Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік трансферттерді – зейнетақы-ларды, жәрдемақыларды және түрлі деңгейлер бюджеттері мен бюджеттен тыс қорлар қаражаттарынан төленетін басқа төлемақыларды жатқызады.

Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан: бірінші деңгей – мемлекттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың туылуына арналған біржолғы төлемдер; екінші деңгей Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлікке жасы толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алған орын алғандар ғана алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер; үшінші деңгей – міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлем-дер; төртінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.

Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген санат-тарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған. Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2005 жылдан бала бір жасқа толғанда дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал перспективада отбасынының табыстарына қарай балалардың жәрдемақылар төлеуді қоса, балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда.

Әлеуметтік сақтандыру көбiнесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы iскe асырылады.

Зейнетақы – бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.

«Қазақстан Респyбликасында зейнетақымен қамсыздандырy туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңнын қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні – 1997 жылға дейiн өмip сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезiндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қaгидaтынaн дара қорланымдардың қaгидaтынa көшуде болды. Бұл үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі (соның ішінде Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық қарастырылған. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақылар-ды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, aдвокaттap мен жекеше нотариус-тардың ай сайынғы aқшaлай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыc берушiнiн материалдық, әлеуметтік игілiктер немесе басқадай материалдық пайда түрiндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерiнде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады. Бұл көздің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнатақы қорланымдары қалыптасады. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастырудың басты мақсаты азаматтарды қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыскердің ай сайынғы табысынан ұсталатын және азаматтардың дара шоттарында жиналатын міндетті зейнетақы жарналары – бұл қатаң нысаналы ақша, график бойынша дүркін-дүркін төленетін төлемдер негізінде оның арналымы қарттықты қамтамасыз етуде болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақы-мен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жарналарының жүйесі – зейнетақы төлемдерін төлейтін Орталық 1998 жылғы 1 қантардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақшаны, жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларға зейнетақы қорланымдарын төлейді.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселiк мөлшерiнен аспауы тиiс. Жинақ-таушы зейнетақы қорларына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары Салықтық кодексте белгіленген бірқатар төлемдерден ұсталынбайды. Кейiн зейнетақы төлемдерi мемлекеттiк және мемлекeттiк емес жuнақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнін дара зейнетақы шотынан төленедi. Сондықтан зейнетақының мөлшерiне бюджеттің жай-күйi, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргенi әсep етпейдi.

Салымшылар немесе жұмыc берушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарына қосымша ретінде epiктi зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшерi шектелiнбейдi, жарналар бiрақ рет немесе дүркiн-дүркiн, ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма-қолсыз ақшамен) төленедi.

Қазақстанда аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді,өйткені 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер немесе бұл уақытқа дейін зейнеткерлік өтілі барлар үшін ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі жалғасуда.Олардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қаржыландыру үшін қаражаттар республикалық бюджеттен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және одан ары зейнетақылар төлем жөніндегі орталыққа аударылады. Негізінде мұндай қаражаттардың көзі әлеуметтік салық болып табылуы тиіс,бірақ зейнеткерлік бағдарламаларды жабуға және оларды толық қаржыландыруға оның түсімдерінің жеткіліксіздігі жағдайларында мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа түрлері тартылады.

Зейнетақы төлемдерi салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келiсiмшартынын негізiнде дара зейнетақы шоты және жекеше нөмір дара сәйкестендіру нөмірі (ДСН) ашылады.

Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті орган – банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, бағалы қағаздарға, банктердің депозиттерiне және басқа қаржылық құралдарына орналастырады. Орналастырy кезiнде алынған табыс инвестuцuялық табыс деп аталады, ол салымшылардың дара шоттары бойын-ша қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлiнедi; инвестициялық табыс қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырy туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға – еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемiнде 25 жыл еңбек өтiлi болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтiлi болғанда тағайындалады. 2008 жылдың екінші жартысында қор индекстерінің опырыла төмендеуі зейнетақылық активтердің табыстылығына әсер етті, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын көбірек шығынға ұшыратты.

Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан алынған «таза» инвестициялық табыс сомасы (2008 жылдың аяғындағы комиссиялық сыйақыларды шығарып тастағанда) өспек түгіл, ол тіпті 306,9 миллион теңгеге дейін қысқарды. Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан шеккен залал 2008 жылы 30 миллиард теңгеден асып түсті.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдерi азамат-тарға, олардың нaқты еңбек өтiлінiң болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалалуы мүмкін.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигоныңдағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге», мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға: еркектер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі – 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. Төтенше және осы өңірдің ең жоғары радиациялық қатер өнірлеріне жататын аумақтарда жұмыс істейтін (жұмыс істемейтін), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан 1990 жыл кезеңінде тұрған азаматтарға республикалық бюджеттен бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жаңғыртылды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргізiледi және жұмыста болған үзiлicтерге қapaмaстaн, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қантардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылы қантардың l-iне дейiн қажеттi еңбек өтiлiнен тыс жұмыс iстеген әрбір толық жыл үшiн зейнетақы төлем-дерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиiс.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлерi және тiзбесiн үкімет белгілейтін өзге табыстар енгізiледi. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегі табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтығa бөлу арқылы анықталып, орташа айлық жалақы шығaрылады. 1998 жылғы 1 қантарға дейiн тaғaйындалған зейнетақы төлемде-рiнiң ең жоғaры мөлшерi (зейнетақы алушылардың бірқатарын шығарып тастағанда) Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 32 еселенген айлық есептiк көрсеткiштің 75 пайызынан аса алмайды. Бұған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің үкімет бекіткен №1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.

Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салым-дарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіптік зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудін ережесін» бекітті.

Бұл ретте мамандықтaры бойынша анықтап белгілегендерге жұмыc берушiлер тарапынан ерікті кәсіптік салымдар салу енгізілді.Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс берушілер жұмыскерлердің пайдасына меншікті қаражаттары есебінен аударады, бұл ретте жұмыс берушілер үшін салық преференциялары қарастырылған. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебі-нен жинақталған қорланымдарды төлеу 50 жастан, яғни белгіленген зейнет-керлік жастан ертерек жастан жүзеге асырыла бастайды. Сол сияқты, eгep азамат 55 жасқа дейiн мiндeттi жинaқтayшы зейнетақы қорына өмiрiнiн coнынa дейiн жетeтін ең төмeнгі төлем деңгейiн жинап үлгерсе, зейнетақы демалысына шығyына мүмкiндiгі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдерi аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын caқтық ұйымдарына өзiмен келiсiм негізiнде аударылатын болады.

Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, басқа тәртіп сақтау орган-дарының (терген, ұлттық қауіпсіздік, Республикалық ұлан, жоғары лауазымды адамдарды қорғау службасы органдарының) қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыздандыруды қаржыландырудың ерекшеліктері бар. Бұл санаттардың зейнетақы төлемдерін қаржыландырудың көзі – сайып келгенде бірден бір республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Сонымен бірге жасына байланысты азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер сақтық ұйымдарымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы қорланымдарын пайдалана отырып сақтық төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақылық аннуитет келісімшартын жасауға құқығы бар. Бұл ретте сақтық ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтық төлемдері зейнетақылық аннуитет келісімшарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жайындағы мемлекеттік әлеу-меттік саясаттың басым бағыттарының бірі зейнетақылардың деңгейін көтеру болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, ендi оның ең төменгі мөлшерi 12344 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5981 теңге болып белгіленген.

Базалық зейнетақының өсуін есепке алғанда, зейнетақы төлеудің ортақ жүйесіндегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 18 235 теңгені, орташа мөлшері 27 481 теңгені зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 40 001 теңгені құрап отыр. Соңғы 3 жылда орташа зейнетақы алатындар саны 1,6 есеге өскен. 677 мыңға жуық адам жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы ала бастаған.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дара зейнетақы шоттарының саны 2008 жылы 7,7 миллион, ал алушылардың саны 2,5 миллион адамды (бұл әр түрлі зейнетақы қорларында бір салушының бірнеше шотта-рының барын білдіреді) құрады. 2008 жылы Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындардың саны 1633,9 мың адамды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны (жасына қарай, мүгедектігі бойынша , асыру-шысынан айырылған жағдайда, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері) 636,2 мың адамды, арнаулы әлеуметтік көмек алушы-лардың саны 231,6 мың адамды құрады.Зейнетақылар бюджеттен тыс жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы деңгейіне дейін өсіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық зерттелімдер, актуарлық есеп-қисаптар жүргізілуде, осылардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы әзірленетін болады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесiндегі екінші бағыт әр түрлi жәрдемақылар төлеу болып табылады.

