Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы

Салық түсімдері – бұл қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын, белгілі бір көлемдерде жүзеге асырылатын, бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер болып табылатын салықтардың барлық түрі.

Салық түсімдеріне, сонымен бірге бюджетке алынатын баска міндетті төлемдер жатқызылады: ҚР Салық кодексі бекіткен төлемдер, алымдар, баждар. Салық түсімдері табыстардың негізгі бөлігін қүрайды. Басқа да елдердегідей түсімдердің бұл түрі бюджеттік-салық жүйесінің негізі болып саналады және онсыз мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес. Салықтар арқылы салық төлеуші - жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары жұмылдырылып, қайта бөлінеді. Олардың үлесі дамыған елдердің орталық бюджеттерінде шамамен 80-90% құрайды.

Салық түсімдерінің экономикалық мазмұны олардың негізін құрайтын салықтармен айқындалады. Олар табыстардың материалдық қайнар көзі - ұлттық табыстың қайта бөлінуіне қатысып, ендірістік қарым-қатынастардың ерекше нысаны болып табылады.

Салық түсімдері тұрақты ішкі қасиеттерімен, даму заңдылықтарымен және көрініс беруінің айрықша нысандарымен сипатталады. Олар нақты іс жүзінде бар ақшалай қатынастармен айқындалып, қаржы қатынастарының бір бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.

Салықтар, алымдар, баждар жеке экономикалық аймақтар шаруашылығының басымдылық танытатын салаларының жедел дамуына ықпал ете алады немесе олардың дамуын бәсендетеді, монополияға қарсы және құнсыздануға қарсы рөл атқарады, тұрғындардың жеке топтарының табыстарын реттейді, белгілі бір экономикалық қызметтерді ынталандырады немесе олардан бас тартуға мәжбүрлейді.

Салықтар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер (заңды және жеке тұлғалар) арасында таза ұлттық өнімнің қайта бөлінуінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет иелігіне таза ұлттық өнімнің үштен бір бөлігі шоғырланады[10, 222 б].

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің барлық түрдегі салық түсімдерінің құрамына салықтың төмендегі түрлері алынады:

1. корпоративтік табыс салығы;

2. жеке табыс салығы;

3. қосылған құн салығы;

4. акциздер;

5. экспортқа рента салығы;

6. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

7. әлеуметтік салық;

8. жер салығы;

9. көлік құраладарына салынатын салық;

10. мүлік салығы;

11. ойын бизнесіне салық;

12. тіркелген салық;

13. бірыңғай жер салығы.

Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінде салық түсімдерінің белгілі бір түрлері тиісті бюджет жүйесінің деңгейіне қатысты бекітілген. Республикалық бюджетке фискалды және экономикалық мағынасы аса маңызды салық түсімдері алынады. Бұл салық қызметтерін қаржы категориясы ретінде мемлекеттің мүддесіне орай пайдалану қажеттілігімен түсіндіріледі, өйткені салықтардың фискалды қызметі мемлекеттің экономикалық қатынастарға араласуының объективтік алғышарттары жасалуын меңзейді. Сонымен, салықтардың экономикалық (реттеушілік) кызметін пайдалану арқылы, мемлекет ел экономикасында болып жатқан үдерістерге, ұдайы өндіріске, капиталдың жинақталуына, тұрғындардың төлемге қабілетті сұранысына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігіне ие болады.

Республикалық бюджет түсімдерінің қайнар көздері төмендегідей:

1) корпоративтік табыс салығы (мұнай секторындағы заңды тұлғаларға са­лынатын корпоративтік табыс салығынан басқа);

2) қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС);

3) Қазақстан Республикасының аумағына импортталушы, Ресей Федерациясы мен Белорус республикасы аймақтарынан әкелінетін кедендік одақ тауарларынан басқа, спиртті, ішімдік өнімдерінің барлық түріне, темекі өнімдеріне, жанармайға (авиациялық жанармайдан басқа), дизель отынына, жеңіл көліктерге (мүгедектерге арналған арнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері болатын автокөліктерден басқа) арналған акциздер;

4) үстеме пайда салығы, мұнай секторындағы ұйымдардан алынатын тү- сімдерден басқа;

5) мұнай шикізаты мен газ конденсатына салынатын ренталық салық;

6) ойын бизнесіне салынатын салық [11, 356б].

Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үдерістің негізгі кезеңдерінің бірі республикалық бюджетті жоспарлау болып табылады. Салық түсімдері болжамдарының объективті түрде анық болмауы салдарынан, жоспарлы және нақты көлемдер арасындағы айырмашылықтарды жұмылдыру қалай да болса іске асатын шарасыздық болып табылады, сондай-ақ жоспар бағдарының қаншалықты орындалыуы мен нақтылығына, оның әзірленуі барысында негізге алынған болжамдар мен есептердің қаншалықты анық әрі дәл екендігіне де қатысы бар.

