналымның санын және бір айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен, айналым қаражаттарының айналымдылығы оны тиімді пайдалануды сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алдында айтқанымыздай, кәсіпорынның айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процессінің бір сатысына, екінші сатысына үнемі ауысып оытрады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы, айналым қаражаттарының ауыспалы айнымалы болып табылады.

Айналым қаражаттарының айналымына жылдамдығын айналымдылық коэфициент деп атайды. Ол өткізілген өнім құны мен айналым қаражаттарының орташа қалдығы қатынастарымен есептеледі:

К = ӨӨ / АҚ

мұндағы, К — айналым қаражаттарының айналымдылық коэфициенті

ӨӨ — белгілі бір кезеңде нарық белгілеген баға мен өткізілген өнім көлемі, теңге

АҚ — айналым қаражаттардың үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы, теңге

Айналымдылық коэфициенті сандық шамамен айналым қаражаттарының бір теңгеге шаққандағы сатылған өнім мөлшерін көрсетеді.

Айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткішті жүктеме немесе орналастыру коэффициенті дейді, ол мына формуламен есептеледі:

Кж = АҚ/ӨӨ

Бұл көрсеткіштің экономикалық маңызы мынада бір теңгеге өнім шығару үшін, қанша айналым қаражаты керек екендігін білдіреді.

Айналым қаражатындағы бір айналымның ұзақтығы келесі формула арқылы есептеледі:

О=С/(Т/Д)

мұндағы, О – айналымның ұзақтығы

С – айналым қаражатының қалдығы (орташа немесе нақты бір мерзімге байланысты), теңге

Т – тауар өнімінің көлемі, теңге

Д – қарастырылған уақыттағы күннің саны, күн

Бір айналымның ұзақтығының қысқаруы айналым қаражытын қолданудың жақсарғандығын көрсетеді.

Айналым қаражатының қайтарымдылығы кәсіпорынның өнімді таратудан түскен түсімі мен қалған айналым қаражаттарының арақатынасы негізінде анықталады.

Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері болып барлық айналымға қатысатын айналым қаражаттары және жекелеген элементтері саналуы мүмкін.

Қаражаттың айналымдылығының өзгерісі нақты көрсеткіштерін жоспарлы немесе келесі кезең көрсеткіштерін салыстыру жолымен анықталады. Салыстыру нәтижесінде айналым қаражатының айналымдылығының көрсеткіштерінің жылдамдығы мен бәсеңдігі анықталады.

Айналым қаражаттарының айналымдылығының жылдамдығы айналымнан материалдық ресурстар мен оларды құрайтын табыс көздерін босатса, ал бәсеңдеген жағдайда айналымға қосымша қаражаттар тартылады. Айналымдықты жылдамдату салдарынан айналым қаражаттарын босату абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін.

Абсолютті босату орын алады, егер айналым қаражаттарының нақты қалдығы нормативтен аз болса немесе қаралған кезеңдегі тарату көлемі алдағы кезеңдегі қалдық артқан немесе сақталған жағдайда.

Айналым қаражаттарын салыстырмалы босату орын алады, егер де олардың айналымдылығының шапшаңдығы өнім шығарылымының көлемімен бір мезетте өссе және де өндіріс көлемінің өсу қарқыны айналым қаражаттарының қалдығынан асып түсуі қажет.

Наши рекомендации