Жәрдемақы – бұл жұмыстағы уақытша үзiлiс кезiнде, сондай-ақ белгілi бiр жағдайларға пайда болатын көтерiңкi шығындарды өтеуге арнaлған кепiлдік берілген ақшалай өтемақы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақылардан басқа азаматтар уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты. Әлеуметтік сақтанды-рудың мемлекеттік қорынан жәрдемақыларды кіріктіреді.

Алып жүрген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлемақы алуа өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актілерде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне * көбейту арқылы айқындалады.

Сөйтіп, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы-лардың мөлшері орташа айлық жалақына, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемақылар тоқтатылады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және жасына байла-нысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады және қажетті құжаттар 12 ай мерзім ішінде тапсырылуы тиіс.Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкіліне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленеді.

* Табысты ауыстыру коэффициеңті – әлеуметтік төлемақының әлеуметтік аударым-дарды есептеу кезіңде ңегізге алынған табыс мөлшеріңе қатынасын айқыңдайтың коэффициент;еңбек ету; қабілетінен айырылу коэффициенті – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міңдетті әлеуметтік сақтаңдыру жүйесіне қатысушының еңбек қабілетінен айырылу дәрежесіне қарай айқындалатың коэффициент; қатысу өтілінің коэффициенті – міңдетті әлеуметтік сақтаңдыру жүйесіне қатысу өтіліне (күнтізбемең есептегіңдегі уақыттың жалпы мөлшерін) қарай айқыңдалатын коэффициент.

Оған қоса, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – бұл мемлекет кепілдендірілген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысының жұмыс өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға және алуға құқылы:

1) он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;

2) жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.

Сонымен бірге, асыраушысынан айырылғандардың «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнына төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар.

Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалан әлеуметтік төлемақылар заңнамалық актіге сәйкес айырылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қораншыға (қамқоршыға) төленеді.

Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.

Бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақы-лардың мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты ауыстыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады. 2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы-лардың мөлшерлері екі рет – 1 қаңтардан және 1 маусымнан арттырылды. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға артты.

Сонымен қатар мемлекетік әлеуметтік жәрдемақы көлемі де өсу үстінде. Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы 2007 жылы 9 331 теңге болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 14 415 теңгеге жеткен. Асыраушысын жоғалтқан жағдайда төленетін жәрдемақы 12086 теңге болса, жасқа байла-нысты ол 4670 теңгеден 6858 теңгеге өскен. Бала туу бойынша берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 2 есеге көтерілсе, нәрестені 1 жасқа дейін бағу үшін ай сайын берілетін жәрдемақы 1,6 есеге өсті. Бұл атаулы көмектерді елімізде 410 мың отбасы алады.

Бұған қоса жергілікті атқару органдары есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінген. Сол сияқты, 2,1 миллиард теңге балаларға арналған жәрдемақыға бөлінді. Бұл 1 миллионға жуық қазақстандыққа қосымша әлеуметтік көмек болып отыр.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайлардатөленетін төлемақы деңсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.

Табыстың орташа айлық мөлшері, әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер соммасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.

2010 жылғы1 қаңтардан бастап төрт және одан көп бала туған аналарға берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 70 650 теңгеге дейін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға – 7 772 теңге, екінші балаға – 9 185 теңге, үшінші балаға – 10 598, 4 және одан кейінгі балаларға 12 011 теңгеге дейін көбейту қарастырылған. Соған сәйкес көп бала туған және тәрбиелеген аналарды «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін балалар саны 10 нан 7 ге дейін, «Күміс алқа» белгісімен марапаттау үшін 8-ден 6-ға дейін төмендетілді. Оларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9 АЕК-ден 6,0 АЕЕ-ге дейін жеткізілді. Бұрын бұл белгілермен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ Iжәне II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 8 478 теңгеге өсті. Мүгедек баланы тәрбиелеуші ата ананың біреуіне немесе асырап алушыға, қамқоршыға ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952) ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы түрі енгізілді. Бұл жәрдемақыны 2010 жылдан бастап 28 мыңға жуық азамат алатын болады. Отбасында 2 және оданда көп мүгедек бала болған жағдайда жәрдемақы әрбір азаматқа бөлек тағайындалады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Балалы отбастарына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы заңымен төртінші және одан артық бола туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 50 АЕК-ге көбейту қарастырылған.

Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффи-циенттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті – 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес есептеледі.