Кесте 3

2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласы бойынша бюджетке түскен салықтық жоспардың орындалуы

(мың теңге)

Көрсеткіштер 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2015 жылды 2013 жылмен салыстырғанда
Жоспар Нақты Жоспар Нақты Жоспар Нақты Ауытқуы (+,-) %  
Мемлекеттік бюджет 52 743 438 78 761 916 34 404 568 51 554 821 67 843 546   69 550 470,9   -9 211 445,1 -11,7
Республикалық бюджет 43 980 098 49 313 235 21 561 900 20 284 757 33 964 986   36 885 422,1   -12 427 812,9 -25,2
Жергілікті бюджет 8 763 340 29 448 681 12 842 668 31 270 064 33 878 560   32 665 048,8   3 216 367,8 10,9
Е С К Е Р Т У- Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша жасалған

2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласы бойынша бюджетке түскен салықтық жоспардың орындалуы бойынша мемлекеттік бюджет 2013 жылы 52743438 мың теңгеге жоспарланса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 78761916 мың теңгені құраған. Ал 2014 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер сомасы 51554821 мың теңге болған. 2015 жылы 69550470,9мың теңгені құрап отыр. Мемлекеттік бюджеттік құрылымына кіретін республикалық және жергілікті бюджеттердегі жағдай 2013 жыл бойынша республикалық бюджетке 49313235 мың теңге түскен. Сол жылы жергілікті бюджет қазынасына 29448681 мың теңге көлемінде түсім байқалған.

2014 жылы мемлекеттік бюджетке 51554821 мың теңге түссе, оның 20284757 мың теңгесі республикалық бюджетке 31270064 мың теңгесі жергілікті бюджетке түсіпті. Өткен жылы яғни, 2015 жылы бұл көрсеткіштер бойынша республикалық бюджетке 36885422,1 мың теңге аударылса, жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер 32665048,8 мың теңгені құраған. Мемлекеттік бюджет құрылымында жалпы салықтық жоспарлау мен болжаудың маңызы өте зор. Салықтық жоспарлау арқылы мемлекет өзінің ұзақ және орта мерзімдік стратегиялық шешімдерін қабылдауға негіз болады. Бюджетті нақтылай отыра кез келген мемлекет өзінің салық саясатын тұрақтандырады. Осыған орай салық жүйесі оның ішіндегі салықтық жоспарлау мен болжауды қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі өткен кезеңдердегі нәтижелер мен күтіліп отырған нәтижелер тығыз байланысты.

Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы - student2.ru

Сурет 3. 2015 жылға арналған Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдердің құрылымы[1]

Республикалық бюджеттің кірістері төмендегіден тұрады:

а) салықтар және алымдар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен;

ә) салықтық емес түсімдерден;

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден;

Олардан әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары және денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады.

Бюджеттік әзірлеу, жоспарлау белгілі бір көрсеткіштер жетістіктеріне қол жеткізу мақсатында алға міндеттер қоюмен байланысты. Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттердің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюджеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша бөледі.

Сонымен қатар салық түсімдеріне тізімі Бюджет кодексімен бекітілген бюджеттің түрлері мен деңгейлеріне байланысты әртүрлі алымдар, төлемдер және баждар жатады. Мысалы, жоғары жиіліктегі құрылғылар және радиоэлектронды құралдарды, теңіз, өзен және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркелімге алу үшін төленетін алымдар, ерекше қорғаудағы табиғи аймақтарды пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін жасалатын төлемдер, сырттан әкелінетін және шетке шығарылатын тауарлар үшін алынатын кеден баждары. Табыстың кейбір түрлеріне салық төлем дереккөздерінде салынады [12, 174б].

4-кестеде көріп отырғанымыздай Қызылорда қаласы бойынша соңғы үш жыл көлеміндегі бюджетке түскен салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер талданған. Мемлекеттік бюджетке 2013 жылы 78761916 мың теңге, 2014 жылы 51554820 мың теңге, 2015 жылы 69550470,9 мың теңге салықтық түсім түсті. Салықтық түсімдердің 2013 жылы 49313235 мың теңгесі, 2014 жылы 20284757 мың теңгесі, 2015 жылы 36885422,1 мың теңге республикалық бюджетке түсті. Қалғаны яғни 2013 жылы 29448681 мың теңге, 2014 жылы 31270064 мың теңге, 2015 жылы 32665048,8 мың теңге жергілікті бюджетке түсті(кесте 4).

