Еңбек ресурстарын пайдалану

Кәсіпорынның еңбек ресурстары – бұл кәсіпорында жұмыс жасайтын және оның тізімдік құрамына кіретін әртүрлі кәсіби-біліктілік тобындағы жұмысшылар жиыны.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оларды ұтымды пайдалану – кәсіпорынның нарықтағы берік ұстанымының маңызды факторы болып табылады. Сондықтан кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалануды талдауға аса мән берілуі тиіс.

Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың негізгі міндеттері:

· кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау;

· еңбек ресурстарының қозғалысын талдау;

· жұмыс уақытын пайдалануды талдау;

· еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау;

· еңбекақы төлеуді талдау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенетін сандық, сапалық және құрылымдық сипаттамаларға ие.

Еңбек ресурстарының сандық сипаттамасы жұмысшылардың тізімдік саны, жұмысшылардың келу және орташа тізімдік саны сияқты көрсеткіштермен өлшенеді. Тізімдік саны – тұрақты, маусымдық немесе уақытша жұмысқа қабылданған және еңбекақы алатын жұмысшылар саны. Келу (жұмыста болу) саны – жұмыста болған жұмысшылардың тізімдік саны. Орташа тізімдік саны белгілі бір кезеңдегі тізімдік құрамдағы барлық жұмысшылардың нақты жасаған жұмыс күнінің санын кезеңдегі күндер санына бөлу арқылы анықталады.

Еңбек ресурстарының сапалық сипаттамасы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін жұмысшылардың кәсіби-біліктілік жарамдылық деңгейімен анықталады. Кәсіпорынның барлық персоналы атқаратын жұмысының күрделілігі мен сипатына қарай мамандығы мен біліктілігі бойынша топтарға бөлінеді. Мұндай санаттар бойынша еңбек ресурстарының бөлінуі персоналдың жалпы санындағы сәйкесінше топ жұмысшыларының үлес салмағының қатынасын көрсетеді. Жұмысшылардың кәсіби-біліктілік деңгейі көбінесе олардың жасына, еңбек өтіліне және білім деңгейіне байланысты болады. Сондықтан еңбек ресурстарының осы көрсеткіштер бойынша құрылымы, сондай-ақ еңбек ресурстарының құрылымындағы өзгерістер зерттеледі.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмысшылардың (санаты, мамандығы және біліктілігі бойынша) нақты санын жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықталады.

Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау барысында барлық біліктілік топтары бойынша жұмысшылардың нақты саны өткен кезеңмен және есепті кезеңдегі жоспарлы санымен салыстырылады. Егер жұмысшының орташа тарифтік разряды жоспардан және жұмыстың орташа тарифтік разрядынан төмен болса, онда ол шығарылатын өнімнің сапасының төмендеуіне әкеледі және жұмысшының біліктілігін көтеруді талап етеді. Ал жұмысшылардың орташа разряды жұмыстың орташа тарифтік разрядынан жоғары болса, онда олардың еңбегіне қосымша ақы төлеу қажет болады.

Басқару персоналының біліктілігін талдауда әрбір жұмысшының лауазымына қарай білім деңгейінің сәйкестігі тексеріліп, кадрларды іріктеу, атап айтсақ оларды дайындау және біліктілігін көтеру мәселелері қарастырылады.

Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін онда мына көрсеткіштерді орындау керек.

· жұмысшылардың біліктілігін жоғарлату;

· еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын жақсарту;

· тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерді қадағалау;

· еңбек ұжымын әлеуметтік қамтамасыз ету.

Кәсіпорындағы жұмысшылардың біліктілігін жоғарлату жоспарын орындау барысында мына көрсеткіштерді талдайды, жұмысшының жоғары, орта немесе орташа маманданған оқу орындарын қанша пайызы бітіргенін, кадрлар дайындау жүйесінде қанша адам немесе пайыз, біліктілігін жоғарлату нәтижесінде қанша пайыз және біліктілігі жоғарылатылмаған қанша пайыз. Жұмысшылар біліктілігін жоғарлату жоспарын орындау еңбек өнімінің көтерілуіне және кәсіпорын жұмысына оң баға беріледі.

Жұмысшылардың денсаулығын жақсартуын қамтамасыз ету мақсатында мына көрсеткіштер қолданылады:

· жұмысшыларды санитарлық құралдармен қамтамасыз ету;

· санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту;

· жұқтырылатын аурумен ауратын адамдардың пайыздық үлесі;

· денсаулықтарын демалыс орындарда, үйде, туристік саяхаттарда емдеткендер қанша пайыз.

Еңбек ресурстарын пайдалану былайша анықтауға болады, яғни бір жұмысшының істеген күндер мен сағатына байланысты және жұмыс уақыт қорына байланысты. Мұндай талдау әрбір жұмысшының санаты бойынша, өндіріс бойынша және кәсіпорын бойынша өткізіледі.

Егер еңбек ресурстарын жоспарлау қызметі компания жұмысының тиімділігіне нақты үлес әкелсе, онда оны жоғары басшылық фирма стратегиясы мен ұзақ мерізімді жоспарлаудың басқа элементтерімен бірігуімен қамтамасыз ету керек.

Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын тиімді жоспарлау төмендегілерге байланысты кәсіпорын жұмысына оң ықпал береді:
• Қызметшілерді ұтымды пайдалану. Жүйелі жүргізілген жоспарлау сұраным төмен қызметшілер потенциалын анықтауға және оларды ұтымды пайдалануға, жұмысшыларды басқа жұмыс орындарына ауыстыруға, өндірістік процестерді қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
• Жұмысқа қабылдау процесін жетілдіру. Жоспарлау кәсіпорынның қызметшілерге қажеттілігі туралы мәліметтердің қайнар көзі болып табылады. Ол өз алдына жұмысқа үміткерлерді іздеуге және іріктеуге көмектеседі, жұмыс күшінің жетіспеушілігіне байланысты болатын шығындар мен дағдарысқа жол бермейді.
• Кәсіптік оқуды ұйымдастыру. Қызметшілерді жоспарлау кәсіпорындағы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға негіз болады.
• Қызметшілерді басқарудың басқа да бағдарламаларын дамытудың негіздерін жасау. Қызметшілер динамикасын, олардың біліктілік құрылымының өзгеруін білу қызметшілерді басқару бөлімдеріне кәсіптік даму, өтем жасау аймақтарындағы ұзақ мерзімдік бағдарламаларды жасақтауға мүмкіндік береді.
• Еңбек нарығындағы белсенді саясатқа сүйене отырып, жұмысшы күшіне жұмсалатын жалпы шығынды азайту. Ұзақ мерзімге бағытталған өзіндік қажеттіліктерін білу кәсіпорынға бәсекелесіне қарсы тұрып, еңбек нарығындағы өзгермелі жағдайлардан ұтыспен шығуға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации