Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер

Кен жыныстары бiр, немесе, бiрнеше минерал түйiршiктерінен тұратын бiртектi құрамды денелер.

Кен жыныстары негiзгiжәне үйiндiболып бөлiнедi. Бастапқы жаралған жерiнде жатқан жыныстарды негізгі деп атайды. Үйiндiге негiзгi жыныстардың уатылуы, жекелеген бөлшектердiң орнында қалуы нәтижесiнде пайда болатын, борпылдақ заттардан құралған жыныстарды жатқызады. Уатылған жыныстар жерүсті құбылыстары (су, жел, мұз) әсерiмен көшiрiледi. Үйiндi жыныстар қалыңдығы 0 ден 500 метрге дейiн өзгереді.

Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер - student2.ru

1-сурет. Көмiр қазындысы геологиялық құрылымының қимасы: 1 - өсiмдiк қабаты; 2 - құм; 3 - лай; 4 - лайлы жанартас; 5 - известняк; 6 - құм-лайлы жанартас; 7- көмiр тақтасы; 8 - құмды жанартас; 9- көмiр қабыршағы; 10- құмтас

Жаратылысы бойынша негiзгi жыныстар ақтарылған магмалық, шөгiндi және метаморфтық болып бөлiнедi.

Экономикалық тиiмдiлiкпен пайдалынылатын табиғи минерал заттарды (көмiр, асыл тастар, ас тұзы, мұнай, газ және т.б) - пайдалы қазындылар (кен) деп атайды.

Пайдалы қазындылар арасында орналасатын жыныстарды бос жыныстар деп атайды.

Жер қойнауы қыртысының кез келген бөлiгiнде табиғи қалыптасқан пайдалы қазбалардың қазып алынуы экономикалық тұрғыдан тиімді болса, онда осындай құрылым пайдалы кен орны деп аталады.

Пайдалы кен орындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желi, шток) деп екi топқа бөлiнедi.

Көмiр тақтасы – дегенiмiз, жер астында бiраз жердi алып жатқан, екi жағынан параллельдi беткеймен шектелген пайдалы қазба денесі.

Тақтаның жоғары жағында орналасқан жыныстарды төбесi не жабын бүйiрi, ал тақтаның астында жатқан жыныстарды табаны (жатын бүйiрi), деп атайды.

Пайдалы қазбалар қабаты өзiнiң құрылуына байланысты бiртектi және күрделi болуы мүмкiн (2- сурет).

 
  Тау-кен жыныстары туралы мәліметтер - student2.ru

а б

2- сурет. Көмiр тақталарының құрылымы: а) күрделi; б) бiртектi

Тапсырмалар:

1. Мәтінді аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

3. Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

4. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ

1. Мәтін бойынша материалдар жинау.

2. Сұхбат, әңгіме құрастыру.

ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ-КЕН ІСІНІҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУ ЖОЛДАРЫ. ГРАММАТИКА.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).

Наши рекомендации