КСРО – Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы

(1917-1939 жж.)

Петроградтағы қарулы көтерiлiс. II Бүкiлресейлiк кеңес съезi.Қарулы көтерiлiстiң басталуына «Рабочий путь» және «Солдат» газеттерiнiң беттерiнде қарулы көтерiлiске шақырған мақалалардың жариялануы себеп болды. Уақытша үкiметтiң бұйрығымен 23 қазан түнi екi газет жабылды. Сонымен бiрге Керенский Петроград әскери округiнiң басшысы Г.Полковниковке большевиктердiң әскери-революциялық комитеті мүшелерiн тұтқындауға бұйрық шығарды. Қазан айының 24-і күнi таңертең большевиктердiң Орталық Комитетi баспахананы қорғауға әскер жiберуге шешiм қабылдады. Уақытша үкiмет пен большевиктер партиясы қарулы күштерi арасында қақтығыстар басталып, большевиктер қаладағы маңызды мекемелердi өз қолдарына ала бастайды. Уақытша үкiмет қаладағы жағдайды өз қолдарына алу үшiн, солтүстiк теңiздегi матростардан көмек сұрайды. Қаладағы жағдай бұрынғыдан да шиеленiсiп, Қысқы сарай, соғыс министрi және Петроград әскери округ үйлерi уақытша үкiметтiң қолында қалды. Уақытша үкiметке қарсы большевиктер күшi көбейiп, 25 қазан күнi таңертең В.И.Ленин «Ресей азаматтарына арнап» үндеу таратады. Ресейде уақытша үкiмет құлап, Петроградта билiк Петроград кеңесі мен әскериреволюциялық комитеттiң қолына алғандығын жариялайды. Керенский уақытша үкiметінің қарсылық көрсетуге қосымша күштер келiп жетпедi, Қысқы сарайды қорғауға бiрнеше жүз юнкерлер және үш жүздей казактар, барлығы 900 адам ғана қалдырылды

Большевиктер Қысқы сарайға шабуыл жасау үшiн 11-20 мыңдай солдаттарды дайындады. Петроград әскери округiнде сол кезде 160 мың адам болған. Әскерлердiң көбi «бейтараптық» саясат ұстап, екi жақты қолдамағанын көремiз. Қазан айының 25-і күнi түске жақын большевиктер Маршен сарайын, округтiң бас штабын өз қолдарына алады. Петроград әскери округ әскерлерi қарулы көтерiлiсшiлер жағына шыға бастайды. Қысқы сарайды күшпен алу керектiгiн И.Сталин мен Л.Троцкий қолдамайды. Бiрақ, В.И.Лениннiң Смольныйға келуi Қысқы сарайды қарудың күшімен алуды тездетті. Қысқы сарайдағы уақытша үкiмет мүшелерiмен келiсiм өз нәтижесiн бермедi. Большевиктер «Аврора» кемесiнен оқ атып, Қысқы сарайға шабуыл бастады. Бұл кезде уақытша үкiметтi қорғап тұрған азғантай юнкер мен казактар айтарлықтай қарсылық көрсете алмады, қызыл гвардияшылдар Қысқы сарайды алды. Сөйтiп, қарулы көтерiлiстiң бiрiншi кезеңi Қысқы сарайды алып, уақытша үкiмет мүшелерi тұтқындалып, Петропавл түрмесiне қамалды. Сол кездегi газеттерде Қысқы сарайды алу барысында 6 адам өлiп, бiрнеше адам жараланды деп жазды.

25 қазан күнi кешкi 10 сағат 40 минутта Смольныйда жұмысшы және солдат депутаттары Советтерiнiң Бүкiлресейлiк II съезi ашылды. Съезд жұмысында В.И.Лениннiң «Ресей азаматтарына арнаған үндеуi» бүгiннен бастап өкiмет билiгi советтердiң қолына көшкенiн жариялады. «Сондықтан, - дедi советтер съезiнiң қаулысында, - жергiлiктi жерлерде бүкiл өкiмет жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Советтерiне көшедi, Советтер нағыз революциялық тәртiптi қамтамасыз етуге тиiс».

26 қазан күнгi съезд жұмысында Совет үкiметiн құру туралы мәселе қаралды. Солшыл эсерлер «барлық партия өкiлдерiнен үкiмет құру» туралы ұсыныс енгiздi. Большевиктер советтерде көпшiлiк болды, сондықтан солшыл эсерлер үкiметтiң құрамына кiруден бас тартты, осының өзі таза большевиктiк үкiметтiң құрылғандығын айғақтады. Үкімет Халық комиссарлар Советi (СНК), ал үкiметтiң мүшелерi – халық комиссарлары деп аталды. Советтер съезi Советтердiң съездер аралығында елдегi өкiметтiң жоғарғы органы – Бүкiл-ресейлік Орталық Атқару комитетiн (ВЦИК) сайлады. ВЦИК-те 101 мүшесiнiң 62-сi большевиктер, 29-ы солшыл эсерлер, қалғаны басқа партиялардың өкiлдерi болды.

Съезде В.И.Ленин бiтiм туралы баяндама жасады. Бiтiм туралы декретте Совет өкiметi барлық соғысушы елдермен аннексиясыз, контрибуциясыз әдiл бiтiм жасасуды ұсынды. Декретте құпия дипломатияны жою, құпия шарттарды жариялау. Бiтiм туралы декретте совет мемлекетiнiң сыртқы саясатының принциптерi: пролетарлық интернационализм, барлық халықтардың бостандығы, тәуелсiздiгi мен теңдiгi үшiн күресі қолдау табатыны айқындалды. Соғысты тез арада тоқтату, соғысқа қарсы күрес, бейбiт қатар өмiр сүру, қоғамдық және мемлекеттiк құрылысы әр түрлi мемлекеттердiң араларында туатын дау-жанжалды бейбiт келiсiм арқылы шешу туралы мәселелер көтерілді.

Съезде жер туралы мәселе қаралды. 625 депутат бiр ауыздан эсерлердiң дайындаған 242 аманатын қабылдады. Бұл аманатты В.И.Ленин бастаған большевиктер де қолдады. Декрет жерге помещиктiк жер иеленушiлiктi дереу және түбірімен жоюды талап еттi.

Заң жерге, жер қойнауына, орман, суларға жеке меншiк жойылады, яғни национализацияланады. Жерге жеке меншiктiң жойылуы, декреттен кейiн аграрлық мәселедегi заңдар шаруалар мен помещиктер арасында наразылық туғызып азамат соғысына әкелдi. Помещиктер мұра жерлерiн совет өкiметiне бергiсi келмедi. Совет өкiметi кейiннен помещиктердiң жер иелiктерiн күшпен тартып алып, шаруаларға бөлiп берiп, қоғамдық шаруашылық ұйымдастыру үшін, жеке меншiктiң тамырына балта шапты.

