Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Республикамызда жылжымайтын мүлік сауда-саттығына қатысты бір жылда қанша келісімшарт жасалады?
2.Коммерциялық банктерден кімдер ипотека алуға қауқарлы?
3. «Қара нарық» дегенді қалай түсінесіз?
4. Орта табысты саналатын қарапайым отбасы банктен ипотекалық несие ала ала ма?
5. Астана қаласындағы тұрғын үйге 15 жылға дейін мерзімге ипотекалық несие рәсімдеу үшін отбасының ай сайынғы ортақ табысы қанша болуы керек?
Тапсырма. Сөйлемді аяқтап жазыңыздар.
Банктен ипотека алу үшін оның депозиттік портфелінен есеп-шот ашу керек,______________________________________________________________
Тапсырма. Кестені пайдалана отырып, әңгіме құрастырыңыздар.
Астанадағы тұрғын үйдің орташа бағасы мен орташа жалақы
|
(www.enu.kz/.../Memlekettik-turgin-uy-saiasatinin-ozekti-maseleleri.pdf )-
БӨЖ тапсырмалары (Ү апта)
Олжетімді баспана - жастарға» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Тұрғын үй түрлері» тақырыбында презентация дайындау.
АЛТЫНШЫ АПТА
Мінез және келбет
Бірінші сабақ
Лексикалық тақырып: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Грамматика: Сын есім жасайтын жұрнақтар. Сын есімнің шырайлары.
Тапсырма. Басым сөздерді тыңдаңыздар. Оқыңыздар.
Сыртқы келбет, рухани әлем, талғам, түр, көз, мінез, тұлға, сезімтал, көңіл күй, салмақтылық, ұшқыр ойлы, тұрақты, жұмбақ.
Тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Адамның сыртқы келбетіне қарап оның ішкі жан дүниесін білуге бола ма?
2. “Көз – адам жанының айнасы” дегенді қалай түсінесіз?
3. Досыңыздың сыртқы келбеті қандай? Оның сыртқы келбеті мен жан дүниесі сәйкес келе ме?
4. Сізге қандай адамдар ұнайды?
Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Адамның сыртқы келбеті оның ішкі рухани әлемінен, жан дүниесінен, әлеуметтік дәрежесінен, талғамынан міндетті түрде хабар беріп тұрады. Дегенмен, өмірлік тәжірибе сыртқы түрдің көбіне алдамшы болып келетінін де дәлелдеген. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дейді мұндайда қазақ. Алдымен сырт келбеттің өзі бірнеше фактордан тұратынын ескеру керек: киім, бет, шаш қою, өзін ұстау т.б.
Адамның ішкі әлемін оның көз жанары айтып тұратыны анық. «Көз – адам жанының айнасы» деп бекерге айтылмаған. Ал жалпы сырт келбетке қатысты айтқанда орыс халқының «Киіміне қарай қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» деген мақалы дөп келеді.
Адамның сыртқы келбетінен оның мінезін, темпераментін, интеллектісін, денсаулығын білуге болады. Дұрыс киіне білу арқылы да адам өзінің ішкі құпиясын, мінезінің жасырын тұстарын, тұлғалық қасиетін таныта алады. Мәселен, киімді мол пішілген, кең етіп киетіндер – флегматиктер, тарлау етіп киетіндер – холериктер, екеуінің ортасын ұстанатындар – сангвинниктер. Егер адам қалыптан тыс киінсе, көпшіліктен ерекшеленіп тұрса, онда олар шығармашылыққа бейім адамдар. Қызыл немесе жарқырауық түсті ұнататындар сезімтал, көңіл күйлері ауыспалы болып келеді. Бірыңғай түс мінездің салмақтылығын аңғартады.
Көздері жарқырап, ұшқындап тұратындар әдетте ұшқыр ойлы болып келеді. Мұндай адамды «Көзінде оты бар екен» дейді қазақ. Көз жанары үлкен, үкі көз адам көзі кішкене адамға қарағанда тез ойлап, тез сөйлейді, тез шешім қабылдайды, өте сезімтал, көңіл-күйі жылдам өзгереді. Әртістік таланты бар, техникаға бейім келеді. Көзі кішкентай адам сақ, көп сөйлемейтін, жай қимылдайтын, өз ойына тұншығып жүретін, жабырқаңқы, жұмбақ, өте тұрақты болады.
Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Адамның сыртқы келбеті оның ішкі жан дүниесінен хабар бере ме?
2. Неліктен адамның сыртқы түрі алдамшы болады?
3. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген мақалды қалай түсінесіз?
4. «Киіміне қарай қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» деген мақалдың адам мінезіне қатысы қандай?
5. Адамның киген киіміне қарап оның мінезін аңғаруға бола ма?
6. Адамның көзіне қарап оның мінезін анықтауға бола ма?
7. Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз.
Сөздік
сыртқы келбет – внешний облик; вид
жан дүниесі – внутренний мир
талғам – вкус
тәжірибе – опыт
түр – лицо; облик; внешность; вид
алдамшы – изменчивый; обманчивый
ішкі әлем – внутренний мир
мінез – характер
құпия – секрет; тайна
шығармашылық – творческий
сезімтал – чувствительный; сентиментальный; эмоциональный
салмақты – серьезный; спокойный
ұшқыр ойлы – быстрый; стремительный
шешім қабылдау– принять решение
жабырқаңқы – унылый; подавленный; невеселый
бейім – склонный; способный
жұмбақ – загадочный
тұрақты – постоянный; твердый