Салықтық емес түсімдерге келер болсақ 2013 жылы 747268 мың теңге, 2014 жылы 966575 мың теңге, 2015 жылы 4501162,3 мың теңге түсім түсті. Олардың республикалық бюджетке 2013 жылы 527129 мың теңге, 2014 жылы 729863 мың теңге, 2015 жылы 803428,2 мың теңге республикалық бюджетке тиесілі. Жергілікті бюджетке 2013 жылы 220139 мың теңге, 2014 жылы 236712 мың теңге, 2015 жылы 3697734,1 мың теңге жергілікті бюджеттің үлесі болып табылады(кесте 4).

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің көлемі 2013 жылы 915400 мың теңге, 2014 жылы 916630 мың теңге, 2015 жылы 2381596,3 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде республикалық бюджетке 2013 жылы 12456 мың теңге, 2014 жылы 19813 мың теңге, 2015 жылы 14432,8 мың теңге республикалық бюджетке тиісті. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің басым бөлігін жергілікті бюджет құрап отыр 2013 жылы 902943мың теңге, 2014 жылы 896817 мың теңге, 2015 жылы 2367163,5 мың теңге(кесте 4).

Кесте 4

Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары бюджетке түскен түсімдерді талдау

(мың тенге)

Түсімдер Салықтық түсімдер Салықтық емес түсімдер Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
Сомасы Үлесі (%) Сомасы Үлесі (%) Сомасы Үлесі (%)
Мемлекеттік Бюджет   78 761 916     747 268 915 400
Республикалық Бюджет   49 313 235   62,6   527 129 70,5 12 456 1,4
Жергілікті бюджет 29 448 681     37,4     220 139 29,5 902 943 98,6
Мемлекеттік бюджет 51 554 820         966 575 916 630
Республикалық бюджет   20 284 757 39,4 729 863 75,5 19 813 2,2
Жергілікті бюджет   31 270 064 60,6 236 712 24,5 896 817 97,8
Мемлекеттік бюджет 69 550 470,9     4 501 162,3   2 381 596,3    
Республикалық бюджет 36 885 422,1     803 428,2   17,9   14 432,8   0,6  
Жергілікті бюджет 32 665 048,8   3 697 734,1   82,1 2 367 163,5   99,4  
Е С К Е Р Т У- Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша жасалған  

Салық түсімдерінің экономикалық мазмұны олардың негізін құрайтын салықтармен айқындалады. Олар табыстардың материалдық қайнар көзі - ұлттық табыстың қайта бөлінуіне қатысып, ендірістік қарым-қатынастардың ерекше нысаны болып табылады.

Кесте 5

Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдер

(мың теңге)

Салықтық түсімдер   2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл Ауытқуы  
(+;-) (%)
Табыс салығы 4 554 836 4 836 506 9 521 582,5   4 966 746,5    
Тауарлар мен қызмет көрсетулерге ішкі салық 30 583 404 5 888 799 20 438 318,3   -10 145 085,7   -33,2  
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салық 13 972 822 9 315 150 6 248 581,1   -7 724 240,9   -55,3  
Басқа да салықтар 4 240,7   4 240,7   32,1  
Мемлекеттік баж 202 200 244 302 672 699,4   470 499,4   232,7  
Е С К Е Р Т У- Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша жасалған  

Жоғарыда көрсетілген (кесте 5) бойынша 2013-2015 жылдар аралығында Қызылорда қаласы бойынша республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдерді көруге болады. Оның ішінде табыс салығы 2013 жылы 4554836мың теңге, 2014 жылы 4836506 мың теңге, 2015 жылы 9521582,5 мың теңгені құрайды.Тауарлармен мен қызмет көрсетулерге ішкі салық 2013 жылы 30583404 мың теңге, 2014 жылы 5888799 мың теңге, 2015 жылы 20438318,3 мың теңге болып отыр. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтан республикалық бюджетке 2013 жылы 13972822 мың теңге, 2014 жылы 9315150 мың теңге, 2015 жылы 6248581,1 мың теңге түсті. Басқа да салықтар бойынша 2015 жылы 4240,7 мың теңге түскен. Мемлекеттік БАЖ жыл санап осіп келеді, оған дәлел 2013 жылы 202200мың теңгені құраса, 2014 жылы 244302 мың теңге, 2015 жылы 672699,4 мың теңгені құрап, 2.5 есеге артық түскен.