Съезд жаңа құрылған Совет үкiметiнiң мүшелерiн бекiттi. Халық комиссарлар Советiнiң төрағасы В.И.Ульянов (Ленин), iшкi iстер халық комиссары А.Рыков, жер халық комиссары В.Милютин, еңбек комиссары А.Шляпников, соғыс және теңiз iстерi жөнiндегi комитет В.Овсеенко (Антонов), Н.Крыленко және П.Дыбенко, сауда және өнеркәсiп В.Ногин, халыққа бiлiм беру А.Луначарский, финанс И.Скворцов (Степанов), сыртқы iстер Л.Бронштейн (Троцкий), Заң Г.Оппоков (Ломов), тамақ жөнiндегi И.Теодорович, пошта және телеграф Н.Авилов (Глебов), ұлттар iстерi жөнiнде И.Джугашвили (Сталин) сайланды. Бүкiлресейлік Орталық Атқару комитетi (ВЦИК) төрағасы Л.Каменов (Розенфельд) сайланды. Съезд жұмысы 27 қазан күнi таңғы сағат 5.00-те аяқталды.

Большевиктердiң елде жеке билiк орнатуға көшу саясаты.Советтердiң II съезiнде жеке-даракөпшiлiк дауыс алу кезеңi ұзаққа созылмады. Саяси билiктi нығайту үшiн басқа партиялармен келiсiмге келу қажет болды. Большевиктердiң билiгi уақытша болды. Социалистiк бағыттағы эсерлер мен меньшевиктер большевиктердiң билiктi күштеп алуына қарсы шықты. Советтердiң II съезiнен кейiн меньшевиктер мен оңшыл эсерлер «Отанды құтқару» комитетiн құрып, большевиктерге қарсы бүлiк ұйымдастыра бастады. А.Керенский болса, казактардың басшысы генерал Красновқа сүйенiп, Петроградқа шабуыл жасауға дайындалды.

Москва, Петроград жұмысшылары социалистiк партиялардан бiртұтас үкiмет құруды жақтап, ереуiл өткiзуге шақырды. Үкiметтiк дағдарыс жағдайында жұмысшылар арасында беделдi кәсiподақ ұйымы, яғни Темiржол кәсiподақ ұйымы комитетi (ВИКЖель) 700 мың мүшесi арқылы ереуiлге шақырып, большевиктерден бiрiккен үкiмет құруды талап еттi. Большевиктердiң Орталық комитетi (ЦК РСДРПб) темiржол-шылармен келiсiмге келуге келiстi. В.И.Ленин бұл келiсiмдi Керенский мен Корниловқа қарсы «елшiлiк келiсiм» ретiнде түсiнсе, Зиновьев, Рыков, Ногин социалистiк партиялар арасындағы келiсiм, көппартиялық демократиялық үкiмет құру деп түсiндi.

Темiржол кәсiподақ ұйымы комитетi мен большевиктер арасындағы келiсiм барысында жаңа үкiмет құруға уағдаласты. РСДРП(б) Орталық комитетiнен Каменев, Атқару комитетi (ВЦИК) атынан Рязанов қол қойып, 18 адамнан жаңа үкiмет құруға келiстi. Бiрақ, 1918 жылы қараша айында елдегi саяси ахуал большевиктер жағына ауысты. Москвада Совет өкiметi жеңдi, Корнилов бастаған казактардың Петроградқа шабуылы жеңiлiс тапты. В.И.Ленин уақытша келiсiмге келгенiмен, большевиктердiң билiктi өз қолына алып күшеюi, 1918 жылы қараша айында бiрiккен үкiмет құрудан бас тартуға негіз болды. Каменев, Рыков, Милютин, Ногиндер В.И.Лениннiң саясатына наразылық ретiнде РСДРП(б) Орталық комитетiнен, халық комиссариаты мүшелiгiнен бас тартып, большевиктер арасында ашық жiк туды. Оңшыл эсерлер мен меньшевиктер большевиктерге қарсы күрес жүргiзе бердi. 1918 жылы желтоқсан айында большевиктер солшыл эсерлермен келiсiмге келiп бiрiккен үкiмет құрды. Үкiметтiң құрамында: Заң (И.Штейберг), пошта және телеграф, (П.Прошьян), жергiлiктi басқару (В.Трутовский), Республика мүлiк меншiгi (В.Карелин), жер мәселесi (А.Колегаевтар) кiрдi. Қазан төңкерiсiнен кейiнгi алғашқы өкiметтiк дағдарыстан большевиктер солшыл эсерлер партиясының қолдауы арқылы шықты.

Үкiметтiк билiктi жеке-дара толық алу үшiн большевиктер партиясына Құрылтай жиналысын шақыруды мақсат етіп отырған меньшевиктер мен оңшыл эсерлерге қарсы күресу керек болды. Сондықтан күн тәртiбiнде екi мәселе тұрды. Большевиктер В.И.Ленин бастаған топ демократияның жоғарғы сатысы Советтердi қалдыру керек десе, меньшевиктермен басқа да социалистiк бағытты ұстаған саяси партиялар Құрылтай жиналысын шақыруды талап еттi. Құрылтай жиналысын жұмысшы табы мен шаруалар да қолдады. Большевиктер сол кездегi саяси жағдайды түсiнiп, Құрылтай жиналысын шақыруға келiсiм бердi. Жалпы Құрылтай жиналысын шақыруды қазан төңкерiсiне дейiн уақытша үкiмет 1917 жылғы қараша айының 12-іне белгiлеп қойған болатын. Сайлау уақытында өтiп, Құрылтай жиналысын қолдаған партиялар эсерлер 40,7%, меньшевиктер 2,7%, большевиктер 24% дауыс алды. Эсерлердiң жеңiске жетуiнiң негiзгi себебi, ұсақ буржуазия мен шаруалар қолдады. Сөйтiп, Құрылтай жиналысына сайланған 715 депутаттың 412 эсерлер, ал 183-i большевиктерден болды. Елде демократиялық қос өкiметтiк билiк орнады. Кiмдi-кiм жеңедi деген мәселе тұрды. В.И.Ленин большевиктер партиясының ұсынысымен Құрылтай жиналысы туралы қарар дайындап жариялады. В.И.Ленин: «Бiз буржуазиялық революциядан пролетарлық революцияға көшуіміз керек, Құрылтай жиналысы арқылы кадеттер халықты парламенттiк қиялмен алдап келедi, сондықтан Құрылтай жиналысын қайта қарап, билiктi Советтердiң қолында қалдыру керек» – дедi. Билiк жолындағы күрес революциялық жолмен шешiлуi мүмкiн деп, елдi азамат соғысына шақырды.

1918 жылы қаңтар айының 3-і күнi В.И.Лениннiң жазған «Еңбекшi және қаналушы халық құқықтарының декларациясын» ВЦИК бекiттi. Декларация бойынша Бүкiлресейлiк жұмысшы, солдат және шаруалар Республикасы болып жарияланды. Бұл шешiм Құрылтай жиналысында қаралып бекiтiлуi қажет болды. Сонымен қатар Құрылтай жиналысы Советтердi мойындап, өзiнiң қызметiн аяқтау керек болды.