Әлемнің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар жұмыскерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлеудін әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасы-ның табысы деңгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.

Жұмысынан айырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлуетті жұмысқа орналасты-рудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.

Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.

Әр түрлі елдерде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың өзіндік механизмдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс беруші-лердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы, өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алады.

Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың бағдарла-маларын әзірлеп, бекітеді. Мемлекет халықты жұмыспен қамту сферасында азаматтарға әлеуметтік қорғандыруды кепілдендіреді.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен жұмыспен қaмтy бағдарламалары жергілiктi бюджеттерден қaржыландырылатыны аннықталған. Жұмыссыздықтaн мемлекеттiк әлеуметтік қopғаy мына шараларды кiрiктiредi:

1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) кәсіптік даярлау, бiлiктiлiктi жоғарылату және жұмыс-сыздарды қайта даярлау олар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;

3) қоғамдық жұмыстармен қaмтылған жұмыссыздардың

еңбегіне ақы төлеу;

4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемле-кeттiк атаулы көмек көрсету.

Қоғaмдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілiктi бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінiмдepi бойынша жұмыс берушiлердің қаражаттарынан қаржыландыpылады.

Қазақстан Республикасындағы «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» заңыңда және oған сәйкec қабылданған өзге заңнамалық актiлерiнде көзделген негіздерде және тәртiппен азаматтардың арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы – әлеуметтік қоpғayғa мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 cәyipiнeн бастап жәрдемақы aлуға құқығы бар азаматтардың 14 caнaтына заңда көрсетiлген мөлшерде төленедi.

Бiр мезгілде әр түрлi арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.

Өндiрiстердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткiштердің Yкімет бекiтетін № 1 тізімі бойынша жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер – 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемiнде 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жылын аталған жұмыстарда iстегенде; әйелдер – 48 жасқа толғанда және жұмыс өтілі15 жыл болып, оның кемiнде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда icтегенде оларға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Ал осындай № 2 тізім бойынша еркектер – 58 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемiнде 25 жыл болып, оның кемiнде 12 жылын аталған жұмыстарда iстегенде; әйелдер – 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жыл аталған жұмыстарда icтегенде оларға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

Еңбек жағдайлары ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және уәкілетті орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың,кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне) сәйкес қосымша ақы төлеу көзделген.

2000 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы шілдедегі ҚР заңы күшіне енді. Осы заңға сәйкес 1-ші тізімге енген азаматтар республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақыны зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін алады. Ал зейнеткерлік жасқа толған соң, ол азаматтардың мәселесі қайта қаралып, еңбек өтіліне және табысының мөлшеріне қарай зейнетақы тағайындалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға ауыр және зиянды өндірістерде белгілі бір өтіл жинаған азаматтар үшін, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы енгізілді.

Көрсетілген жәрдемақылар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген аға буын азаматтарға жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенде әлеуметтік қолдау алу құқығын бере отырып, оларды әлеуметтік қорғау проблемасын белгілі бір деңгейде шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен еселенген мөлшерде белгіленеді (2006 жылдың басына дейін – айлық есептік көрсеткіштен ). Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемақылар, сондай-ақ азаматтың қайтыс болуы нәтижесінде залал шеккен адамдардың зияндарын өтеуді сақтық компаниялары өздеріне алған. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша Мемлекет-тік әлеуметтік жәрдемақыларды мемлекет төлейді. Барлық төлемақылар кездейсоқ жағдайға дейін адамның алып жүрген жалақысына тікелей байла-нысты болып келеді.

Жалпы, 2009 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем-ақылардың мөлшері орта есеппен 14 пайызға арттырылды.2009 жылдың 1 желтоқсанына қарасты деректер бойынша, республикада 638,9 мың мүгедек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша әлеуметтік төлемдер алады. Елімізде 43,4 мыңнан астам азамат 1 және 2-ші тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұл жәрдемақы мөлшері 2009 жылы 11 пайызға артты. 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттыру көзделген.

«Meмлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңғa сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлiк деңгейiнен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрi атаулы көмекпен қамтылады. Негізiнен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектерi бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде табысы аз отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кiсiлерге, 7 жасқа дейiнгі балаларға күтiм жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен cтyдeнттep бұл санатқа жатпайды. Сонымен бiрге, жұмыспен қамту органдарына өтінiш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл жұмыстардан бас тaртқaн жағдайда олар алты ай мерзiмге дейiн атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Заңда атаулы көмек тағайындату үшiн өтінiш білдiрудегі рәсiмдер жеңiлдетiлген.