Экспортқа шығарылушы шикі мұнай мен газ конденсатына ренталық салық төлеушілер болып жерқойнауын пайдаланушылардан басқа, экспортқа шикі мұнай, газ конденсаты, көмір өткізуші заңды және жеке тұлғалар саналады.

Ренталық салық салынатын нысан ретінде экспортқа шығарылатын шикі мұнай, газ конденсаты, көмір көлемдері қызмет етеді. Экспортқа шығарылатың шикі мұнай, газ конденсатына салынатын ренталық салық мөлшерлемесі баррельге анықталушы нарықтық бағаға байланысты 0% - дан 32 % дейін белгіленеді [13, 29б.].

Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы - student2.ru

Сурет 4. Қызылода қаласы бойынша 2013-2015 жылдар аралығындағы республикалық бюджетке түскен корпоративтік табыс салығы[2]

4-суретте Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары республикалық бюджетке түскен корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша түсімдер көрсетілген. 2013 жылы резидент заңды тұлғалардан КТС 4326620 мың теңге, 2014 жылы 4339478 мың теңге, 2015 жылы 8853736,2 мың теңге, Резидент емес заңды тұлғалардан КТС 2014 жылы 102989 мың теңге, 2015 жылы 35626,1 мың теңге, Төлем көзінен ұсталатын резидент заңды тұлғалардан КТС 2013 жылы 42715 мың теңге, 2014 жылы 97268 мың теңге, 2015 жылы 56477,2 мың теңге, Төлем көзінен ұсталатын резидент емес заңды тұлғалардан КТС 2013 жылы 296705 мың теңге, 2014 жылы 296772 мың теңге, 2015 жылы 575743,1 мың теңге республикалық бюджетке түсті.

Жалпы республикалық бюджетке Қызылорда қаласы бойынша корпоративтік табыс салығынан 2013 жылы 4554837 мың теңге, 2014 жылы 4836507 мың теңге, 2015 жылы 9521582,6 мың теңге түсім түскені белгілі болып отыр.

Корпоративтік табыс салығы (КТС) Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттеріне алынатын түсімдерінде маңызды орынға ие болады. КТС төлеушілері болып жалпы бекітілген тәртіпті қолданушы ҚР заңды резидент тұлғалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасы дереккөздерінен табыс алатын заңды резидент емес тұлғалар саналады. Корпоративтік табыс салығының нысаны ретінде мыналар қызмет атқарады: салық салынатын табыс;

1. төлеу дереккөзінде салық салынатын табыстар;

2. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы іске асыратын заңды резидент емес тұлғаның таза табысы.

КТС төмендегідей мөлшерлемелерде төленеді:

- 10 % - негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің

салық салынатын табысына қатысты қолданылады;

- 20 % - жалпы бекітілген тәртіпті қабылдаған салық төлеушінің салық салынатын табысына қатысты қолданылады;

15 % - төленетін табыс сомасына қатысты қолданылады.

Табыс салығының салық салу объектілеріболып келесілер:

1. салық салынатын табыстар;

2. төлем көзінен салық салынатын табыстар;

3. ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысыкорпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығы келесі формула бойынша есептеледі:

КТС=ССТ*ставка:100

Мұндағы: КТС- корпоративтік табыс салығы;

ССТ- салық салынатын табыс.

Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) дегеніміз - тауарлар айналымы (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) мен өндіріс үдерісі кезінде қосылған, өткізілім бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінен бюджетке төленетін төлем болып табылады, сонымен бірге олардың қатарына ҚР аумағына тауарлардың импортталуы кезінде төленетін төлемдер де жатқызылады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс ҚҚС, өткізілген тауар­лар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін есептелінген ҚҚС сомалары мен алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген кызметтер) үшін толенуге тиісті ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады, яғни сатып алынған және сатылған ҚҚС арасындағы айырмашылық ретінде ажыратылады. ҚҚС төлеушілері болып табылатындар:

- Қазақстан Республикасындағы қосылған құнға салынатын салықтар бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар;

- жеке кәсіпкерлер;

- мемлекеттік мекемелерден басқа заңды тұлғалар;

- Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

- қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеушілері ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері;

- тауарларды импорттау барысында ҚҚС төлеуші тұлғалар ретінде аталған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушылар болып табылады. Табыстың кейбір түрлеріне салық төлем дереккөздерінде салынады.

ҚҚС салынатын нысан ретінде мыналар қызмет етеді:

1) салық салынатын айналым - ҚҚС-тан босатылған айналымнан басқа ҚҚС төлеушісінің жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өткізілімі бойынша айналым. Қазақстан Ре­спубликасында ҚҚС телеушісі болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар мен қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, көрсетілген қызметтер алушының салық салынатын айналымына қосылады;

2) салық салынатын импорт - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мәлімделуге тиісті Қазақстан Республикасының аумағына кіргізілуші немесе кіргізілген тауарлар (ҚҚС-тан босатылған тауарлардан баска).