1918 жылы қаңтардың 5-і күнi Петроград қаласындағы Таврия сарайында Құрылтай жиналысы өз жұмысын бастады. Құрылтай жиналысында Я.Свердлов «Декларация туралы» баяндама жасады. Декларацияны депутаттар қабылдамады. Жиналыстың төрағасына ұсынған М.Спиридоновтың кандидатурасы өтпей, жиналыстың төрағасы болып оңшыл эсер В.Чернов сайланды. Құрылтай жиналысы Бүкiлресейлiк Советтердiң II съезiнiң шешiмдерiн де бекiтпедi. Жиналыста большевиктер партиясы жеңiлiс тапты. Бұл сол кездегi Ресейдегi шын мәнiндегi саяси ахуал болатын. Большевиктер партиясы Халық Комиссариаты Орталық комитетi Құрылтай жиналысын тарату туралы шешiм қабылдады. Құрылтай жиналысының депутаттары Таврия сарайынан кетуге мәжбүр болды. Ресейде парламенттiк демократия кезеңi аяқталып, тоталитарлық терроризм кезеңi басталды. Россия тарихында бiр-бiрiне қарсы тұрған тап күресi басталды. Үкiметтiк билiк күш арқылы шешiлуі қажет болды. Бұл елде азамат соғысының басталуына әкелдi. Большевиктер партиясы Советтердi сақтап қалу үшiн жеке саяси күш ретiнде күреске шықты. Ресей қоғамы екiге бөлiндi.

1918 жылы большевиктер үкiметтiк басшылықты күшейту үшiн Бүкiлресейлiк Советтердiң III съезiн 10-18 қаңтарда шақырды. ВЦИК төрағасы Я.Свердлов және Халық Комиссарлар кеңесiнiң басшысы В.И.Ленин сөз сөйлеп, елдегi саяси билiк Советтерге көшкенiн, контрреволюцияға қарсы күресте қарулы күштердi барынша пайдалану құқығы Советтерге берiлуi керек екенiн айтты. Меньшевиктер пролетариат диктатурасының жүргiзiп отырған қарулы шараларына қарсы болды. Троцкий жаңа билiктi орнату үшiн Советтердiң жүргiзiп отырған күш көрсетуiне қарсы шықты. Съезд өз шешімімен жұмысшы, солдат және шаруалар советтерiн бiрiктiрiп, ұсақ буржуазия мен шаруаларды қолдап отырған эсерлердiң әлеуметтiк тiрегiн әлсiреттi. Жергiлiктi Совет органдарынан эсерлердi бiртiндеп шығара бастады. Бұл процесс елде террорды бұрынғыдан да күшейттi. В.И.Лениннiң «Федералдық құрылымы туралы» қарарын бекiттi.

Ең жоғарғы өкiметтiк билiк Бүкiлресейлiк Советтер съезi болды. Съезд аралығында қызметтi Бүкiлресейлiк Атқару Комитетi (ВЦИК) атқаратын болды. Ресей Федерациясы үкiметi болып Халық Комиссарлар Советi бекiтiлдi. Съезд Бүкiлресейлiк Атқару Комитетiнiң 306 мүшесiн бекiттi. Оның 160 – большевиктер, 125 – солшыл эсерлер, 7 – оңшыл эсер т.б. Сөйтiп, В.И.Ленин бастаған большевиктер елде жеке билiк орната отырып, тап күресiне дайындалып жатты. 1918 жылғы шiлде айының 6-7 күндердегi Москва және Шығыс майдандағы солшыл эсерлердiң бүлiгi Ресейдегi қос партиялық жүйенiң аяқталып, бiр партиялық билiктiң орнауына әкелдi.

Азамат соғысы (1918-1920 жж.).1918 жылдың алғашқы айларында Советтiк Ресей шет ел империалистерiнiң қоршауында қалды. 1918 жылы Германия өзiнiң бiтiм келiсiмiн бұзып, Петроград қаласына қарай соғыс қимылдарын бастады. Псков және Нарва қалаларының маңында қызыл әскерлер жауға қарсы соғыста жеңiске жетiп, ақпан айының 23 күнi В.И.Лениннiң қол қоюымен жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясын құрды. Патшалық Ресейдiң ескi армиясын таратып, оның орнына жаңа адамдар шақырып, 1918 жылы қыркүйек айында жалпыға бiрдей әскери мiндеткерлiк енгiздi. Жаңадан қарулы күштердi құруда бұрынғы патша армиясының әскери басшыларын пайдалануға В.И.Ленин келiстi. Олар: И.Вацетис, С.Каменев, А.Брусилов, Е.Снесарев, В.Альтфатер т.б.

Соғыс Халық Комиссары болып Л.Троцкий тағайындалды. Жергiлiктi жерде Қызыл Армия құру үшiн халықтық әскери комиссариаттар жұмыс iстей бастады. Азамат соғысы басталар алдында Қызыл Армияда 6 армия және 54 дивизия, 450 мыңдай адам болды.

1918 жылы Советтiк Ресейдiң iшiнде тап күресi шиеленiсе түстi. Елде бiр-бiрiне қарама-қарсы үш саяси топ қалыптасты. Бiрiншiсi, большевиктердi қолдаған жұмысшы және шаруалар; екiншi, құлатылған өкiмет уәкiлдерi (офицерлер, казактар, өндiрiстiк буржуазия); үшiншi, ұсақ буржуазия (орта шаруалар, саудагерлер мен қолөнершiлер). Азамат соғысының алғашқы айларында халықтың арасында ауытқушылар көп болды. 1918 жылы большевиктерге қарсы ескi тәртiптi қалпына келтiру үшiн демократиялық контрреволюциялық саяси топтар күрес жүргiздi. Олардың көбi эсерлер мен меньшевиктер болды. Елдегi контрреволюциялық күштердi бiрiктiре отырып, азамат соғысын бастауға негiз болды. Бұл саяси күштер шет ел империалистерiнен қолдау тапты. Ал азамат соғысының басталуына негiзгi себеп болған 1918 жылғы мамыр айында Сiбiр темiржол бойында басталған чехословак бүлiгi болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында Австро-Венгрия қол астында болған чех және словак халықтары Ресейге қарсы соғысуға мәжбүр болды. Кейiннен соғыс майданына қатысқан чех және словактар өз еркiмен Ресей жағына тұтқынға түсiп, Ресей жағында соғыс майданына қатысты. 1918 жылы Ресейде 200 мың чех және словактар болды. Оның 50 мыңдайы соғысқа қатысты.

Брест бiтiмi бойынша чехословак корпусы қарусызданып елiне қайтуы керек болатын. Совет үкiметiнiң шешiмiмен Владивосток арқылы теңiзге шығып Францияға баруы қажет болды. Бүлiк 25 майда басталып тез арада Пензадан Владивостокқа дейiнгi зор территорияны қамтыды, осы жолда чехословак корпусының эшелондары тұрған болатын. Францияның Ресейдегi елшiсi Нуланс 1918 жылғы майда: «Одақтастар интервенция бастауға ұйғарды... және чехословак армиясын одақтас армиялардың авангарды деп қарайды» – деп мәлiмдеме жасады.