Қазақстанда мынадай жәрдемақылар төленеді:

1) жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау;

2) жүктілігіне және босануына байланысты;

3) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты;

4) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты;

5) жерлеуге берілетін жәрдемақылар;

6) саноторийларға жолдама сатып алу шығыстары.

Бұл бағыт бойынша қаржыландыру: 1,6 тармақтар шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің жұмыс берушілердің қаражат-тары есебінен, 2,3,4,5 тармақтар жергілікті бюджеттердің есебі-нен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек бойыншa төлемақылар мыналарды кiрiктiредi:

а) отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындала-

тын, балалы отбастарына жәрдемақы (18 жасқа дейiнгі балаларға);

ә) балалары бар мерзімділік қызметтің әскери қызмет-шілерінің отбасына жәрдемақы;

б) мүгедек - балалары бар отбасыларына жәрдемақы;

в) ВИЧ - инфекцияланған балалар мен ересектерге жәрдемақы;

г) әкелері алимент төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;

д) 4 және одан көп 7 жасқа дейін жастағы балалары бар жұмыс-сыз аналарға жәрдемақы;

Әлеуметтік қорғау жүйесімен сондай-ақ мыналар қарастырылған: отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалатын тұрғын үй жәрдемақысы;

тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлерiне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдiктерiнiң жүйесi;

қарттарға, мүгедектерге, үйсіздерге және ауру балаларға арналған мекемелерді ұстау;

оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау.

Табысы eкi айлық есептiк көрсеткiштен apтық емес жұмыс-сыздарға матерuалдық көмек белгіленген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Осы заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен есептеледі.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемі ұлғаюына байланысты мүгедектер үшін жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.

Жергілiктi бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түpiндe төлемақылаp мыналарға төленедi:

1) экологиялық апаттардан, наубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;

2) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққанда табыс деңгейi төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың бірқатар басқа санаттарына.

Шаруашылық жүргізушi субъектiлер, басқа жұмыс берушiлер меншіктi әлеуметтік қорларынан өздерiнiн жұмыс iстеп жүрген жұмыскерлерiне, бұрынғы жұмысскерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.

Мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғандa, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмeгі, жұмыссыздарға материалдық көмек жергілiктi бюджеттердің қаражаттарынан төленедi.

Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламада азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен, жалпы орта білімге және денсаулық қызметіне қолжеткілікті жақсарту, атаулы әлеуметтік көмекті арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру проблемаларын шешуге кешенді тәсілдеме қарастырылған. Бұл үшін кезең-кезеңімен әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қызмет көрсетудін нормативтері енгізілді.

Жыл өткен сайын Қазақстанда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, ол ТМД мемлекеттері арасында көшбас-шылар қатарында болып отыр. Бүгінде бес миллионға жуық Қазақстандық, яғни азаматтардың үштен бірі түрлі әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Егер 2003 жылы бұл салада 17 әлеуметтік жәрдемақы түрі болса, 2008 жылы олардың саны 29-ға жетті.

Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар 2009 жылы 813 млрд. теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға артық.

2010-2012 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің үштен бір бөлігінен астамын әлеуметтік салаға жұмсау көзделіп отыр.

Әлемнің көптеген елдерінде жұмыстан айырылған кезде мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың шаралары қолданылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен отбасыларына, жеке-леген азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер деп аталатындарды беру кепілдендірілген.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдаятта (жетімдік, ата-аналар қамқорлығының болмауы, кәмілетке толмағандарды қадағалаусыздық, баспанасыздық, бас бостан-дығынан айыру орнынан босану және басқалары бойынша) адамға (отбасына) пайда болған әлеуметтік проблемаларды жою үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қоғам өміріне қатысуға оларға басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағыт-талған қызметтер кешені.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер беру бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңи тұлғалар.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру сферасындағы мемле-кеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

қиын өмірлік жағдаятты (егер ол пайда болған жағдайда) жою үшін жағдайлар жасау;

арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілденілген көлеммен қамтамасыз ету;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;

мониторинг және берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау жүйесін дамыту;

арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;

арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Респуб-ликасы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

арнаулы әлеуметтік қызметтер беру сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және басқалары.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызмет-тердің кепілденілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді кіріктіреді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаражаттар есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер қатарынан дене немесе ақыл ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінің тізбесі әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеу-меттік-психологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.

