Бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау
1. Көрінеу он алты жасқа толмаган адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау -
2. Он алты жасқа толмаган адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалган іс-әрекеттер -
Қылмыстың объектісі - 16 жасқа толмаған адамның жыныстық бостандығына қол сұғушылық.
Қылмыстың жэбірленушісі — 16-ға толмаған ер жэне эйел жынысты адамдар.
Қылмыстың объективтік жағы - он алты жасқа толмағаны айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе эйел мен эйелдің қатынасы немесе нэпсіқүмарлық сипаттағы өзге де эрекеттер арқылы көрініс табады.
Көрсетілген қылмыс құрамы болу үшін біріншіден кінэлі адам 16-ға анық толмаған жэбірленушімен жыныстық қатынаста (оның ішінде эйел мен еркектің немесе эйел мен эйелдің жыныстық қатынасы да) болатынын білуі қажет (қылмыстың субъективтік жағы), екіншіден олардың мұндай жыныстық қатынаста болуы жэне нэпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-эрекеттерді істеуге өзара келісімі болуы қажет, үшіншіден жэбірленуші 18-ге толған адаммен ерікті түрде болатын осы қатынастың мэн-жайын, сипатын толық ұғынуы қажет.
Қылмыс жыныстық қатынас немесе нэпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-эрекеттер басталған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тэрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол эрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 122-бабының 2-бөлігінде көрсетілген, ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген бірнеше рет жасалған эрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 122-бабы 3-бөлігінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам анық 16-ға толмаған адаммен жыныстық қатынаста немесе нәпсіқү_марлық сипаттағы өзгеде қатынаста болғанын сезеді жэне соны істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі - 18-ге толған ер немесе эйел жынысты адам.
Бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынасжасауы-на, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету
Адамды бопсалау, оган мүлкін жою, Бұлдіру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбірленушінің материалдық немесе өзаедей тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауга, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттагы өзге де әрекеттерді жасауга мәжбүр ету -
Қылмыстың тікелей объектісі - жыныс бостандығы, қосымша тікелей объект -жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі немесе мүліктік мүдделері.
Объективтік жағынан қылмыс адамды бопсалау, мүлкін қү_ртамын, Бұлдіремін неме-се тартып аламын деп қорқыту жолымен де жэбірленушінің материалдық немесе өзге тэуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдык сипаттағы өзге де іс-эрекеттерді жасауға мэжбүр ету арқылы сипатталады. Мұндағы мэжбүр ету дегенді - сексуалдық әрекетгі жасауға зорлау деп түсінген жөн. Заңца адамды бопсалау, мүлкін қү-ртамын, Бұлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жэбірленушінің материалдық немесе өзге тэуелділігін пайдалану арқылы мэжбүрлеу тэсілдерін қолдану осы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілері болып табы-латыны анық көрсетілген.
Бопсалауга — жэбірленушінің немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтер таратамын деген қорқытулар жатады.
Мүлікті одан әрі пайдалануға жарамсыз етіп тастаймын деп қорқыту мүлікті қүртамын деген қорқытуға жатады. Мүлікті бастапқы қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу қажет болады деп қорқыту мүлікті Бұлдіремін деген қорқытуға жатады.
Мүлікті тартып алған жағдайда жэбірленуші оны өзінің қалауынша билеп, пайдалана алмай қалады.
Жэбірленушінің толық немесе ішінара кінэліға кіріптар болуы (оның асырауында, күтуінде болуы немесе оның тұрғын жайында тұруы) материалдық тәуелділік деп сана-лады.
Өзге де тэуелділікке жэбірленушінің кінэлі адамға қызметі, жұмысы жағынан (материалдық жағынан емес) бағынышты немесе соның бақылауында болуы жатады. Мысалы оқытушы мен оқушының, лауазымды адам мен оған бағынышты қызметкердің арасындағы қатынас.
Қылмыс формальдық құрамға жатады жэне ол заңда көрсетілген тэсілдерді қолданып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, эйел мен эйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-эрекеттерге мэжбүр еткен сэттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет -жыныстық қүмарлықты канағаттандыру.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған эйел немесе еркек жынысты адам.