Чехословак корпусының бүлiгi Волгада (Едiлде) Уралда және Сiбiрде кулактардың көтерiлiсiн бастау үшiн қағылған дабыл болды. Бұған оңшыл эсерлер мен меньшевиктердiң ықпалындағы орта шаруалар да қатысты. Самарада меньшевиктердiң Құрылтай жиналысын қолдаған контрреволюциялық үкiмет «Комуч» құрды. Дәл осындай үкiметтер Омскi мен Екатеринбургте де пайда болды. Совет үкiметiне қарсы халық қозғалысы кең етек алды. Қызыл Армия жеңiлiс тауып жатты. Осындай ауыр кезеңде большевиктер қызыл террорға көштi. Соғыс комиссары Л.Троцкий соғыс майдандарында әскери трибунал құрып, өз эмиссарларын жiберiп, ешқандай сотсыз жазықсыз адамды ату жазасына берiп жатты. Петроград полкiнiң 27 қызыл әскерлерiн атып тастады. Муром, Арзамас, Свиято қалаларында тұңғыш концлагерлер құрылды. 1918 жылы қыркүйек айынан бастап Советтiк Ресей «соғыс лагерiне» айналды. Революциялық әскери совет құрылып, оны Троцкий басқарды, уақытында меньшевиктер мен эсерлер Троцкийдiң бұл iс-әрекетiн сынап, әскери басшы бола алмайтынын айтқан болатын. Бiрақ В.И.Ленин тыңдамай, Соғыс Халық Комиссарының басшысы етiп тағайындаған едi. Кейін Қызыл Армияның бас қолбасшысы Н.Вацетис тағайындалды. 1918 жылы қыркүйек айынан бастап Қызыл Армия күш жинап, шабуылға шығып Қазан қаласын алды.

Шығыс және Оңтүстiк майдандағы соғыс қимылдары.Совет үкiметiнiң тағдыры Шығысмайданда шешiлуi тиіс еді. 1919 ж. Шығыс майданда Колчак 400 мың әскер жинақтап, Едiл өзенiң бойындағы Қазан және Самара қалаларына қауiп төндiрiп, Мәскеу қаласына жақындай түстi. Екiншi қауiп, егер Шығыс майданды жоймаса, оңтүстiк майдандағы Деникин армиясымен бiрiгу қаупi төндi. 1919 жылы В.И.Лениннiң айтуымен революция тағдыры Шығыс майданда шешiлуi керек деп танылып, ол үшiн барлық күш Колчак армиясын талқандауға шақырылды. Қызыл Армияға ерiктiлер келiп, 800 мың әскер жинақталды. Жаңа күштердiң келуiмен 1919 жылы сәуiр айында Колчак армиясы алғаш рет жеңiлiс тапты. Бугуруслан, Белебей және Уфа қалаларында М.Фрунзе бастаған Қызыл Армия күштерi жеңiске жетiп, Колчак армиясы Орал тауынан асырып тасталды. Совет үкiметi Колчак жеңiлгеннен кейiн чехословак корпусымен келiсiмге келiп, Владивосток арқылы Еуропаға кетулеріне мүмкiндiк берді.

1919 жылы шiлде айында Совет үкiметiне оңтүстiктегi Деникин армиясының шабуылы қауіп төндірді. Деникин армиясына Антанта елдерi көмек көрсеттi. Черчилль: «Бiз Деникин армиясына 250 мың мылтық, 200 пушка, 30 танк бердiк» – деп мойындады. Сол жылы мамыр айында Деникинге Украин ұлтшылдары айтарлықтай көмек көрсеттi. Дон өзенiнiң бойындағы казактар, 6-Украин дивизия әскерлерi көмекке келдi. Олардың құрамында 20 мың адам, 50 пушка, 700 пулемет және 6 бронепоезд болды. 1919 жылы маусым айында Деникин армиясы Тавр, Екатеринослав, Харьков, Донецк, Воронеж, Царицын, Астрахань және Дон облыстарын басып алды. Врангель армиясы Царицын қаласын алды. Деникиндер Курск және Воронеж қалалары арқылы Мәскеуге қауiп төндiрдi.

В.И.Ленин халықтың барлық күшiн «Деникинге қарсы күресуге» шақырды. Деникинге қарсы жаңадан 40 мың коммунистер мен 30 мың комсомолдар шақыруға үн қосты. 1919 жылы шiлде айында Қызыл Армия құрамында 157,6 мың мылтық, 25,8 мың атты әскер, 4094 пулемет, 55 бронепоезд болса, Деникин армиясында 104,5 мың мылтық, 50,9 мың атты әскерi, 1212 пулемет, 28 бронепоезд болды. Деникиннiң атты әскерi 2 есеге көп болды. Атты әскер азамат соғысы жылдарында негiзгi әскери күшке айналды. Деникиннiң Мәскеуге шабуылы сәттi болып Тамбов, Козлов, Елец, Воронеж қалаларын басып алып, 20 қыркүйекте Курск қаласын алды.

1919 жылы қазан айында Қызыл Армия қарсы шабуылға шықты. Оңтүстiк майданда атақты С.Буденный бастаған атты армия корпусы шешушi роль атқарды. Орел, Воронеж қалаларының маңында атты корпус iрi жеңiске жетiп, Деникин армиясы оңтүстiкке қарай шегiне бастады. 1920 жылы Деникин армиясы Украинаны тастап, Новороссийск қаласы арқылы Түркияға қашып кеттi. Өзiнiң орнына генерал Врангелдi қалдырды. Деникин армиясының жеңiлуi азамат соғысындағы шешушi кезең болды.

1920 жылы қыркүйек айының 1-і күнi Совет үкiметi Врангель армиясын талқандау үшiн М.В.Фрунзе (1885-1925 жж.) бастаған Оңтүстiк майдан құрды. Врангель армиясында 50 мың адам болды. 1920 жылы Оңтүстiк майдан әскерлерi шабуылға шығып, Донбасс, Днепрдiң оң жағалауы, Таврия және Қырым азат етiлдi. 1920 жылы қараша айында Қызыл Армия қиындыққа қарамастан, Сиваш және Перекопты азат етiп, Қырымға шықты. Соғыс майданында 2 атты армия басшысы Ф.Миронов, 51 дивизия басшысы В.Блюхер ерекше ерлiк көрсеттi.

Врангель армиясын талқандап Қызыл Армия Қырымды азат еттi. Қырымды азат еткеннен кейiн облыстың әскери революциялық комитетi қызыл террор жүргiзiп, Қырымды ақтардан тазарту жүргiздi. Бұл шараларды жүргiзгендер Қырым облревкомының төрағасы Бела Күн мүшелерi Р.Землячка, Оңтүстiк майданның төтенше бөлiмiнiң бастығы Е.Евдокимовтар болатын. Бұлардың қолдарынан ешқандай жазықсыз 8 мың офицер сотсыз атылды.

Совет–Польша соғысы.1920 жылдың көктемi мен жазын-да

Қызыл Армия Польшаға қарсы соғыс қимылдарын жүргiзуге мәжбүр болды. 1920 жылы сәуiр айының 17-і күнi Польша генералы Пилсудскийдiң бұйрығымен Польша әскерлерi Киевке шабуыл бастады. Пилсудскийдiң ойы Речь Посполитаяның құрамында болған Белоруссия, Украина, Литваны қосып алып, 1772 жылғы Польша мемлекетiнiң шекарасын қалпына келтiру болды. Польша әскерлерiн Украинадағы ақтар үкiметi Симон Петлюр қолдап, мамырдың 6-ы күнi Киев қаласын қолдарына алады. 1920 жылы жазда Қызыл Армия қарсы шабуылға шығып, маусымның 12-і күнi Киев қаласын азат еттi. РКП(б) Орталық Комитетiнде Польша әскерлерiн «Керзон сызығы» деп аталатын шекараға дейiн қуып апарғаннан соң, соғыс қимылдарын Польша жерiнде жүргiзге беруге шешiм қабылдау туралы мәселе қаралды. Троцкий соғысты тоқтатып келiсiмге келуге шақырса, В.И.Ленин соғысты жалғастырып, Польша жұмысшы табының қолдауымен Совет үкiметiн орнату керек деп шештi. Бұл сол кездегi қате шешiм болды. Поляктар Совет үкiметiн орнатуға қарсы болды. Бұл басқа елдiң қаруымен дүниежүзiлiк революция орнату идеясы болатын.