Ақылы арнаулы­ әлеуметтік ­қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемінен тыс ақылы негізде беріледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консульта-циялық, делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер беруді кіріктіре алады.

Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаттары есебінен береді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын қиын өмірлік жағдаяттағы адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау негізінде жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүргізу кезінде мыналар критерийлер болып табылады: өмірлік қызметтің шектелімі; әлеуметтік бейімделім; әлеуметтік депривация; қолайсыз әлеуметтік орта және басқалары.

Кепілденілген көлемнен тыс берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген және қосымша көлемін беру аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негіздемесінде жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілерді қаржыландыру:

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражаттардың;

ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бергені үшін алынған қаражаттардың;

Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзгедей көздердің есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстанда рыноктық қатынастардың кеңеюі қоғамда тез жіктелуді және халықтын әлеуметтік-мүліктік жіктелуін тудырды. Мұны жақсы қамтамасыз етілген және нашар қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарының делдалдық топтарын салыстыра отырып көруге болады. Үй шаруашылығы қимасында табыстылықты талдау жиынтық табысты, соның ішінде оның ақшалай емес және натуралдық нысаныңда да бөлудін және пайдаланудың демографиялық, өңірлік және ішкі отбасылық факторларын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына тұрған жері (қала немесе ауылдық жер), сондай-ақ саны, соның ішінде отбасындағы балалардың саны үлкен әсер етеді.

Қазақстанда халықтын бір бөлігі кедей болып қалуда. Кедейлік – бұл негізгі өмірлік (биологиялық) қажеттіліктерді – тұрғын үйді, тамақты, киім-кешекті, қызметтерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз ақшалай және натуралдық табыстардың төменгі деңгейі. Ел кедейлігінің көрсеткіші деп экономикалық әдебиетте ең төменгі тұрмыс деңгейінен төмен болатын табысы бар халықтын үлес салмағын айтады.

Үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексеру кедейліктің көпбейінді сипаттарының болатынын көрсетеді және тұрғылықты жерімен, әлеуметтік факторлармен, жұмыспен қамтылу мәртебесімен, білім деңгейімен және басқаларымен айқындалады. Кедей үй шаруашылықтарының үлесі қалаға қарағанда ауылды жерде жоғары. Әлжуаз және өте кедей үй шаруашылықтары – бұл үш және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азамат-тарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызмет-теріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс- шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.

Азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстары бар халықтын үлесі 2001 жылы 16,1 %-дан 2007 жылы 1,4 %-га дейін қысқарды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2001 жылы айына 4546 тенгеден (31 АҚШ долларының) 2005 жылы 7618 теңгеге (57,8 долларға) дейін және 2007 жылы 9653 теңгеге (78,7 долларға) дейін көбейді. Алайда бұл көбею (2,1 есе) 58,2 %-га осы жылдары қордаланған инфляциямен (158,2 %), ал долларлық баламамен өлшеу кезінде қосымша доллардың орташа жылдық бағамының 16,4%-га төмен-деуімен жабылды. Сөйтіп, 2008 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – күніне 2,5 доллар БҰҰ критерийі бойынша күніне 1 долларлық табыстармен өлшенетін кедейліктің төменгі шегінің белгісінен асып түсті, бірақ айтылған мөлшер Дүниежүзілік банктің тиісінше арттырылған критерийінен (күніне 4 доллар) төмен.

Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейліктің біртіндеп қысқаруы байқалуда. Алайда оның деңгейі әлі де жоғары болып отыр.

Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан ары терендету бағдар-ламасына сәйкес халықтын тұрмыс деңгейін жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар іске асырылды: жалақыны көбейту, әсіресе айтарлықтай дәрежеде бюджет сферасы жұмыскерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге; мүгедектердің барлық санаттарына, жасына байланысты жәрдемақылар алушы-ларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; асыраушысынан айырылған отбастарына қолдау көрсету; қосымша базалық зейнетақы төлемдерін енгізу; көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру; баланы бір жасқа дейін қарауға жәрдемақылар та-ғайындау; балалардың, жас өспірімдердің, жүкті әйелдердің бір қатар санаттарын дәрілермен ақысыз қамтамасыз ету.

Кедейлікті қысқартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметік көмек көрсету әсер етеді.

Ең төменгі күнкөріс

Наши рекомендации