Тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

  1. Қазақ диаспорсы
  2. Қазақтардың құрылтайы

Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қ. д. жартылай этн., мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды.
Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” [5] деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл еңбек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қарсы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.
Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан астам қазақтар ала бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді. Олардың өздеріне тән күрес жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия, Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына тарих. Ең тамашасы олар әлі күнге дейін ұлттық белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселе. Өзінің ұлттық ортасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан этнос өзге тілдік ортада өз тілін қалай сақтап қалды, қалай өзгертті, қалай дамытты деген сауал да мәнді мәселе.Сонымен бірге сырттағы қазақтардың тілін зерттеу - қазақ тілшің дүние жүзіндегі жағрафиялық таралу өзісін белгілейді. Ал бұл тіл біліміне аса қажетті мәлімет. Жер жүзінің әр түрлі елін мекендеген қазақ өз тілімен қатар, сол елдің тілдерін де меңгерді, яғни қос тілді,не кеп тілді. Мұның өзі дүниежүзілік әлеуметтік лигвистика ғылымын қазақ көптілдігі жөніндегі мәліметтермен байытары сөзсіз.Қаймағы бұзылмаған халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша касиеттерін тірілтуге. өткеннің өнегесінен үйренуге де баулитыны анық. Қазақ елінің өзін өзі ұлт ретінде сақтап қалуына мүмкіндік туғызатын әлемдік орта тек қана қазақ жері мен елі. Сондықтан сырттан келіп жатқан қазақтарға мемлекет тұрғысынан заңды көмек керсетілген жөн.
Бүгінгі күні әлемнің қырық елінде тұратын қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрап отыр немесе 4,5 млн адам. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады. Олардың белгілі бөлігі тарихи елінен кеңес кезеңіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы және күштеп ұжымдастыру, аштық пен бұқаралық репрессияның салдарынан кетуге мәжбүр болған. Таяу шетелдегі қазақтар (ТМД елдерінде) Кеңес одағы тарағаннан кейін диаспора қатарын көбейтті.


Соңғы статистикалық мәлімет бойынша: «Өзбекстанда 1,5 миллион; •Қытайды - 1,3 миллион; • Ресейде - 900 мың; • Түркіменстанда - 100 мың; • Монғолияда - 80 мың; • Қырғызстанда - 45 мың қазақтар тұрады; • Түркия, Иран, Ауғанстанда да біршама қазақтар тұрады.  


Қазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек. Кейбір дерек көздері бойынша шетелде тұратын қазақтар саны 5 миллионнан асатыны айтылған.Сондықтан да диаспоралар мәселесіне көп мән беріп, оның қоғамдық ғылыми негіздерін зерттеп, баға беріп, сын айтып, бүгінгі бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың өзекті мәселелерінің күрделі бір бөлігі ретінде қараған жөн.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.

Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.

Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады.[1]

Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.

Қауымдастық дүниеге келгеннен бері төрт құрылтай өткізді.

Наши рекомендации