1920 жылы тамыз айында Тухачевский басшылығымен

Қызыл Армия Висла өзенiнен өтiп, Варшава қаласына жеттi. Қызыл Армияның Польша жерiне кiруiн поляктар қолдамады. Пилсудский 80 мың армия жинап, Шығыс-Пруссия шекарасында жеңiске жеттi. Қызыл Армия тылдан алыс қалып, жаңа күштердiң келiп жетпеуiнен жеңiлiске ұшырады. Варшава, Львов маңында Қызыл Армия жеңiлiп, 30 мың Қызыл Армия әскерлерi тұтқындалды, олардың тағдыры күнi бүгiнге дейiн белгiсiз болып қалды. Қызыл Армияның жеңiлу себептерi: бiрiншiден, соғыс қимылдарына аса тиянақты дайындық болмады. Батыс және Оңтүстiк-Батыс майдан әскерлерiнде өзара байланыс болмады. Польша әскерiнiң күшiн дұрыс бағаламады. Екiншiден, большевиктер Польша жерінде социализм орнату ниетiнде болды. Польша халқы ғасырлар бойына Германия, Австро-Венгрия және Ресейге қарсы азаттық күресiн жүргiзiп, 1918 жылы 11 қарашада өз тәуелсiздiгiн жеңiп алып, Польша Республикасын құрған болатын.

Азамат соғысының аяқталуына Қызыл Армияның Қиыр Шығыста жапондарға қарсы күресi де себеп болды. 100 мың жапон әскерлерiмен бiрге Колчак армиясының қалдықтары мен Г.Семенов бастаған казактар шығыста Қызыл Армиямен соғысты. Байкал көлiнiң маңында Қызыл Армия ақгвардияшыларды талқандап, Қиыр Шығыс Республикасын құрды. Ол РСФСР мен Жапония арасындағы демократиялық республика болды. 1921 жылдың соңында Қызыл Армия Қиыр Шығыс Республикасының армия басшысы В.Блюхердiң көмегiмен Хабаровск қаласын азат еттi. Волочаевка станциясында болған үш күн соғыстан кейiн ақгвардияшылдардың әскери күштерi талқандалып, 1922 жылы қазан айының 25-і күнi Қызыл Армия Владивосток қаласын алады.

1922 жылы Қиыр Шығыста азамат соғысы аяқталды. Азамат соғысы жылдарында Совет үкiметiнiң алғашқы әскери басшылары: М.Фрунзе, М.Тухачевский, В.Блюхер, С.Буденный, Г.Котовский, П.Якир айтарлықтай ерлiк көрсетiп, өз әскери таланттарымен танылды

Азамат соғысы тарихта адамзат баласына ауыр қасiрет әкелген соғыс болды. Оның себебi, бiр елде бiр-бiрiне қарсы тап соғысы, ағайын-туыстардың бiр-бiрiне қарсы соғысы, әке мен бала, бiрге туған ағайындардың соғысы, Ресей халықтарына өте ауыр зардап шектіріп, материалдық және рухани жағынан халыққа ауыр шығындар әкелді. Екi жаққа да өздерiнiң түсінігінше әдiлеттi соғыс болып көрiндi. Екi жақ та ерлiк көрсеттi. Большевиктер өздерiнiң революция идеясы арқылы халықты алдап, өкiметтi жеңiп алды. Соғыс майданында қызылдар мен ақтар, қызыл және ақ террор, аштық пен ауру 13 млн адамның өмiрiн алып кеттi. 1917 жылмен салыстырғанда Ресей халықтарының саны 23 млн адамға азайды.

«Соғыс коммунизм» саясаты.Совет өкiметiнiң экономикалық саясатыныңнегiзi, азамат соғысы мен шет ел интервенциясы жылдарында халықты азық-түлiкпен, тауарақша қатынасын қалыптастыру, өнеркәсiптi национализациялау, салғырт арқылы халықтан азық-түлiктi тартып алу, алынған азық-түлiк тауарларын карточка арқылы үлестiру болды. «Соғыс коммунизм» саясатын идеологиялық догмаға айналдыру арқылы, капитализмнен социализмге өтудi қамтамасыз ету керек болды. Соғыс пен аштыққа қарамастан, халықтан соңғы жеп отырған нанын, күн көрiп отырған малын тартып алып отырды. Совет өкiметiнiң «жауларын» өте ауыр қудалау арқылы, зорлық пен зомбылық арқылы жеңiске жетiп отырды. «Соғыс коммунизм» саясатының негiзiн қалаушы Бухариннiң сөзiмен айтқанда, бұл «халық жауларын көндiру үшiн ату және зорлап, күштеп көндiру» саясаты еді. Бұл шараларды iске асыру үшiн елде төтенше шаралар жүргiздi. Халықтың қолындағы артық астықты тартып алу үшiн азық-түлiк отрядтарын құра бастады. Азық-түлiк отрядтарына В.И.Ленин және Цурюпа басшылық жасады. Бүкiлресейлiк Советтердiң VI съезiнде 1918 жылы қарашада Зиновьев сөз сөйлеп: «ауылдағы кулактар мен ұсақ буржуазияның қолындағы артық тауарларын тартып алып, қарсылық жасаған жағдайда өлтiруге дейiн барып, ауылда пролетарлық революцияның жеңiсiн қамтамасыз жасай аламыз» – дедi. «Соғыс коммунизм» саясатын большевиктер партиясы осылай жүзеге асыруға кiрiстi. Бұл саясат көп кешiкпей-ақ ауылдарда шаруалар арасында жiк туып, совет өкiметiнiң саясатына қарсы күрес күшейдi. 1919 жылы қаңтар айының 11-і күнi В.И.Лениннiң қол қоюымен «Астық және тұқым салғыртын енгiзу туралы» декретке жарияланды. Астық қорын жинақтау үшiн мемлекет шаруаларға белгiлi мөлшерде салғырт өткiзiп, қалған өнiмдерiн өздерiнiң керегiне жаратуға мүкiндiк берді. Бiрақ мемлекеттiк салғырт мөлшерi өте жоғары болды, сондықтан шаруалар өздерiнiң қажетiне астық пен тұқымын қалдырмай түгел өткiзiп отырды. Шаруалар мүддесi толық ескерiлмедi. 1919 жылы Совет өкiметi тұрақты жеке базарларды жауып, көтерме саудаға тыйым салды. Шаруалардың артық тауарларын сататын базарларды жауып тастап, жеке меншiкке шектеу жасады. Қағаз ақша құны төмендеп, 3136 есе арзандады. Елде бiртұтас ақша жүйесi жойылды.

