Афиныда мемлекеттің пайда болуы. Тезей реформалары.

Грекия – Балқан түбегінде орналасқан. Македониялық монархияның пайда болуына дейін Грекия бір орталыққа біріктірілген мемлекет болған жоқ. Ол егемендігі бар кішігірім мемлекеттерден тұрды. Құлиеленушілік мемлекет ретінде Грекия әлемінде өзіне ғана қатысты «полистік» форманы енгізді. Полис – бір қала төңірігінде ауылдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Оның қалыптасуы табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Мекен еткен орындары таулы қыраттарда орналасқан. Табиғаты құрылысқа қажетті материалдардың бәрін береді. Бірақ егіншілікке қолайсыз болды. Полистер аумағы жағынан кішкентай болды. Гректің ұлы ойшылы Аристотель «полистер» туралы былай деп сипаттама қарсы жасаған қылмысы,өлтіруге тырысқан үшін,тіптен патшаның қалдырды. «Полис аумағын бір дөңестің үстіне тұрып қараса, оның жерінің бәрі көріну керек. Ал халқына келетін болсақ олар бір–бірімен жақсы қарым–қатынаста болып, бір–бірін жақсы тануы керек»деген болатын. Осыған байланысты полистер территориясының өте кішкентай ж\е халқының өте аз болғанын көреміз. Грекия 1мыңжылдықта осындай полистерден тұрды.

Грекиядағы ең ірі мемлекеттерге Афины мен Спарта жатады.Олардың пацда болуы екі түрде жүзеге асты. Мысалы Спарта жаулап алушылық негізде, ал Афины классикалық принцип (жеке меншік) негізінде қалыптасты. Сонымен қатар екі мемлекеттің дамуында да бір екешелік бар. Спарта да алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтары әлі сақталды яғни өте баяу дамыды, ал Афины да рулық қауым тез ыдырап, құлиеленушілік сипатқа ие болды. Осылау мемлекеттер қалыптаса бастады.

Бүкіл Афин халқын біріктіруде Тезей деген базилевс зор үлес арқарды, ол барлық белгілі рулардың басын қосты. Тезейдің саясаты "синой-кизм" деген терминмен аталды, бұл сөз "біріктіру" деген мағынаны білдіреді. Яғни Аттикада көшіп жүрген тайпалардың басын біріктіру. Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақсүйектері тұрды. Екінші реформаға сәйкес Грекия халқын: эвпатридтар, геоморлар жөне демиургтар деп үш бөлікке бөлді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың əкесі де, атасы да ақсүйек əулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бəрі де ірі жер иелері еді.

Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар – қолөнершілер.

Аттиканың бірігуі жəне эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себеп бодды. Оның аты-Ареопаг, Арес соғыс құдайының аты. Ареопаг Арес тауыңда жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға бөлінді, əрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы деп саналды.

VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға бөлінді, əрбір навкария соғыс уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысысаналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, əкімшілік билігі, дін əкімшілігі болды. Сотты былай өткізетін: айыптаушы көшірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына жəне ажал урнасына бөліп салатын. Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларға бөлінді, əрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды жəне архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді. Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.

Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним(архондықтар алқасының төрағасы), архонт-базилевс (ақсақалдар кеңесінің төрағасы ж\е мемлекеттегі жоғары абыз), архонт-полемарх(әскери істер басшысы), қалған алты архонт-фесфометтер (сот істерімен айналысты) қызметін істейтін, осы архонттардың бəрі ареопагқа кірді.

Біздің дəуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа "драконт заңдары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.

Драконт заңдарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. Ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт заңдарына ғана тəн емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тəн нəрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктің қалыптасу жəне нығаю процесін көрсетеді. Драконт заңдары қанға қан алатын кекшілдікке шек қойды, өлген кісіні жерлеген уақытта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі өлтірушіні азаптауға тыйым салады. Бұл заң қастықпен əдейі өлтіру жəне абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды қажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым құқықты қағазға түсіріп жазуы, қанға қан алатын кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік болды.

Наши рекомендации