ҚҚС мынадай мөлшерлемелер бойынша ұсталады:

- салық салынатын айналым және салық салынатын импорт бойынша – 12%;

- тауарларды экспортқа өткізу (қара метал және түрлі түсті метал сынықтарын экспорттаудан басқа) және жұмыстардың орындалуы, халықаралық тасымалдауға қатысты қызмет көрсету бойынша айналымға – 0 %.

Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы - student2.ru

Сурет 5. Қызылода қаласы бойынша 2013-2015 жылдар аралығындағы республикалық бюджетке түскен ҚҚС[3]

Республикалық бюджетке қызылорда қаласы бойынша ҚҚС 2013 жылы 19627748 мың теңге, 2014 жылы 15293610 мың теңге, 2015 жылы 14334253,1 мың теңге түсім түскен.

Ойын бизнесіне салынатын салық 2007 жылдан бастап енгізілген. Салықтың бұл түрінің төлеушілері болып казино, ойын автоматтарының залы, тотализаторлар, букмекерлік конторлар қызметін көрсету әрекетін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер саналады.

Ойын бизнесіне салынатын салық нысандары болып мыналар қызмет етеді: ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор және букмекерлік конторлардың кассалары, сондай-ақ тотализатор мен букмекер конторларының электронды кассалары. Салықтың есепке алынуы өз бетінше салық салынатын нысандарға қатысты тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы жүргізіледі:

- ойын үстелі - айына 830 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

- ойын автоматы - айына 30 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

- тотализатор кассасы - айына 125 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

- электронды тотализатор кассасы - 175 айлық есептік корсеткіштер мөлшерінде;

- букмекерлік контор кассасы - 75 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

- букмекерлік контордың электронды кассасы - 75 айлық есептік көр- сеткіштер мөлшерінде.

Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы - student2.ru

Сурет 6. Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары республикалық бюджетке ойын бизнесіне салынатын салық бойынша түсімдер[4]

Ойын бизнесі бойынша салынған салықтық түсімдер республикалық бюджетке 2013 жылы 13782 мың теңге жоспарланған болатын, алайда 2013 жылы 19510 мың теңге түсім түсті, яғни 141,6% орындалды. 2014 жылы 25436 мың жоспарланса 29789 мың теңге 117,1% орындалды. 2015 жылы 51541 мың теңге жоспарланса іс-жүзінде 52670,7 мың теңге 102,2% салықтық түсім түсті. Бұл жерде байқап отырғанымыздай елімізде ойын бизнесі жылдан-жылға қарқын алып келеді.

Акцизге алынатын тауарлар қатарына төмендегілер жатқызылады:

· спирттің барлық түрлері;

· ішімдік өнімдері;

· құрамында 0,5% аспайтын көлемде этил спирті бар сыра;

· темекі өнімдері;

· жанармай (авиациялықтан басқа), дизель отыны;

· микроавтобус, автобус, троллейбустардан басқа, 10 және 10-нан астам адам тасымалдауға арналған, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден астам моторлы көлік құралдары;

· жеңіл автокөліктер және басқа да адам тасымалдауға арналған қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден астам моторлы көлік құралдары (қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар мүгедектер үшін арналған автомобильдерден басқа);

· жүк бөлігінен катаң тұрақты арақабырғамен бөлінген, жүргізуші кабинасы мен жүктерге арналған тұғыры бар жеңіл көлік шассиіне арналған моторлы көлік құралдары;

· шикі мұнай және газ конденсаты.

Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің жоспарының орындалуы - student2.ru

Сурет 7. Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары республикалық бюджетке акцизден(жеңіл автокөлік) түскен түсім мөлшері[5]

Республикалық бюджетке 2013-2015 жылдары акцизден(жеңіл автокөлік) 36987,5 мың теңге түсім түсті. Нақтылай айтар болсақ 2013 жылы 29186 мың теңге, 2014 жылы 5728 мың теңге, 2015 жылы 2073,5 мың теңге көлемінде республикалық бюджетке түсімдер түскені белгілі болып отыр.

Акциздерді төлеушілер ретінде акцизге алынатын тауарларды импорттаушы немесе өткізуші, өндіруші заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Акциздер мөлшерлемелері тауар құнына қатысты пайызбен және (немесе) немесе заттай келтірілетін өлшем бірілігіне (қатты) қатысты абсолюттік сомада бекітіледі.

Наши рекомендации