1919 жылы ақпанның 19-ы күнi ВЦИК-тiң «шаруаларды жерге орналастыру және социалистiк жер шаруашылығы» туралы қарары шықты. Шаруалар жердi өңдеу үшiн бiрiгiп коммуна құруы қажет болды. Бұл қарардан кейiн шаруалар Совет өкiметiне ашық қарсы шыға бастады. 1919 жылы наурыз айында өткен РКП(б) VIII съезiнде В.И.Ленин өзiнiң ұсақ буржуазияға деген көзқарасын өзгертiп, орта шаруалармен келiсiмге келуге шақырды. 1920 жылдарда большевиктер жүргiзген аграрлық саясат күштеп жүргiзiлдi. Орта шаруалар совет өкiметiн онша қолдамады. Соның нәтижесiнде елде 5 мың совхоз және 6 мың коммуна құрылды. «Соғыс коммунизм» саясаты жылдарында өнеркәсiп саласы құлдырап, 80% жұмыс iстемедi. 2522 өнеркәсiп орындары национализацияланды. Үнеркәсiп орындарына қажеттi шикiзат жетiспедi. Өнеркәсiп соғысқа бейiмделiп жұмыс iстедi. Жұмысшылардың еңбек ақысы күн көрiсiне жетпедi. Азық-түлiк жетiспеуiнен жұмысшылардың 80% уақыты кезекте тұруға кеттi. Жұмыссыздықтың саны шексiз өстi. Москва және Петроград қалаларында 400 мың жұмысшы жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болды. 1920 жылы наурыз-сәуiр айында өткен РКП(б) IХ съезiнде «Шаруашылықты қайта құру туралы» қарар қабылдады. Бұл қарардың негiзiнде бүкiл советтiк шаруашылықты қайта құру үшiн жоспарлы жүйенi енгiзу қажет деп танылды. Капитализмнен социализмге ешқандай өтпелi кезеңсiз күшпен өту қажет деп шешiм қабылдады. 1921 жылы «Соғыс коммунизм» саясатының ең жоғарғы нүктесi мемлекеттiк банктердi жапты. Халыққа тегiн азық-түлiк, киiм, транспорт, тұрғын үй, жалақы натуралды (заттай) төлем арқылы беруге көштi. Мiне, Соғыс коммунизм дегенiмiз осындай болды.

Саяси жүйедегi өзгерiстер.Азамат соғысы жылдарында Совет өкiметiнiң саяси құрылымы айтарлықтай өзгерiске ұшырады. Совет мемлекетiнiң азамат соғысы мен шет ел интервенциясы жылдарындағы жеңiсiн большевиктер партиясының iскерлiк және ұйымдастыру қабiлетiнiң жетiстiгi деп түсiндiрдi. Сөйтiп, партияның басшылығы қоғамда жетекшi рольге айналды. Азамат соғыс майдандарында көптеген өз ерiктерiмен большевиктер партиясына кiрiп, соғыс майдандарында айтарлықтай ерлiк көрсеттi. 1920 жылдың соңында РКП(б) мүшесiнiң саны 700 мың адамға жеттi. Ұйымдастыру саласында РКП(б) VIII съезiнiң шешiмiне сәйкес партияда қатал әскери тәртiп, бiр орталықтандырылған жүйесi, партияның жоғарыдан шыққан қарарын мүлтiксiз орындау партияның төменгi ұйымдарының мiндетi болды. Партияның Орталық комитетi (ЦК) 19 адамнан құрылды. Партия басшылары әскери тәртiп принципi бойынша басқарды. Демократиялық централизм принципi – партияның бақылауымен алмастырылды. Коллективтiк басқару принципi – авторитарлық әкiмшiлiк-өктемдiкпен ауыстырылды. Большевиктер партиясы осы кезден бастап, В.И.Лениннiң тiрi кезiндеақ авторитарлық-әкiмшiлiк, тотали-тарлық партияға айналды. Партия тек қана мемлекеттiк құрылымда емес, қоғамдық ұйымдардың басшылығын өз қолдарына алды. Совет өкiметiнiң жергiлiктi губерния мен уезд советтерiнiң басшылығын бақылап қана қойған жоқ, олардың басшыларын тағайындап, жұмысын бақылап отырды. 1918 жылы Твер қаласының РКП(б) партия конференциясының шешiмiнде «Партия – совет өкiметiнен де жоғары» деп саналды.

1918 жылы Тамбов губерниясында өткен советтердiң сайлауында, 411 совет басшыларының 398-і коммунистерден сайланды. Партия елдiң саяси басшылығын өз қолына осылай алды. Советтiк демократия қағаз жүзiнде, РКП(б) съезiнiң қарарларында ғана жазылды, ал iс жүзiнде партиялық диктатура үстем болды. Елде бюрократизм ауруға айнала бастады. В.И.Ленин елде партия басшылығындағы бюрократизмнiң кең жайылуының себебi: бiрiншiден, халықтың сауатсыздығынан, екiншiден, ескi патшалық мемлекеттiк жүйеден қалған мұра – деп түсiндiрдi. Бюрократияны есiктен қусаң, терезеден кiруге тырысты. Бюрократизмнен құтылудың жолы халықты елдi басқаруға жұмылдыру екенiн айтса да, партия бюрократизмдi жоюды сөз жүзiнде айтты, ешқандай күрес жүргiзе алмады. Мемлекеттiк және партиялық аппарат совет өкiметiнiң жауларымен күресiп, революцияның авангарды болған пролетариатқа қарсы жазалау, қудалау саясатын жүргiздi. Пролетариат диктатурасы – пролетариатқа (жұмысшы табына) қарсы болды.

1921-1927 жылдардағы КСРО-ның әлеуметтiк-экономикалық дамуы. 1921 жылы наурыз айындаМосквада РКП(б) Х съезi болды. Съезде қаралған өзектi мәселе ауыл (деревня) жөнiндегi саясат болды. Съезд «Салғыртты заттай салықпен ауыстыру туралы» Лениндiк қарарды бiрауыздан қабылдады. Бұл қарар «соғыс коммунизмiнен» жаңа экономикалық саясатқа (НЭП) көшудiң негiзiн салды. Партияның Х съезi аяқталғаннан кейiн Бүкiлресейлiк Орталық Атқару комитетi (ВЦИК) азықтүлiк салғыртының орнына азық-түлiк салығын енгiзу туралы декрет шығарды. Азық-түлiк салығының барлық ауыр салмағы ауыл кулактары мен байлардың мойнына түстi. Орта шаруаларға салық шамалы ғана салынды, ал кедейлер азықтүлiк салығын төлеуден мүлдем босатылды. Салықты өтегеннен кейiн шаруа өзi өндiрген азық-түлiгiнiң артығын базарда еркiн сата алатын болды. Сауда қала мен ауыл арасындағы шаруашылық байланыстың негiзгi формасы болды. Жекеменшiк сауда тез тарай бастады. Сонымен қатар, мемлекеттiк және кооперативтiк базар саудасын ұйымдастыруға рұқсат еттi. Елде бұрынғы жабылған базарлар Ирбит, Нижегород, Москва т.б. ашылды. 1921 жылы маусымда Саратов қаласында тауар биржасы ашылды. 1922 жылы 24 тауар биржасы болса, 1924 жылы – 96 биржа жұмыс iстедi.

Ауыл шаруашылығын қалпына келтiрудi жеңiлдету және оның өнiмдерiн өндiрудi арттыру үшiн шаруалардың жердi жалға (арендаға) берулерiне, жалдамалы еңбектi пайдалануға рұқсат етiлдi. Ауылда кооперацияның түрлi формаларын (тұтынушылар, ауыл шаруашылық, кредит т.б.) дамытуға көңiл бөлдi. Коллективтiк өндiрiске (колхоздарға) өз еркiмен көшуiне көмектестi. Өнеркәсiп саласында жаңа экономикалық саясатқа көшудiң мәнi, халықты күнделiктi тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету үшiн мемлекет iрi және орта өнеркәсiптi өз қолында ұстай отырып, кооперативтiк бiрлестiктер мен жеке адамдарға арендаға бердi. Жеке меншiктегi шағын кәсiпорындардың жұмыс iстей беруiне де рұқсат етiлдi. Көптеген завод пен фабрикалар шаруашылық есепке (өз шығынын өзi ақтау) көшiрiлдi. Өнеркәсiп кәсiпорындарын жұмысшымен қамтамасыз ету үшiн елде еңбек биржалары жұмыс iстей бастады. Сауданы өрiстету, шаруашылық есептi енгiзу, еңбек ақыны ақшалай төлеуге көшудi нығайтып, сомның (рубльдiң) құнын арттыру шараларын ұсынды. Мемлекеттiк шығындарын қысқартып, кiрiстердi арттыру шараларын жүзеге асырды. 1921 жылдан бастап халыққа тегiн қызмет көрсету қысқартылды, транспортты пайдаланғаны үшiн ақы төлеу, поштаның, телеграф, коммуналдық мекемелердiң көрсеткен қызметi үшiн ақы төлеу тәртiбi енгiзiлдi.

Жаңа экономикалық саясат капитализмнен социализмге өту кезiндегi өтпелi реформалық кезең болды. В.И.Ленин РКП(б) Х съезiнде сөйлеген сөзiнде: «азамат соғысы жылдарындағы «соғыс коммунизм» саясаты, қателiк болды» – дедi. Жаңа экономикалық саясат елдiң экономикалық дамуына, кәсiпорындардың құрылымын өзгерту арқылы, мемлекет экономикасына донор ретiнде жаңа күш қуат беруiне мүмкiндiк жасады.

Халық шаруашылығын қалпына келтiру жылдарында совет мемлекетi ақша реформасын жүзеге асырды. Азамат және шет ел интервенциясы жылдарында рубльдiң алтынға баламасы құнсызданып, елдiң алтын қоры талан-таражға ұшыраған болатын. 1917 жылы қазан айында Ресейдiң алтын қорының мөлшерi 1,713 млн рубль болды. Айналымда 1 млрд, 10 млн рубль болды. 1922 жылы шiлде айының 25-і күнi Халық Комиссарлар Советi ақша реформасы туралы декретке қол қойды. Реформа барысында жаңа ақша банкноты шығарылып, 1921 ж. ақша ауыстырыла бастады. Ескi 1 млн рубль жаңа советтiк 1 рубльге ауыстырылды. Банктерде (10, 25, 50 және 100) червон банкноты шығарылып, халық шаруашылық кәсiпорындарына таратылды. Совет үкiметi сыртқы сауданы өз меншiгiнде ұстап, сыртқы саудадан түскен шет ел ақшасы арнаулы банк есебiнде сақталды. 1923 жылдан бастап жұмысшылар өздерiнiң жалақыларын жаңа советтiк банкнот арқылы ала бастады. Қалаларда азық-түлiк дүкендерiнде тауарлар көбейдi. 1924 жылы елде бюджеттiк дефицит жойылды. Ақпан айында айналымға 1, 3 және 5 рубль ақшасы шыға бастады. Жаңа ақша реформасы ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайта түстi. Бiрақ ауыл шаруашылық тауарлары мен өнеркәсiп тауарлары арасындағы қайшылық өте жоғары болды.

Жаңа экономикалық саясат жылдарында жекеменшiк саласының қалыптасуы, кiшi және орта меншiк иелерi кәсiпорындарының жұмыс iстей бастауы экономиканың қалпына келуiне жол ашты. Кiшiгiрiм өндiрiстiң қолөнер, аренда, акционер және кооперативтiк түрлi жұмыс iстей бастады. Ауылдарда мал шаруашылығының өнiмдерiн өңдейтiн кiшi және орта кәсiпкерлiктер пайда бола бастады. Сүт өңдейтiн, астық тартатын, ет өңдейтiн және темекi кәсiпорындары дами бастады. Кiшi және орта кәсiпкерлер сол кезде 3,1 млн адамды тамақпен және жұмыспен қамтамасыз етсе, мемлекеттiк кәсiпорындар 1,6 адамды жұмыспен қамтамасыз еттi. 1924-1925 жылдарда елде 325 мың жеке меншiк иелерi болды. Бiрақ жеке меншiкке рұқсат бергенiмен, олар әр уақытта мемлекеттiң қатал бақылауында болып отырды. Сондықтан бiртiндеп жеке меншiк иелерiнiң өз кәсiпорындарын дамытуға ынтасы кеми берді.

НЭП жылдарында ауыр өнеркәсiптiң жұмысын жаңарту үшiн 1933 жылы сәуiр айында ВЦИК пен СНК-нiң «Мемле-кеттiк өнеркәсiп» туралы декреті шықты. Бұл заң бойынша өнеркәсiп орындарына жеке меншiктi жүргiзуге еркiндiк бердi. Өнеркәсiп орындарын басқару үшiн коммерциялық трест мекемелерiн құрды. Кәсiпорындарға шаруашылықты жүргiзуге еркiндiк берiлдi. Ресейде тұңғыш трест жеңiл өнеркәсiп орнында құрылды. 1921 жылы шiлде айында «Льноуправление» тресті құрылды. Трест құрамына 17 фабрика кiрдi, 20 мың жұмысшы жұмыс iстедi. 1921 жылы 23 трест, оның 9 тресті тоқыма өнеркәсiбiнде құрылды. Фабрика және заводтар тресттердiң құрамына кiрдi. 1923-1924 жылдарда 79 Бүкiлодақтық трест жұмыс iстедi. 300 жуық кiшiгiрiм өнеркәсiп орындары жергiлiктi басқарудың қолында болды.

Мемлекеттiк меншiктегi өнеркәсiп орындары толық жұмыс iстей алмады. Елде өнеркәсiпке қажет шикiзат жетiспедi. Соның салдарынан Москва және Петроград қалаларындағы өнеркәсiп орындары бар болғаны 30% жұмыс iстедi. 1928-1929 жылдарда ауыр өнеркәсiп орындары ұлттық табыстың 4% ғана бердi.

Аграрлық саясаттағы жаңа бағыт.Азамат соғысы аяқталғаннан кейiн ауыл шаруашылық саясатын қайта құру кезеңi басталды. Бiрақ елде 1921 жылы ашаршылық басталды. Аштық Ресейдiң 28 губерниясын, 36 млн адамды қамтыды. 1922 жылы қазан айының 30-ы күнi РСФСР-де советтердiң IХ съезiнде Жер туралы заң қабылдады. Жаңа заң бойынша болыстар мен ауылдарда жер бөлудi теңестiруден бас тартты. Заң бойынша жер бөлу еркiндiгi жойылды. Ауылдарда жердi жекеменшiктік жер тек қана ауыл төңiрегiнде азғантай мөлшерде бөлiндi. Совет өкiметi жердi национализациялап, жерге жекеменшiктi жойды. Жерге меншiктiң 4 түрiн бекiттi. Бiрiншi меншiк – мемлекеттiк, жерге қоғамдық меншiк, шаруалар мен коллективтiк және жеке азаматтардың меншiгi.

Жер туралы заң шыққаннан кейiн шаруаларды жер аудару күшейдi. Ресейдiң орталық аудандарында шаруалардың тығыз орналасуы, шаруаларды басқа жерге аударуды күшейтті. Жер бар, бiрақ жердi өңдейтiн шаруалар жетiспедi. Шарулардың қалаға көшуi күшейдi. 150 мың шаруа қалаға ауысты. Қалада жұмыссыздардың саны көбейiп, 1,300 мың адамға жеттi. 19241925 жылдарда 114553 мың адам ауыл шаруашылығында жұмыс iстедi.

20-жылдарда Совет өкiметi мемлекеттiк шаруашылықты кең қолдап отырды. 1927 жылы бұрынғы помещиктерден 38,6 мың га жердi тартып алып, оның 60% жеке шаруаларға берiлдi де, 30% мемлекеттiк меншiкке алынды.

Мемлекет коллективтiк шаруашылықты қолдағанымен, шаруалардың 1,2% ғана мүшелiкке кiрдi. Шаруалардың жерi болғанымен, жердi өңдейтiн құралдары болмағандықтан, алған жерлерiнен бас тартты. Жердi пайдалана алмағандықтан, 19241925 жылдары бөлiнген жердiң 38% бос қалды. 1927 жылы 2425 млн шаруалардың жеке меншiгiндегі егiстен 7-8 центнерден өнiм алынды. Егiс жақсы шыққан 1926 жылы 116,4 млн центнер астық жиналды. 1927 жылы барлығы 105 десятина жерге егiн егiлдi, бұл 1917 жылға дейiнгi көрсеткiштен аз болды. 1913 жылы Ресейде 109 млн десятина жерге егiс егiлген болатын. Аграрлық реформа айтарлықтай нәтиже бере алмады. Ұсақ шаруашылықтың тауарлық өнiмi бар болғаны 20% болды. Ауыл шаруашылығы құрал-саймандар мен мал санының өсуі жағынан 1913 жылдың 60-80% деңгейiне зорға жетті.

Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының құрылуы (КСРО).Азамат соғысы аяқталғаннанкейiн Ресей жерiнде Ресей, Украин, Белорус, Әзербайжан, Армян, Грузин алты кеңестiк социалистiк республика құрылды. Олардың арасында тығыз саяси, шаруашылық және мәдени байланыстар орнатып, жаңа социалистiк қоғам орнату жолында ортақ мақсатта бiрбiрiне көмектестi.

Кеңес Республикалары азамат соғысы мен шет ел интервенциясы жылдарында өзара әскери одақ құрды. Олар сыртқы және ішкі жауларға қарсы бiрлесiп күресу үшiн өздерiнiң қарулы күштерi мен материалдық ресурстарын бiрiктiрдi.

Бейбiт құрылысқа көшуге байланысты Кеңес Республикалары шаруашылық байланыстарын нығайтып, халық шаруашылығын қалпына келтiруде бір-біріне көмектесе бастады. Ресей Федерациясы басқа республикаларға айтарлықтай көмек көрсетiп, iрi құрылыстар салды. Мысалы: Баку – Тбилиси мұнай құбыры салынды. Кеңес Республикалары арасындағы байланысты күшейте отырып: олар темiржолдарын, бiрыңғай бюджет саласын бiрiктiрiп, бiр орталыққа бағына бастады. Республикалар арасында мәдени байланыстар өсiп, нығая түстi.

1921–1922 жылдары Кеңес Республикалары дипломатиялық одақ қалыптастырып, халықаралық конференцияларда бiрыңғай саясат ұстап отырды. Мысалы: 1922 жылғы ақпанда Генуя конференциясына барлық республикалар атынан РСФСР делегациясы қатысты. 1922 жылы Әзербайжан, Армения және Грузия Закавказье, Социалистiк Федеративтiк Кеңес Республикасы (ЗСФСР) болып бiрiктi.

КСРО мемлекетiн құру өте күрделi жағдайда жүрдi. Барлық республикалар РСФСР құрамында болса, басқа халықтарға өктемдiк жүргiзуi мүмкiн деген пiкiрлер болды. И.В.Сталин бұл мәселеде РСФСР-дың құрамына «автономиялық» негiзде бiрiгудi ұсынды. Ал кейбiр топтар республикалар конфедерация – өзiнiң тәуелсiз (суверендi) өмiр сүруiн сақтайтын, бiрақ бiр немесе бiрнеше жалпы органдармен бiрiктiрiлген мемлекеттер одағыретінде болуын қолдады. Көп таластан кейiн И.В.Сталиннiң «автономиялық» пiкiрi өтпей, В.И.Лениннiң барлық кеңестік социалистiк республикалар, соның iшiнде РСФСР-де терезесi тең, тең құқықты тәуелсіз республикалардың ерiктi бiрлестiгi ретiнде жаңа одақтық мемлекет Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағын (КСРО) құруға деген ұсынысы жеңiске жетiп, И.В.Сталин бұған келiсуге мәжбүр болды.

Әрбiр республиканың КСРО-дан өз еркімен шыға алатын құқығы да сақталатын болды. Одақтық мемлекеттi басқаруға Кеңестiң одақтық Орталық Атқару Комитеті құрылып, оған барлық республикалардың өкiлдерi кіруі тиiс болды. Одан кейін Одақтық үкiмет құру қажет болды.

1922 жылы қазанда Ресей Коммунистiк (большевиктер) партиясы (РК(б)П) Орталық Комитетiнiң Пленумы РСФСР, ЗСФСР, УССР және БССР-дi Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағына (КСРО) бiрiктiру туралы Лениннiң ұсынысын қабылдады. 1922 жылы желтоқсанда барлық республикаларда халық съездерi болып өттi. КСРО кеңестерiнiң 1 съезiне өздерiнiң делегаттарын сайлады.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеу қаласында КСРО халықтарының 1 кеңесiнiң съезi өттi. Съезд төрт республикадан – РСФСР-ден, ЗСФСР-ден, УССР және БССР-ден Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы (КСРО) мемлекеттi құрылсын деп қаулы қабылдады. КСРО-ның құрылғандығы туралы Декларациямен Шарт қабылдады. Съезд КСРО Орталық Атқару Комитетiнiң төрағаларын сайлады. Бүкiл Одақтық Атқару Комитетiнiң төрағасы – М.И.Калинин, Украина Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы – Г.И.Петровский. Белорусс Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы – А.Г.Червяков, ЗСФСР Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы болып Н.Н.Наримановтар сайланды.

1924 жылы 31 қаңтарда Бүкiл Одақтық Кеңестердiң II съезi КСРО-ның Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша КСРО өкiметiнiң жоғарғы органы Кеңестердiң Бүкiл Одақтық съезi болды. Ол екi палатадан Одақтық Кеңес және Ұлттар Кеңесiнен тұрды. КСРО Орталық Атқару Комитетiнiң атқарушы және басқару органы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесi болды.

Наши рекомендации